Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 18:38, реферат
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң банктiк жүйесi құрылып және қаржы секторы өз алдына қызмет ете бастады. Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң экономикалық ынтасы, экономикалық активтi халықтың саны, халықтың әлеуметтiк жағдайы елдегi макроэкономикалық көрсеткiш және экономикалық негативтi құбылыс болып табылатын инфляция деңгейiне тiкелей байланысты болады. Басқаша айтсақ ұлттық экономиканың жалпы көрiнiсiн, оның даму жағдайын инфляция деңгейiнiң қарқынымен оның қаншалықты тиiмдiлiгiн айтуға болады.
Кіріспе .....................................................................................3
1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы..........4
2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні................6
3 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі................8
Қорытынды.............................................................................12
Қолданылған әдебиеттер........................................................13
Жоспар
Кіріспе ..............................
1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы..........4
2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні................6
3 Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі................8
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз
егемендiгiн алғаннан кейiн өзiнiң
банктiк жүйесi құрылып және қаржы
секторы өз алдына қызмет ете бастады.
Елiмiздегi экономикалық өсудiң тұрақтылығы,
инвестицияның көптеп тартылуы, кәсiпкерлердiң
экономикалық ынтасы, экономикалық активтi
халықтың саны, халықтың әлеуметтiк
жағдайы елдегi макроэкономикалық
көрсеткiш және экономикалық негативтi
құбылыс болып табылатын
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Инфляция экономикалық құбылыс ретiндегi анықтамасын келесiдей беруге болады: инфляция - тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Осындай экономика дамуы
үшiн жағымсыз ортаны қалыптастыратын
инфляцияны шешудiң бiрден-бiр жолы
оның қарқынының өсуiнiң себептерiн
айқындау арқылы алдын алу болып
табылады. Ал ол үшiн ең алдымен инфляция
теориясын, оның пайда болуына әсер
ететiн факторларды, инфляцияның
түрлерiн және оның ерекшелiктерiн
сондай-ақ әр формадағы инфляцияның
қоғамға, әлеуметтiк-экономикалық салаға
тигiзер әсерлерiнiң деңгейiн
1 Қаржының экономикадағы маңызы мен құрылымы
“Қаржы” бұл қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң financia сөзiнен пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк ролiмен айшықталады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда, қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары бұл:
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары.
Экономикалық категория
ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгещелiгi олардың
көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты
ақша қорларының қозғалысында көрiнуi
оның маңызды ерекше белгiсi болып
табылады. Ақша қорлары, iстiң шын
мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi
болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық
өндiрiс қатысушыларының
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi. Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән белгiлердi иемдене алмайды.
Экономикада қаржы ресурстары
болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең
Жалпы қаржының экономиканың
тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның экномиканың
барлық салаларында атқаратын негiзгi
қызметтерiнен анық көруге болады. Қаржыға
қатысты қызмет осы экономикалық
категорияға тән қызметтер
Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң екiншi стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн көрсетедi деп атайды. Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржы басты екi қызмет орындайды: бөлу және бақылау.
Қаржының бөлу қызметi қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның аса маңызды бөлiгi – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланылады дегендi көздейдi.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау қызметi аталған екi тұжырымдамағада сәйкес келедi. Бұл қызмет жалпы iшкi өнiмдi тиiстi қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрiнедi. Қаржының бақылау қызметiнiң экономикалық мағынасы кәсiпорынның шаруашылық қаржы қызметiне теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бiрге кәсiпорындарда өндiрiс рентабелдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға, өндiрiстiук емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Екiншi ұдайы өндiрiстiк
тұжырымдаманы жақтаушылар
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке
элементтердің орны мен рөлі бірдей
емес. Бастапқы элемент жүйесінің
басқа элементтерінің арасында алдынғы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері
мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады.
Қаржы жүйесінде мұндай элемент
болып бірінші кезекте
2 Инфляцияның табиғаты мен экономикалық мәні
Экономикалық құбылыс
ретiнде инфляция көптен берi өмiр
сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның
шығуымен бiрге пайда болды әрi
ақшаның қызметiмен тығыз
Инфляция терминi ( латынның. Inflatio сөзiнен шыққан, аудармасы – “қабыну”, “iсiну”) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенiнде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары қағаз долларының қисапсыз шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляия ұғымы бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн кеңiнен таралды, ал бұрынғы кеңестiк экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляция бұл бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығының және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi.
Инфляцияның дәстүрлi ең көп тараған жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттiгiмен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен толып кетуi, олардың құнсыздануы және соның нәтижесi ретiнде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуi; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуi. Инфляция кезiнде қоғамдық өндiрiс процесiнiң алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясыдағы көрiнiсi. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден, бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледi:
M = P * Y / V (1)
Инфляция - өз кезегiнде ақша жүйесiнiң және ақша айналысының дағдарысты жай-күйiн көрсетедi. Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепшi болады:
Ұзақ уақыт бойы ифляцияны
монетарлық құбылыс деп санап
отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен
тауар бағаларының өсуi тұрғысында
түсiндiрiлiп келдi. Әлi де бiрқатар шетелдiк
авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейiнiң артуы
Инфляцияның көрiну нысандары келесiдей:
Бүгiндегi инфляция бағаның
өсуi нәтижесiндегi ақшаның сатып
алу қабiлетiнiң құлдырауымен ғана
емес, сонымен бiрге елдiң
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.
Қазiргi кездегi экономикалық
қатынастардың күрделенген
Информация о работе Қаржы және инфляция, олардың өзара үйлесімі