Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:23, дипломная работа
Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша жиыны- нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталынады. М: АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін-төрт Швейцария мен Германияда-үш , Ұлыбританияда-бес, Францияда-екі ақша агрегаты қолданылады.
ҚР –да ақша жиынының құрамына төменгі ақша агрегатты кіреді:
М1-айналыстағы қолма-қол ақша.
М2-құрамына М агрегатын және шаруашылық субьектерінің есеп шоттарымен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың қоғамдық жәнебасқа үкіметтік емес ұйымдар шоттардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді .
Ақша агрегаттарының құрамы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді, яғни бұл ақша нарығында қараймыз.
Ақшаның түрлері қандай ?
Ақшаның дамуы барысында екі түрге бөлінеді : толық құлды және толық құнсыз ақшалар . толық құлды ақшалар – номиналдық ақша құлы осы дайындауға кеткен нақты құнымен сәкес келетін ақшалар .Мұндай ақшаларға металл ақшалар , соның ішінде мыстан , күмістен және алтыннан жасалғалдар жатады. Толық құнсыз ақшалар-наминалды құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісінне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келеді. Оларға құнның металдық және қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екі түрге бөлінеді: қағаз ақшалар, несиелік ақшалар. Қағаз ақшалар- бұл ақша өкілі, металға ауыстырылмайтын, мемлекеттің белгіленген номасы бар. Несиелік ақшалар- тауар өндірісінің дамуымен, яғни таурларды сатып алу және сатудың кешіктіріп төлеуге берумен байланысты болған ақшалар.
Ақша нарығы дегеніміз не және оның маңызы қандай ?
Ақша нарығы дегеніміз – ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).
Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.
Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар:
Дисконттық нарық – бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.
Банкаралық несие – ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі.
“РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады.
Еуровалюта нарығы – қысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар.
Сонымен қатар дамыған елдерде ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.
Депозиттік сертификат дегеніміз – ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.
Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері қандай?
Депозиттік сертификаттар иемденуіне қарай келесі түрлерге бөлінеді :
Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: аударылатын және аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар – салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар - басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Негізгі терминдер:
Ақша
Ақша нарығы
Ақша жиыны
Ақша айналыс заңы
Ақша базасы
Акцепт
Акцептант
Акцепті банк
Ақша жүесі
Ақша бірлігі
Вексель
Жай және аударма вексель
Эмиссия
Ақша мультипликаторы
Депозит
Депозиттік сертификаттар
Қолданылған әдебиеттер:
Бақылау сұрақтары:
1. Ақша дегеніміз не, оның қоғамдағы маңызы қандай?
2. Ақшаның атқаратын функциялары қандай ?
3.Ақша жиыны дегеніміз не, ҚР-да неше бөлімнен тұрады?
4.Ақшаның түрлері қандай?
5.Ақша нарығы деген не, оның маңызы қандай?
6.Ақша нарығының ұсынысы мен сұранысы?
7.Ақша нарығындағы қандай резервтерді білесіз?
8.Ақша нарығының атқаратын операциялары қандай?
9.Ақша нарығындағы құралдары дегеніміз не?
10.Банктік акцептер дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай?
11Қысқа мерзімді қазыналық дегеніміз не?
12.Вексель дегеніміз не ?
13.Вексельдің қандай түрлері бар?
Тақырып3. Алтын нарығы
3 Алтын нарығының ерекшеліктері
Алтын өндірудің маңызы неде ?
Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.Дүние жүзінде алтынды жаппай өндірудің етек алғанына 6-7 мың жылдай уақыт өткен. Сонан біздің дәуірімзге дейінгі 1 ғасырда алтын Египет,Греция, Қосөзен бойындағы елдер; өндіріліп, аса бағалы байлық ретінде сақталған.Алтынды өнеркәсіптік тәсілмен өндіру жұмысы XIX ғасырдың әсіресе XIX ғасырда кеңінен жүргізілді. Мысалы, XIX ғасыр, дүние жүзінде 77 мың тонна алтын өндірілді.Алтынды аса көп мөлшерде өндіру Калифорния мен Аляска аймағында жүргізілді.Көптеген жазушылар өз шығармаларында алтынөндідірумәселесіне баса назар аударды. Мысалы, Д.Лондон «Уақыт тоспайды» шығармасында алтын өндірудің ерекшеліктерін талдапүлкен әсер алатын деңгейде суреттеген. Алтын өңдіру жөніОнтүстік Африка Республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындаболып отыр. Өйткені, бұл елде бір сыпыра корпорация арзан жұмыскүшін пайдаланып, алтын өндірісіне кең өріс бере білді. Соңғыжылдарда алтын өндіру мөлшері дүние жүзінің бірқатар елдеріазайып кеткен, бұл жер қойнауындағы алтынның қорыбайланысты еді. Соған орай кейбір елдер алтынды көп өндірсе кейбіреулері аз өндіріп отыр.Сонау бағы замандарда да жерінде аса ірі өнеркәсіп ошағы болмаса да, алтын өндіру Қазақстанда да барынша қолға алынған болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы тәуелсіздік ескерткішіндегі алтын адамның бейнесіндегі алтын сауытты адам қазақ даласында алтын өндіру, оны ұқсату өнерінің ерекшелігін айқын бейнелейді. Қазір Қазақстанда алтын өндірумен шұғылданатын кеніштер баршылық. Бүгінде Қазақстан алтын қоры жөнінде дұние жүзінде елеулі орында. Қазір республикада алтын қорының шамамен тең жартысы бірнеше аса ірі еніште шоғырланған. Ол кеніштер Бақыршық, Ақбакай, Бестөбе, Содымбет, Большевик, Васильковское, Суздальское, тағы басқа мекендердегі кеніштер болып табылады. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Васильковское кенішінде алтынның жалпы қоры жоғары делініп отыр. Мұнда құрамында алтыны бар жыныс қоры жүздеген мыңға жетеді. Сол жыныстың әр тоннасы құрамында 2,8 грамм алтын бар деп шамаланған.
Бір кезде алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын өндірісінің құлдырап кеткені байқалды. Мысалы, алтын өндірудің ойдағыдай болмауы салдарынан КСРО-да 1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна алтын сатып отырды.
Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.
КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.
Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.
Алтын қоры дегеніміз не?
Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.
Ал мемлекеттік қаржы органдары қорындағы алтын кұйма кесек және теңге (монета) түрінде сақталып жүр. Алтын қоры елдің алтын жөніндегі сақтық қоры ретінде сақталады. Мемлекет қорында осы алтын, кажетті жағдайда шетелдермен экономикалық қары қатынаста пайдаланылады. Мемлекеттің экономикалық қуаты шетелдермен экономикалық байланыс кезінде тауар-ақша алмас жағдайында ерекше айқындалады.