Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:37, реферат

Описание работы

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Содержание

КІРІСПЕ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
2.Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары



ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

валюталық операциялар.doc

— 102.00 Кб (Скачать)

     1) меншiк құқығының және өзге  де құқықтардың валюталық құндылықтарға  ауысуына байланысты  операциялар  соның iшiнде төлем құралы ретiнде  шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелер;

     2) валюталық құндылықтарды кезкелген  тәсiлмен Қазақстан  Республикасына  әкелу және жөнелту, сондай-ақ  Қазақстан Республикасынан әкету  және жөңелту мәмілелері;

     3) ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы  мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар.

      Мұндағы  валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

  1. Шетел валютасы;
  2. Номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдары;
  3. Тазартылған құйма алтын;
  4. Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезидентттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен  көрсетiлген бағалы қағаздар  және төлем құжаттары.

     Кейбiр  экономикалық әдебиеттерде валюталық  құндылықтар қатарына  бағалы металдар (алтыннан басқа  да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрид, және жемчуг) жатқызады.

     Iс  жүзінде валюталық операциялар  ағымдық  операциялар және капитал қозғалысымен байланысты  болып бөлiнедi.

  1. Ағымдық операцияларға жататындар:
  • тауарлар жұмыстар және қызметтер  үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен  аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған  аударымдар;
  • 180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;
  • салымдар (депозиттер),  инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де  табыстарды алу және аудару;
  • осы заңмен капитал  қозғалысына  байланысты операцияларға жатпайтын   барлық өзге де валюталық операциялар.

      2. Капитал қозғалысына байланысты   операцияларға жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;
  • интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
  • мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын  мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң  мерзiмiн 180 күннен асатын  мерзiмге ұзартуды көздейтiн  экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;
  • өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;
  • зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша халықаралық  аударымдар,
  • жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша  халықаралық аударымдар.

   Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде  шетел валютасымен банктiк операциялар  жүргiзуде ҚР  Ұлттық банкiнен алған  лицензиясы бар өкiлеттi банктер  ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР ұлттық банк валюталық реттеудi  және валюталық бақылауды жүргiзедi.

   Банктрдiң жүзеге асыратын валюталық  операциялардың өзiндiк белгiлерiне байланысты  жiктеледi:

  1. Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:
  • заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге)  валюталық шот ашу;
  • шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
  • операция жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн беру;
  • кез келген аралық уақытта шот архивтерiн рәсiмдеу;
  • клиенттердiң тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер есебiне шетел валютасын сатып ал және сату);
  • экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.

   2. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты мен импортты  және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:

  • қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын  сату және сатып алу;
  • шетел валютасын жәе шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
  • шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып алу ( төлеу);
  • ақшалай аккредитивтердi төлеу.

    3.Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:

  • НОСТРО шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн байланысты операциялар;
  • ЛОРО шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.

       4.Конверсиондық операциялар сипатына қарай:

   СПОТ  мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.

          ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi  валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша  белгiленген күнi бiр валютаны  сатып алуға байланысты  басқа валютаға  айырбастау үшiн жасалған контакт.

    3.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары 

     Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен  «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді.

         Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен  резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәккілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы емес.

         Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкке қалады.

         Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде  алынған ақша резиденттің пайдасына  түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын  немесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті  банк түскен ақшаны резиденттің банктік есепшотына аударуға құқылы, сондай-ақ резиденттерге мұндай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.

          Валюталық реттеу  қызметін жүзеге асыратын негізгі  орган – Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі. Оның өзіндік  дара құқықтық дәрежесі бар және валюталық мәселелерді шешетін, сондай-ақ нормативтік актілерді талдау жасайтын орган болуымен қатар, өзінің валюталық операцияларын жүзеге асыратын жанама реттеу органы екендігімен де анықталады.

     Қазақстанның  Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

  1. осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
  2. өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
  3. мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  4. Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  5. депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  6. туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
  7. қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  8. чек жазып бередi және вексельдер бередi;
  9. егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

     Валюталық реттеу және валюталық  бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:

    1. Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
    2. Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
    3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
    4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
    5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
    6. Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
    7. Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
    8. Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Сонымен жұмысты аяқтай келе келесідей қорытындыға  келуге болады: валюталық операциялар  валюталық қатынастардағы негізгі  элементтің бір болып табылады. Экономикада  валюталық операциялардың түрлері  арқылы  екі жақты келісуші тұлғалар арасында валюталық есеп айырысу мәмілелері, сыртқы займдардың немесе әр түрлі төлемдердің арасындағы операциялар, ұлттық валюта мен шетел валютлары арасындағы операциялар мен айырбастаулар, экспорт пен импорт мәмілелерінде және әр түрлі валюталық операциялар арқылы пайда табатын және қызметтер атқаратын тұлғалар мен қатысушылар әрекет жасайды.

     Сондықтан ұлттың дамуына тікелей әсер ететін және шетелдермен қарым-қатынаста  басты құралдардың бірі болып  табылатын валюталық операцияларды және оның бүгінгі экономикалық-қаржы қатынастары дамыған замандағы түрлерін жан-жақты дамытудың, оны құқықтық жағынан қолдаудың және тиімді іске асып отыруын қамтамасыз ету күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

     Қорыта  келгенде, валюталық операциялардың экономикадағы негізгі түрлеріне келесі операцияларды жатқызамыз: кассалық операциялар және мерзімдік операциялар. Валюталық операциялар қарыз тетіктерін туындататын ақша ағындарының сипаттамасын  өзгертуге мүмкіндік береді, сөйтіп операцияны жүзеге асырушы жаққа оны тартымдырақ етеді.

     Кассалық  келісімдер немесе дереу оырндалатын  келісімдер спот (spot) ережелеріне сай  жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.

     Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.  Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:

    • Форвардтық келісімдер рыногы;
    • Фьючерстер рыногы;
    • Опциондар рыногы.

     Осы аталған және басқа да валюталық  операцияның түрлеріне жұмыс  барысында толық тоқталып өттім  және олардың қызмет ету барысын  талдадым.

     Сондай-ақ валюталық операциялардың еліміздегі жай-күйі мен олардың құқықтық қамтамасыз етілуін, валюталық операциялармен қызмет ететін ұйымдар және қатысушылардың әрекеттері мен мақсаттары туралы тоқталып өттім.

     Жалпы айтқанда Қазақстанның қаржы және банктік  жүйелерінің дамуының күннен-күнге  жаңа талаптарына өтуіне байланысты олар жүргізетін валюталық операциялардың да қазіргі әлемдік стандарттарға жақын формалыр мен түрлері пайда болып және олардың елімізде дамуына жол ашылып келе жатыр.

     Сонымен қатар елімізде валюталық операцияларды  және олармен мәмілелерді дамытудың  өзектілігі алдағы жылдары ұлттық банк жүйеміздің әлемдік стандарттарға өтуіне байланысты валюталық операциялардың да әлемдік сатндарттарға өтуі орын алады. Әрине ол үшін осы аталған валюталық операциялар және банк секторын қазірден бастап халықаралық талаптарға сай негізде іске асыруды қолға алуымыз керек. Ол үшін жоғарғы мамандар дайындау, шетелдермен тәжірибе алмастыру және банктердің операцияларын дамыту қажеттігі туындап отыр.  
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары