Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2011 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
* шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен мазмұнын ашу;
* шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтерін қарастыру;
* Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасын талдау;
* Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау;
* шағын және орта бизнестің даму перспективасы ашып көрсету;
* шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
І ТАРАУ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНДЕРІ
1.1 Шағын және орта бизнестің экономидағы ролі мен мазмұны ...........5
1.2 Шағын және орта бизнестің мақсаттары мен атқаратын қызметтері...............................................................................................................8
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму перспективасы........................................................................................................11
2.2 Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау......................................................................................................................12
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын және орта бизнестің даму перспективасы..................................15
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру ................................................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

Курсовая - Елемесова.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

1.2  Шағын және орта  бизнестің  мақсаттары мен атқаратын  қызметтері 

              Шағын және орта бизнесті дамытуға Қазақстан азаматтарының бизнеспен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен мынадай шаралар көзделген:

  • жеке адамның және жанұялық кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету;
  • шағын бизнес субъектерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу, бұл тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту, қажетті жоғарғы орынның көлемін азайту, шағын кәсіпкерлік меншігіне мемлекеттік меншікті ақысыз беру;
  • мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субъекттерінен  қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою. Бұған тек заңдар бекітілген айыптар, өсімдер және басқа санкциялар жатпайды;
  • материалдық өнімдер өндірісімен шұғылданатын шағын бизнес субъектеріне салық және кеден ақысын төлеуде жеңілдіктер беруді өрістету.

              Шағын  бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталылығын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті тауарлармен және қызмет етумен толтыру.

              ҚР экономика, индустрия және сауда министрлігі жанында шағын кәсіпкерлікті қолдайтын агенттігі  ашылған. Оның міндеттері мынадай:

  • шағын кәсіпкерлікті қолдайтын орталық және жергілікті ұйымдардың  әрекеттерін реттеу;
  • шағын бизнес даму бағдарламаларын жасауға және іске асыруға қатысу, алдымен материалдық өндіріс өрісінде;
  • шағын кәсіпкерлікке қаржылай және техникалық көмек көрсету мәселелерін шешу үшін халықаралық қаржы институттарымен байланыс жасау;
  • экономиканың шағын бизнес секторына шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға жәрдем беру.
  •     Шағын бизнес объекттердің статусы олардың жұмысшылардың санына және  жиынтық табысына негізделеді.

              ҚР Үкіметінің заңды ұйымдары мен кәсіпкерлерінің, халықаралық

ұйымдарының шетелдік үкіметтік және үкіметке жатпайтын құрылымдардың қатысуымен 1997 жылы маусым айына дейін шағын кәсіпкерлікті дамытатын Қор ашылуы жөнінде ұсыныс енгізілуі белгіленген. Қордың негізгі әрекеті бәсеке негізінде шағын бизнес жобаларына 5 млн. теңге көлемінде несие беру. ҚР Үкіметіне ҚР Ұлттық банкісімен бірге  шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына және екінші деңгейдегі банкілерді де мемлекеттік қатысуымен есеп шот ашуды қамтамасыз ететін шараларды тапсырма берілді. Осымен қатар екінші деңгейдегі банкілерді бірінші кезекте шағын бизнес субъектеріне несие беруін ынталандыратын шаралар жүйелері де жасалуда.

              Облыстарда ҚР Қаржы министрлігімен бірге мынадай шаралар жүргізілуде:

  • мемлекеттік кәсіпорындарындағы пайдаланылмайтын объектерді және алаңдарды түгелдеу;
  • 1997 жылдың екінші тоқсанында пайдаланылмайтын субъектерді өндіріс әрекетімен айналысатын шағын бизнес субъектеріне тендер арқылы сату және олардың құнын бөліп-бөліп үш жыл мерзімінде төлеуге рұқсат беріледі;
  • пайдаланылмайтын өндіріс ғимараттар туралы мәлімет берген кәсіпкерлерге, егерде олар өндіріспен айналысса, ғимараттар жалға немесе сенімхат бойынша бір жыл мерзімінде беріледі. Келешекте объектер кәсіпкерлердің меншігіне беріледі. Егер де кәсіпкерлер алты айдың ішінде өндірісті іске асыра алмаса, объектер қайтарылып алынады. Қайтарылған мүліктер қайтадан жарысқа қойылады;
  • шағын бизнес орталықтарын және бөлімшелерін салуға арналған жерлер анықталады, ай сайын шағын бизнес субъектері араларында жерді сату жарыстары жүргізіледі;
  • Жердің құны бес жыл мерзімінде бөліп-бөліп төленеді. Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектеріне жерге ие болу құжаты ақысыз беріледі; 
  • өндірістік әрекеттер ұйымдастыру үшін шағын бизнес кәсіпорындарының пайдалануына, аяқталмаған мелекеттік құрылыс объектері тендер негізінде берілуі қамтамасыз етіледі.

              Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты қызметтен көрінеді.

              Біріншіден, шағын өндіріс нарық конъюктурасының өзгерісін икемді сезінеді, бұл нарық экономикасында ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.

              Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар пайдаланылмаған болар еді.

              Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез – келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы жағдайында бірінші кезекте маңызды.

              Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50 – 60% және жаңа жұмыс орындарының 70 – 80%  келеді.

              Бесіншіден, атап көрсеткендей, шағын өндірістің ғылыми – техникалық жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, «Палороид» типті фотоаппараттар).

              Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жақсартудағы орнын таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және өздерінің қабілеттерін жүзеге асыра алады.

              Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды. [4, 157б]

              Өтпелі экономика үшін нарықтық инфрақұрылымының дамымағандығы тән, бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.

              Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің құлдырауы, инфляциялық процестер кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың номиналды табыстардың өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай тежейді.

              Соңында шағын және орта бизнестің дамуын тежеуші факторына өндірістік саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ ТАРАУ.  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ШАҒЫН  ЖӘНЕ ОРТА  БИЗНЕСТІҢ   ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ  ЖӘНЕ ДАМУЫ

2.1 Аймақтағы   шағын  және орта    кәсіпкерліктің    даму  перспективасы 

              Шағын және орта бизнесті қаржыландыруды жандандыру отандық экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.

              Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%).  Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

              Сонымен қатар, банктік нормативтер де шағын бизнесті қаржыландыруға олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.

              Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, шағын және орта субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара бастайды.

              Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын және орта кәсіпкерлікті Қазақстанда дамытудың бірден-бір жолы – бұл сала аралық шағын кәсіпорындар құру, аймақтық салалық құрылымды жетілдіруде шағын кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, нарықтық экономикасы тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады.

              Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты - олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. 
 

2.2  Ақтөбе   облысындағы    шағын және  орта   бизнестің   жағдайын  талдау 

              Ақтөбе облыс   экономикасының   үдемелі    дамуының    ерекше   талабы  − шағын және  орта бизнестің   субъектілері    қызметін  жандандыру, бизнесті   қолдау   инфрақұрылымын   дамыту  үшін   жағдай жасау.

              2009 жылғы кәсіпкерлік дамуының экономикалық көрсеткіштері экономиканың осы саласында оң нәтижеге қол жеткізгендігін дәлелдеп   отыр.  Бұл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  шараларының күшеюімен байланысты.

              Мемлекеттік  қолдаудың  басты бағыттарының бірі − қаржылық қолдау.   Мемлекеттік   сатып алуларда   қазақстандық  үлесті көбейтуге зор  мән  беріліп отыр. 2009 жылы мемлекеттік сатып алу сомасы 67,7  млрд. теңгені  құрады.  Мемлекеттік сатып алу көлемінде  шағын және орта  бизнес субъектілерінің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің үлесі −  42,4 млрд. теңге немесе  62,2 %  құрады.

              2009 жылы  облыста барлық қаржыландыру  көздерінен  шағын және орта бизнеске 77,2% млрд. теңге көлемінде қаржы несиелік қолдау көрсетілді.

              Осылайша, бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатының  жүзеге асуы облыстағы   бизнестің   одан әрі   дамуын   қамтамасыз етті. 2009 жылы бизнес субъектілерінің жалпы саны 4,5% ұлғайды және бірлікті  құрады, оның ішінде заңды тұлға түріндегі кәсіпорындар саны 6,4% өсті. 

Мәлімет көзі: [2] алынған

              Облыстың әр 1000 адамына 12 шағын және орта  кәсіпорындарынан келеді. [3, 9б.]

              Шағын  және орта  бизнесте   жұмыс жасайтын   адамдар саны 158,0    мың адамға  жетті және  аймақтың  экономикасында  жұмыс жасайтын       тұрғындар  санының  40,0% құрады,  сонымен  қатар  аталған  саладағы   жұмысшылар   2008  жылмен  салыстырғанда 3,2%  өсті.

              Егер шағын және орта бизнес субъектілерінің өңірдің жалпы   өніміндегі  үлесі  2008  жылы  16,6% құраса, 2009  жылы   − 19,0% құрады,  өндірілген өнім, атқарылған   жұмыс пен көрсетілген    қызметтер    көлемі   151,8 млрд. теңгеге жетті, бұл   2008 жылдан 5,1%  артық.

              Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен  бюджет  төлемдері   57,4 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 97,3%     (бюджеттік түсімдердің азаюы ҚҚС (НДС), КТС (КПН) және әлеуметтік     салық мөлшерлемелерінің    түсуіне    байланысты). 

       Мәлімет көзі: [2] алынған

              Жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуына әсер еткен кәсіпкерлік   инфрақұрылымының маңызды элементтері: бизнес инкубаторлар,    консалтингтік және кеңес беру орталықтары. Бүгінде 50-ге жуық   қоғамдық   бизнес құрылым белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 18 қор, соның  ішінде  12 бизнес-инкубатор, кәсіпкерлік қызметті қолдайтын 6 орталық, 31 салалық одақ,  ассоциация  мен заңды тұлғалардың бірлестіктері.

              Облыста кәсіпкерлердің облыс әкімдігі және аудан әкімдіктері    жанында 14 Сараптамалық Кеңес жұмыс жасайды.  Құрамына  мемлекеттік     органдар, бизнес-құрылым және кәсіпкерлік және кәсіпкерлердің   аккредиттелген  қоғамдық  бірлестіктері кіреді.

              2009 жылдың басынан бастап  облыстың  Сараптамалық  Кеңестері мен кәсіпкерлердің аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің     сараптамалық қорытындыларын алу арқылы шағын және орта бизнес субъектілерінің мүддесін  қорғайтын 31 нормативтік - құқықтық келісімдер    қаралды, оның ішінде  15-і облыс аудандарында  қаралды. [3, 9-11б.б] 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің механизмі