Ақша жүйесінің түсінігі және оның негізгі типтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 07:31, реферат

Описание работы

1. Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттерi:
жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;

Работа содержит 1 файл

2.docx

— 30.37 Кб (Скачать)

Ескерту. 24-бап  жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.        

25-бап. Жеке  еңбек шартын тоқтату мен бұзу негiздерi      

1. Жеке еңбек  шарты: 
      1) мерзiмiнiң бiтуi бойынша; 
      2) тараптардың еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн. 
      2. Жеке еңбек шарты: 
      1) тараптардың келiсiмi бойынша; 
      2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша; 
      3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн.  
      3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн. Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады.  
      4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем болмауы керек.  
      4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етiлмейдi. 
      5. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.  
      Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.        

26-бап. Жеке  еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы 
              бойынша бұзудың негiздерi      

 Жеке еңбек  шарты:  
      1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс берушiнiң (жеке адамның) қызметi тоқтаған;  
      2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқартылған;  
      3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi немесе сынау мерзiмi iшiнде қызметкердiң жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкессiздiгi аңғарылған;  
      4) жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмысқа қатарынан екi айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкiн. Аурулар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Еңбек қабiлетiн еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердiң жұмыс орны (қызметi) еңбек қабiлетi қалпына келгенге немесе мүгедектiк анықталғанға дейiн сақталады;  
      5) қызметкер ұйыммен бiрге басқа жерге ауысудан бас тартқан;  
      6) осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;  
      7) еңбек жағдайларындағы өзгерiске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқан;  
      8) егер қызметкер тәртiптiк жаза алған болса, ол еңбек мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз қайталап орындамаған;  
      9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкiн. 
      Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзуына: бiр жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себеппен қатарынан үш сағат және одан да көп уақыт бойы жұмыста болмауы; жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келуi; жұмыс күнi iшiнде алкогольден, есiрткiден, уыттанудан (соларға ұқсас заттардан) масаң жағдайды туғызатын заттарды пайдалануы; қызметкердiң еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiкте жүру қауiпсiздiгi ережелерiн, жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн болатындай бұзуы; жұмыс орнында заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған мүлiктi ұрлауы (соның iшiнде ұсақ заттарды) жатады; (Z970206 (7-бап 33)-34) тармақшаларды қараңыз) 
      10) егер iс-әрекетi оған жұмыс берушi тарапынан сенiмiнiң жоғалуына негiз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тiкелей қызмет ететiн қызметкер кiнәлi iс-әрекет жасаған;  
      11) тәрбиешiлiк мiндеттi атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспайтын жат қылық жасаған; 
      12) қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруымен байланысты белгiлi болған мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария еткен; 
      13) осы Заңның 21-бабына және осы баптың 5) тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;  
      14) Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешiмiмен жұмысына қайта алынған; 
      15) қызметкерге мемлекеттiк құпияларға рұқсат беру тоқтатылған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен, 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

27-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасымен жеке еңбек 
              шартын бұзу мүмкiндiгiн шектеу      

 1. 26-баптың 1), 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша жұмыс берушi жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге жеке еңбек шартының алдағы уақытта бұзылатыны туралы оның бұзылуынан кемiнде бiр ай бұрын жазбаша түрде ескертуге мiндеттi. 
      Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шартын: 
      1) осы Заңның 26-бабының 1), 5), 8), 9), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктi әйелдермен, бiр жарым жасқа дейiнгi баласы бар әйелдермен (растайтын құжаты болған жағдайда); 
      2) осы Заңның 26-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi. 
      Қызметкердiң орындалатын жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша сәйкес келмеуi салдарынан оның еңбек мiндеттерiн тиiсiнше орындауға кедергi жасайтын еңбек қабiлеттiлiгi ұдайы төмендеген кезiнде, не егер еңбек мiндеттерiн орындау қызметкердiң өзiне терiс әсер ететiн немесе айналасындағылар үшiн қауiптi болса, еңбек шарты бұзылуы мүмкiн. 
      Қызметкердiң денсаулық жағдайы бойынша еңбек мiндеттерiн орындауды жалғастыруға мүмкiндiгi болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысымен расталуға тиiс.       2. Осы Заңның 26-бабының 1) және 2) тармақшаларында және 30-бабының 1) тармақшасында көзделген негiздер бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi қызметкерге орташа айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлейдi.       

3. Жеке еңбек,  ұжымдық шарттарда өтемақылық  төлемдердiң басқа да жағдайлары мен мөлшерi белгiленуi мүмкiн. 
      4. Осы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес қызметкердi жұмыстан шығаруға негiз болатын аттестаттау жүргiзген кезде аттестаттау комиссиясының құрамына мiндеттi түрде сол ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiнен комиссия мүшесi енгiзiледi. 
      5. Кәсiподақ мүшесi болып табылатын қызметкермен еңбек шартын осы Заңның 26-бабының 2), 3), 8) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу, сол ұйымның кәсiптiк одақ органының дәлелдi пiкiрi ескерiле отырып жүргiзiледi. (Z931400 қараңыз) 
      Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

28-бап. Жеке  еңбек шартының қызметкердiң 
              бастамасы бойынша бұзылуы      

1. Қызметкер  жеке еңбек шартын бұзатындығы  туралы кемiнде бiр ай бұрын  жұмыс берушiге жазбаша түрде  ескерте отырып, оны бұзуға құқылы. 
      Ескерту мерзiмi бiткен соң қызметкер жұмысын тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушi жұмыстың соңғы күнi қызметкердiң талап етуi бойынша еңбек кiтапшасын және оның басқа да құжаттарын беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ұжымдық шартқа сәйкес оған тиесiлi барлық сомалар төлемiн жүргiзуге мiндеттi.       

2. Тараптардың  келiсiмi бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзiмi бiткенге дейiн бұзылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.        

29-бап. Жұмысқа қайта алу      

 Жеке еңбек  шарты заңсыз негiзде бұзылған  не басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған жағдайда еңбек дауын қарайтын орган қызметкердi бұрынғы жұмысына қайта алғызуға тиiс.       

 Жеке еңбек  шартының заңсыз бұзылуына байланысты  бұрынғы жұмысына қайта алынған  қызметкерге амалсыздан жұмыссыз  жүрген барлық уақыты бiрақ алты айдан аспайтын уақыт үшiн орташа табысы төленедi.        

Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

30-бап. Жеке  еңбек шартын тараптардың еркiне байланысты 
              емес мән-жайлар бойынша тоқтату      

 Жеке еңбек  шарты тараптардың еркiне байланысты  емес мынадай мән-жайлар бойынша: 
      1) қызметкердi әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзiмде; 
      2) қызметкер жазаға тартылған сот үкiмi заңды күшiне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкiндiгi болмағанда; 
      3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкердi қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда;  
      4) сот қызметкердi әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi, соның салдарынан қызметкердiң бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкiндiгi жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуға тиiс.  
      Соттың үкiмi, шешiмi заңды күшiне енген күн немесе қайтыс болған күн осы баптың 2)-4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылған күнi болып табылады.        

31-бап. Жұмыстан шеттету      

1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша жұмыс берушi қызметкердi өз құзыретi шегiнде сол органдар жасаған қаулылар мен шешiмдер негiзiнде жұмыстан шеттетуге мiндеттi.  
      2. Жұмыс берушi заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда:  
      1) жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келген немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаң жағдайды туғызатын затты пайдаланған; 
      2) еңбек қорғау ережелерi бойынша емтихандар тапсырмаған;       

3) жеке басын  қорғаудың жұмыс берушi берген  керектi құралдарын пайдаланбаған; 
      4) егер ол заңдарға сәйкес мiндеттi болса, медициналық тексеруден өтпеген;       

5) авариялық  жағдайға ұшыратуға, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгiнiң не көлiктегi қозғалыс қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзуға әкеп соқтыруы мүмкiн ic-әрекеттер жасаған қызметкердi жұмыстан шеттетуге мiндеттi. 
      3. Жұмыстан шеттету кезеңiне жалақы сақталмайды.  
      4. Қызметкердi жұмыстан шеттету оған негiз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

Информация о работе Ақша жүйесінің түсінігі және оның негізгі типтері