Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 10:13, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қаржыға қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі барлық әлеуметтік және экономикалық үрдістерді автоматты түрде шешетін құрал емес. Ол түсімдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етпейді, әлеуметтік – қоғамдық еңбекке кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтарын көтермелей алмайды және қоршаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерін бағыттайда алмайды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1 – тарау. Мемлекеттік қаржылық реттеудің қажеттілігі мақсаты, реттеу объектілері
1.1. Қаржылық мемлекеттік реттеу қоғам өмірінің қажеттілігі.........................4
1.2 .Қаржылық мемлекеттік реттеу объектілері, субъектілері..........................7
1.3. Қаржылық мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері
және тиімділігі.......................................................................................................10
1.4. Қаржылық мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері.............................................................................................................13

2 – тарау. Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
2.1. Шет елдер қаржысын реттеу: түсінігі, мәні.............................................17
2.2. Шет елдер қаржысын реттеудегі жоспарлау маңыздылығы..................19
Қорытынды..................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер...................................

Работа содержит 1 файл

ЭМР субъектілері, әдістері, мақсаттары.doc

— 103.00 Кб (Скачать)

   Бұл көрсетілген реттеу объектілері  мақсат, міндеттеріне қарай: аймақтық, салалық, экономика секторының, жалпы экономикалық деп бөлінеді.

 

1.3. Қаржылық мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі 

       Қаржылық мемлекеттік реттеу мақсаттары мемлекеттік реттеудің мазмұны мен атқаратын қызметтерінен көрініс табады. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты қоғамды, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту. Бұл басты мақсатты орындаудағы, іске асырудағы алғашқы аттану нүктесі болып елдің экономикалық саясатынан туындайтын мақсаттар есептелінеді. Бұл орайда мемлекеттік реттеудің басты бағыттары төмендегідей:

1. Елдің экономикалық саясаты.

2. Әлеуметтік  экономикалық мақсаттар.

3. Халық шаруашылығының  басым бағыттары.

4. Барлық ресурстарды  тиімді пайдалану саясаты.

5. Ішкі  экономикалық және әлеуметтік  саясат.

6. Сыртқы  экономикалық саясат.   

Осы негізде  мемлекеттік реттеудің мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады:

  1. Экономиканы тұрақтандыру: экономиканың қаржылық сауықтандырылуы және ақша айналымының тұрақтандырылуы, тұтыну нарығын жақсарту, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту.
  2. Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру: меншік қатынастарын өзгерту, еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, қаржы-несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру.
  3. Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру: нарық инфрақұрылымдарын құру және қалыптастыру, тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын құру, өндіріс заттарының нарығын құру, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру, еңбек нарығын құру,тұрғын үй нарығын қалыптастыру, қаржы нарығын қалыптастыру.

   Экономикаға, әлеуметтік жүйеге мақсатты ықпал жасауда мемлекеттік реттеу құралдары тиімді және ұтымды болуы үшін, мақсаттарды жалпы экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-аймақтық, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді деп бөледі.

   Мемлекеттік реттеу мақсаттарын анықтауда және іске асыруда келесідей принциптер есепке алынады:

  • Ең бірінші кезектегі іске асырылуы немесе шешілуі керек маңызды мәселені анықтау. Бұл барлық ресурстарды, мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануға, жақсы нәтижеге жетуге  мүмкіндік береді.
  • Халық шаруашылығын басқарудың барлық деңгейлеріндегі шаруашылық жүйелерінің тиімді байланыстылығы және пропорционалдылығы.
  • Мемлекеттік реттеу міндеттерінің деңгейлері мен сипаттарына сай келетін құралдар жүйелерін анықтау.
  • Реттеу объектісіне, соның ішінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына маңызды ықпал жасайтын макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Қаржыны мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегідей тиімділікті қамтамасыз етуге тиісті:

         1. Кәсіпкерлік іс-қызметтің дамуын қамтамасыз ететін қажетті мотивацияны.

         2. Салық салудың әлеуметтік тиімділігін.

         3. Жалпы ішкі өнімнің өсуін.

Қаржының  мемлекеттік реттеу тиімділігі экономиканың өсу қарқынымен, экономика құрылымының жақсаруымен, еңбекпен қамту деңгейінің өсімімен, инфляция деңгейінің төмендеуімен, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруымен сипатталады. Экономиканы мемлекеттік реттеу нәтижелігі ереуілдер, демонстрациялар қоғамдық ұйымдардың үкімет саясатын сынауынан көрініс табады. Мақсаттардың іске асырылуы белгілі шығындармен, ресурстардың ұтымды, тиімді пайдалануымен байланысты болады. 
 

 

1.4. Қаржылық мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері 

     Бұдан 225 жыл бұрын  (1776 ж) Адам Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін» тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірақ ол «түнгі қарауылдың» рөлін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне әлденеше рет теориялық көзқарастар мен тұжырымдар өзгерген болатын. Джон Мейнрад Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты.

     Ол  экономикалық дағдарысты жаппай жұмыссыздықтың тууын ескеріп отыруы қажет. Алайда мемлекет Дж Кейнстің кеңесін тыңдай отырып, экономикалық қызметтерден бас көтере алмай, жаңа міндеттер шеше алмады. Батыс елдерінде 70- ші жылдардың ортасында тағы да экономикалық дағдарыстап лап ете қалды. Осы толқынның арқасында  ДЖ. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.

     Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс  экономисі Фридрих Август фон Хайек (1899 – 1984 жж) пен американ экономисі Милтон Фридмен (1912 ж) және басқалары болды.

     Нарықтық  экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы  аралас экономиканы жақтайтындар басқа  тұжырымда болды.

     Американ  экономисі Дж. Гэлбрейт (1980 ж) «салмақтылық»  күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша еркін нарықтық экономикада реттеу  механизмі жоқ, ал оның  орнын «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің аласуының басты мақсаты – экономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға көмек жасау болмақ.

     Әлеуметтік  – экономикалық дамудың  маңызды басымдықтарын айқындау үшін Елбасы  «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасын жүйеге енгізген болатын.

     1997 жылдың қараша айындағы Елбасының  Қазақстан халқына жолдауында  өтпелі кезеңдегі әлеуметтік  – экономикалық дамудың  қорытындылары шығарылып, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді басымдықтағы мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілген болатын.

     Қойылға мақсаттарға жету үшін мынадай үш кезеңде болуы қажет:

  • 1998 – 2000 жылдар;
  • 2001 – 2010 жылдар;
  • 2011 – 2030 жылдар;

     Бұл ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан  республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономиканы құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. 21 – ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:

  • әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
  • басқарудың тиімділігін арттыру;
  • өндіріс секторына несие беру;
  • экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
  • аймақтық диспропорцияларды жою;

     Қазақстан Республикасының аталған әлеуметтік – экономикалық дамудың басымдықтарына қысқаша тоқталып өтейік.

      Елбасы  әлеуметтік ахуалды жақсарту деп  – ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.

      Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өзгерістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделді. Елбасы: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болады.» деп айтқан болатын.

      Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдықтары біздің экономикамыздың  шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады.

      Мұнай  өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай  өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін  дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек  өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.

      Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті  баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндеттер  қойылады: бәсекеге қабілетті өңдеу  өнеркәсібін құру.

      Экономикалық  саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың  дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

      Қаржыны мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929 – 1933 жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше рөл атқарды.

      Кез – келген елдің экономикалық жүйесіндегі  мемлекеттің рөлі оның қызметтері арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі бірыңғай жүйелерге біріктірілуі қажет:

  • біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады.
  • екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым жасайды.
  • үшіншіден, нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады.
  • төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
  • бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады.
 

 

2 – тарау. Қаржыны мемлекеттік  реттеудегі  шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы 

2.1. Шет  елдер қаржысын реттеу: түсінігі, мәні 

           Қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуын реттеуде шетелдік тәжірибені білу, тиімді бағыттарын кәсіпкерлік – қызметтерді реттеуде басшылыққа алу Қазақстан сияқты егеменді экономикасын қалыптастыру жолындағы елдер үшін маңызды. Елдің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайын реттеуде шетелдік тәжірибе өзгеріссіз күйде көшірілуі мүмкін емес. Себебі әр елдің өз ерекшелігі бар, яғни табиғи, климаттық, экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және т.б. жағдайлармен байланысқан. Бірақ шетелдік тәжірибені зерттеудің қажеттері бар. Олар:

1.Экономиканы  реттеу бағыттары мемлекеттік  шаралар жүйесі және жалпы  ортақ принцптері мен концептуалды  негіздерін анықтауға мүмкіндік  туады.

2.Аралас  экономикада заңдылықтарын анықтау  арқылы, Қазақстан экономика жағдайында қателіктер жібермеуге мүмкіндік береді.

3.Мұндай  зерттеу болжаулар мемлекеттік  реттеу нәтижелерін бағалауға,  салыстыруға, қажетті мәліметтер  жүйесіт алуға, қалыптастыруға  мүмкіндік береді және біздің  аумақтық экономиканың әлемдік шаралар процесіне енуіне байланысты экономикалық бағытына өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді.

Информация о работе Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы