Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:37, реферат

Описание работы

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Содержание

КІРІСПЕ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
2.Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары



ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

валюталық операциялар.doc

— 102.00 Кб (Скачать)

     ЖОСПАР 
 

КІРІСПЕ  

        ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ      

                                        ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

     

    1.Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы 

    2.Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар 

    3.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары  
     
     
     

    ҚОРЫТЫНДЫ

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

     КІРІСПЕ

Әлемдік валюталық  жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын  тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.  Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық бағам,  валюталық операциялар, валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.   Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың  ваюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қоладнылады. 
 
 
 

    ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР  ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

    1.Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы 

     Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның  iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ  шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.

     Кассалық  келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.

      Спот  валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.

      Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік  келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары  қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін  дәл осы мерзімдік сауда құрап  отыр.

     Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне  келетін болсақ, олар мынадай:

    • Форвардтық келісімдер рыногы;
    • Фьючерстер рыногы;
    • Опциондар рыногы.

     Форвардтық  келісімдер мерзімдік контрактылардың  ең алғашқы қолданыла бастаған түріне жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына  қарсы жауап ретінде қалыптасады. Қазіргі кезде форвард операциялары ең алдымен шетелдік валютамен саудада қолданылады. Форвардтық контракт дегеніміз мүдделі екі жақтың биржаның қатынасынсыз келісімге көрсетілген затты алдағы белгіленген уақытта бір-біріне жеткізіп беруді міндеттейтін келісім шарт.

     Форвардтық келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала береді. 

     Валютаны  сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге сүйенеді:

  • Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның курсы белгіленіп, бекітіледі;
  • Валютаны екінші жаққа тапсыру тұрақты кезеңдер ішінде, ең көп тараған кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.

     Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.

     Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады.

                                              

 

                                                                                                      

                                                                                    

                                                                                        

                                                         

                                                                    

                                                                               

                     Биржаның валюталық операциялары 
 

     Фьючерстік келісімдердің негізінде нақты пайыздық ставка мен валюталық бағамдардан құралған қаржылық шаралар жатыр. Алғашқы қаржылық фьючерстер биржасы 1972 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында жұмыс істей бастады. Сондан бері қаржылық фьючертер саудасының өсу қарқыны тұрақты сипат алып келеді. Соңғы 10 жылдықтың өзінде келісімнен 276 млн фьючертік келісім-шартқа дейін артып олтыр. Аталған уақыт ішінде фьючерстік келісімдер арқылы саудаланылатын тауарлар түрлері едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұдан 25-30 жыл бұрын сауда негізін ауыл шаруашылығы өнімдері құрап келген болса, қазіргі кезде көлемінің жартысынан артығы акциялардың, облигациялардың және шетелдік валюта үлесіне тиіп отыр.

     Бүгінгі таңда саудаланатын 10 фьючерстік контрактының алтауы қаржылық тетіктердің саудасы екендігі осы операциялармен шұғылданылатын дилерлер мен брокерлерге мәлім.

     Қазіргі кезде дүниежүзілік фьючерстік сауда  көлемінің 30%-ға дейінгісі АҚШ үкіметінің қазынашылық облигацияларының үлесінде болып отыр. Сонымен , фьючерстік контракт дегеніміз көлемі мен базасы алдын ала келісілген, тауар жеткізу немесе алу жөніндегі  заңдық негізі бар екі жақты келісім-шарт.

     Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге нуақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт.

     Валюталық опциондар рыногы үстіміздегі ғасырдың 70-ші жылдары көптеген елдерде белгіленген валюта бағамының орнына олардың қалықтау бағамын енгізгеннен кейін қанат жайып кеңінен дами бастады.

     Валюталық опцион дегеніміз мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша  біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның  белгілі санын сатуға немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ келісілген уақыт  ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып, қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

     Своп  - өте кең тараған қаржылық тетіктердің бірі. Оы банктер мен корпорациялар өздерінің активтері мен пассивтерін тиімді басқару үшін пайдаланылады.

     Ағылшын тілінен аударғанда «swap» «айырбас»  деген ұғымды білдіреді және өзінің осы мағынасында қызмет атқарады.

     Своп  дегеніміз (пайыздық және валюталық  своп түрлеріне бірдей) бір сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағындарына өзгеруі.

     Своп  мәмілелері валюталық немесе пайыздық тәуелділікті болдырмау мақсатында сондай-ақ арбитраждық мақсаттарда жасалады.Своп операцияларының негізгі түрлеріне пайыздық своптар мен валюталық своптар жатады. Бұлар арбитраждық мәмілелермен тәуелділікті қамсыздандыру іс-тәжірибесінде қолданылады.

     Пайыздық  своп барлық валюталарда жүзеге асырылады, дегенмен ең көп тараған және мейлінше белсенді валюта, әрине американдық доллар. Әрине своптар кез келген мерзімге жасала береді. Своп мәмілелерінің ең төменгі сомасы 5 млн доллар, 5 млн. ағылшын фунты, 10 млн неміс маркасы.

Валюталық своп дегеніміз спот және форвард  ережелеріне  сәйкес валюталармен екі конверсиялық мәмілелер  комбинациясы. Бұл жердегі конверсия ұғымы  келісім шарттарды өзгерту дегенді білдіреді. Бір конверсия дереу жеткізуді білдірсе, екінші алдын ала  келісілген шарт бойынша кейінірек жеткізуді ұйғарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы 

      Қазақстан 1992  жылдың  шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше  болып кiргеннен бастап  өзiнiң   валюта  қатынастарын  “Ямаика” валюта  жүйесiнiң құрылымдық  қағидаларымен  қордың  жарғысына  сәйкес  қалыптастыруда. Валюта  қатыныастарын  ұйымдастырушы  үшiн  1993   жылдың 14  сәуiрiнде  “Валюталық  реттеу  туралы” ҚР-ның алғашқы  заңы  қабылданды. Ол  кезде  Қазақстан  Кеңес экономикасы аймағында  болғандықтан  шетелдермен  жеке  валюталық  байланыстар  жоқтың  қасында  болатын. Қабылданған  заң  бойынша валютаны ырқына  жiберу  деңгейiне  сәйкес  келiп  кейбiр жағдайларға  байланысты  дамып  келе  жатқан  валюта  қатынастарына  тiптi  қарама-қайшы  сипатта болды. 1996  жылы  24  желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық  реттеу  туралы” жаңадан заң қабылданды.   Ол заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман талаптарына сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады.

       «Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес  “валюталық операцияларға” төмендегiдей түсiнiк берiлген:

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары