Монометаллизм – жалпыға
бірдей эквивалент ретінде бір ғана
металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.
Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен,
күміс монетаның түсіне қарап шыққан.
III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АҚША ЖҮЙЕСІ
3.1. Ақша жүйесі
жөнінде түсінік
Жалпы мемлекеттік заңдармен
реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру
ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық
ақша жүйесі бар.
Ақша жүйесі – бұл
тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық
заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын
ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне
тән типтері және элементтері
болады. Ақша жүйесінің типі бұл
ақшаның қандай формада болуын сипаттайды.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша
түрлері .
Ақша бірлігінің –
барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге
қызмет ететін, заңды түрде бекітілген
ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған
1 теңге болып табылады.
Ақша бірліктерінің
түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін
айналыста қазыналық билеттер болса,
онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері
болып олардың өсу құны бойынша
төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады.
Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып
табылады және барлық активтермен қамтамасыз
етіледі.
Эмиссия тәртібі –
бұл әр елдің орталық банктерінің
айналысқа ақша шығаруын білдіреді.
Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан
шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз
ақша эквивалентін алумен банкнота мен
монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері заңды
төлем құралы болып табылатын: несиелік
және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100,
50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері;
100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық,
50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік
монеталар жүреді.
Валюталық бағам
дегенміз – бұл басқа бір
елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген
сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Ақша жүйесінің мынадай
типтері болады:
– металл ақша айналысы,
яғни мұндай ақша тауарды тікелей
бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін
атқарады, ал несиелік ақшалар металға
ауыстырылады;
– несиелік және қағаз
ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан
алынып тасталып, оның орнына несиелік
және қағаз ақшалар айналысқа
түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:
Биметаллизм – жалпыға
балама рөлі екі бағалы металға (алтын
және күміс) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болады:
– қос валюталы
жүйе, яғни мұнда алтын мен
күмістің арасындағы шекті қатынас,
металдардың нарықтық құндарына
байланысты белгіленген;
– қатар жүретін
валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл
қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
– ақсақ валюта жүйесі,
яғни мұнда алтын және күміс монеталары
заңды төлем құралы қызметін атқарады,
бірақ бірдей негізде емес, себебі
күміс монеталарды жасау жабық
түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар
жасауға ерік берілді.
Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың
даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі
екі металды құн төлшемі ретінде қатар
пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық
тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі
ретінде қызмет ететін бір ғана металдың
болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм
ақша жүйесінің орнына монометаллизм
ақша жүйесі келді.
Монометаллизм – бұл
барлығына бірдей балама және ақша
айналысының негізі ретінде бір
ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет
ететін ақша жүйесі.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты
алтын монометаллизмі мынадай үш түрге
бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын
құйма стандарты және алтын девиз (алтын
валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты
– бұл еркін бәсеке тұсындағы
капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие
жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды
сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл
стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен
сипатталады:
– алтын елдің ішкі
ақша айналысында болып, ақшаның
барлық қызметтерін бірдей атқарды;
– алтын монеталарды
құюға рұқсат етілді;
– толық құнды емес
ақшалар айналыста жүре отырып, еркін
және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға
ауыстырылды;
– алтын және шетел
валюталарын еркін түрде сыртқа
шығаруға және ішке алып келуге болатын
болды.
Алтын құйма стандартының
алтын монетадан айырмашылығы, мұнда
айналыста алтын монета болмайды
және алтын монетаны еркін түрде
жасауға тыйым салынады. Мұнда
банкноталар, басқа толық бағалы
емес ақшалар сияқты алтын құймасына
тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда
12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт
стерлинг сияқты.
Алтын девиз стандарты
– банкноталардың алтынға, шетел
валютасына айырбасталатынын білдіреді.
Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің
валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия
және басқа да елдерде алтын девиз стандарты
бекітілген.
1929–1933 жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың нәтижесінде
алтын монометаллизмнің барлық
формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын
несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен
қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау
капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын
несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі
құндарының қалыптасу механизміне
қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны
оның нақты құнынан біршама асып тұрады.
Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы
операциялар, міндетті резервтер нормасы,
пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа
да әдістері арқылы, қаржы және валюта
саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан
Республикасының Ұлттық банк туралы
“ ҚР Президентінің заң күші бар
Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған.
Жарға ақша айналысын ұйымдастыру
негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің
эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау
тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және
реттеу тертіптері қамтылады.
3.2. Қазақстан Республикасындағы
1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін
Қазақстан, ТМД-нің басқа мемлекеттерімен
бірге “рубль аумағында“ қала
береді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік
купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде
жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банк
атап көрсетілген. 1992 маусым айында алғаш
рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және
50000 купюралары шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан
тысқары жерлердегі айналыста ақшаның
үш түрі:1961 – 1991 жылы кеңес ақшалар, 1992
жылы Кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 рубль).
Ресей Орталық банк шығарған ақшалары,
1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған
ресейлік ақшалар жүрді.
1993 жылы 23 шілдесінде
Ресей Орталық банкі 1961 – 1991
жылы кеңес ақшаларының белгілерін,
сондай-ақ 1992 жылы 5 000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы
хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына
бір апта берілді.
Қазақстан Республикасы
Президенттің Жарлығымен екі күн
өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылы 1
қыркүйек айына дейін ұзартылып,
айырбас шегі бір адамға 100 мыңға
дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша реформасы
ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне,
оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай
ығысуына жол берілді.
1992 жылы бірінші жартысында-ақ
Қазақстан Республикасының жетекшілері
ендігі жерде рубльден күдер
үзіп, өз валютасын шығаруға бет-бұрыс жасаған болатын.
Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның
“Хариссон” фирмасымен шарт жасалды.
Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік
ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды
қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі
бар.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан РЕспубликасының
Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев
“ Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны
енгізу туралы “ Жарғыға қол қойды. Осы
жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8
–ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылы Ресей үлгісіндегі
қазыналық және банктік билеттерді айырбастау
20 қарашада сағат 18-де аяқталды.
Қолма-қол ақшалардың,
рубльдік шоттардың, салымдар мен мінлеттемелердің
теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500
рубль айырбасы бағамы бойынша жүргізілді.
15 қарашадан 18 қарашаға
дейінгі аралықта халық теңгемен
және рубльмен де есеп айырыса
алды. Сондықтан заңды тұлғалармен,
сол сияқты бөлшке сауданы
жүзеге асырушы және халық
арқылы қызмет көрсететін тұлғалардың
ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды.Қолма-қол ақшаны айырбастау
және активтер мен пассивтерді қайта есептеу
кезеңінде банктер клиенттермен операциялар
жүргізбеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі теңгенің валюталық
бағамын: 1доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында
белгіледі.Келесі жылдары ол бірден өссіп кетті. Соған сәйкес
баға мен жалақы да өсті.
Инфляцияның өсуі біршама
ірі ақша купюраларын қажет етті.
1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы
ақшалар айналысқа шығарылды. 1995
жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан
шығып қалды, олардың орнына мыс-никельден
жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар
шыға бастады.
Сонымен Қазақстан теңгесі
соңғы жылдары тұрақты төлем
құралы болып қана қоймай, еркін
алмастырылатын валюталар қатарына
кіреді.
Қазақстан ұлттық
валютасының сәтті енггізілуі, әрі қарай
оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз
етуді талап етеді.
Қорытынды
1993 жылдың наурызында
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды.
Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару
құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады.
Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды
түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992
жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей
бастаған болатын.
Мемлекеттің егемендігін
және республика банк жүйесінің дербестігін
нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында
қазіргі техникамен жарақтандырылған
мәнет сарайы іске қосылды, ол металл
тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын
қоса отырып).
Ұлттық валютаны жасау
еліміздің Президенті Нұрсылтан
Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе
бойынша барлық шаралар қатаң құпияда
сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір
жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.
Дайындық жұмыстары
бітер кезеңде сол кездегі
Премьер-министр С.А. Трещенконың төрағалығымен мемлекеттік
комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы»
әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде
РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі айналыстан
1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды
алып тастап, бұрынғы КСРО нышанынсыз
жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу
арқылы өзінің ақша реформасына кіріскен
еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл аймағы
бұрынғыдағы ТМД елдерінің жеке бюджеті
кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті
ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан
айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа
қол қойды.