Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................6
1.1 Қаржының пайда болу тарихы.........................................................................6
1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні..................................................10
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі...............................................................12
2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ........................18
2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы.......................................................................18
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде...26
2.3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі........30
3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................33
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................40
Атауы |
Жоспар |
РБ-дан бөлінді |
ЖАО төлеген міндеттемелер |
Атқармау сомасы |
Жиыны: |
13,8 |
13,8 |
6,6 |
-7,2 |
Оның ішінде: |
||||
Оңтүстік Қазақстан облысы |
2,1 |
2,1 |
1,1 |
-1 |
Алматы қаласы |
1,2 |
1,2 |
0,2 |
-1 |
Жамбыл облысы |
0,9 |
0,9 |
0,1 |
-0,8 |
Шығыс Қазақстан облысы |
1,2 |
1,2 |
0,5 |
-0,7 |
Қарағанды облысы |
1,2 |
1,2 |
0,6 |
-0,6 |
Ақмола облысы |
0,6 |
0,6 |
0,1 |
-0,5 |
Павлодар облысы |
0,7 |
0,7 |
0,2 |
-0,5 |
Қостанай облысы |
0,8 |
0,8 |
0,3 |
-0,5 |
Батыс қазақстан облысы |
0,5 |
0,5 |
0,1 |
-0,4 |
Қызылорда облысы |
0,6 |
0,6 |
0,3 |
-0,3 |
Астана қаласы |
0,6 |
0,6 |
0,3 |
-0,3 |
Маңғыстау облысы |
0,4 |
0,4 |
0,1 |
-0,3 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
0,6 |
0,6 |
0,3 |
-0,3 |
Алматы облысы |
1,5 |
1,5 |
1,5 |
0 |
Ақтөбе облысы |
0,6 |
0,6 |
0,6 |
0 |
Атырау облысы |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0 |
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы - 527,3 млрд. теңгені, республикалық бюджет бойынша - 554,8 млрд.теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызы деңгейінде қалыптасты, бұл жоспардан 248,8 млрд.теңгеге аз.
Үкіметтің қарыз алуы бюджеттік
бағдарламаларды уақытылы қаржыландыру
мақсатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік
бағалы қағаздарды шығару жолымен ішкі
қарыз алударды жүзеге асыра отырып,
Қаржы министрлігі, халықаралық
тәжірибе талап еткендей, бюджет тапшылығын
қаржыландырумен қатар, қарыз құралдары
нарығын қолдау міндеттерін шешеді.
Сыртқы қарыз алу саласында
Есепті жылдың қорытындысы
бойынша үкіметтік қарыз
2011 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша үкіметтік
Қорытындылай келе 2010 жылы
жүргізілген бақылау-тексеру
Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті өткен жылы 7 284 бақылау объектілерін қамтыды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 15 пайызға аз.
2.2 Жалпы мемлекеттік
қаржылар-қаржы жүйесінің
Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі.
Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарына қатысушылар) нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:
мемлекет қаржысы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
халық қаржысы (үй шаруашылығы).
Енді осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.
Экономикалық мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық
табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда маңызды рөл
атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік
бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік
басқару аппараттары мен
Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:
- мемлекеттік бюджет;
- бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік несие.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған елдің орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.
Бюджет Қазақстанның ғалами
жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне
толық кіруіне, қазіргі таңдағы
өтпелі кезеңді жеңіп шығуына
мүмкіндік туғызуы керек. Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне
сәйкес, бюджет мемлекетттің және жергілікті
өзін-өзі басқарудың қызметтері мен
міндеттерін қаржылармен
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз – мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы.
Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді. Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.
Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
Экономикалық қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады.
Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемелекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.
Оның негізгі қалыптасу көздері мыналар:
- арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар
- бюджеттен берілетін субсидиялар
- қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары
- заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары [5.346-б]
Бюджеттен тыс қорларға түсетін
қаражаттар шығындалуының бағыты қорлардың
тағайындалуымен, нақты экономикалық
жағдайлармен және өткізілетін бағдарламалардың
мазмұнымен түсіндіріледі. Қаражаттың
бір бөлігі құрылтайшылық қызметке
жұмсалады, сондай-ақ бағалы қағаздарға
салынады. Бюджеттен тыс қорлар ақша
қаражаттардың қолданылуы көбіне олардың
қалыптасу уақытымен сәйкес келмейтіндіктен,
инвестициядан түскен кіріс тиісті
қордың шығынын қаржыландырудың
қосымша көздері болып
1990 жылдардан бастап Қазақстанда
әр түрлі мемлекеттік
Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамтамасыз ету қоры, жол қоры, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады. Сонымен бюджеттен тыс қорлар Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті құзыретті органдардың бюджет қармағына жатпайтын ақша қорлары нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттар.
Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығындарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын несие қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен анықталады. Мемлекеттік несие мынандай түрлерге жіктеледі: ішкі, сыртқы (халықаралық) және шартты.
Ішкі несиеде үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында жан-жақты мемлекеттік-несиелік қатынастар туындайды займ алушы ретінде және несие беруші ретінде.
Халықаралық несиеде бір жағынан үкімет, жергілікті билік органдары, екінші жағынан шетел үкіметі, банктері, компаниялары және де халықаралық қаржы банк ұйымдары қатынасады.
Несие беруші жақ мемлекет – донор, ал несие алушы жақ мемлекет – реципиент деп аталады.
Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.
Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін өтеуге бағытталады. Бұл мемлекеттік займ облигацияларын шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы да болуы мүмкін.
Мемлекеттік несиенің тағы бір қызметі – реттеушілік. Бірінші кезекте мемлекет ақша ағымдарын реттейді, осылайша мемлекет нарықтағы бәсекеге түсіп, жеке меншік инвесторларды ығыстырады. Бұл белгілі бір бизнес түріне инвестициялау жүргізуді шектейді. Бір уақытта мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу нәтижесінде ақша азаяды. Бұл ақша эмиссиясының салдарын жою кезінде тиімді.
Мемлекеттік несиені мыналар үшін пайдаланады:
- бюджет тапшылығын қаржыландыру;
- ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға күрделі қаржы салымдарын қаржыландыру;
- жергілікті билік органдарының шаруашылықтарын қаржыландыру;
- елдің ақша айналымын реттеу. [8. 370-б]
Мемлекет қаржыларының функциялары экономикалық категория болып келеді, бұл бөлу мен бақылау функциялары.
Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысы мына төмендегідей функцияларды орындайды: