Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 10:59, доклад
Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған – Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік болып табылады.
Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады. ӨӨРҰ-ның әр түрлі түрлерін лицензиялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қор биржасы, бағам белгілеуші ұйым, Орталық депозитарий өздерінің тікелей қызметтері бойынша лицензиясын алғанда ӨӨРҰ мәртебесін қабылдайды, ал қауымдастық бұл мәртебені тек өздері қауымдастық ретінде лицензия алғаннан кейін ғана алады. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құрудың мақсаты, қаржылық нарық қатысушыларының қызметтеріндегі белгілі бір бағыттардағы ішкі реттеу болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары өзін-өзі реттейтін ұйымдардың негізгі міндеттері:
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кәсіби қызмет етуінде міндетті ережелерді жасап шығаруға, кадрлардың кәсіби дайындалуын жүзеге асыруға, қаржы нарығында жұмыс істеу үшін талаптарды бекітуге құқығы бар; мемлекеттік басқару органдарында, қаржы нарығы қатысушыларының байланысын және қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстанда өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелерін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік бекітуі қажет.
Қазақстан
Республикасының заңнамасына
Кәсіби
қатысушының Қазақстан
Өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын былайша көрсетуге болады. ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысы → директорлар Кеңесі → Басқару → ревизиялық комиссия.
Кеңес өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің өкілдерінен құрылады және өз қызметін оның жарғысы мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
ӨӨРҰ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларының барлық бұзылған деп табылған бұзушылықтар туралы толық ақпарат береді. Бұл жерде қор биржаларына ерекше орын беріледі. Қор биржаларында қадағалауды ұйымдастыру формасы және бағалы қағаздар нарығын бір қалыпты реттеп отыру формалары жоғары дамыған.
Қазақстандағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың рөлі мен міндеттері
Қазақстанда 1999 жылға дейін жалғыз толыққанды заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазақстандық тізілімді ұстаушылардың қауымдастықтары (ҚРҰҚ) 1999 жылдың ІV тоқсанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берді.
1999
жылдың 13 қарашасында Ұлттық
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, активтерді Басқару Қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақсатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен-жайы және фирманың аты, Қауымдастығының өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.
1999
жылдың 13 қарашасында Ұлттық
2000 жылдың 1 қаңтарындағы ҚРҰҚ жарлығына сәйкес ӨӨРҰ-ында мыналар қалыптасты:
ҚРҰҚ атқарушы органның қызметтері жалпы жиналыспен 1 жыл мерзімге сайланатын қауымдастық президентіне жүктелген.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға сәйкес үшінші ӨӨРҰ – KASE қор биржасы болып табылады. Өзінің экономикалық және құқықтық мәртебесі бойынша өзін-өзі өтеу қағидасына негізделген, акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен құрылатын коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым. Ол өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан тәуелсіз.
Бүгінде Қазақстанда толыққанды үш ӨӨРҰ бар. Олардың бірі – Қор биржасы. Екіншісі – Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қауымдастығы – ҚРҰҚ және Активтерді басқару қауымдастығы болып табылады. Нарықтық базаның жеткілікті болуына қарамастан, ӨӨРҰ-ында нақты өкілеттер жоқ. Дегенмен олардың дамуына орай, Ұлттық банкпен оларға берілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін бақылау функциялары әлі де кеңейтілуде.