Ақша қаражатының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 16:39, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ------------------------------------------7
1.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері-------------------------------------------------------------------------------------7
1.2 Төлем карточкаларының есебі------------------------------------------------------9
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі---------------------------------------------12
1.4 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі-------16
1.5 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі------------------------17

ІІ. АҚША ҚАРЖАТТАРЫ, ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ-------22
2.1 Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке алу-------------------22
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің құжаттарын түгендеу-------------------------------------------------------------------------------------27

ІІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫМЕН ВАЛЮТА ШОТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ----------------------------------------------------------------------------------------------------29
3.1 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі--------------------------29
3.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------35

Работа содержит 1 файл

акша каражаттар есеби.doc

— 162.50 Кб (Скачать)

    К,айтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмтенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады) Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

    Бенефициар  аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

    Дәлелденген  аккредитив   бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитиві

    Трансферабельдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

    Аккредитив  тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтау шыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

    Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің пайдалану тәсілі де анық болғаны жен: ұсынған заматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуге болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау1 үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

    Аккредитив  бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың  тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында кезделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша телемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

    Бенефициар  банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде делдалдық ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

    Бенефициар  банкісі (аткарушы банк) аккредитивті төлеу кезінде жабдықтаушының аккредитив бойынша барлық шарттарын сақтағанын тексереді, сондай-ақ шоттар тізбесінің дұрыс рәсімделгенін, ондағы бенефициардың қолы мен мерінің белгіленген үлгіге сай болуын тексеруге міндетті.

    Егер  аккредитивтің шарттарында уәкілетті  сатып алушының келісімі көзделген  болса, онда акцептік жазбаның бар болуы  және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

    Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды  қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік  құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды.

    Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің (шот-тізбесінің) үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретіңде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі.

    Аккредитивті  қолма-қол ақша түрінде төлеуге  рұқсат етілмейді.

    Егер  аккредитивтің шарттарымен уәкілетті  сатып алушының акцепті көзделген  болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін (қолдың үлгілері карточкасының бланкісіне толтырылады); іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхатын ұсынуға міндетті.

    Аккредитив  есебінен төлеу үшін, акцептелінген  шоттар тізбесінде (реестрінде) немесе тауарлы-көлік құжаттарында (накладнойында) өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

    Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға  қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде аткарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе белшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабьшғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

    Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым  банктің қатысуынсыз тараптардың  өз арасында қаралады.

    Егер  аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің  есебінен ұсынылған болса 4010 "Банк несиелері" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған  болса 1040 "Есеп айырысу шотындағы  қолма-қол ақша" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040, 1040) кредиттеледі де, 1040 "Аккредитивтердегі ақша қаражаттары" шоты дебеттеледі.

    Жабдықтаушылар  шотын төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша  және 4510 "Жабдыктаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 1040,1050,1051,4010 шоттарының дебеттерінде және 1070 шоттың кредитінде көрсетіледі.

    Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7210 шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредитттеледі.

    1070" Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары"  шоты бойынша есеп айырысу  чек кітапшаларындағы чектер  арқылы есепке алынады. Чек  — бұл өзінің шот есебінен  қаражатты алушының (чек ұстаушы)  шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

    Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 1070 дебеттеліп, 1050,1051, 1040, 4010 шоттары кредиттеледі.

    Кітапшалардағы  чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек  реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру кезінде 2160 "Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 3440 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 3440 шоты дебеттеліп, 1070 шоты кредиттеледі.

    1070 "Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

    1060 "Басқа да" шотында субъектінің  құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша  қаражаттары көрініс табады, онда  ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады. 

    2.2 Ақша қаржысы,  құнды қағаздарын  және есеп берудің  бланкілерін түгендеу

    Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес кұнды қағаздар ретінде шығарылған баска да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады) Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

    Түгендеу  актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

    Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүогізіледі (қолда бар ақша қаржысын тугелдеудің актісі жоғарыда келтірілген).

    Жол үстіндегі ақша каражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге  түсімді өткізу кезіңде, банк инкоссарторларына  түсімді өткізуге берілетін жолдама  тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық  және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

    Ақша  қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру  арқылы жасалады.

    Ақша  қаражаттарының және құнды қағаздардың  артық шыққан сомалары кіріске алынуға  тиісті: ол кезде 1030, 1071, 1010, 1020 шоттары дебеттеліп, 6130 шоты кредиттеледі.

    Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

    1260 шоты дебеттеліп, 1030, 1071,1010,1020 шоттары кредиттеледі.

    Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1260 шоты кредиттеліп, 2150 шоты дебеттеледі, яғни 2150 шоты жабылады.

    Егер  де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем  шыққан сомасы 2150 кредитінен 7210 шоттың дебетіне есептен шығарылады. 
 
 

ІІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫМЕН ВАЛЮТА ШОТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

    1. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
 

    Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының  барлығы, нормативтік актілерде  қарастырылғаннан басқасы, тек теңге  түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан  Республикасындағы резиденттер  және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

    Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.

    Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етпейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

    Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.

    Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.

Информация о работе Ақша қаражатының есебі