Ақшаның пайда болу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:38, реферат

Описание работы

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................... 3
I. Ақша жүйесі және ақша айналымы
1.1.Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі......................................................4
1.2.Ақша түрлері.................................................................................................5
II. Ақша айналысы
2.1. Ақша айналысы мен заңы.........................................................................10
2.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы.................12
III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік...................................................................13
3.2. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта...................................................................................................15
Қорытынды .............................................................................................................................17

Работа содержит 1 файл

АНБ.doc

— 114.50 Кб (Скачать)

Жай және аудармалы вексель  – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель  – белгілі бір ақша сомасын  қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель –  кейіннен банктен оларды есепке алу  мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің мынадай  өзіне тән қасиетттері бар:

дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;

дауыссыздық, яғни протест  туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;

айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған  заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

Вексель айналысын бірінші  болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін  атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «  Қазақстан темір жолы » ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.

Мұндағы «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді  жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Банкнота (ағыл. сөзінде  «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың айналысқа  шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз  ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның  вексельден мынадай айырмашылығы бар:

мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді  айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиетте  банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық  және жай.

Классикалық банкнота –  бұл банкнотаның алғашқы пайда  болған формасы ретінде алтынға  еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның  қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

жаратылысына қарай  – қағаз ақшалар ақшаның айналыс  құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

эммисиалық әдісі бойынша –  қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық  шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

қайтарылуына қарай – классикалық  банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

ауыстырылуына қарай – классикалық  банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып  отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда  коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда  болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті  ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері бар:

ақшалай чек – банктен қолма-қол  ақша алуға арналған төлем құралы;

ордерлі чек – бір тұлғаның атына  толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырылысу чегі – заңды  тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген чек – банктің  чекте көрсетілген соманы төлеуге  кепілдендіруін сипаттайтын төлем  құралы.

Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:

біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;

екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;

үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен  есеп айырылысу құралы.

Электрондық ақшалар – компьютер  торабының, ақпараттарды автоматты  түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка иесі арасындағы келісімшартқа  сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.                   

II. АҚША АЙНАЛЫСЫ

2.1.Ақша айналысының сипаттамасы

Қайта кезеңіне дейін  “ақша айналымы” мен “ақша  айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар  айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

Құн формасының өзгеріп  отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның  жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік  жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар  айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем  құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу  үшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы ақша айналысының  көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен  тауар айналысы, сондай-ақ  несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен  қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар  айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. 

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қома-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

   Дамыған елдерде  нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар  айналысы – қолма-қолсыз ақшалар  айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақща мен  қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз  байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

2.2. Ақшаның  металдық теориясы және металл  ақша айналысы

 Ақшаның металлдық  теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне  капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фашистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

Ресейде металлдық теорияның  өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы – күміс деп санады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын  Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,  қасиетінің  жоғалуы т.б. пайда болды.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне  берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретіндегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі  формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде  қызмет етуінен барып одан бірте-бірте  монеталар пайда бола бастады.

Көпестер классының  бөлінуімен алғашқы монеталар пайда  болды. Олардың пайда болуы ақшаның  қалыптасуындағы соңғы кезеңді  сипаттайды.

Монета –  ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

Монета бет жағы –  аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі  – гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды  құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық  құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:

Биметаллизм – жалпыға  бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста  алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Информация о работе Ақшаның пайда болу тарихы