Ақша нарығының мәні мен мағынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 11:19, реферат

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Работа содержит 1 файл

Асель каржы нарығы.docx

— 36.39 Кб (Скачать)

Ақша нарығының  мәні мен мағынасы

 Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.

Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнім, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар құны өз сатып алушының тапраса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамасы. Сондықтан да әрбір тауар қажеті тұтыну құның алу құрамы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олар мен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады. Мысалы: 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай және т.б.

«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.

Ақша

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей – эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген». Ресей ХІХ ғ. 20-жылдарында алтын өндіруден бірікті орында болды. Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кезде адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. «Ақша - зат емес, ол – қоғамдық қатынас».

Ақша - өндіру мен болу процестерінде  адамдар арасындағы белгілі бір  экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.

Экономикалық категория  ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу
  • айырбас құнының дербес формасы,
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

.Ақша құн өлшемі ретінде

Құның өлшемі қызметі тауар  өндірісі жағдайында туындайды. Бұл  ақшаның барлық тауарлар құнының  өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Мұндай тауар  болып өндіруіне қоғамдық еңбек  жұмсалған, құнды құрайтын алтын  саналады. Яғни, бұл қызмет толық  құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек  өлшемі-ол жұмыс уақытын емес, осы  еңбекпен құрылған құнды көрсетеді. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол  ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады.

Ақша түрінде көрінетін  тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың  құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдық салмақтық санын ақыны бірлігіне бекітті. Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ал баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

Айналыс құрамы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы,
  • оны идеалды ақшалар емес нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды,
  • ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалыр емес (алтын) оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс  қажеттілігі олардың саны өткізілуі  тиіс тауарлардың бағасы мен массасы  негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі  бір – несие тауар мөлшеріне  қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады. Еге ақшаның айналыстағы  массасы тауар массасынан көп  болса, онда бұл олардың құжатсыздануын, яғни инфляцияға алып келеді.

Ақша төлем  құралы


Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Тауар мен ақшаның  қарама-қарсы қозғалысы болмысы, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше  болса онда бұл жағдайда ақшалар  төлем құрал қызметін атқарады. Ақшалар  төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  бірге қыржы-несие қатынастарына  да қызмет етуі.

Барлық ақшалай төлемдерді төлемдегідей етіп топтатуға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер
  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер,
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттемелер,
  • сақтандыру міндеттемелері,
  • әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Тауарға қатынасты ақшаның  өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала  отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны біреудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген  кезде, ақша төлем құрамы ретінде  қызмет атқарады.

Төлем құралы қызметін толық  бағалы емес нақты ақшалар (қағаз  немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді  өзара өтеуде идеалды ақшалар  атқарады.

Ақша – қорлану  және қазына жинау құралы ретінде

Ақшаның төлем және айналыс  құрамы қызметтері ақшалай қорлардың  құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының  қажеттігі. Т-А-Т айналымының екі  актілері. Т-А және А-Т айырылуымен  байланысты.


Капиталистік қоғамдық формадамға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына»  формасында жинақтау, яғни ақшаның  қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл  экономикалық дамуға ешқандай да ықпал  еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде  айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар, несиелік жүйе және қор биржалары  арқылы пайда әкелетін капиталға  айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен  байланысты болды.

Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретінде  байлықтық жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз  ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарда  қорландыру – алтын монеталар  мен алтын құймаларын жинақтау түрінде  жүзеге асады. Өндірістік және тауар  айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар, қазынадан айналысқа шығып  отырды немесе керісінше.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

  • кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шарттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
  • банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Дүниежүзілік  ақша қызметі

Дүниежүзілік  ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді. Бұл қызметі бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейін нағыз ақшалар атқарады. 1967ж. Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті. Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К.Маркстің айтуынша ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағам металл формасын киеді яғни жалпыға беру эквивалент формасына өтеді.


Ақша айналысы туралы ұғым

Қайта құру кезеңіне дейін  «ақша айналымы» мен «ақша  айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай  шек қойылатын. Ақша айналысы деп  қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал аума айналымы ұғымы бұған кең  мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын  сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол  ақша қозғалысы тұрғындарын ақшалай  табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қаолсыз  ақша өндіріс қаражаттарының бөлуінің қарастырады.

Ақша белгілері әртүрлі  жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол  рубль тұтыну заттары және қызметтері жиынттығымен қамтамасыз етілсе қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс  құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе мен қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтық қолында қанша ақша, қанша тауардың болатынын және олардың  қандай бағада атылатыны белгілі  болған.

Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылуы. Тауар  айналымы процесіндегідегі қолма-қол  ақша қозғалысы және төлемақының  жүзеге асыру негізінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен  қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасу-ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар  айналысы болып табылады. Тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып  алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым  қозғалысты, яғни айналыста болуына  мүмкіндік жасайды. Тауар сатып  алынғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналысты әрқашан  жүреді.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан  әрдайым артық болады. Ақшаның  қызметі тек сату-сатып алумен шектелмейтін түсінеміз.

Ақша айналысын реттеудің  элементі – қолма-қол ақшаның  қолдану азайту болып келеді. Бұл  мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулары қолма-қол  ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуін. Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайда түбірімен өзгертті.

Дамыған елдерге бұл процесс  кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырушыларының 25-27% - ды ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды болу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол  және қолма-қолсыз ақшалар болып  бөлінеді.

Сондай-ақ:

  • өнімді өндіру және соту процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысуларымен байланысты ақша айналымы,
  • тауарлы емес сипаттасы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы,
  • ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, неше ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.[2]

Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналымы

Айналыста тек қолма-қол  ақша жүретіндіктен оны ақша айналысы деп атайды. Айналыс және төлем  құралдары ретінде нақты ақша белгілері айналыста жүреді. Бұл  кез келген мемлекеттің ақша айналымының  аз бөлігін құрағанмен оның маңызы үлкен. Өйткені қолма-қол ақша халықтың ақшалы табысының басым көп бөлігін  алуға және оны жұмсауға қызмет етеді.

Қолма – қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Біреу ақшаның көп бөлігін салық, тарпа, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, жалгерлік ақы, айыр пұл және т.е.е төлеуге жұмсайды.

Қорыта айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем-кассалық бөлімдерінің клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін  клиенттердің массасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма-қол ақшаның  қайталама айналысы аяқталады.

Қолма-қол  емес ақша айналымы (төлем айналымы) – банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп  айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылды. Олардың арасында кең тарағандары ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: туралы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы төне басқа міндетті төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктік борыштық өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептеу жатады.

Айналыстағы ақша алма-кезек  біресе айналыс құралы, біресе төлем  құралы қызметтерін орындайды. Тауар  сатудан түскен ақша қарыз төлеуге  жұмсалуы мүмкін, өз кезегінде,қарыз  өтеуден түскен ақша тауар сатып  алуға жұмсалуы мүмкін. Қолма-қол  ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары  өзара тығыз байланысты және бір-бірне  тәуелді. Өйткені ақша үнемі бір  айналы аясынан екіншісіне өтіп, бірақ  айналыс аясынан кетпей оған одан әрі қызмет жасай береді. Ал банктегі шотқа қаржылық аударылуы – қолма-қол  ақшаның берілуінің кепілі. Сондықтан  қолма-қол төлем айналымы қолма-қол  ақша айналысынан ажырағысыз құрылым  және екеуі бірігіп мемлекеттің  бірыңғай ақша айналымын құрайды.

Информация о работе Ақша нарығының мәні мен мағынасы