Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т.б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ
1.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары .......5
1.2 Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері ...................................................................................................................6
1.3. Агролизингтің дамуының әлемдік тәжірибесі ............................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2.1 Ұлттық ауыл шаруашылығы: экономикалық маңызы мен құрылымы ....15
2.2 Егін шаруашылығының түрлері және оның ауыл шаруашылығындағы алатын орны ..........................................................................................................21
2.3 Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны ..........................................................................................................28
Қорытынды ...........................................................................................................33
Пайдаланған әдебиеттер ......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе Ержан ЮАЙБИ 2011-00.docx

— 82.26 Кб (Скачать)

Францияда лизингтің операциялардың белсенді дамуына 1966 жылы арнайы лизинг туралы заңның қабылдануы әсер етті. Оның негізгі мазмұны француз экономикасы үшін маңызды лизинг түрлерін бөлуге және сипаттауға келтірілген. Оларға мыналар жатады:

•  Несиелік аренда (қаржы лизингтің бір түрі);

Жай жеткізу (басқа сөзбен айтқанда,  оперативтік  лизинг келісімі);

•  Сатып алу операциясын жеткізу;

•  Қозғалмайтын мүлік лизингі.

Француздық  лизинг практикасы ерекшеліктерінің бірі іс - әрекеттері энергия сақтау технологияларына, жаңа энергия көздері облысындағы өңдеулерге, пайдалы қазбалар қорын қалпына келтіруге жататын лизинг берушілерді қолдау болып табылады.

Барлық  жоғарыда аталған лизингтік қызмет түрлерінің амортизациясы және салықты  есептеумен байланысты жеңілдіктері бар.

Ұлыбританияда өткен жүз жылдықтың 60-жылдарында лизингтік операциялар көбінесе американдық фирмалардың филиалдарымен  жүргізіледі және несиені алумен бәсекеге түсті.

Ұлыбританияда 60 - 70 жылдар барысында лизинг кәсіпкерлік іс -әрекеттің қарқынды түрі болды.

Ұлыбританияда лизингтік операциялардың негізгі  бөлігін қаржы құрайды.

1996 жылы әлемде лизингтің көмегімен сомасы 380 млрд. АҚШ долларынан асатын жаңа құрал-жабдықтармен, машиналармен және механизмдермен келісімдер қаржыландырылды, ал бұл сома шамасы бойынша сол мерзімдегі тікелей шетел инвестицияларына тең келді.

Батыс Еуропа елдерінде құрал-жабдық лизингі  абсолюттік шамада жылына 120 млрд.долл. болады. Жапонияда жылдық лизингтік келісім шарттар 50 млрд. АҚШ доллардан аса болады.

Дамушы  елдерде лизинг көлемінің тез өсуі, әсіресе Индияда, Индонезияда, Малайзияда, Оңтүстік Кореяда байқалады.

Халықаралық лизингтік операциялар даму алды. Олардың көлемі жылына 15 - 20 млрд. долл. болды, әлемдік машина және құрал-жабдық экспортының 3 пайызына сәйкес келеді. Шетелдік лизинг АҚШ-та. Жапонияда, Ұлыбританияда дамыды.

Жалпы, экспорттық лизингтік операциялардың жалпы  инвестиция көлеміндегі үлесі 10-15 пайыз болды.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде (АҚШ, Жапония, Германия, Франция) лизингтік тауарлық құрылымда құны бойынша үлкен үлесті ЭЕМ және кеңсе кұрал-жабдықтары – 30 - 40 пайыз, жалпы мақсаттары өнеркәсіптік құрал-жабдықтар 15 - 30 пайыз құрайды.

Дамушы  елдерде лизингтің тауарлық құрылымда  үлкен орынды өнеркәсіптік құрал - жабдықтар  және автокөлік құралдары алады.

Лизингтік фирмалардың барлық санынан банктердің еншілес компаниялары және басқа  қаржы ұйымдары маңызды рол атқарады (АҚШ-тан басқа).

Қазіргі кезде лизингпен айналысатын  банктердің және басқа мамандандырылған қаржы ұйымдардың ең көп несие ресурстары бар. Бұл компаниялардың ең ірі объектілерді (зауыттарды, самолеттерді, кемелерді) қаржыландыру мүмкіндіктері бар.

Лизингпен құрал-жабдық шығаратын өнеркәсіптік компаниялар белсенді айналысуда. Ол үшін тек лизингпен айналысатын мамандандырылган филиалдар құрады. Мұндай типті лизингтік компаниялардың ролі әр елде бірдей емес. Мысалы, АҚШ - та лизингтік қызмет нарығының дамуына мұндай компаниялар біршама әсер етеді (әсіресе, ЭЕМ лизингінде).

Келесі  фирмалар тобы - қаржылық және мамандандырылған лизингтік фирмалар.

Қаржы фирмалары  қаржы лизингімен айналысады және өзінің іс-әрекетін машина құрылысы өнімінің белгілі-бір номенклатурасымен шектемейді. Бұдан басқа, бұл фирмалар несие беруі, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуі лизинг тобына қатысуы мүмкін.

Мамандандырылған  лизингтік компаниялар құрал-жабдықтар лизингісінің белгілі-бір түрімен айналысады немесе белгілі бір клиенттер тобына қызмет көрсетеді. Бұл фирмалар көбінесе оперативтік     лизингпен     айналысады.     Бұдан     басқа     лизингпен  сақтандыру компаниялары, иивестициялық банктер және кез - келген мемлекеттік ұйымдар айналысады.

Машина  және құрал-жабдық лизингімен айналысатын ұйымдардың дәл санын қай елде болса да белгілеу қиын.

Халықаралық қаржы корпорациясының мәліметтері  бойынша жекелеген елдерде 80 - жылдардың  ортасында тіркелген лизингтік  компаниялардың саны: АҚШ-та - 802; Германияда — 685, қозғалмайтын мүлікті қосқанда; Францияда - 43; Ұлыбританияда — 63; Италияда -300. қозғалмайтын мүлікті қосқанда; Жапонияда — 195, Индияда — 200 бодды.

Лизингтік қызметті тұтынушылар көбінде шағын және орта фирмалар болып табылады.

Лизингтің қалыптасуының бірінші кезеңі үшін лизингтік  операцияларды елдің ішінде кеңейту тән.  Қазіргі кезде лизинг  шартымен барлық машина және құрал-жабдықтар түрі алынады. Құрал - жабдық құнының мөлшеріне қатысты шектеу жоқ.

 

2 ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

2.1 Ұлттық ауыл  шаруашылығы: экономикалық маңызы  мен құрылымы

 

Ауыл шаруашылығы мен  агроөнеркәсіптік комплекстің барлық салаларының материалдық – экономикалық базасындағы саналы өзгерістер мен  ілгерілеушілік болды.Аграрлық өндіріс  жоспарлы түрде машиналы ірі индустрияға  көшіріле бастады, шаруашылық  аралық кооперация  мен  агроөнеркәсіптік интеграция дамыды. Республикалар мемлекеттік  агроөнеркәсіптік комитеттері мен  өлкелік, облыстық комитеттері, сондай-ақ аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктері  құрылды. Енді еліміздің әртүрлі  аудандарында ғылыми  өндірістік  бірлестіктер, өндірістік жүйелер құрыла бастады.Олардың бір – бірінен  айтарлықтай ерекшеліктері болғанмен, бәрінің де мүдделері ортақ. Біріншіден, ғылым мен тәжірибе тығыз байланысты болып, ғылыми жаңалықтардың өндіріске  барар жолын қысқартса,екінші жағынан  серіктестер арасындағы кооперативтік  келісім – шарт негізіндегі байланыстар  өзара шаруашылық есепке қызығушылық  пен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік комбинаттар; бірлестіктер, фирмалар ғылыми өндірістік және өндірістік жүйелер, шаруашылық есеп пен мердігерлік әдіске көшкен әр түрлі фирмалар біздің аграрлық экономикамыздағы шын мәніндегі жаңа құбылыстар болып  отыр.Егін шаруашылығы мен өнеркәсіпті  ұштастыру және агроөнеркәсіптік өндірісті  басқарудың жаңа түрлерінің артықшылық-тары  былай  сипатталады:  біріншіден  бұл жаңалықтарды  дұрыс  пайдалану  нәтижесінде шынайы интеграция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сатып алудың; сақтаудың, қайта өңдеудің және тағамдық дайын азық–түліктерді  сақтаудың бірыңғай процесі қамтамасыз етіледі.Бірлестіктердің және оның құрамына енетін шаруашылықтар мен  кәсіпорындардың экономикалық жағдайы, оған қоса агроөнеркісіптік кешеннің қызметкерлерінің материалдық жағдайының жақсы дамуы өндірілген өнімнің  айтарлықтай бөлігін тұтынушыларға  тікелей, дүкендер арқылы сатуға байланысты болғандықтан, шикізатты қайта өңдеу  мен тағамдық азық – түліктердің  сапасына деген көзқарас пен қамқорлық  артады.Агроөнеркәсіптік құрамалардың еңбек коллективтерінің материалдық  жағдайларының жақсаруы мен әлеуметтік мәселелерінің шешілуі түпкі  өнімдерді сатуға түгелдей байланысты болып отырған жағдайда өндірісті  ұйымдастыруды шын мәніндегі  шаруашылық есеп пен өзін - өзі  қаржыландыру принципінде жүргізуге итермелейді  және мәжбүр етеді.

     2008-2009 жылдары  Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің  дамуы үшін негіз бола алатын  екі құжат қабылданды. Қазақстан  Республикасының 2007-2011 жылға арналған  мемелекеттік аграрлық азық –  түлік бағдарламасы және 2010 жылға  дейін салалық аймақтарды дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы. Оларда агробизнесті оңтайлы құрылымы қалыптасуымен агротехнология деңгейінің өсуімен ауыл  шаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдауымен байланысты қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі (конкуренция) қабілеттілігін арттыру және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жету мүмкін еді.

     Ауыл шаруашылығы  – агроөнеркәсіптік кешеннің  жетекші саласы. Ауыл  шаруашылығында  экономикалық белсенді халықтың  жартысы еңбек етеді. Экономикалық  белсенді халық (ЭБХ) дегеніміз  -  қоғамдық өндірісте жұмыс  істейтін  (қызмет көрсету саласы  мен жеке шаруашылық иелерін  қоса есептегенде) халықтың бір  бөлігі. Қазақстандағы жер реформасына  байланыс ты  ауыл шаруашылығы  үш санатқа бөлінеді. Олар: ауыл  шаруашылығы кәсіпорыны, шаруа шаруашылығы  және халықтың жеке шаруашылығы. 

1) Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары  ауыл  шаруашылығы  салаларының  негізгі қызметін атқаратын заңды  түрде жұмыс жасайтын ұйым.

2) Ал шаруа шаруашылығына  ауыл шаруашылығына жарамды жерлер  пайдаланып, отбасылық еңбек бірлестіктерін  құру, ол жерлерге ауыл шаруашылығы  өнімдерін егіп, одан өнім алу  жатады.

3) Халықтың жеке шаруашылығына  олардың жеке бау – бақшалары,  саяжайға бөлінген жері және  олардан алын-ған өнімдері жатады.

     Ауыл шаруашылығының  өнеркәсіптен ерекшелігі – ол  табиғатқа, топырақ пен ауа  райы жағдайына тәуелді. Ауыл  шаруашылығы өндірісі жер ресурс-тарына  негізделген. Ауыл шаруашылығы  өнімдерін алу үшін пайдаланылатын  жер бөлігі ауыл шаруашылығына  жарамды жер деп атала-ды. Оның  құрамына жайылым, егістікке жарамды  жер мен пішендемелік жер кіреді.

     Жайылым жер  дегеніміз – мал жайылымы үшін  пайдаланылатын ірі қара мал  жаюға қолайлы ауыл шаруашылығына  жарамды жердің бір бөлігі.

     Егістік жер  – дегеніміз көп жылғы шөптесін  және ауыспалы мәдени дақылдарды  егуге жарамды жер.

     Пішендемелік  жер – пішендеме шабу үшін  жүйелі түрде пайдаланылатын  жер. Ауыл шаруашылығының негізгі  салалары - өсімдік және мал шаруашылығы  бір–бірімен тығыз байланысты  және іс жүзінде бірін –бірі  толықтырып отырады. Қазақстанда  ауыл шаруашылығы оның ішінде  мал шаруашылығы ежелден негізгі  өндіріс саласы болып келеді. Қазақ жерінде біздің заманымыздан  бұрын 2- жылдық-тан бастап адамдар  қолда мал өсіре бастады. Оларды  көбейту үшін жайылымдар іздеп,  көшіп қонатын болды. Олар көбінесе  жылқы, түйе, қой, ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты  көшіп жүретіндіктен сиырды өте  аз ұстады. Сол кезден бастап  адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел – археологиялық  қазбалардан табылған қыш құмыралардағы  арпаның, бидайдың, тарының дәндері.  Егін егу мал өсіруге қарағанда  баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан  жасалған құралдар қатты жерлерді  өңдеуге жарамады. Олармен тек  өзен, көл жағасындағы жерлер өңделді. ХХ ғасырдың 50 жылдарынан 90 жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылық құрылымының негізін кеңестік шаруашылықтар мен ұжымдық шаруашылықтар құрады.  1990 жылдан бастап республиканың өнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік – экономикалық өзгерістер болды. Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағында 149,1 млн га жер бар. Оның 25,7 млн га егістік, 3,6 млн га шабындық, 103,5 млн га-ы жайылымдық (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымдар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. 2010ж. Қазақстанда жалпы саны 42335 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 701-і акционерлік қоғамдар, 3714- і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-і мемлекеттік кәсіпорындар.  Ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріс-ке ұшыратып қоюға ғана жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға,өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылық салалары бойынша жалпы өнім құны 705,4 млрд теңгеге жетті (2010ж.). Оның 41,5% -ы мал  шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі 2010 жылы 21,5 млн га оның ішінде дәнді дақылдар 15,7 млн га болды. Бидай 11,5 млн га, күріш 65,2 мың ,  жүгері 69 мың га қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал азық дақылдары 5,4 млн га жерге егілді. Дәнді  дақылдарының жалпы түсімі – 12,4 млн т құрайды. Оның ішінде бидай 8,9 млн т, күріш 255,0 мың т, қант қызылшасы  139 мың т,  жүгері ұны 111,2 мың т, мақта 198мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1,5 млн т, көкеніс 880 мың теңге болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкеністен 100.6 ц болады. 2010  аяғында ірі қара малдың саны 4,4 млн, оның ішінде сиыр 2,2 млн, қой мен ешкі  10,9 млн, жылқы 7,7 млн, құс 15,9 млн болды. Ет 1,3 млн т, сиыр сүті 3,2 млн т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндіріледі. (Қазақстан энциклопедиясы бойынша).

     Нарықтық саясат  кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы  елеулі өзгерістерді бастан кешті.  Мал шаруашылығы өнімдерінің  өсу қарқыны төмен болғанымен  бірақ, олардың өскіні, ал өсімдік  шаруашылығы өнімдерінің өсу  қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп  отыратынын, өйткені, ол табиғи  – климаттық жағдайлардың қандай  болуына бағынышты екенін байқауға  болады.  

     Қазақстанның  ауыл шаруашылығындағы өндірістік  – шаруашылық  ара қатынасының  тұрақсыздығы, ауылға мемлекеттік  қолдаудың – тоқтатылуы, инфляцияның  шарықтап кетуі, несие ресурстарының  қымбаттауы, сондықтан оларға өнім  иелерінің қол жетпеуі, төлемеушіліктің  өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдері  оған қажетті ресурстардың бағалары  арасындағы теңсіздіктің аса  үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұраныстың шектелуі – ауыл шарушылығының негізгі проблемасына айналды. Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық – түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтырының ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады. Қазақстандағы жеке қосалқы шаруашылық аграрлық сектордың тиімді құрылымына айналады да оның дамуы бірнеше бағытта жүзеге асуы мүмкін.

     - Тұтынушы  шаруашылығы түрінде , егер ол, тек қана жеке қажетті                  қанағаттандыруға жұмыс істейтін  болса;

     - Егер ол  өнімді өзі үшін өндіріп, ал  артығын рыноктық құрылымдар  арқылы сатса, онда аралас түрде.

     - Егер өнім  сату үшін өндірілетін болса,  онда тауарлы шаруашылық түрінде;

     - Жеке қосалқы  шаруашылық (ЖҚШ) кооперативке бөлінсе  бірлестіктер түрінде. Бұлардың  әр тобы үшін әрқайсысының  өзіне тән міндеттері шешілуге  тиіс, бірақ, түбінде олардың бәрі  де елдің ауыл шаруашылығының  әлуметтік және экономикалық  тиімділігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік жасау қажет.

     Қазақстанда  шаруашылық жүргізудің шағын  түрлерін дамытуды      өңірлік бағдарламаларын әзірлеген  жөн. Онда мыналар қаралғаны  дұрыс:

     -  халыққа  малдың төлі мен құстың балапанын  сату;

     - Ауыл шаруашылық  кәсіпорындарынан бордақылап; кейін  кәсіпорын арқылы сату үшін, малдың  төлі мен құстың балапанын  бөліп беру;

     - Халықтан  көкөністі; жеміс пен жидекті;  сүт пен етті сатып алуды  ұйымдастыру өңдеуші кәсіпорындардың  сүт қабылдайтын пунктерін ашу;

     -   Картоптың  және басқа дақылдардың тұқымын  сату;

     - Құрама жемге;  минералдық тыңайтқыштар мен  өсімдікті қорғау құралдарына,  мал дәрігерлік препараттарға  жеңілдігі бар баға тағайындау;

     -   Мал  мен құс ұстайтын халыққа мал  азығын аванспен беру;

     - ЖҚШ мал  тұқымын асылдандырудың, малдәрігерлік,  фитосанитарлық және агротехникалық  қызмет көрсетудің мемлекеттік  жүйесіне қосу;     2009-2011 жылдарға  арналған мемлекеттік азық –  түлік бағдарламасының негізгі  мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің  тиімді жүйесін қалыптастыру  және бәсекеге қабілетті өнім  өндіру негізінде Қазақстанның  азық – түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылады.

     Бағдарламаның  мақсатына жету үшін мынандай  міндеттерді шешу көзделеді:

      елдің азық  – түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету;

      аграрлық  бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;

      ауыл шаруашылығы  өнімін және оны қайта өңдеу  өнімдерін ішкі және      сыртқы рыноктарда сату көлемін  ұлғайту;

      ауыл шаруашылығы  өндірісін мемлекеттік қолдау  шараларын ұтымды ету;

      Аграрлық  азық – түлік бағдарламасының  тиімділігін бағалау үшін агроөнеркәсіптік  кешеннің сапалық жай – күйін  анықтауға мүмкіндігін беретін  өлшемдер жүйесі қайталанылатын  болады. Ағымдағы жай – күй  мен күтілетін нәтижелер мынадай  өлшемдер топтары бойынша бағаланатын  болады:

1) Халықты азық – түлікпен  қамтамасыз етуді және қамтамасыз  ету жүйесінің тұрақтылық деңгейін  сипаттаушылар,

а)   азық – түліктің нақты және экономикалық қол жетімділік деңгейі;

ә)   ішкі тұтыну саудасындағы тамақ өнімдері импортының үлес салмағы;

б)  мемлекеттің материалдық  резервтер жүйесінде азық – түлік  запастарының болуы;

в)   ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерін өндірудің  қажетті көлемін сипаттайтын  шекті мәндер;

г)  тамақ өнімдерінің  сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі;

2) Ауыл шаруашылығы өндірісін және қайта өңдеудің дамытудың тиімділігінсипаттаушылар: а)  аграрлық бизнес пен қайта өңдеу кәсіпорындары кірістерінің деңгейі;                                                        ә) ғылыми негізделген аграрлық  технологиялар мен қайта өңдеу тех         нологияларын қолдану деңгейі:            

б)   ішкі азық – түлік  саудасындағы негізгі тамақ өнімдерінің  бәсекеге   

Информация о работе Ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу шетелдік отандық тәжірибе