Ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 14:42, реферат

Описание работы

Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын – қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.

Работа содержит 1 файл

Ақша жүйесі.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

     Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген "ҚР коммерциялық, кооперативтік  және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы  тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

     Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте  жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің  қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін  нашарлатып, ал ең төменгі резервтер  нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

     АҚШ пен Германияда міндетті резервтік  нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер  санатына, депозиттердің шамасы мен  түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік  банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады.Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады.Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

     Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскетлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:1)міндетті резервтер; 2)резервтеудің баламалы тәртібі.

     Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға  пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының  өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.

     Практикада  міндетті резервтер нормасы қайта  қаржыландыруға сирек түседі, өйткені  ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.

     Ақша-несие  саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық  банк коммерцмялық банктерге несие  береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесіе өсіреді.

     Несиенің  азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүцеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Қорытынды 

     Қорыта  келгенде, Ұлттық банктің ақша-несие  саясаты  инфляция деңгейінің төмен қарқының ұстауға бағытталған.бұл жұмыстарды жасау үшін ақша базасының деңгейін реттейді.

     Орталық Банк "қалқып жүретін айырбас  бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.

     Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем  жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау  бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

     Ақша  айналымы дегеніміз – ақшаның  бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.

     Ақша  айналымы төлем айналымының бір  белгісі болып табылады. Төлем  айналымының құрамына ақша айналымынан  басқа төлемінен құралдарының айналымы кіреді.

     Ақша айналымының құрылысы бірнеше  белгілермен сипатталады, оның  ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым – қатынастарының   түрі. Осы белгі бойынша ақша айналымы 3 – ке бөлінеді.

  1. Ақшаның есеп айырысудағы айналымы – бұл айналым тауар немесе қызметтерді пайдалану кезінде есеп айырысуға көмектеседі.
  2. Ақшаның несиелік айналымы – бұл айналым несие беру және оны қайтару процесіне қызмет көрсетеді.
  3. Ақшаның қаржылық айналымы – бұл айналым шаруашылықтың қаржылық  қарым қатынастарына қызмет көрсетеді.

     Ұлттық банк 2006 жылы Қазақстанның  төлем жүйелерін ғылыми және  техникалық прогресс саласындағы соңғы жетістіктерге сәйкес онда әрі жетілдіру мен дамыту, төлемдер және ақша аударымдары саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру жұмысын жалғастырды. Төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, төлемдер мониторингі және тәуекелдерді басқару тетіктерін жетілдіру жұмысы үнемі жүргізіледі.

     Халықаралық қаржы ұйымдарымен  және шетелдік орталық банктермен  өзара іс - әрекет шеңберінде жылғы  қыркүйекте Алматы қаласында  Ұлттық банк орталық (ұлттық) банктер  өкілдерінің төлем жүйелері жөнінде алтыншы кездесуін ұйымдастырып өткізді. Төлем жүйелері жөніндегі кездесуге ТМД, Чехия, Польша, Латвия, Түркия, Австрия, Германия, Италия, Жапония елдерінің орталық банктерінің, сондай – ақ Мемлекетаралық банктің және Халықаралық есеп айырысу Банкінің төлемдік және есеп айырысу жүйелері

жөніндегі комитеттің өкілдері қатысты. Осындай  кездесулер өткізудің мақсаты тәжірибе алмасу және төлем жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету саласындағы өзекті проблемаларды  және қазіргі заманғы үрдістерді, сондай – ақ орталық (ұлттық) банктер қызметінің басым бағыттарын бірлесіп талқылау болып табылады. Сондай – ақ Ұлттық банктің өкілдері Дүниежүзілік Банк (Австралия, Сидней қаласы) ұйымдастырған «ТМД елдерінің төлем жүйелері және бағалы қағаздарды есептеу жүйесі саласындағы бастама» деп аталған ІІІ формулаға қатысты.

     Қазіргі замандағы қоғамда ақша  өте үлкен және алуан түрлі  рөлді атқарады. Ақшаның ролі  жалпы балама түріндегі маңызымен  анықталады, өйткені бұл ролге  айрықша арнайы тауарды бөліп шығару өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқы тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамыс бөлігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етді. Ақша тауарлар мен қызметтердің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы – кредит жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

     Мемлекеттер экономикасын ақшалай  – кредиттік реттеудегі ақшаның  рөлі жоғары, онда бұл реттеу  ақшаның монетаристік теориясына  негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасын өлшеудің ақшалай бағыт – бағдары белгіленеді, соған сәйкес ақша – кредит құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланған әдебиеттер 

    1. Сейтқасымов. Ғ.С.

      “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж     

    1. Көшенова.Б.

      “Ақша, несие, банктер”, – Алматы, 2001ж.

    1. Мақыш.С.Б.

      “Коммерциялық банктер операциялары”, – Алматы: 2004ж.

    1. Мақыш.С.Б.

      “Ақша айналысы және несие”, – Алматы: 2004ж.

    1. Ысқақова. З.Д.

      “Банк ісі”, – Қарағанды, 2005 ж.

    1. Ысқақова. З.Д.

      “Бағалы қағаздар нарығы”, – Қарағанды, 1998 ж.

    1. Повлов И. И.

      “ Денги, кредит, банк”, - Алматы, Казакхстан, 1994 ж

    1. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ”, – Алматы, 2005ж 
    2. Сахариев С. С. “ финансы ”, – Алматы, юредическая литература, 2004 ж
 

      

      

Информация о работе Ақша жүйесі