Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 09:23, реферат
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
КIРIСПЕ .......................................................................................……...…….…........3
I АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ ........................................ 4
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым .......................................................................4
1.2 Ақша айналысы және оның заңы .............................................................................9
II АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ .......................................... ..........13
2.1 Қағаз ақшалар және олардың айналысы .....................................................13
2.2 Қолма-қолсыз ақшалардың айналымы мен түрлері ..................................18
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................……...………..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................…...……….….27
Менің ойымызша Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысуды дамыту және жоғарыда аталған кемшіліктерді жою үшін мынадай шараларды іске асыру керек:
1. Клирингтік палатадаы, чектердің клирингтік жұмысының белсенділігін арттыру;
2. Төлем құралы ретінде чекке деген сенімділікті арттыру, түрлі жарнамаларды жүргізу;
3. Тұрақты құқықтық базамен қамтамасыз ету;
4. Шетел тәжірибелерін өзіміздің ұлттық экономикамыздың ерекшеліктеріне сай қолдану мен іске асыру;
Нақты қазіргі кезеңде еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасының №266 қаулысымен бекітілген «ҚР-ның территориясында чекті пайдалану ережесіне» сәйкес жүзеге асады.
Ақырғы кездерде дәстүрлі ақшаларды электронды ақшаларға ауыстыру туралы көп айтылып жүр. Пластикалық карталардың кең өріс алуы және интернетте төлем жүргізу жүйесі электронды ақшалар мәселесінің жалпы қоғамдық мәселеге айналуына әсер етті. 90-шы жылдардан бастап дамушы елдерде қолма-қол ақшаның жаңа түрі болып табылатын электронды ақшаларды енгізу бойынша жобалар жүргізілді. Қағаз және металл ақшаға қарағанда элетронды ақшаларда ақша ретінде пластикалы карталардан немесе персоналды кампьютерлерден шығатын ЭЕМ жадындағы электронды импульста болады. Элетронды ақшаларды енгізудегі негізгі мәселе оның елдің ақша-несие жүйесіне әсері болып табылады. Ұлттық банк елдің ақша-несие саясатының негізгі реттеушісі болып табылады. Сондықтан электрондық ақшаларды ендірудегі негізгі мәселе оларды реттеу болып табылады.
Ұлттық банктің осы электронды ақшаларды ендірумен болатын негізгі мәселелері:
Электронды ақшалар эмиссиясына рұқсат беру және эмитенттер ортасын анықтау;
Электронды ақшаларды реттеу мен оның айналысын ұйымдастыру;
Электронды ақша жүйесіндегі туындайтын тәуекелдер мәселесін шешу;
Ұлттық банк электронды ақшалар қызметіне рұқсат берсе өзінің ақша-несие реттеу мүмкіншілігін шектейді. Тіпті ақша массасына бақылау жасай алмай қалады. Себебі, оның ақша эмиссиясындағы монополиясы жойылады. Электронды ақшалар эмиссиясының ақша массасына әсері біркелкі болмайды. Егер ақша массасын санағанда электронды ақшаларды ескермесе, онда элетронды ақшаларды кәдімгі ақшаларға ауыстырған уақытта М 0 агрегаты азаяды және сәйкесінше депозиттер өседі. Оның әсерінен соңында М 1 агрегаты көбейеді, сөйтіп жалпы ақша массасы көбейеді. Сондықтан Орталық банк электронды ақша эмиссиясының көлемін белгілеп отыруы керек.
Енді келесі суреттен электронды ақшалардың ақша массасына әсер ету мүмкіншілігін әр бір дамыған елдер бойынша қарастырып және осы талдауға байланысты Қазақстан Республикасының элетронды ақшалар жүйесінің дамуын қарастырып өтейік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, экономикалық қатынастарда ақша айналыс заңдылықтарының даму барысында ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдары жекелеген ұғымдарды беріп келсе, ал нарықтық қатынастардың дамуы негізінде барлық қоғамдық тауарлық қатынастар бір заңдылық шеңберінде көрініс тапқандықтан ақша айналысы мен ақша айналымы бір мағынаны білдіретін болды. Сонымен, ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма –қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.
Мұндағы қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды. Ал қолма-қолсыз ақшалар қазіргі қаржылық қатынастары дамыған шаруашылықта есеп айырысудың маңызды формасы болып отыр. Себебі, қолма-қолсыз ақшалар ақша айналысының дұрыс жолға түсуін, қолма-қол ақшалардың мөлшерін азайтудың және кәсіпорындар мен банктер арасындағы сенімділіктің негізі екені белгілі.
Қазақстан Ұлттық банкі және қаржы салаларының құрылымы бүгінде елімізде осы аталған ақша айналымын реттеу мақсатында айналыстағы ақшалардың қолма-қолсыз түрлерін кеңейтуге және оларды халықаралық стандарттарға сай дамытуды көздейді. Соңғы бірнеше жылда ұлттық экономиканың көрсеткіштері, ақша масасы мен қолма-қол ақшалардың жалпы көлемінің өскеніне қарамастан, елдегі қаржы жүйесі ең тұрақты және жан-жақты дамыған, әлемдік нарық жағдайына үйлестірілген құрылым болып отыр. Әрине бұл еліміздің әр түрлі ақша айналымын реттеу заңдарын тиімді ұйымдастырғанының жемісі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
2. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
3. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
4. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
5. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
6. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
7. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
8. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. - Экономическая теория. - Санк- Петербург. - 2001. – 362 с.
9. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
10. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2003ж.
11. Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
12. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 10, 7- 2005 г. 2-3 стр.
4