Қаржылық жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:31, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымын да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де Кәсіпорын қаржысы зор рөл атқарады. Кәсіпорын қаржысы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда, қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................

I. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
1.1. Қаржылық жоспарлаудың мәні, әдістері мен қағидаттары
1.2. Қаржылық жоспарлаудың жүйесі
1.3. Жоспарлауда қолданылатын қаржылық көрсеткіштер

ІІ. Мемлекеттің қаржысын жоспарлаудың тәжірибесін талдау
2.1. Мемлекеттің қаржысын жоспарлау
2.2. Мемлекеттің бюджеттік түсімдерін болжамдау
2.3. Қаржыны жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі

ІІІ. Нарықтық экономикадағы қаржыны жоспарлаудың жетілдіру жолдары

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

КУРСОВОЙ.docx

— 65.94 Кб (Скачать)

      Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі  аса маңызды мына қағидаттарға  негізделеді:

      Орталықтандарылған және орталықтандырылмаған  тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл  қаржы жоспарларының жасағанда  екі негіздің (бастаудың) орталықтандырылған  қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен  етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған  қаржылық жоспарлау мемлекетке  бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге,  мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын  бөлуді және қайта бөлуді нысаналы  басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық  жоспарлаудағы децентрализм өндірістік  бөліністер мен биліктің жергілікті  органдардың нақтылы жоспарлар  жасап, оларды орындаудағы, өндірісті  өркендеудің және оның нәтижелілігін  арттырудың резервтерін іздестірудегі  шығармашылық белсенділігін дамытуға  жәрдемдеседі.

      Биліктің жергілікті органдары  бюджеттерінің олардың аумағында  орналасқан шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметінің нәтижесіне  тәуелділігінің белгілейтін ұзақ  мерзімді нормативтердің негізінде  аймақтардың қаржыларын басқарудың  экономикалық әдістеріне көшу  үлкен 

 

маңызға ие болып келеді. сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде  нығайту, мемлекеттік бюджеттің  кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда  оның рөлін арттыру қажет;

      Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың  экономикалық және әлеуметтік  жоспарлаумен тығыз өзара байланысы  мен өзара тәуелділігінде көрініп  білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде  экономикалық және әлеуметтік  даму жоспарлары мен болжамдарының  көрсеткіштері жатыр. Сонымен  бірге қаржылық жоспарлаудың  барысында объектінің дамуының  белгіленген параметрлері дәлелденіп  анықталады, экономикалық және әлеуметтік  жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қатысты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

      Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты  перспективалық және жылдық қаржы  жоспарларының тығыз үйлесуін  шамалайды, бұған перспективалық  жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық  жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік түрлендірме әдісі жоспарлау, бағдарламалау және бюджет  жасау:

    - жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді.

    -  бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пацдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсіндіреді;

    - бюджет жасау жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу процесі.

     Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі  әдістердің көмегімен жүзеге  асырылады, олардың қатарына жататын  ең маңыздылары мыналар:

  1. Экстрополяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарөынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар :

      - мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтер анықтауды есепке  алмайды;

      -   материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңге олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

  1. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есепке шығарылады.
  2. Матеметикалық үзгалеу әдісі: процестің құру және оны қаржы саласына көшіру.
  3. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік жоспарларының барлық бөлімшелерінің , сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің  өзара үйесушін қарастырады. Қаржы балансының  талаптарын сақтау үшін кәсіпорынның, саланың, бюджеттің, бұкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен  табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдарін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан жақты негңздеуге мұмкіндік берді.
  4. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса біліһті мамандардың  тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

      Объективті талаптарға жауап  беретін қаржылық жоспарлауды  ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын  саналы есепке алуды қажет  етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде  қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын  анықтауда әр түрлі көзқарас  бар. Алайда қағидаттар басқарудың  бұл стадиясының негізгі ережелері  ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары  емес, тек оларды іске асырудың  механизмі, өндіргіш күштерідің, ғылымның және көптеген басқа  факторлардың даму деңгейіне  байланысты оның әдістері өзгереді.

      Қаржылық жоспарлауда тарихи  мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық  және предметтік мақсатты. Ведомстволық  және салалық қағидаттар экономиканы  бір орталықтан басқарудың (оның  қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне  сипатты болды.

     Нарықтық қатынастар жағдайында  аумақтық және предметтік мақсатты  қағидаттар кеңінен қолданылатын  болды. Аумақтық қаржылық жоспарлау  әміршіл аумақтық бөліністердің  қаржы ресурстарын анықтауға  мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын  шаруашылық қызметтің нәтижелеріне  тәуелді ғып қоюға көмектеседі;  объектиті себептер бойынша ресурстардың  тапшылығы жағдайында аймақтың  қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз  ету үшін оларды орталықтандырылған  қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

 

      Қаржылық жоспарлаудағы предметтік  мақсатты қағидат белгілі бір  экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,  мәдени және басқа бағдарламаларды  қамтамасыз ету үшін қаржы  ресурстарын нақтылы қалыптастыруға  және пайдалануға бағытталған.

      Қаржы жоспарларын жасау негізінен  үш  кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде  есеп беріліп отырылған мезгілдің  қаржылық көрсеткіштердің орындалуына  экономикалық талдау жасалады. Қаржылық  көрсеткіштерді талдау өндірістік  мәліметтермен өзара байланысты  жүргізіледі. Мұның өзі қаржыларды  толық жұмылдырудың себептерін  ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі  дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықты  резервтерді табуға мүмкіндік  бреді.

      Екінші кезеңде әлеуметтік және  экономикалық даму жоспарлары  мен бағдарламаларының көрсеткіштері  негізінде кірістер мен шығыстардың  нақтылы түрлерінің есеп қисаптары  жасалады.

     Үшінші кезеңде сметедағы тапсырмалар  және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. 

 

 

 

     1.2.Қаржылық жоспарлаудың жүйесі.

 

      Қаржылық жоспарлаудың негізгі  құжаты болып келетін қаржы  жоспары шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, салалардың, аймақтардың  және жалпы мемлекеттің ақшалай  табыстары (кірістері) мен қорланымдарын  құрудың және пайдаланудың жоспары  болып табылады. Қаржы жоспары  ұлттық шаруашылықтың ресурстармен  қамтамасыз етілуін көрсетеді.

      Басқарудың барлық деңгейлеріндегі  жасалынатын саны көп қаржы  жоспарларын бір жүйеге келтіру  үшін оларды көптеген белгілері  бойынша сыныптаған орындар. Экономикалық  әдебиеттерде олар негізгі екі  топқа бөлінеді: жиынтық және  бастапқы қаржы жоспарлары.

      Жиынтық қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік  қаржы ресурстарының қозғалысын  негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі  жүзеге асыратын қайта бөлу  процестерін белгілейді.

      Нысаны бойынша олар әрқашан  жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана  белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының  да құрамалық сипаты болады, бірақ  олар қаржы ресурстарының қозғалысын  тек нақтылы саланың, ведомствоның  шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең  алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың  объектісімен және сферасымен, жоспарлау  әдістерімен және арналымымен  ерекшеленеді.

      Қазіргі кезде жиынтық қаржы  жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық,  аумақтық жоспарларды кіріктіреді.  Мыналар жалпымемлекеттік болып  табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы  балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық  бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

      Жиынтық қаржы балансы деп  орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге  арналған дамудың жалпымемлекеттік  болжамының қаржылық бағдарламасын  айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық  банктің белсенді қатысуымен  экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігі айналысады. Аймақтарда  баланстын есеп қисаптарын аймақтық  органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық  қаржы балансында мемлекеттің,  меншіктің барлық нысанының шаруашылық  жүргізуші субъектілерінің ақша  қорларын қалыптастырудың құрамы  мен көздері және ұдайы өндіріс  пен қоғамдық , қажеттерге (әлеуметтік  мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға)  оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

      Баланстың кіріс бөлігі мыналарды  кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға  салынатын салықтар (қосылған құнға  салынатын салық, акциздер, кеден  баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының  түсетін түсімдер, салықтар мен  алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің  ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің  көздері.

      Шығыстар бөлігінің аса маңызды  көрсеткіштері: экономиканы дамытуға  жұмсалатын   шығыстар  (күрделі   жұмсалымдарды  қаржыландыру, айналым 

 

қаражаттарының  өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік  субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар  жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару  мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың  өсімі.

     Жиынтық қаржы балансы сөйтіп  ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын  сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің  жүйесі болып табылады. Жиынтық  қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің  құрамы оның елдің әлеуметтік  экономикалық даму жоспарының  материалдық және қаржылық үйласімдерінің  теңгерімділігін қамтамасыз етудің  тетігі болып табылатындығын  көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға  бөле отырып) жасаған кезде бұл  баланс қаржы және ақша кердеит  қатынастарын дамытудың ауқымы  мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген  көрсеткіштер бойынша оларды  министраліктер мен ведомстволарға  нақтылы бекітусіз жасалынадын.  Мәселен, онда қарастырылған таза  табыстың сомасы субъектілер,  яғни мекен жайлары бойынша  бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл  баланстың көмегімен мемлекеттік  бюджет пен шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржы жоспарларын  жасау процесінде жүзеге асырылатын  атаулы қаржылық жоспарлау үшін  негіз қаланады.

     Дүние жүзінің барлық елдерінде  оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік  бюджет болып табылады. Оны жасаудың  керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының  көздері мен ауқымын анықтаудың  және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін оларды ұтымды  бөлудің қажеттігімен туындайды. 

      Мемлекеттік бюджет қаржы жоспарлары  мен болжамдары мен жүйесінде  бастысы болып келеді, өйткені  олардың қалыптасуы мен орындалуына  ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің  түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері  мен және халықпен өзара қатынастарын  айқындай отырып оларды үлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпы мемлекеттік  экономикалық және әлеуметтік  бағдарламаларды орындауда, демек,  мемлекеттің функциялары оның  ішкі және сыртқы саясатын  жүзеге асыруда маңызды рөл  атқарады.

      Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған  елдің, оның аумақтарының экономикалық  және әлеуметтік бағдарламаларына  сәйкес бүкіл кірістері мен  шығыстары жоспарланады. Сонымен  бірге түсім көздерінің толық  жиналуына бюджет қаражаттарының  ұтымды бөлінуіне және бюджеттің  тапшылықсыз теңестірілуіне баса  назар аударылады.

      Аса маңызды оперативтік қаржы  жоспары болып табылатын мемлекеттік  бюджеттің жиынтық қаржы балансының  бірқатар елеулі айырмашылықтары  бар. Онда мемлекеттің барлық  кірістері емес тек оның орталықтандырылатын  бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық  қаржы балансында мемлекеттің  кірістері мен шығыстары туралы  мәліметтер ірілендірілген түрде  бүкіл ұлттық  шаруашылық  бойынша   келтіріледі,  ал  мемлекеттік   бюджетте олар 

Информация о работе Қаржылық жоспарлау