қаржы нарығын реттеу органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2012 в 10:59, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған – Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығын реттеу органдары.docx

— 36.98 Кб (Скачать)

    Қаржы нарығын реттеу органдары 

    Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес қаржы нарығындағы қызметті реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті орган 2004 жылы құрылған – Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік болып табылады.

    Оның  міндеттері:

  • қаржылық қызметті тұтынушылардың заңдық және құқықтық мүдделерін бұзуға жол бермеу шараларын жүргізу;
  • қаржы ұйымдарының түрлеріне сәйкес қызмет жүргізудің бірдей талаптарын құру;
  • қаржы ұйымдарының қызметтерін реттеудің және бақылаудың әдістері мен стандарттарының деңгейін көтеру және оларға берілген міндеттемелердің толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.

    Агенттіктің негізгі функциялары:

  • қаржы ұйымдарының ашылуына рұқсат берілуі мен қайтарып алынуын, олардың өз еркімен қайта ұйымдастырылуы және жойылуын, қаржы ұйымдарының бөлімшелерін ашуға келісімін, сонымен қатар көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін анықтау;
  • белгіленген тәртіпте қаржы ұйымдарының басқарушы қызметкерлерін бекітуге келісу немесе бас тарту;
  • қаржы нарығында кәсіби қызметті жүргізуге лицензияны қайтарып алу, тоқтату және беру тәртібін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларға сәйкес қаржы ұйымдарының аудитін реттеу;
  • қаржы ұйымдары, қаржылық қызметті тұтынушылардың шарттарының орындалуына, Қазақстан Республикасының аумағында басқа да заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті нормативті заңды актілерді шығару;
  • қаржы ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді бекіту;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірігіп, халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық және басқа да есеп берудің формаларын, сонымен қатар қаржы ұйымдары мен олардың аффилиирленген (үлестес) тұлғаларымен берілу тізімін және мерзімін анықтау;
  • қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңдарының орындалуына бақылау жасау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайларда және шегінде қаржылық ұйымдары мен олардың аффилиирленген (үлестес)  тұлғаларының қызметін бақылау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған санкциялар және шектеу шараларының әсерін қолдану тәртібін анықтау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақылдасу бойынша қаржылық ұйымдардың акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу туралы шешім қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссиялары қызметін бақылау;
  • қаржылық ұйымдар туралы мәліметтерді басып шығару.
 

 ҚР-ның  қаржы министрлігі мен  ұлттық банкінің құрылымы және олардың қызметтері

    Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі қаржы нарығында бір жағынан мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясын жүзеге асырушы орган, ал екінші жағынан, мемлекеттік реттеуші орган ретінде қызмет етеді.

    Осыған  байланысты қаржы нарығын реттеу процесіне қатысатын негізгі ішкі министрліктің бөлімшелері мыналар:

  • Қаржылық-валюталық бақылау комитеті
  • Қазынашылық
  • Бас салықтық инспекция
  • Қаржы Министрлігінің активтерін және мемлекеттің мүлкін басқару Департаменті
  • Жекешелендіру туралы Департамент
  • Кедендік бақылау бойынша Комитет.

    Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржы нарығын реттеу облысындағы маңызды функциясы — Қаржылық-валюталық бақылау комитеті тарапынан қаржылық бақылауды жүргізу болып табылады. Ол өз бетімен ревизиялар мен тексерістерді ұйымдастырып жүргізеді, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың орындалуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, валюталық және несиелік ресурстардың қолданылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарының, мемлекеттік резервтердің жағдайын және тағы сол сияқтыларды бақылайды.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қаражаттарды мақсатты және үнемді қолданылуын жүзеге асыратын басқа да бір бөлімшесі Қазынашылық және оның аумақтық органдары болып табылады. Қаржылық тәртіпті жақсарту мақсатында оған мынадай құқықтар берілген:

  • министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар-да, мекемелерде және ұйымдарда ақша құжаттарын, бухгалтерлік есеп тіркеулерін, есеп берулердің, жобалардың, сметалардың және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаттарын пайдалану және есептеумен байланысты басқа да құжаттардың тексеруін жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің қаражаттарын пайдаланатын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату;
  • кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың бюджеттік және бюджеттік емес қаражаттарды мақсатты емес бағытта пайдалануы жағдайындағы айыппұлдың салынуы мен төленуі;
  • қазынашылық органның лауазымды тұлғасының жазбаша нұсқауы негізінде қаржылық тәртіпті бұзғанын растайтын құжаттарды алып тастау;
  • тексеріліп жатқан органдардың басқарушыла-рынан және басқа да лауазымды тұлғаларынан бюджеттің орындалу тәртібінде көрсетілген бұзушылықтарды және жетіспеушіліктерді жоюын талап ету.

    Салықтық  бас инспекция Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымына кіретін функционалдық және аумақтық белгілері бойынша ұйымдастырылған бірыңғай инспекциялау жүйесі болып табылады. Бұл бөлімше мынадай міндеттерді орындайды: салық заңнамасының орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасы субъектілерінің, жергілікті өзіндік басқару органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген бюджетке салық және басқа да төлемдердің дұрыс есептелгенін, толықтылығын және өз уақытында төлегендігін тексеру.

    Басқа міндеттерімен қатар, Қаржы Министрлігінің активтерін және мемлекеттің мүлкін басқару Департаментінің негізгі міндеттеріне мемлекеттің пайларын, Акционерлік қоғамдар және компаниялардың акция пакеттерін басқаруды қамтамасыз ету жатады. Аталған Департаменттің қарамағында 1995 жылға дейін Орталық тіркеуші және Орталық депозитарий қызметін атқарған Ақпараттық-есептік орталық қалып отыр.

    Қаржы нарығын реттеу мақсатында жекешелендіру бойынша Департамент мынадай қызметтерді орындайды:

  • мемлекеттік мүлікті жекешелендіру мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • мемлекеттік пайларды, акционерлік қоғамдардың акция пакеттерін басқару;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіндегі объектілерді сақтауды ұйымдастыру;
  • бекітілген тәртіп бойынша инвестициялық-жекешелендіру қорын лицензиялау және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру.

    2004 жылдан бері Кеден Комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамына енді. Кеден Комитеті – атқарушы биліктің мемлекеттік құқықтық қорғау органы және кеден ісі саласында, салық, т.б. байланысы бар салаларда өзінің міндеттерін, тапсырмаларын орындауға арнаулы өкілеттілік берілген орган болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттің негізгі банкі ретінде қаржы нарығында өзіндік, сонымен бірге оның қаржылық құралы арқылы белсенді операция жүргізетін маманданған делдал және мемлекеттік реттеу органы ретінде рөл атқарады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік қарыздарды орналастыру бойынша мемлекеттік агент бола отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге мемлекеттік қарыздарды реттеуге қатысады және Қазақстан Республикасының Үкіметі шығарған бағалы қағаздарды сатады және сатып алады. Сонымен қатар ол мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерімен операция жүргізу бойынша клирингтік және есеп айырысу орталығының депозитарий функциясын атқарады.

    Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен  қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік те акционерлік банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісіне тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі реттеу саласында мыналарды жүзеге асырады:

  • Қазақстанның экономикалық дамуына және оның әлемдік экономикаға шоғырлануына мүмкіндік беретін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жасау және жүргізу;
  • тұрақты ақша, несие және банк жүйесімен қамтамасыз етуге үлес қосу.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өзінің қызметін жүргізу барысында басқармаға, директоратқа, негізгі аймақтық және облыстық басқармаға бөлінеді.

    Жоғары  басқару органы Басқарма болып табылады және оны төраға басқарады. Басқарма 9 адамнан: төрағадан, оның 4 орынбасары, Парламенттің 1 өкілі, Президенттің 1 өкілі және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі кабинетінің 2 өкілінен тұрады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жедел басқару органы – Директорлар Кеңесі (директорат). Ол Үкіметке және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің қарамағындағы барлық мәселелерді шешеді. Директораттың құрамына төраға, оның орынбасарлары және департаменттің директорлары: ақша-несиелік операциялардың, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, бухгалтерлік есеп және бюджеттің, төлем жүйесінің тағы басқалардың орынбасарлары кіреді.

    Жүйенің үйлестірушілік және реттеушілік рөлін атқара отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі барлық функцияларын аумақтық бөлімшелер арқылы атқарады. Оның негізгі функцияларына мыналар жатады:

  • ақша-несиелік реттеу;
  • несие ақшасын эмиссиялау;
  • несие мекемелерінің қызметін бақылау;
  • басқа несие мекемелерінің кассалық резервтерін сақтау және жинақтау;
  • коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру;
  • Үкіметті несиелік-есептік қамтамасыз ету;
  • алтын-валюталық резервтерді сақтау.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің негізгі мақсаттарының бірі — экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету, елдің несие нарығында функцияларын жүзеге асыруға жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін жақсарту, банктік қызметті реттеу.

    Ұлттық  Банктің маңызды функциясы — банктердің, жинақтаушы және басқа да қаржылық мекемелердің салымдарын сақтау. Олар резервтер деп аталады. Олар ақша айналымын басқару, өтімділікті қамтамасыз ету және коммерциялық банктердің несиелік қызметін басқару үшін қажет.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының басты міндеті – ақша бірлігінің тұрақты сатылу күшін сақтау және ақша қаражаттарымен есеп айырысулардың икемді жүйесін қамтамасыз ету. Бұл саясат мемлекеттік жалпы экономикалық реттеудің негізгі бөліктерінің бірі, ол жоғарғы нарықтық коньюнктураның сақталуына, өндірісте дағдарыстық жағдайлардың және жұмыссыздықты болдырмауға бағытталады.

    Ақша-несиелік реттеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мынадай негізгі құралдарды қолданады:

  • есептік пайыздың өзгеруі;
  • банктің міндетті резервтер нормаларының өзгеруі;
  • ашық нарықтағы операциялар.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша айналымын және несиені реттейді, ұлттық валютаның айырбастау бағамының қозғалысын тұрақтандырады және бақылайды, іскер белсенділік, баға, жұмыспен қамту  деңгейіндегі  ауытқуларды   теңестіреді.

    Сонымен қатар, ол ұлттық қарыздарды басқару, валюталық реттеу, үкіметтің қаржылық операциялары сияқты салаларда Үкіметтің агенті бола алады. Ол Үкіметтік депозиттерді басқарады. Үкіметтің кірістері мен шығыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттары бойынша өтеді. Осыдан басқа банк Үкіметке облигацияларды шығарудың ең қолайлы кезеңін, олардың бағасын, табыстылығын анықтауға көмектеседі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ең негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қарызды басқару, демек, айналымдағы тікелей және кепілденген облигациялардың орналасқан бөлігінің мақсатты өзгеруі. Мемлекеттік қарызды басқару Үкіметтің мақсаттарымен байланысты болуы қажет.

    Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру негіздері

    Өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨӨРҰ) – бұл бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қауымдастық формасында, ерікті түрде, олардың кәсіби қызығушылықтарын қорғау мақсатында құралатын коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым. Ол бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.

Информация о работе қаржы нарығын реттеу органдары