Ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 14:42, реферат

Описание работы

Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын – қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.

Работа содержит 1 файл

Ақша жүйесі.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

     1929 – 1933 жж. әлемдік экономикалық  дағдарыс нәтижесінде барлық  мемлекеттерде әр кездегі алтын монометаллизмнің барлық формасы жойылды. 1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта несиесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті. Оның келешегі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтанмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана берілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. Бастап алтын құймаларын долларға сатуды тапты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.

     Несие ақшалары – сатып алушының  қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына  жүретін) құнның қағаз белгісі  немесе қарызды өтеудегі ақшаның  төлем құралы қызметін атқаруы.

     Несие ақшалары да қағаздан  жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер  әр түрлі шаруашылық процестеріне  байланысты жүргізілетін несиелік  операцияларды орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз  алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма-қол ақшамен де өтеледі. Сонда несие ақшаларын айналымға шығару және оларды кейін қайтарып алу шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының негізінде жүргізіледі.

     Банктің кассасынан қолма –  қол ақша беру мен қарыз  берудің арасындағы байланыс  және банкке қолма – қол  ақшаның түсуі мен қарыз берешегін  өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру операциялардың жиынтық көлемінде көрінеді.

     Несие ақшалары өте ерте заманнан  пайдаланып келеді. Мысалы, төлем  міндеттемесінің ең жай – түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Васионда пайда болған.

     Қазіргі несие ақшаларының эволциясы:  вексель, банкнота, чек, несие  карточкалары болып есептеледі.

     Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда  халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады.

     Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы  кәсіпорынға сатып алған тауар  үшін ақшаны бірден төлемей  оның орнына вексель жазып  береді. Вексельдегі сома көрсетілген  мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі  тиіс. Егер сатушыға көрсетілген  мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.

     Аударым векселін көптеген субъектілер  пайдалануы мүмкін: вексель беруші, вексель иемденуші және төлеуші.  Вексель беруші ол вексельді  толтырушы және ұсынушы жақ.  Вексель иемденуші ол векселде  көрсетілген соманы алуға құқы бар вексель ұстаушы. Жай вексель бойынша төлеуші вексель берушінің өзі болса, ал аударым вексельі бойынша төлеуші үшінші жақ.

     Вексель бойынша төлем авальмен  қамтамасыз етілуі мүмкін. Онда  аваль бойынша есептелесін деген  белгі вексельдің бет жағына, немесе авлонжеге жазылады. Авальберуші төлем төлеу жауапкершілігін өзіне алады.

     Несие ақшаларының келесі түрі  – банкнота. Ол ХYІІ ғ.  шегінде  пайда болған. Коммерциялық вексельдің  айналым шегі банкнота шыға  румен ұзартылды. Банкнота әр мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.

     Банкнотаның негізгі коммерциялық  вексель болғанымен онда өзгешеліктері  бар. Олар бір бірінен несие  беруші, кепілдігі және мерзімі бойынша ажыратылады:

  • вексель бойынша несие беруші сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота бойынша Орталық банк;
  • вексельді  айналысқа  жеке  кәсіпкер  түсіретіндіктен  вексельдің   жеке       кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан,              ол қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді.
    • Банкте сақталған бүкіл өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып саналады;
    • Вексель мерзімді төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі шектелмеген міндеттеме.

     Несие ақшаларының келесі түрі чек. Чек банкке ақша салу және қолма қол ақшасыз есеп айырысу барысында пайда болды. Чек дегеніміз оған айырысу барысында шотынан қолма қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкім. Чекпен есеп айырысу несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек ж. Ұлыбританияда қолданылған.

     Чек, біріншіден, банктегі ағымдағы  шоттан қолма қол ақша алғанда;  екіншіден, тауар сатып алғанда  және қарызды кезеңде; үшіншіден,  қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда айналыс және төлем құралдары ретінде жүреді.

     Чектің белгілі бір формасы  болады, яғни ол кітапша түрінде  шығарылады. Чек қысқа мерзімге  беріледі. Негізінен ақшалы және  есеп айырысу чектері кездеседі.  Ақшалы чек: иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және иесі оны ұсынушы кісі; яғни ұсынушы чегі болып екіге бөлінеді. Аұшалы чек пен банктен қолма – қол ақша алады. Есеп айырысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып алынған чектің парақтары сатылып шыққан тауарлар үшін немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысқанда қолма – қол ақшаның орнына қолданылады. Чектен есеп айырысу, әсіресе, бір банктің клиенті арасында аралайды. Әр түрлі банктердің клиенттері өзара есеп айырысқан жағдайда тек орталық банкке толтырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1.2 Экономикасы дамыған елдердің  ақша жүйесі. 

     Экономикасы дамыған елдердің  осы заманғы ақша жүйесі алтын  – қағаз және кредит ақшаларына  бөлінбеген жүйеге негізделген.  Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт  бойы дербес дамыса да әрі  ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.

     Сонымен қатар, әрбір дамыған  елдің осы заманғы ақша  жүйесінің  мәнін толық ашуға мүмкіндік  беретін тек өздеріне ғана  тән ерекшеліктері бар.

    АҚШ – тың ақша жүйесі. АҚШ – тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдердің айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма – қол ақша эмитенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1 – ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай – ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никельден және мыстан дайындалады. Қазына мекемесі ш ығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма – қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға   ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай – ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ – тағы қолма – қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма – қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ – та ақша массасы классикалық ақша – кредит саясатының құралдарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ақша нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.

     «Еуро» еуропалық валюта зонасы.  Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігінде негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымының есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығалылды.

     Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ орталық банк туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресесйдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталады. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығалылуына тыиым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі.

     Ақша айналымын ұйымдастырумен  байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ – да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100  және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді

     Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан  ақша жүйесінің мазмұны біраз  өзгерді. Себебі металл ақша  жүйесінде қолма – қол ақшасыз  айналым ақша айналысының аз  ғана бөлігін құраған. Ал 30 –  жылдарда әлемдік алтынға айырбасталмайиын несие ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаны алтынға айырбастау және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтамасыз етеді. Ол ең алдымен қоғамдық еңбектің үнемдеу – жалпы экономикалық заңның әсеріне байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындары үнемі қысқартылған, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын; енді үнемді ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді.

     Қазіргі қағаз – несие ақшалары  жүйесіне тән өзгерістер мыналар:

  • алтынның мемлекеттің ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның қазына қорына құйылуы (қор негізінен, банктерде сақталады);
  • банктердің несиелік операцияларының негізін қолма қол ақша және қолма – қол емес ақша белгілерінің шығарылуы;
  • қолма – қол ақшасыз айналымның дамуының нәтижесінде қолма – қол ақша айналысының қысқаша (әлемдік экономикада бұл екі айналамның орта арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
  • мемлекет тарпынан ақша – несиелік реттеу механизмін құру және дамыту.

     Қазақстан Республикасында қолма  қол ақша шығарумен оны айналысқа  түсірумен және айналыстан кері  шығарумен тек Ұлттық банк  шұғылданады. Ұлттық банк басқа  банктерге баокнота және тиындарды  қолма қол ақшасыз есептер  арқылы олардың эквивалентін  алумен сатады;

     Ақша айналымын ретттейтін мемлекеттік  орган – орталық банк, яғни  айналыстағы ақша массасын реттейтін  орталық банктің ақша –несие  саясаты. Ақша – несиелік реттеуге: реттеу тәсілдері; реттеуші органның  құқығы және міндеттері; реттеудің  мақсаты және объектісі кіреді. 
 
 
 

     2       Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты

     2.1     Мемлекеттің ақша-несие саясатының  дамуы  

  Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

     Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың  дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің  дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық         және құқықтық ортаны қалыптастыруда.

     Ақша-несие  құралдарының көмегімен мемлекет бос  ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың  бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.

     Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.

     Көптеген  нарықтық экономикасы бар елдерде  ққазіргі кезде  ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.

     Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен  басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие  операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.

Информация о работе Ақша жүйесі