Қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:20, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................6

1.1 Қаржының пайда болу тарихы.........................................................................6
1.2 Қаржы жүйесі: ұғымы, экономикалық мәні..................................................10
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі...............................................................12

2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ........................18

2.1 ҚР қаржы жүйесінің құрлымы.......................................................................18
2.2 Жалпы мемлекеттік қаржылар-қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде...26
2.3 ҚР қаржы жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субьектілердің рөлі........30

3 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................33

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................40

Работа содержит 1 файл

Қаржы курстық жұмыс.docx

— 108.98 Кб (Скачать)

- әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық аударымдар (34%);

- корпоративті табыс салығы (10%);

- акциздік жиналымдар (4%);

- мұрагерлікке және сыйға салынатын салық;

- кеден баждары;

- тұтыну тауарларының көтермелік сатудан салығы;

- жылжитын және жылжымайтын мүлікке салық.

 

Соңғы үш салық түрлерінің сомасы 2010 жылғы  федеральды бюджеттің 4% құрайды.

Тура  салықтар американдық  салық жүйесінде маңызды орынға ие, яғни олар: өзіндік табысқа салық (жеке табыс салығы), әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына мақсатты аударымдар, корпоративті табыс салығы.

 

АҚШ-та жеке табысқа салық  салудың келесі қасиеттері танылады:

- салық салудың прогресивті мәні;

- салықтық аударымдардың дискреттығы - әрбір үлкен ставка тек қана анықталған соманың нақты бөлігіне пайдаланылады;

- салық салу ставкасының заңдылық тәртібіндегі үздіксіз өзгерістер;

- салық салудың әмбебаптығы – табыстың теңдік сомасында әдетте бірдей салықтық ставкалар болады;

- мақсатты жеңілдіктер мөлшерінің көптігі;

- әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық жиналымдардың ерекшеленуі;

- салық салуға түспейтін жеке табыстардың белгіленген минималды деңгейі.

 

Федеральды  салық салу жүйесіндегі өзінің көлемі жағынан  екінші орындағы - әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына жарналар – бірнеше  компоненттерден тұрады. Оған кіретіндер: әлеуметтік сақтандыру үшін салық; медициналық  қызмет көрсетуді қамтамасыз ету  үшін салық; жұмыссыздыққа жеке салық  ретінде федеральды жәрдемақы қорындағы  төлемдер.

 

 

Жергілікті  салықтар үш негізгі топтарға бөлінеді:

 

Бірінші топ – жергілікті ооргандардың тура және жанама салықтары. Тура салықтарға: мүліктік және кәсіптік салықтар, мұрагерлікке және сыйға  салынатын салықтар жатады, жанама салықтарға – сату үшін, жанармайға, темекі және ішімдік заттарына салынатын  салықтар.

 

Жергілікті  салықтардың  екінші тобы жалпы мемлекеттік  салықтарға қосымшалар ретінде қарастырылады. Бұндай салықтарға жеке табыс және корпоративті табыс салықтары жатады.

Жергілікті  салықтардың  үшінші тобы – көлік  құралдарына, иттерді ұстауға, қонақүйлерге, коммуналды жиналымдарға және басқаларға салынатын  салықтар. Көлікке салынатын  салық  ставкасы көлік түріне байланысты болады. Негізінен, бұл салық түрінің  мемлекеттік және жергілікті бюджеттер  үшін аса үлкен маңызы жоқ.

 

Жергілікті  салықтар:

мүліктік;

сатудан және айналымнан жалпы  салық;

жеке табыс салығы;

сатуға жалпы салық;

корпоративті;

мұрагерлікке және сыйға  салынатын салық.

 

       АҚШ-тың  салықтарының құрылымы берілген.

 

  АҚШ-тың  салықтық қызметі келесі түрде қалыптасқан. Салықтық жүйенің басты институционалды  бірлігі федеральды ұйым – ішкі табыстар қызметтілігі болып табылады, оның ішінде орталық аппарат, 7 аймақтық және 62 аудандық салықтық басқармалар біріктірілген. Әрбір штатта өзінің салықтық қызметі бар. Ол әдетте табыстар департаменті деп аталады. Үш штатта салықтық қызметтің басшысын сайлау арқылы таңдайды, ал кейбір штаттарда салықтық қызметті комиссия басқарады.   

Шет елдердің қаржылық жүйесінде  арнайы қорлар маңызды орын алады. Ұлыбританияда арнайы қорлардың мөлшері мемлекеттік бюджет мөлшеріне шамалас, ал Жапонияда мемлекеттік шығындардың жартысынан көп бөлігі арнайы қорлардан қаржыландырылады.

 

Жапонияның бюджеттік  және қаржылық жүйесінің екінші тізбегі жергілікті басқару органдарының (префектуралардың) бюджеті болып табылады. Жапонияда 47 префектура, ол 3045 қала, ауыл және аудандарды қосады және оның әрқайсысы өз бюджетіне ие.

Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлімі салықтық және салықтық емес кірістерден құрылады. Жапонияда  жергілікті салық бюджетте үлкен  орынға ие емес, ол кірістік бөлімнің жартысына да жетпейді (40%). Бұл мемлекеттің бюджеттік жүйесінің әдістемелік ерекшелігі. Жалпы мемлекеттік салықтардан есептелетін сома кірістік бөлімнің 17%-на тең. Префектуралардың салықтық емес тараулардың ең мағыналысы мемлекеттің қоғамдық шараларды өткізуге арналған дотациялар (13%) болып табылады. Басқа да салықтық емес кірістер жергілікті бюджеттің 30%-на тең.

Жапонияның жергілікті басқару  органдарының қаражаттары есебінен өндірістік инфрақұрылымның, стихиялы апаттардың нәтижесінен туындаған  дәйектерін жою жұмыстары қаржыландырылады. Сонымен бірге жергілікті бюджет арқылы жұмыс күшіне кететін, көптеген жәрдем, зейнетақы сияқты шығындар жабылады. Бюджеттік қаражаттардың  едәуір бөлігі жергілікті басқару органдарына  соның ішінде полиция, сот және прокуратура жұмыстарына жұмсалады.

Жапониядағы жергілікті бюджет дефицитсіз қосылады. Жылдың жалпы  балансынан басқа, нақты баланс есептеледі, ол баланс жалпы баланстан алдыңғы  жылдың қалдық сомасын шегергенге тең  болады. Жергілікті басқару органдарының ЖІӨ шығындарының салыстырмалы сомасы орталық басқарманың ЖІӨ шығындарының салыстырмалы сомасымен теңестірілген  кезде біріншісі едәуір молырақ бөлігіне ие болып табылады.

 

Ұлыбританияның  қаржы жүйесі 4 звенодан тұрады: мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, арнайы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы. Ұлыбритания – унитарлы мемлекет және оның бюджет жүйесі екі деңгейге ие.

 

Елдің мемлекеттік бюджеті  екі бөлімнен тұрады:

 

-Ағымдағы түсімдер мен олардың шығыстарынан тұратын консолидацияланған қор;

-Капитал қозғалысымен байланысты мемлекеттің кірістері мен шығыстарынан тұратын ұлттық қарыз қоры.

Шығыстардың негізгі бөлігі консолидацияланған қорлар (98%) есебінен қаржыландырылады. Консолидацияланған қорлар салық түсімдерінен (95%) қалыптасады. Салықтық емес түсімдерге мемлекеттік  меншікті сатудан түскен кірістер және әкімшілік алымдар және басқалары жатады.

Ұлыбританияда бюджеттік процесс бюджет жобасын құрудан басталады. Бұл процеске қазынаға өтініш беретін министрліктер мен ведомстволар қатысады. Берілетін өтініштерге негізделе отырып, бюджет жобасы құрылып, кейін ол министрлер кабинетінен қарастырылуға және келісімін алуға жіберіледі. Жобаның әрі қарай қарастыруға парламенттің төменгі палатасына жіберіледі, жоба жоғары палатамен бекітіледі. Бюджет жобасы оны Англия королевасы қол қойғаннан кейін өз күшіне енеді.

Ұлыбританияда бюджеттік  жыл 1 сәуірде басталып, 31 наурызда аяқталады. Бюджеттің кассалық орындалуын Англия банкі жүргізеді. Бюджеттің орындалуын бақылауға қазына және оның құрылымдық бөлімшелері жауапты.

Ұлыбританиядағы бюджетаралық теңдестіру жүйесі елдің барлық құрамы бөліктерінде әртүрлі, әрі күрделі. Сонымен бірге қаржылық көмек барлық мемлекетке ортақ принципке негізделген. Қаржылық көмектің негізгі екі типі бар: блок-гранттар және арнайы мақсатқа грант. Бюджет кірісін ұлғайтуға арналған гранттар (блок-грант) жыл сайын бөлінеді. Орталық үкімет қаржылық көмек сомасын анықтамас бұрын жоспарлы жылға жергілікті билік органдар үшін орталық бюджет жобасына және макроэкономикалық болжамға сәйкес шығыс нормативтерін бекітеді. Кейін қаржылық көмек көлемі бюджеттің мунуципалды қолдануына жұмсалған сома шығысы мен жергілікті бюджет кірісінің айырмасы ретінде анықталады. Егер орталық үкімет жергілікті бюджеттің қандай да бір нақты бабын қаржыландыру қажет деп шешсе, онда қаражат грант ретінде, яғни олар белгілі бір мақсатқа жұмсалуы керек.

Ұлыбритания үкіметі жергілікті бюджет шығыстарын бақылайды. Бұрын  бұл мақсатта әртүрлі механизмдер  қолданды: орталық бюджеттен қаржылық көмек көлемін қысқарту, қосымша  шығыстарды қаржыландыруға орталық  грант беруден бас тарту.алайда олар тиімсіз болып шықты. 1986 ж. орталық  үкімет құжаттарында тіркелген деңгейден  шығыстарды көп жергілікті бюджеттің  салық базасын азайту сияқты механизмін іске қосты. Бұл әдіс 4 жыл бойы қолданылды.

Заң бойынша жергілікті билік  органдары ағымдағы шығыстарды жабу үшін қарыз қаражаттарын тартуға  құқығы жоқ, ал капиталды қажеттіліктері үшін олар коммерциялық банктерден немесе қарызға алу бойынша мемлекеттік  комитет арқылы несие ала алады.

Қаржылық жүйенің келесі үшінші звеносы – бұл арнайы қорлар. Олар 80-нен астам. Алдыңғы қатарда Ұлттық сақтандыру қоры болып табылады. Ол тұрғындар жарнасы есебінен, мемлекеттік кәсіпорындар жарнасынан және үкімет дотациясы арқылы құрылады. Жиналған қаржы зейнетақы, жәрдемақы, жұмыссыздар және науқастар жәрдемақысын төлеуге жұмсалады.

Ұлттық сақтандыру қорынан  басқа, Ұлыбританияның қаржылық жүйесіне келесілер жатады: мемлекеттік кәсіпорындардың  зейнетақы қоры, теңестіру валюталық  қоры, экспорттық несиелерді кепілдендіретін  қор. Бұл қорлар кәсіпорын дотациясы мен қаржы есебінен құрылып өздерінің функционалды бағытына сәйкес шығыстарды жүзеге асырады.

Ұлыбританияның мемлекеттік  кәсіпорындары үш түрге бөлінеді: мемлекеттік корпорациялар (жақсы  дамыған), аралас кәсіпорындар және ведомстволар. Мемлекеттік корпорациялар өндірістің ұлттандырылған салаларында қызмет етеді. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметі мемлекеттің стратегиялық қызығушылығына жауап береді.

 

2 ҚР ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ  ҚҰРЛЫМЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

 

2.1 ҚР қаржы  жүйесінің құрлымы

 

Бүгінде Қазақстанның қаржы  жүйесінің құрамы қаржы қаты-настарының біршама дербес мына салаларынан  тұрады:

 

  1. Жалпымемлекеттік қаржы.

 

  1. Шаруашылық субъектілердің қаржылары.

 

  1. Халықтың қаржы. 

 

                Қазақстан Республикасының қаржы  жүйесі



 

   Жалпымемлекеттік

         қаржылар

       Шаруашылық

       Субъектілердің

         қаржылары

           Халықтың

           қаржысы




 

ҚР

бюджет

жүйесі

 

Мемлекеттік

бюджеттен

тыс қорлар

Мемлекеттік

    несие


   Материалдық

        өндіріс

    саласының

      қаржысы

   Өндірістік

    емес сала

    қаржысы


 

Қаржы қатынастарының алғашқы  бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы  орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика  мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру  үшін пайдаланылады.

Жергілікті қаржы мемлекеттің  қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген  функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен  және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

 

Мемлекеттің қаржысы — қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің каржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

 

Мемлекеттік бюджет — экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын каржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

 

Мемлекеттік бюджеттен  тыс қорлар — қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықша нысаны.

Бюджеттен тыс қорлар толық  көлемде ресурстарды мақсатты пайдалануды  және аса маңызды әлеуметтік шараларды  дер кезінде қаржыландыруды кепілдендіреді; олар қаржылық қиыншылықтар жағдайында мемлекеттік билік органдары  иек артатын қаржы резерві  рөлін орындайды.

 

Мемлекеттік несие - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.

Информация о работе Қаржы жүйесі