Қаржылық инвестиция есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:34, реферат

Описание работы

Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі
2. Инвестицияның бағалануы
3. Қаржылық инвестиция есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

қаржылық инвестиция есебі.doc

— 134.50 Кб (Скачать)
 

    Инвестицияның бухгалтерлік есебі  №27 ХҚЕС « Бірлескен  қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі», №28  ХҚЕС «Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау», № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.

      Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы Д, шығысқа шығаруы К инвестиция  1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі

    1110-«Қысқа  мерзімді ұсынылған қарыздар»,  онда ұйымдардың мерзімі бір  жылға дейін берген қарыздары  есепке алынады; 

    1120-«Саудаға  арналған қысқа мерзімді қаржы  активтері», онда бағалардың қысқа  мерзімді ауытқуларынан пайда  алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай, саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған ретінде қаралады;

    1130-«Өтеуге  дейін ұсталынатын қысқа мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген  қарыздар мен дебиторлық берешекті  қоспағанда, өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;

    1140-«Сату  үшін қолда бар қысқа мерзімді  қаржы инвестициялары»,

    онда  мынадай санаттарға кірмеген қысқа  мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:

    ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек;

    өтеуге  дейін ұсталатын инвестиция

    саудаға арналған қаржы активтері.

    1150-«Өзге  қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», онда алдыңғы

    топтарда  көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар

    есепке  алынады.

    2000-«Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

    Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан  тұрады:

    2010-«Ұзақ  мерзімді берілген қарыздар»,  онда ұйым бір жылдан асатын  мерзімге берген қарыздар есепке  алынады;

    2020-«Өтеуге  дейін ұсталатын ұзақ мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;

    2030-«Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:

    ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

    2040-«Өзге  ұзақ мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

      Міндеттемелер үшінші, төртінші  бөлімдерде 3380-«Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;

    3390-«Өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек есепке алынады.

      Кірістер мен табыс пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6140-«Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялырдан түскен кірістер», онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6400-«Үлестік  қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    6410-«Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

    6420-«Бірлескен  ұйымдардағы пайданың үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  бірлескен ұйымдардағы пайданың  үлесі ескеріледі.

      Есептелген шығындармен зияндар  7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

    7410-«Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар», онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;

    7600-«Үлестік  қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның шығын үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    7610-«Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес»,  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;

    7620-«Бірлескен  ұйымдардың шығын үлесі» онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі. Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестікқатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады. 
 
 
 
 

    Қорытынды 
 

    Жалпылай  алғанда, инвестиция дегеніміз  бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Инвестиция  дегеніміз  бүгінгі күні қолда  бар ақшаны, мүлікті және басқа  да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта  пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Инвестиция мыналарға бөлінеді:

    • үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;
  • борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік     сертификаттар және т.б.

    Инвестиция көздері:

    а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );

    ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);

    б) кредиттік ресурстар.

    Қаржылық  инвестиция – ол акция, облигация  және басқа да құнды қағаздар мен  банктегі депозиттерге салынған  салымдар.

    Олар  қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

    Қаржылық  инвестициялардың есебі  ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып  және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.

Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында  І және ІІ бөлімдерінде  1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 

    1. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.

    2. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы,             2002 ж.

    3. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

    4. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.

    5. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп  принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.

    6. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі