Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 09:23, реферат
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
КIРIСПЕ .......................................................................................……...…….…........3
I АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ ........................................ 4
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым .......................................................................4
1.2 Ақша айналысы және оның заңы .............................................................................9
II АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ .......................................... ..........13
2.1 Қағаз ақшалар және олардың айналысы .....................................................13
2.2 Қолма-қолсыз ақшалардың айналымы мен түрлері ..................................18
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................……...………..26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................…...……….….27
Сурет-1 – Ақша массасы мен қолма-қол ақшалaрдың үлес салмағы
1-ші сурет бойынша зерттеу бойынша ұлттық экономикада ақша массасының қарқындап өсуі және оған қоса қолма-қол ақшаның да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Сондай-ақ ақша массасындағы қолма-қол ақшалар үлесінің бірқалыпты екендігін көре аламыз. Кесте 1 - Қазақстандағы ақша айналысының құрамы
Көрсеткіштер | 2007 | 2008 | 2009 (8 ай) |
Ақша массасы (М3), млрд. теңге | 971,2 | 1634,7 | 1881,3 |
Қолма-қол ақшалар (М0), млрд. теңге | 238,7 | 379,3 | 402,0 |
Салымдардың барлығы, млрд. теңге | 732,5 | 1255,4 | 1479,3 |
Экономиканы дамытуға несиелер, млрд. теңге |
978,1 |
1484,3 |
2037,0 |
Қайта қаржыландыру пайызы, % | 7,0 | 8,0 | 8,5 (6ай ішінде 7,5%болған) |
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Сондықтан қағаз ақшалардың айналыстағы үлесі мен қажетті мөлшерін нақты белгілеу ақша айналысының бұзылуының, инфляцияның алдын алады. Бұл мәселе әсіресе Қазақстан үшін өте маңызды болды. Оның басты себебі, осыдан 8-9 жыл бұрын экономикада жоғары инфляция деңгейінің пайда болуының басты себептерінің бірі жалпы шаруашылықтың дамымауы, істелген шаруашыылқ қызметтер болмағандықтан айналыста артық ақшалар үлесі өсіп кетті және мемлекетеміз бюджеттік тапшылықты уақытша жауып отыру үшін айналысқа артық қағаз ақшалар шығаруға мәжбүр болуымен сипатталады. Сол кездерден елімізде ақша айналысын реттеу үшін ақша-несие саясатының қызметтері және экономика салалырын дамыту негізінде бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының ақша айналысы біршама тұрақтанып, ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ алдағы уақыттарда еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатындағы басты міндеті ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның нығаюына жағдай жасау болып табылады.
2.2 Қолма-қолсыз ақшалардың айналымы мен түрлері
Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель пайда болады.
Қолма-қолсыз төлем құралы – вексель болып табылады. А.А. Фелдманның айтуынша: «вексель – мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілге нсоманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д.М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель – бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол – бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды).
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар ақша айналымын жеделдетеді.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
Үшіншіден, вексельді айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.
Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:
Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота. Банкнота ( ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.
Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:
мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.
Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай банкноталар.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.
Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:
Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
Атаулы чек – аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;
Ордерлi чек – бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;
Есеп айырысу чегi – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуда қолданылады;
Жол чегi – туристiк сапарларға арналған төлем құралы;
Кепiлдендiрiлген чек – банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.
Чекпен есеп айырысу. Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
Сатушы белгісіз болған жағдайда.
Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс. Чек бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген.
4
3
2
1
5
Сурет-5 – Чекпен есеп айырысу сызбасы
Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.
Біздің елімізде чек арқылы төлемдерді жүргізу 90 жылдың ортасынан бастап қолданған болатын. Осы кезеңде Қазақстан Ұлттық Банкі чек арқылы төлемдерді жүргізуге қатысты екі нормативтік құжатты әзірлеген болатын, яғни Қазақстан Республикасында чек арқылы есеп айырысу ережесі және «Чектердің клирингін жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің клирингтік палатасы туралы» ереже. Чекті өңдеу барысында еңбектің көп қажеттігі, жалған чектің болуы, банкке бару қажеттігі, чектің дұрыс қолданылмауы, құралдың қорғаныс деңгейінің төмендігі және чектің өңделу мерзімінің ұзақтығы салдарынан бұл төлем құралының айналымы ұзаққа созылмады. Тез арада ақшалай аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру барысында чектің тиімсіз екені байқалды.