Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:01, реферат

Описание работы

Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылыды.
Біріншіден қаржы жүйесі мәні мен табиғатына қарай 3-ке бөлінеді:
1. қаржылық қатынастарының жиынтығы;
2. қаржылық қорларының жиынтығы;
3. қаржылық басқару аппараты.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
а)Қаржы жүйесінің ұғымы мен құрылымы
ә)Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Жоспар.doc

— 562.50 Кб (Скачать)

           2)ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері:  арнаулы мақсатты салалар, қарыздар; бюджеттен берілетін субсидиялар; қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары; ерікті жарналар мен  қайырымдылықтар.

Бюджеттен тыс  қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару  деңгейіне байланысты  мемлекеттік  және аймақтық болып бөлінеді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры — белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңы тұлға; құрылтайшысы үкімет болып табылатын жабық акционерлік қоғам нысанында құрылады.

1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы Зейнетақы қорының - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және пайдалану тәртібі өзгерді.

Инновациялық  қор – иннрвациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыланлыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңи тұлға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры дегеніміз – Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері.

Инвестициялық қор – компаниялардың құнды қағаздарды сатып алуға жұмсайтын қаржысы. Инвестициялық қор ашық және жабық нысанда болады. Ашық инвестициялық қорда компания жаңа акцияларды ұдайы сатады да, ескілерін сатып алады, одан түскен табыстарын басқа компаниялардың құнды қағаздарына сатып алуға жұмсайды. Жабық инвестициялық қорда компания дәл белгіленген мөлшерде капиталданады, тек ескі акциялардың негізінде ғана жұмыс істейді. Инвестициялық қордың жұмысына мемлекет лицензия береді.

  2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржылардың негізін құрайды. Бұл сфераның материалдық өндірісінде нақты өнім - қоғамның қаржы ресурстарының негізі көзі жасалатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.

  Материалдық өндіріс сферасының барлық шаруашылық жргізуші субъектілерінің және рыноктық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық қызмет негізінде жүзеге асыратын қызметтер сферасының бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп- шаруашылық жүргізу әдісі, жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.

      Өндірістік сфера қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі.  Бұл қаржы өндірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне белсенді ықпалын тигізеді.

     Қызметтер көрсету сферасының қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс -әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады: бюджеттік қаражаттар; мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар; жаппай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түсетін түсім –ақша; түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін түсетін қаражаттық түсімдер; мүлікті жалға беруден түсетін түсім – ақша; халықтың қаражаттары; кадрларды дайындаудан түскен табыс және басқалары.

  Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байданысымен айқындалады.

    Өндірістік емес сферасының қаржыларына мыналар жатады: қоғамдық соның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржысы; саяси  және қоғамдық қозғалыстардың қаржысы, арнаулы мақсатты қорлардың қаржысы; қайырымдылық қорлардың қаржысы.

   Коммерциялық  емес мекемелердің қаржылық – шаруашылық қызметі қаржы ресурстарын пайдаланудың үш әдісін үйлестіреді: өзін -өзі өтеушілік, бюджеттік қаржыландыру, шаруашылықты жүргізудің шаруашылық есеп әдісі.Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақшалай қорлардың қозғалысын орталықтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.

    Бюджеттік қаржыландыру –меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақшалай қаражаттар беру.Мұндай тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржыландырылады.

   Шаруашылық жүргізудің шаруашылық – коммерциялық есебі шығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады.Бұл ұйымдардың қызметтері ақыға көрсетіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, ойын –сауық орындары жатады.

   Шығындардың өзін - өзі өтеу әдісі арқылы қызмет негізінде шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады.Бұл әдіс мәдени –ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында ақылы қызметтер көрсететін ұйымдарда қолданылады.(кәсіби машық, шет тілдері курстары және т.б.)

   

 

    3.Халықтың (үй шаруашылығының ) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Сан алуан қатынастар халыққа еңбекақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай қаражаттардың аударымымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемелекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді.Сонымен бірге азаматтардың жеке- дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорын мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б) тұтыну тауарлары мен қызметтерді қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас болып келеді. Халық қаржысының өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөліктерінің – қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешелігінде болады.

   Жеке  меншіктің және мемлекеттің кәсіпорындардың қаржысы сферасының бастапқы табыстары, сондай –ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын ескеру қажет.

  

      Қаржылық қатынастар сферасының  ішінде буындар бөлінеді, мақсатты  ақшалай қорлардың құрамы мен  арналымына белгілі бір әсер  ететін субъект сипатының құрамына қарай жүргізіледі және оларды кәсіпорын қаржы сферасында : коммерциялық ұйымдардың және коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп бөлуге болады.

   Коммерциялық емес ұйымдардың  қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақшалай қорлардың қозғалысын орталықтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.

  Коммерциялық ұйымдардың қаржысы  деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Қаржы жүйесінің  әр буыны өз кезегінде буыншаларға  бөлінеді. Қаржылық қатынастардың мемлекеттік  бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит жалпымемлекеттік , яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі эконмика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

  Қаржы жүйесінің  функиялық құрылысы мынадай негізгі  қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:

- Қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» тән қасиет.

- Тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

    Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

Қаржы жүйесін  ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған  басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берген.

Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақшалай қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді.Жоғарғы органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналыстырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды,оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік секторда қаржылық дербестік неғұрлым толық  көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің  қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржылық ресурстарды еркін иемденеді.

Ұлттық  және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірледі дамытудың әлеуметтік жағынана қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.Қаржы жүйесін құрудағы көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі.Әрбір облыста,ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар.Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады.Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстардың басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылыө көмек көрсету үшін қаражаттарды өнірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды эленменттерінің функциялық аранлым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешңп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді.  Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің  және үкіметтің басқаруына беріледі.

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы  органдар ( министрліңтер, ведомствалар, бірлестіктер) деңгейінде де, төменгі (фирмаларда, компанияларда) деңгейінде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын  байланыстырады. Бұдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда акционерлік, аралас т.б ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. «Қаржы негіздері» С.Құлпыбаев, В.Д. Мельников

 

2. Уикипедия

      3. «Қаржы» Блеутаева Г. Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

                                               Экономика және бизнес жоғарғы  мектебі

                                                                                     Қаржы кафедрасы

 

 

Реферат

 

 

 

 

Тақырыбы: Қаржы жүйесі

Информация о работе Қаржы жүйесі