Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
1.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары .......5
1.2 Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері ...................................................................................................................6
1.3. Агролизингтің дамуының әлемдік тәжірибесі ............................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2.1 Ұлттық ауыл шаруашылығы: экономикалық маңызы мен құрылымы ....15
2.2 Егін шаруашылығының түрлері және оның ауыл шаруашылығындағы алатын орны ..........................................................................................................21
2.3 Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны ..........................................................................................................28
Қорытынды ...........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе Ержан ЮАЙБИ 2011-00.docx

— 82.26 Кб (Скачать)

қабілеттілігі;

в)   сырқы сауда айналымы;

г) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің көлемі мен өткізу рыноктары  сыйымдылығының теңдестірілуі;

ғ)   халықты жұмыспен қамтудың өсуі.

3)  Аграрлық азық-түлік  кешенін мемлекеттік реттеу деңгейін  сипаттау-

шылар;

а)  заңнамалық базаның  агроөнеркәсіптік нарықтық өндірістің қажеттілік-

теріне сәйкестігі;

ә)   ауыл шаруашылығы  мақсатындағы тауарлар мен қызметтер  көрсетуге 

кедендік –тарифтік және салық режимі;

б)  тамақ өнімділігіне баға белгілеуді реттеу деңгейі;

в)   ауыл шаруашылығы  өнімі мен тамақ өнімдерін  өндіруді мемлекеттік 

бақылау және қадағалау жүйесі.

г)   ауыл шаруашылығы  өнімі мен тамақ өнімдерін  өндіруді мемлекеттік 

қолдау мөлшерлері және тиімділігі.

      Республикалық   бюджеттен  ауыл  шаруашылығы   өндірісін  мемлекеттік 

қолдау деңгейі бүгінде 22 млрд теңгеге тең, ал жанама жеңілдіктер  беруді (салықтар жеңілдіктері, борышты  өтеу мерзімін қысқарту, сыртқы заемдар  бойынша кепілдіктер) қоса есептегенде, ол 81 млрд теңге болады. Бұл 2009 -1998  жылдармен салыстырғанда, абсалютті  көрсеткіштерді 14,5 пайызға жоғары, алайда  теңгеге  есептегенде,  ауыл  шаруашылығының  жалпы  өнімі 2009 – 1998  жылдардағы 0,18 теңгеден  2007 жылы  0,16 теңгеге төмендеген. Ауыл шаруашылығын қолдауға республикалық  бюджеттен жасалатын шығыстар Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда 0,7 %, Ресейде -1%, Европаның қалған елдерінде – 25-тен 30%-ға дейін болады. Бір ауыл шаруашылығы құрылымына шаққанда Республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау сомасы Қазақстанда – 1200$, АҚШ-та 45000$. Салыстырмалы талдау Қазақ-станда 10га егістік жерге шаққанда мемлекеттік көмек деңгейі 7,5 $ болатынын көрсетеді. Бұл Канадамен салыстырғанда (83$) 11есе, АҚШ-пен салыстырғанда (107,5$) 15 есе, Финляндиямен (500$) салыстырғанда 65 еседен астам.

     Аграрлық өнеркәсіптік  кешенді (АӨК) ғылыми қамтамасыз  ету жауапкершілігі Қазақстан  Республикасы Президентінің жарлығымен  Қазақстан Республикасының ұлттық  академиялық аграрлық зерттеулер  орталығына (бұдан әрі – ҰААЗО)  жүктелген.Республиканың аграрлық  ғылыми саласында 29 ғылыми-зерттеу  иституты, 18 тәжірибелік ауыл шаруашылығы,  орман және ветеринарлық станциялар  және 31 тәжірибелік шаруашылық бар,  олар республикалық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорындар нысанында  жұмыс істейді және Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің ҰААЗО қарамағына  енеді. Білім және ғылым министрлігі  ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген  және республикалық бюджеттен  қаржыландырылатын аграрлық - өнеркәсіптік  кешенді ғылыми қамтамасыз ету  жөніндегі бағдарламалардың әкімшісі  болып табылады.  Ауыл шаруашылығы  өсімдіктерінің, жануарлардың және  микроорганизмдердің 2007-2011 жылдарға  арналған гендік қорын сақтау, дамыту және пайдалану республикалық  нысаналы бағдарламасы бойынша  қаржыландыру көлемі 2007 жылы –  230 млн т, 2008 жылы – 406   млн  теңге, ал 2007 – 2011  жылдарға  арналған Қазақстан аймақтары  бойынша ауыл шаруашылық өнімін  өндіруді, «ұқсату мен сақтауды  ғылыми қамтамасыз ету» салалық  ғылыми – техникалық бағдарламасы  бойынша 2007 жылы - 404,3   млн теңге, 2008 жылы - 404,43  млн теңге болады. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы  министрлігі қаржыландыру көлемі 2007ж. - 28,6  млн теңге, 2008ж. - 36,8  млн  теңге болған «Ауыл шаруашылығындағы  қолданбалы ғылыми зерттеулер»  бюджеттік бағдарламасының әкімшісі  болып табылады. Ауыл шаруашылығы  министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың  элиталық тұқымдарының  гендік  қорын сақтау тұқымдарды және  асыл тұқымды жануарларды   өсіру   мен сату үшін элиталық  тұқым  өсіру мен мал тұқымын  асылдандыру шаруашылықтарына субсидия  беруді «гендік қор» бағдарламасына  сәйкес республикалық бюджеттен  жүзеге асырып келеді және  гендік қорды шаруашылықты пайдалануды  қамтамасыз ету және өндірілген  тұқым шарушылығы мен асыл  тұқымды өнімнің сапасын бақылауды  жүзеге асыру үшін жауап болып  отыр.

 

 

                        

 

 

2.2 Егін шаруашылығының түрлері және оның ауыл шаруашылығындағы алатын орны

 

     Ауыл шаруашылық  дақылдарынан тұрақты, сапалы,  мол өнім алу үшін жерді  өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Қазақстанда егіншіліктің өзіндік  көне тарихы бар. Ежелгі арийлердің (бзб 1-2 мыңжылдықтар) сақтардың (бзб  9-12 ғасырлар) үйсін қаңлы мемлекеттері  тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің  мал шаруашылығы мен бірге  өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде   суармалы егіншілік, диқаншылықпен  де айналысқаны белгілі. Бірақ  , ол замандардағы егіншіліктің  нақтылы ауылы белгісіз. 20-ғасырдың  басында Қазақстандағы егіс көлемі  көбейіп, күріш өсіру  41 млн  га-ға жетті. Егістің басым  көпшілігі дәнді –дақыл болатын.  Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей, өңірінде  егілді.Сырдария өзенінің төменгі  жағында күріш, Жетісуда мақта  егілді. 1913 ж. дәнді дақылдардың  өнімділігі орта есеппен әр  гектарына 5,6 ц-ге жетті. Өнім  мөлшері әр жердің топырағының  табиғи құнарлылығына, ауа райының  құбылмалылығына байланысты әр  жерде, әр жылы өзгеріп тұрды.  Дегенмен егістік жер көлемі, одан алынатын өнім мөлшері  1917 жылға дейін бір қалыпты  сақталып келді. Қазан төңкерісінен  кейінгі 4-5 жыл ішінде егістік  жер аумағы 1,8 млн га-ға дейін  азайып, оның өнімділігі де күрт  төмендеді. Тек 1923 жылдан бастап  бұл көрсеткіштер бұрынғы қалпына  келе бастады. 1953 ж. егістік жер  аумағы 11,8 млн га-ға жетті. Оның  ішінде дәнді дақыл егісі 7 млн га құрады. Қазақстанда егіс  шаруашылығын одан әрі дамыту  жолында, әсіресе соғыс жылдары,  одан кейін де көптеген жұмыстар  атқарылды. Машина-трактор станциялары  құрылып, егістікті күтіп-баптау  жұмыстарын барынша механикаландыруға  мүмкіншілік туды. Егістіктің  86,5 % сепкішпен себіліп, 97%-і комбайнмен  жиналды. Өндіріске ауыспалы егіс  жүйесі өндіріліп, тұқым шаруашылығына,  тұқымның сапасына тиісті көңіл  бөлінді. Егістік жердің 73,5 %-на  жоғарғы сапалы тұқым сорттары  егілді. 1953ж. егістік жерден республика  бойынша орта есеппен гектарынан 7,7 ц өнім жиналды. Басқа дақылдардан  да мол өнім алуға қол жетті.  Үш дақыл бойынша Қазақстанда  өнімділіктің дүниежүзілік рекорды  тіркелді. 1954ж. тың және тыңайған  жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы 5-6 жыл ішінде-ақ Республика  бойынша 25 млн га тың жер  игерілді. Оның 17 млн га – ға  жуығы еліміздің солтүстігінде  орналасқан. Көп көлемде жаңа  жер игеруге байланысты, дәнді  дақылдардың егістік көлемі айтарлықтай  ұлғайды. Жүгері, тары, қарақұмық  дақылдарының да егістік көлемі  барынша ұлғайды. Органикалық  және минералдық тыңайтқышқа,  өсімдікті түрлі зиянкестер мен  аурулардан, арамшөптен қорғаудың  химиялық, биологиялық, агротехникалық  шараларына көңіл бөлінді. 1960-90 ж.  орта есеппен дәнді дақыл жыл  сайын 24,5 млн ға егіліп, әр га-нан  8,9 ц өнім жиналды. Алайда тың  игеру науқаны мен егістікке  қолайсыз жерлердің де жаппай  жыртылуы жер қыртысының бүлінуіне,  жайылымдық жерлердің тарылуына  алып келді. 20-ғасырдың соңғы онжылдығында  ауыл шаруашылығында жүргізілген  реформаларға байланысты, егістік жер көлемі біршама азайды. Мысалға 1998 ж. 18,6 млн га болса, 2011 ж.15,2 млн га болды. Топырақ, ландшафт және климат жағдайларының әр түрлілігіне байланысты дақылдарды іріктеу, топыраққа әдістері мен тәсілдері белдемдік және нақты жағдайларға сәйкес жүргізіле бастады. Осыған байланысты әр белдем үшін егіншілік жүйесі жасалды. Егіншіліктің экстентивті және интенсивті түрлері бар. Экстентивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша күш көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы көбінесе топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты. Егіншіліктер экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру т.б) жұмсап, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырды.Қазақстанда егіншіліктің құрғау, суармалы тәлімі мен таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғау егіншілігі жауыны аз, желді, құрғау далалы аймақтарда орналасқан.бұл жерлерде құрғаушылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғалды сақтандыру агротехникалық шаралар жүйесі қолданылады. Суармалы егіншілікте көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылда, көп жылдық жем шөптер, күріш өсіріледі. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Ауыл шаруашылық дақылдарын, егін өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жаңа тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің және топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып, жоғары әрі тұрақты өнім алу егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан қорғау мәселелерін зерттейді.

      Еліміздің  нарықтық экономикаға көшуіне  байланысты 1990 жылдары жер реформасының  алғашқы кезеңі басталды. Жер  реформасының алғашқы жылдарында  республика парламенті «шаруа  шаруашылығы», «жер кодексі», «жер  реформасы», және «жер салығы»  жайлы төрт түрлі заң қабылдады.  Осы заңдарды жүзеге асыру  нәтижесінде жер реформасының  бірінші кезеңі жүрді (1990-2006 жылдар). Бұрынғы жерге және өндіріс  құралдарына иеліктері бар, акционерлік  қоғам, жолдастық шаруашылық, кооператив, кәсіпорын, шаруа шаруашылығы  және олардың қауымдастықтары  болып қайта құрылды.

     Жер реформасының  екінші кезеңінде ( 2007-2008 жылдары)  жер туралы заңды нарықтық  экономика жағдайына қарай ыңғайлау, яғни жерді мемлекет меншігінде  сақтай отырып,жерді пайдалануға  сатып алу, сату заңдарын белгілеу  енгізілді.

     Жер реформасының  үшінші кезеңінде (2008 жылдан бері  қарай) жерге жеке меншіктік  заңдарды белгілеу енгізілді.  Республикада 3,5 млн жеке меншік  иелері 350 мың га жерге ие болды.  Жекешелендірудің және аграрлық  секторды реформалаудың барысында  республика жаңа әлеуметтік –  экономикалық  құрылым қалыптасты. Жер реформасының негізгі мақсаты  – жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы өндірістерді көбейту және халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту. Жалпы жер мәселесі өте күрделі процесс, оны әр ел өзінің даму кезеңдеріне сәйкес әр түрлі шешеді. Жер мәселесі жалпы қоғамның экономикалық, саяси және ұлттық дамуын қамтиды. Сондықтан жер мәселесі жан-жақты ойластырылып шешілді. Өнім алу үшін пайдаланылып отырған ауыл шаруашылық жер егістік жер, егін егілген жер көлемдерінің қаншалықты азайып кеткенін жоғарыда нақты деректермен көрсеттік. Егін егілген жердің көлемі ғана емес сондай-ақ дақылдардың әр гектардан алынатын түсімі де кеміп кетті. Өндіріс екі жағынан да күйзеліске ұшырап отыр.

     Суармалы жерлердің  жай-күйі:

     Суармалы жер  қоры 2364,8 мың га құрап, бұл жерлер  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30% - нан астамын өндіруді қамтамасыз  етеді. 1991 жылы ауыл шаруашылығы  өндірісінде 2284 мың га суармалы  жер пайдаланылды, ал 2007 жылы нақты  1317 мың гектар жер суарылды  қалған 1047 мың га сортаң жерлердің  айналымынан шығарылуына, суару  жүйелерінің ақауларына, судың болмауына  немесе жетіспеуіне, топырақты  суландыру жағдайларының ұйымдастыру  іс-шараларының нашарлауына, ең  алдымен қаржылық және материалдық  – техникалық ресурстардың болмауына  байланысты пайдаланылмады.

     Ауыл шаруашылығында су пайдалану проблемалары.

     Ауыл шаруашылығында  суды пайдалануды, жер суландыру  құрылыстарына меншік қатынасын  реттейтін заңнамалық базаның  жоқтығы.

     Суды жеткізіп  беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің  құны қымбат болғандықтан республиканың  оңтүстік облыстарындағы шаруашылықтарды  408 млн теңге көлемінде дебиторлық  берешек қалыптасты, бұл ауыл  шаруашылығында суды пайдаланушыларға  қызмет көрсететін шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметінің  залалды болуына себепші болады.

     Жер суландыру  құрылыстарының әбден тозығы  жетуі салдарынан жер суландыру  жүйелерінің ПӘК-і нормативтік  көрсеткіштен екі есе төмен;

     Оңтүстік облыстардың  сумен жабдықталуынан трансшекаралық  өзендердің суларын бөілісу жөніндегі  мемлекетаралық қатынастардың реттелуіне  тәуелділігі.

Химияландыру 

1987 жылға дейін ауыл  шаруашылығына минералдық тыңайтқыштар  берудің және қолданудың көлемі  бірте-бірте ұлғайғаны байқалды. 1987 жылдан бастап республикада  тыңайтқыштарды қолдану төмендей  бастады. Әсіресе 1991 жылдан бастап  күрт төмендегені байқалады.бастапқы  кезеңмен салыстырғанда осы кезеңде  30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімдігі кемиді. Топырақтағы минералдық коректің  жылжымалы нысандары азаяды. Отандық минералдық тыңайтқыштар өндірісі 1990жылғы 1484,9 мың тоннадан, 2006 жылы 6,7 мың тоннаға кеміді.соңғы екі жылда химиялық жолмен отау көлемі 15-20 % -ға ұлғайғанына қарамастан олар қажетті деңгейдің тек әлі де 50-55% -ын құрайды. Тамыр өркені және тамыр сабақ арамшөптерінің басып кетуі 6-10 %-ға азайғаны байқалады. Біржылдық қосжапырақты және біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің басып кетуі 12%-ға, ал қара сұлы бойынша 17%-ға ұлғайды.

     1991 жылдан бастап  дәнді дақылдардың тұқымын және  одан кейінгі жылдарда себілген  тұқымның 40-50 %-на дейінін дәрілеу  көлемінің азайюына байланысты  топырақта және тұқымдық материалда  фитопатогендердің шоғырлануы үдеп  бара жатыр. Егістіктердің дәнді  дақылдар ауруларының барлық  түрімен зақымдануы жоғары күйде  қалып отыр – тамыр шірігі  жыл сайын 40-50%-да байқалады,  бидай мен арпаның тозаңды  қаракүйемен залалдануы – 13%, арпа егістіктерінің қатты қаракүйемен  залалдануы -6 %-ға дейін, жаздық  және күздік бидай егістіктерінің  – 8 %,  дәнді дақылдар егістіктерінің  ақ дақпен және өсімдік татымен  залалдануы 1 млн гектардан артық  алқапта байқалды, залалдану 30-40% - ға  жетеді, ал фунгицидтер қолданудың  көлемі 5% дан 20% -ға дейін жетті.

     Топырақ құнарлылығын  сақтау және ұдайы молықтыру  жөніндегі шаралар:

     Облыстарда  агрохимиялық қызмет станциялары  жүйесі бір мемлекеттік мекеме  нысанындағы ғылыми - әдістемелік  агрохимиялық қызмет орталығын  ұйымдастыру арқылы ауыл шаруашылығының  агрохимиялық қызметін қалпына  келтіру, әртүрлі нысандағы тіркелген  агрохимиялық қызмет станцияларының  және ғылыми мекемелер мен  МемҒӨӨ - жер    зертханаларының  бәсекелестік ортада агрохимиялық  зерттеу жүргізу, минералдық және  агрохимиялық тыңайтқыштарды тиімді  қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

     Минералдық  тыңайтқыштарды қолдану көлемін  еліміз бойынша тұтас алғанда  2009 жылы -380,1 мың тоннаға, 2010 жылы - 439,0 мың т – ға  және 2011 жылы  – 599,5 мың тоннаға жеткізу.

     2009 жылы 1333 мың  га алқаптағы жерге агрохимиялық  зерттеу жүргізу.

     Отандық ауыл  шаруашылығы тауарларын өндірушілердің  минералдық тыңайтқыштар сатып  алуына субсидия беру.

     Республикалық  бюджет қаражаты есебінен дәрілеуіштер  мен гербицидтер  арзандату  жолымен оларды қолдануға субсидия  беру.

      Қазақстан  Республикасының заңнамасын жетілдіру  арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жерлердің құнарлылғын төмендетпеуі  үшін жауапкершілік тетегін әзірлеу.

      Бұрын минералдық  тыңайтқыштар өндірген «Казфосфат»,  ЖШС, «Қазақстан ЖАҚ, және «  Аутал ЛТД» ЖШС кәсіпорындарында  оларды қолданылып жүрген құрамдағы  заттарымен өндіруді 600 мың тоннаға  жеткізу және олардың түр-түрін  ұлғайту.

      Минералдық  тыңайтқыштар енгізетін арнаулы  техника өндірісін қалпына келтіру  үшін қаржы лизинг тетігін  қолдану арқылы жағдай жасау.

      Мемлекеттік  білім беру тапсырысына сәйкес  жыл сайын 25-30 адам шамасында  агрохимик және топырақтанушы  мамандар даярлауды көздеу.

Ауыл шаруашылығы машинасын  жасауды дамытудың негізгі бағыттары;

      Ауыл шарушылығы  тауарын өндірушілердің төлем  қабілетінің жоқтығына орай және  осыған байланысты сұраныстың  болмауынан ауыл шаруашылығы  техникасын шығаратын кәсіпорындар  өндірілетін өнімнің номенклатурасын  әртараптандыратын және соның  нәтижесінде қазіргі уақытта  тек ауылшаруашылығы техникасын  шығаруға ғана маманданған кәсіпорындар  іс жүзінде жоқ.

      «Қазақстантрактор»  ААҚ (Павлодар қаласы) 4 класты  Т- 95,4 шынжыр табанды тракторын  шығаруды игерді;

Информация о работе Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе