Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 18:38, реферат
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны, халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн айтуға болады.
Кіріспе .....................................................................................3
1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы..........4
2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні................6
3 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі................8
Қорытынды.............................................................................12
Қолданылған әдебиеттер........................................................13
Инфляцияның iшкi және сыртқы факторларын айыра бiлу қажет. Iшкi факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкессiздiгiнiң бұзылуы, экономиканың циклдiк дамуы, өндiрiстiң монополизациялануы, инвестициялардың теңгерiмсiздiгi, әлеуметтiк-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттiк қаржының дағдырысы бюджет тапшылығы, мемлекеттiк борыштың өсуi, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесiнiң кеңеюi, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесiнде кредит құралдарының өсуi және басқалары жатады.
Ал дүниежiзiлiк құрылымдық дағдарыстар (шикiзат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттiк валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтiп, көпфакторлы процесс ретiндегi инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндiрiс дамуындағы алшақтықтың көрiнiсi.
Бiрiншi жағдайда қағаз ақшамен берiлетiн алтынның нарықтық құны артады. Екiншi жағдайда тауарлардың бағасы өседi. Үшiншi жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейдi.
Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
2. Таралу орнына қарай:
3. Бағаның өсу қарқынына байланысты:
3 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі
Экономиканың екі категориясы
болып табылатын қаржы мен
инфляция бір-бірімен өзара байланысты.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен
байланыстырып отыру қажет, өйткені
инфляция құбылысы мынадай қаржылық
факторларға тәуелді болып
Нарықтық экономика кезінде
қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер
етеді инфляциялық
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінін басты себебі болып табылады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгертуге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштын өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір кездері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тартау үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Ү
Й
Л
Е
С
І
М
С
І
З
Д
І
К
Сурет 1 – Қаржы мен инфляцияның өзара үйлесімі
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай тбыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияға деген экономикалық ынтаның төмендеуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы.
Қаржы инфляцияның өзара
байланысын инфляцияның екі типі
бойынша бақылап отыруға
Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:
Шығын ( ұсыныс ) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
Нақты экономикалық өмірде
инфляцияның бұл түрлері және
оларға ілеспелі салдарлар тығыз
тоқайласады, өзін өзара толықтырады,
бұл өз кезегінде инфляциялық
шиыршық дегенді тудырады. Бұл
кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері
баға мен еңбекке ақы төлеудің
өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі
шығарылатын өнім құнының артуына
соқтырады, мұндай өнімді тұтыну жалақының
және экономиканың шектес секторларында
материалдық шығындардың
Нарықтық экономика механизмі
– бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Инфляция қоғамның экономикалық
және әлеуметтiк дамуына
Инфляция бұл рынокта
бағалардың өсуiнен, тауарлар тапшылығының
орын алуынан және тауарлар және қызметтер
сапасының төмендеуiнен
Сондай-ақ нарықтық экономикаға
өту барысында қаржы
қалыптастырудың көздері мен оларды дамыту мәселесі алдынғы орында тұрады.
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына келесi факторлар себепшi болады: ақша айналысының факторлары және ақшалай емес факторлар. Бұл екi фактор экономиканың құрылымына және қызмет етуiне байланысты үлес салмақтары да әр түрлi болып отырады. Сондай-ақ инфляцияның пайда болу факторларына байланысты оның екi басты түрi болатындығын көрдiк. Оларға: сұраныс инфляциясы және ұсыныс (шығын) инфляциясы жатады.
Қолданылған әдебиеттер
Информация о работе Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі