Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 07:01, реферат
Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылыды.
Біріншіден қаржы жүйесі мәні мен табиғатына қарай 3-ке бөлінеді:
1. қаржылық қатынастарының жиынтығы;
2. қаржылық қорларының жиынтығы;
3. қаржылық басқару аппараты.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
а)Қаржы жүйесінің ұғымы мен құрылымы
ә)Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
а)Қаржы жүйесінің ұғымы мен құрылымы
ә)Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылыды.
Өзінің тарихи дамуында
қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті.
Қаржылық қатынастардың пайда болуы
кезінде қаржы жүйесі, жалпыға
мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен
– мемлекеттік бюджетпен
Қаржы жүйесі дегеніміз – ерекше экономикалық қатынастардың негізінде құрылған ақшалай қорларды қалыптастыру мен жұмсалуын ұйымдастырушы органдардың жиынтығы.
Қаржы жүйесіне кіретіндер: 1) Мемлекеттік қаржы (мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру, зейнетақы жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру, министрлік және валюталық қорлар); 2) Шаруашылық жүйесінің қаржылары (мемлекеттік және мемлекеттік емес компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, бірлестіктер); 3) Кәсіпорын қаржылары; 4) Тұрғындардың қаржылары (банктерде сақталған салымдар, зейнетақы қордағы қаржылар);
Қаржы жүйесінің субъектілері: 1) мемлекет және оның институттары; 2) компаниялар, кәсіпорындар; 3) Үй шарушалығы.
Қаржы жүйесі әртүрлі белгілі сипаттамалары бойынша жіктеледі. Бұл жіктемелер арқылы жүйенің құрылымы мен мазмұнын көре аламыз.
Біріншіден қаржы жүйесі мәні мен табиғатына қарай 3-ке бөлінеді:
Қаржылық қатынастарды жиынтығы дегеніміз – ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастар. Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде – ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады.
Қаржылық қатынастарға мыналарды жатқызамыз:
Қаржылық қатынастар
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болаты
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.
Салық – мемлекет
бір жақты тәртіппен заң
Салықтар –
мемлекеттің тұрақты қаржы
Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:
- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
- Салық – ақшалай нысанда төленеді;
- Салық –
қайтарылмайтын төлем болып
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Бюджет – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын "кіріс" жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы "шығыс" болады.
Ақшалай қорлар дегеніміз – белгілі бір мақсатқа арнайы бөлінген қаржылық ресурстардың бөлігі. Ақша қорлары мемлекет пен кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының бөлігі болып табылады.
Қаржылық басқару – бұл кездесетін нәтижеге жету үшін басқарылатын объектіге қойылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Қаржылық басқарудың элементтеріне: ақпарат, қаржылық жоспарлау, қаржылық ұйымдастыру, қаржылық реттеу, қаржылық жоспарлардың орындалуын бақылау жатады.
Екіншіден қаржы жүйесі функционалдық сипаты бойынша базалық қосалқы жүйе мен қамтамасыз етуші қосалқы жүйеге бөлінеді. Базалық қосалқы жүйе өз кезегінде салықтық, бюджеттік және сыртқы экономикалық қатынастардан тұрады, ал қамтамасыз етуші қосалқы жүйе қаржыны жоспарлау, нормативтік заңнамалық қаматамсыз ету, қаржылық бақылау, қаржыны автоматтандырылған басқару және кадрлық қамтамасыз ету жатады
Қаржы жүйесі |
Қосалқы жүйелер |
салықтық |
бюджеттік |
Сыртқы экономи- қалық қатынастар |
Қаржы жоспары, есеп беру, статистика |
Нормативтік-заң- Намалық |
Қаржылық бақылау |
Қаржыны бас-қарудың авто-маттандырылған жүйесі |
Кадрлармен қам-тамсыз ету |
Базалық қосалқы жүйе |
Қамтамасыз етуші қосалқы жүйе |
Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың механизмдерінің бірі. Оған тән құндылықтар: бюджетті бөлу, бақылау құралы ретінде пайдалану.
Сыртқы экономикалық
қатынастар деп мемлекеттің,
Қаржылық бақылау дегеніміз – ақша қаражаттарының қандай бағытта, қандай мақсатта, қандай мөлшерде жұмсалып жатқаны қадағалануы.
Қаржыны автоматтандырылған басқару – қаржыны жалпы басқарудың бір түрі. Олар қаржыны басқаруға ендіру және үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр.
Нормативтік заңнамалықпен қамтамасыз ету- қоғамның тиісті дамуы кезіңдегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау,бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Кадрлық қамтамасыз ету - кәсіпорын не ұйымның қызметтік өрлеуі үшін, уақытша не тұрақты қызметкерлерді іздеуге, бағалауға, жұмыс күші қатынастарын алдын ала қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет кешені.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы
Қаржы жүйесін
сыныптаудың функциялық
1.Жалпымемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар.Ол орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекттік бюджетке, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік –мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақшалай қатынастармен көрінетін экономикалық категория, қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын құрудың эконмикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет Республикалық және жергілікті бюджеттерден кіріктіреді.
Республикалық бюджет – бюджет жүйесінің дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және несиелік даму саласындағы шаралардың қаржыландырылуын қажет қаражатпен қамтамасыз етеді. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың ең аз нормативтер бойынша шығындарды өтеуге өз кірістері жеткіліксіз болған жағдайда олардың әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету мақсатымен қаржы ресурстарының бір бөлігі демеуқаржы түрінде республикалық бюджет арқылы олардың арасында қайта бөлінеді.
Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары. Жергілікті бюджет жыл сайын оған жергілікті салықтан түсетін түсімдер, одан төленетін шығындар, мемлекеттік бюджеттен берілетін субсидия, т.б. ескеріле отырып жасалады.
Жергілікті бюджетке облыстардың бюджеттері және қалалық, аудандық бюджеттер кіреді.
Мемлекеттік кредит- мемлекттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттік кредит қаржы жүйесіне кіріктіріледі.Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталғандықтан бұл қосалқы буынды қаржы жүйесінде де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы
жүйесіне сақтандыруды да жиі
жатқызады, бірақ көптеген
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш – бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай –ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелег пайыздарды қоса).Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
А) Ішкі мемлекеттік борыш –Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекетттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.
Б) Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.Сондай –ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
1)күрделі мемлекеттік борыш – мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын айтады.