Мемлекеттік
бюджетті жоспарлау процесінде
келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
- Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
- Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
- Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
- Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
- Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджетті жоспарлау процесінде
осы мақсаттарды шешу бөлек
бюджеттер арасында мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстарын
тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің
нақты теңгерушілігін, жыл бойы
кірістердің бірқалыпты түсуін
және қарастырылған шараларды
уақытында қаржыландырудың қамтамасыз
етеді. Сонымен бірге мемлекеттік
материалды және қаржы резервтер,
жоспарларды орындау мен бюджетті
атқару барысына қаржылық бақылық
қарастырылады.
Мемлекеттік бюджетті болжамдау
маңында бюджеттің кірістік және
шығыстық бөлімдерінің дамуының
ықтимал бағыттарына нақты бағаларын
анықтау процесі түсіндіріледі.
Бұл экономика дамуын болашақ
жоспарлауына негізделеді, себебі
натуралды көрсеткіштердің болашақ
өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды
сапалы ғылыми болжамдау мүмкін
емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі
мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде
пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті
экономикалық шарттарды және олардың
өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке
ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын
жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау
нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік
саясатында тиімді шаралар қабылдауда
өте маңызды мәні бар.
Мемлекеттің бюджетін жоспарлау
мен болжаудың үш маңызды бағыттарда
жұмыс істеуді қарастырады:
- Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;
- әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
- қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;
Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің
негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік
мұқтаждыққа қажетті бюджеттік
құралдарды тұрақты және бірқалыпты
түсуін қамтамасыз еру.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік,
жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік
және дәйектемелік принциптер
талаптарына сәйкес іске асылылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік
принципі құрамына республикалық
және жергілікті бюджеттер кіретін
елдің мемлекеттік бюджетін құрумен
қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі
заңнамаларға сәйкес бұл принцип
республикалық және жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылған
бюджеттер деңгейлері арасындағы
кірістер бөлісу нормативтері
мен ұзақ мерзімді субвенциялар
және бөлісу нормативтері мен
ұзақ мерзімді субвенциялар және
бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындау
негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі
орта мерзімді фискалдық саясаттың
бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық
даму болжамдарына негізделген
ағымдағы және болашақ бюджеттік
жоспарлау тіркемесімен қамтамасыз
етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта
мерзімді әлеуметтік-экономикалық
даму жоспарының басымдылықты
бағыттары негізінде бюджеттік
жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының
теңгерушілік принципі бюджетті
қалыптастыруда баланстық әдісті
пайдалану негізі арқылы қамтамасыз
етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің
қажеттілігі қайбір деңгейдегі
бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді
және ол немесе жоғары бюджеттен
субввенция беру арқылы немесе
бюджет шығындарын қысақарту
арқылы немесе мемлекеттік берешекті
қалыптастыру арқылы не болмаса
басқа да заңнамалармен қарастырылған
әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік прицип бюджет жобасына
осы немесе басқа түсімдер
не шығындарды енгізу қажеттілігін
анықтайтын нормативті құқықтық
актілер негізі арқылы бюджет
жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар
арасындағы табиғатты климаттық
және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді
есепке алу қажет, себебі олар
әр аймақ тұрғындары жағдайларының
негізгі және анықтаушы факторлары.
Сондықтан бюджетті жоспарлауда
нормалар мен нормативтер пайдаланады.
Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды
нормативтер – ол бюджетті
жоспарлау мен атқаруда міндетті
түрде пайдаланатын материалды
немесе материалды емес қажетті
байлықты тұтынудың натуралды
көрсеткіштері. Олар Үкіметпен
жасалады және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерде қолданатын
кірістерді бөлісу нормативтер
– ол әр дейгейдегі бюджеттер
арасындағы кірістердің пайыздық
арасалмағы. Бұл нормативтер тұрақты
сипаты бар, себебі олар орта
мерзімді фискалдық саясаттың
негізінде анықталады және оларды
пайдалану бюджет жүйесі бойынша
шығындық өкілеттілікті шектеуде
байланысты.
Мемлекеттің
алдағы жылғы бюджетке кірістердің
түсуін болжамдау Салық, Бюджет
кодекстер мен басқа да нормативтік
құқықтық актілерге сәйкес іске
асырылады. Сонымен қатар республика
мен аймақтардың орта мерзімді
әлеметтік-экономикалық даму жоспарларының
макроэкономикалық көрсеткіштері,
елдің ортамерзімді фискалдық
саясаттың ережелері мен көрсеткіштері,
ағымдағы мерзімнің бағалау мен
салықтық түсімдерге әсер ететін
негізгі көрсеткіштердің болашақ
өзгерістері есепке алынады. Бюджетті
болжамдауда пайдаланатын негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер
ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша
құралдарының көлемі, еңбекақы қорының
мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының
көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың
көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.
Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық
саясатына сәйкес орта мерзімді
бюджеттік жоспарлау негізінде
бюджеттік процесті іске асыруын
анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға
стратегиялық бағытты беретін
Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы
үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік
бағдарламаны анықтайтын арнайы
құжат – ол Үкіметтің Орта
мерзімді фискалдық саясат атты
құжат. Бұл құжат елдің Орта
мерзімдік әлеуметтік-экономикалық
даму жоспары мен басқа да
стратегиялық және бағдарламалық
құжаттар негізінде жыл сайын
бір жылға ұзартылып отыратын
үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл
құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі,
ең алдымен елдің экономикалық
дамуы көп жағдайда оның қаржы
жүйесінің даму бағыттарына тәуелді
екенімен, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік
саясаттың ахуалы мен оның
бүгінгі талаптарға сәйкестігімен
дәлелденеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын
Қазақстан Республикасының Үкімет
қамтамасыз етеді. Заң актілерінде
көзделген жағдайларда републикалық
бюджетке тауарлық немесе заттай
бөліктегі түсімдерге және оларды
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттің мекемелердің жұмсауына
байланысты операциялар республикалық
бюджетте ақшалай нысанда көрсетіледі.
Шикізат секторы
ұйымдарынан республикалық бюджетке
түскен түсімдердің олардың бекітілген
көлеміне асып түсетін бөлігі мен
республикалық меншіктегі және кен
өндіруші әрі өңдеуші салаларға
жататын мемлекеттік мүлікті
жекешелендіруден түскен қаражатты
Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін тәртіппен бюджетті
атқару жөніндегі уәкілетті орган
республикалық бюджеттен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына аударылған сома республикалық
бюджеттік атқарылу туралы есепке көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
республикалық бюджет тапшылығын
қаржыландыру көздерін айқындайды
және бюджеттің атқарылу барысында
ағымдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы
заңмен бекітілген бағдарламалар
бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік
мекемелердің құрылым мен
функцияларын жетілдіру жөніндегі
іс шараларды
жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды
іске асыратын мемлекеттік органдар
тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы
бар.
Бюджетті атқарылуы жөніндегі
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:
тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы
заңды іске асыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актісіне
және бюджетке түсетін ақша
түсімдерінің күтіліп отырған
көлемін ескере отырып бюджеттік
бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына
сәйкес республикалық бюджетті
қаржыландырудың жиынтық жоспарын
бекітеді және оған өзгерістер
енгізеді; бюджетке түсетін нақты
түсімдерді республикалық бюджет
пен облыстық бюджетпен аудандар
(қалалар) бюджеттердің арасында
кірістерді бөлу нормативтері
бойынша бөлуді жүргізеді.Бюджеттік
бағдарламалардың паспортына, бюджетке
түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған
көлемін ескере отырып, республикалық
бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне
рұқсаттар береді. Республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына
және бюджеттік бағдарламаның паспортына
сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін
тіркеуді жүзеге асырады.Растайтын құжаттар
негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған
міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге
асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы
бойынша жүргізілген операциялардың,
жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттік мекемелер алдында
қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған
міндеттемелерінің, республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің кредиторлық берешегінің,
үкіметтік борыштың, жеке және
заңды тұлғалардың республикалық
бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің
және республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелер активтерінің есебін
жүргізеді.
Бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің
күтіліп отырған көлемі алдағы
міндеттемелер қабылдау және
төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз
болған жағдайда, республикалық
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру
жоспарларына өзгерістер енгізу
қажеттігі туралы ақпарат береді.
Ағымдағы қаржы жылының ішінде,
бюджетке түсетін ақша түсімдерінің
күтіліп отырған жылдық сомасына
сәйкес келмеген жағдайда, республикалық
бюджеттің одан әрі атқарылуы
жөнінде шешім қабылдау үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметін
хабардар етеді. Уақытша бос
ақшасын Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкісі салымдарына орналастырады;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына
сәйкес республикалық бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалауды жүргізеді; егер республикалық
бюджеттік бағдарламалардың іске
асырылуын бағалау нәтижелері
бойынша бюджеттік нақтылау туралы
ұсыныс әзірлейді; бөлінген қаражаттар
рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға
пайдаланылған жағдайда, бюджет
қаражаттарды кері қайтарып алуды
жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру
жоспары республикалық бюджетті
қаржыландырудың жиынтық жоспарына
жатады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың
әкімшісі белгіленген тәртіппен:
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландару
жаоспарларын бекітеді және оларға
өзгерістер енгізеді; бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының
республикалық бюджетті қаржыландырудың
жиынтық жоспарына сәйкестігін
қамтамасыз етеді; бюджеттің атқарылуы
жөніндегі уәкілетті органға
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру
жоспарларын табыс етеді. Мемлекеттік
бюджеттің атқарылу жөніндегі
уәкілетті орган берген рұқсаттар
шегінде бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік
бағдарламалардың паспорттарына
сәйкес мемлекеттік мекемелерге
рұсаттар береді, бюджеттік бағдарламаларды
іске асырылу мониторингін және олардың
бағалауды жүргізеді.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеме белгіленген
тәртіппен:
- бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы;
- республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
- бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді;
- республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді;
- бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді.