Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 10:13, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қаржыға қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі барлық әлеуметтік және экономикалық үрдістерді автоматты түрде шешетін құрал емес. Ол түсімдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етпейді, әлеуметтік – қоғамдық еңбекке кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтарын көтермелей алмайды және қоршаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерін бағыттайда алмайды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1 – тарау. Мемлекеттік қаржылық реттеудің қажеттілігі мақсаты, реттеу объектілері
1.1. Қаржылық мемлекеттік реттеу қоғам өмірінің қажеттілігі.........................4
1.2 .Қаржылық мемлекеттік реттеу объектілері, субъектілері..........................7
1.3. Қаржылық мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері
және тиімділігі.......................................................................................................10
1.4. Қаржылық мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері.............................................................................................................13

2 – тарау. Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
2.1. Шет елдер қаржысын реттеу: түсінігі, мәні.............................................17
2.2. Шет елдер қаржысын реттеудегі жоспарлау маңыздылығы..................19
Қорытынды..................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер...................................

Работа содержит 1 файл

ЭМР субъектілері, әдістері, мақсаттары.doc

— 103.00 Кб (Скачать)

Жоспар 

Кіріспе....................................................................................................................3

1 – тарау.  Мемлекеттік  қаржылық реттеудің қажеттілігі мақсаты, реттеу объектілері

1.1. Қаржылық мемлекеттік реттеу қоғам өмірінің қажеттілігі.........................4

1.2 .Қаржылық мемлекеттік  реттеу объектілері, субъектілері..........................7

1.3. Қаржылық мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері

және тиімділігі.......................................................................................................10

1.4. Қаржылық мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері.............................................................................................................13 
 

2 –  тарау. Қаржылық мемлекеттік  реттеудегі  шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы

2.1. Шет  елдер қаржысын реттеу: түсінігі, мәні.............................................17

2.2. Шет  елдер  қаржысын реттеудегі жоспарлау  маңыздылығы..................19 

Қорытынды..................................................................................................21

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................23

 

Кіріспе 

     Әкімшілдік - әміршілдік басқару экономикасынан нарықтық экономикаға көшу еліміз экономикасының шаруашылық механизмін түгелдей қайта құруды талап етуде. Ал ол күрделі экономикалық - әлеуметтік реформаны жүйелі, кешенді жүргізуді көздейді.

     Нарық ол өзіндік мақсат емес. Ол жоғарғы басқару органдарының әкімшілік бұйрықтарымен, іс  -  қызмет шешімдерімен қалыптаса  қалатын, жұмыс жасай кететін іс – қимыл аясы емес.  Нарық – ол өндіріс бағытын, мақсатын тұтынушыларға  қаратып бұратын және меншік түрлеріне қарамай өндіруші – сатушылар, тұтынушы  -  сатып алушылар  іс – қимылдарына  жағымды жағдай  жасайтын механизм.  Бұл механизмдерді қалыптастырудағы  мемлекет рөлі өте зор.

     Нарықтық  қаржыға қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі барлық әлеуметтік және экономикалық үрдістерді автоматты түрде шешетін құрал емес. Ол түсімдердің әділ  бөлінуін  қамтамасыз етпейді,   әлеуметтік – қоғамдық еңбекке кепілдік бермейді,  халықтың әлеуметтік аз  қорғалған  топтарын  көтермелей  алмайды және қоршаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерін бағыттайда алмайды.

     Бұл курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің, қоғамның мүддесін және халықтың қорғаныссыз  тобының мүдделерін қорғау. Бұл мақсаттарды  іске асыруда түрлі мемлекеттік  реттеулер іске асырылады:

- мемлекеттік  меншікті басқару;

- салықтық  реттеу;

- ақша  – несие реттеу;

- бюджеттік  реттеу және т.б.

 

      1 – тарау. Мемлекеттік қаржылық  реттеудің қажеттілігі мақсаты, реттеу объектілері 

    1. Қаржылық  мемлекеттік реттеу қоғам өмірінің қажеттілігі
 

   Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері ерекше. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында мемлекеттің экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырады.

    Қазіргі кезде қоғам өмірінің  дамуында экономикалық іс-қимылдар  аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық  шаруашылық байланыстарының күрделене  түсуі мемлекеттің экономиканы  реттеу ролін күшейте түсуде.

   Қазақ ғалымдары Мамыров Н.К., Ихданов Ж. анықтамалары бойынша,  мемлекеттік ретеу дегеніміз,  бұл макроэкономикалық тұрақтылықты  және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз  ету мақсаты үшін мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық процестерге  әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі.

   Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық  экономика жағдайында экономиканв  мемлекеттік реттеу деген қазіргі  әлеуметтік-экономикалық жүйені  өзгермелі жағдайға бейімдеу  және тұрақты дамыту мақсатында  өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.

   Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей  қорытындылар жасауға болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл белгілі бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы.
  2. Мемлекет ықпалының мақсаты әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
  3. мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық, құқықтық түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар жүйелерінен тұрады.
  4. Мемлекеттік ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

   Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін анықтайтын факторлар:

  • Мемлекеттің араласуынсыз тиімді шаруашылық жүргізу мүмкін емес, қоғамдық шаруашылық процесінде мемлекет араласуы керек іс-қызметтер бар. Мұндай тауарлар, қызметтер қатарына адам өмірімен, мемлекеттің дамуымен тікелей байланысты: мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. жұмыстар да жатады.
  • Орталықтандырылған қаржы көздері арқылы ағымдағы және болашақтағы табиғи ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру.
  • Экономикалық субъектілерге табиғи ортаның байлығын және қоршаған орта нормаларын, нормативтерін, құқықтық-әкімшілік шектеулерін белгілеу.
  • Орталықтандырылған  әлеуметтік шығындар. Нарықтық экономикада бәсекеге шыдай алмаған шаруашылық субъектілері жабылған кезде көптеген жұмысшылар жұмыссыз қалады. Мемлекет осы жағдайда оларға әлеуметтік жәрдем, сүйемелдеу жасайды. Мұның нақты көрінісі әлеуметтік қамқорлық, көмек көрсетуді жандандыру, табысқа салық мөлшерін белгілеудің ұйымдық-құқықтық негізін белгілеу және мемлекеттің әлеуметтік бағытыттағы шараларын орталықтандырып қайта бөлу мен қаржыландыруды іске асыру.
  • Экономикалық жүйе мақсаттылығы. Қоғам мақсатын анықтау, оның барлық жүйелерінің даму жолыдарын, бағыттарын белгілеу, іске  асырылуын талдау, таразылау, бағалау мемлекеттік реттеуді объективті қажет етеді.
  • Экономиканың дамуына, жұмыс жасауына жағдай жасайтын және ақпараттық ағымдар қозғалысын қамтамасыз ететін  өндірістік инфрақұрылымдардың кешенді дамытуы.

   Әкімшілік - әміршілдік басқару  экономикасынан нарықтық экономикаға  көшу еліміз экономикасын қайта  құруды талап етті. Нарықтық экономика  қоғамның әлеуметтік экономикалық  үрдістерін автоматты түрде шеше  алмайды. Нарықтық экономика адамзат тәжірибесі көрсеткендей, шаруашылықтың ең тиімді түрі болып табылыды. Нарық механизмі өзін-өзі реттегенімен, оның кейбір шеше алмайтын мәселелері бар. Мысалы: нарық түсімдердіің тиімді бөлінуін қамтамасыз ете алмайды, қоғамдық еңбекке  кепілдік бермейді, халықтың қорғансыз топтарын әлеуметтік қорғай алмайды, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерін бағыттай алмайды. Мұндай жағдайда бұл қызметті мемлекет қана атқара алады:

1.Құқықтық  негізді құрады.

2.Ұлттық  қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

3.Елдегі  тәртіпті қамтамасыз етеді. 

4.Экономиканың  тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 

5.Әлеуметтік  қамтамасыздандыруды жүзеге асырады.

6.Бәсекелестікті  қорғайды.

 

1.2. Қаржылық мемлекеттік реттеу объектілері, субъектілері 

       Қаржыны мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз - экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге автоматты түрде өздігінен шешілмейтін немесе болашақта шешімін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу, экономиканың қалыпты жұмыс жасауына, дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты  қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік экономиканың өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.

Қаржыны мемлекеттік реттеу объектілеріне жататындар:

1. Экономикалық  цикл.

2. Секторлық,  салалық және аймақтық экономиканың құрылымы.

3. Капиталдың  қорға айналуы.

4. Жұмыспен  қамту.

5. Ақша  айналымы.

6. Төлем  баланысы.

7. Баға.

8. Ғылыми-зерттеу  және тәжірибе конструкторлық  жұмыс.

9. Бәсекелестік  жағдай.

10. Әлеуметтік  қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру.

11. Мамндарды  даярлау және қайта даярлау.

12. Қоршаған  орта.

13. Сыртқы  экономикалық байланыстар.

Бұл айтылып  отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық және микроэкономикалық  қатынастарды қамтиды.

Экономикалық  цикл. Кез-келген экономика циклды дамиды және міндетті түрде тоқырау, дағдарыс, жандану, өрлеу кезеңдерінен өтеді. Дағдарыс, тоқырау кезінде кәсіпорын жабылып, халықтың тұрмыс жағдайы нашарлайды, жұмыссыздық өседі. Осыған байланысты мемлекет аитициклдық саясатты іске асырады және мемлекет жеке секторға қосымша қаржылық жеңілдіктер бере отырып, мемлекет шығындарын және инвестицияларын өсіріп тауарлар мен қызметтерге, күрделі қаржыға, жұмыспен қамтуға деген сұранысты ынталандырады, ұлғайтады. Ал жандану, өрлеу кезінде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті – сұраныстың, күрделі қаржылардың және өндірістің өсуін баяулату, тауарлардың артық өндірісін, капиталдың көптеп қорға айналуын және т.б. құбылыстарды болдыртпау, болашақтағы өндірістің құлдырауына, жұмыспен қамтудың нашарлауына жол бермеу.

Секторлық, салалық және аймақтық экономиканың құрылымы. Мемлекеттік реттеу халық шаруашылығының баланстандырылған салалық, аймақтық құрылымын құруға, қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Бұл бағыттағы реттеу экономикалық саясатты іске асыру сияқты мемлекеттік күрделі қаржы көмегі негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек дағдарысты, шығынды аймақтарға, салаларға беріледі. Мұндай жағдайларды іске асыру прогрессивті құрылымдық өзгерістерге, оның тиімділігімен, бәсекелестік деңгейінің артуына әкелуге тиіс. Сонымен қатар, сала ішіндегі, сала аралық өндіріс шоғырландыруларына бағытталған бәсеңдеті шаралары да іске асырылады.

Капиталдың  қорға айналуы. Нарықтық экономика кезінде әрбір шаруашылықтың экономикалық субъектілердің басты міндеті – пайда табу, оны игеру және капиталға айналдыру.  Сол себепті экономиканв мемлекеттік реттеу ең алдымен экономикалық субъектілердің тиімді, ұтымды, шаруашылық жүргізулеріне және оның қор жинауына жақсы жағдай жасауына бағытталады. Экономикалық субъектілердің өз пайдаларын тиімді, ұтымды өндіріс мақсатында пайдалануға жақсы жағдай жасай отырып, мемлекеттің басқару, реттеу органдары экономикалық циклге, секторлық, салалық, салааралық құрылымдар дауына ықпал ын жасайды. Бұл объектінің тиімді, ұтымда реттелінбеуі әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін.

Жұмыспен  қамту. Жұмыссыздықтың жоғары болуы жағымсыз құбылыс, себебі жұмыссыздар саны артады, тұтыну сұранысы, салық түсімі азаяды, әлеуметтік төлемдер шығыны артады және бұл жағдай зардапты әлеуметтік жағдайлардың дамуына әкеледі. Сондықтан мемлекет бұл жағдайды әр уақытта бақылауда ұстайды.

Ақша  айналымы. Бұл объектіні реттеудегі негізгі бағыт инфляцияны болдыртпау және инфляциямен күресу. Бұл объектінің реттелуі қалған объектілермен тікелей байланысты. Себебі инфляция зардаптары: түсімдер мен меншіктердің қайта бөлінуі, мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындардағы өнім, қызмет бағаларының нарықтық бағадан алшақ болуы, ақша ресурстарының заттарға айналу жылдамдығының артуы, экономикалық мәліметтердің тұрақсыздығы, т.б.

Төлем балансы. Бұл нақты өндірістік түсімдер мен төлемдер, яғни елдің экономикалық жағдайын көрсететін экономикалық көрсеткіш. Әлемнің бар елдерінде мемлекет бұл көрсеткішті тұрақты бақылауда ұстайды, оған шұғыл және стратегиялық реттеулер жүргізеді. Бұл реттеулер экспорт пен инпортқа, капитал қозғалысына, ұлттық валюта курсының төмендеуіне, сауда саясатына бағытталған ықпалдар жүйесі және халықаралық экономикалық интеграцияға қатынасы негіздерінде іске асырылады.

Информация о работе Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы