Қаржалық тәуекелді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 15:48, курсовая работа

Описание работы

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы көптүрлi тәуекелдермен байланысты, оның әсер ету деңгейi нарықтық экономикаға өтуiмен күшейдi. Бұл iс-әрекетпен бiрге жүретiн тәукелдердi жеке арнайы қаржылық тәуекел тобына бөледi, олар кәсiпорынның жалпы “тәуекел портфелiнде” үлкен роль ойнайды. Кәсiпорынның қаржылық қорытындыларына қаржылық тәуекелдер әсерiнiң өсуi - мемлекеттегi қаржылық жағдай мен нарық конъюнктурасының тез өзгеруiмен, қаржылық қатынастардың кеңеюiмен, жаңа қаржылық технология мен құралдардың пайда болуымен және басқа да көптеген факторлармен байланысты.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Қаржы тәуекелін басқаруДЫҢ теориялық аспектілері

1.1 Тәуекел мәні және экономикалық мазмұны .......................................................5
1.3. Кәсіпорының тәуекел деңгейін бағалау әдістері ............................................11
1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ........................................................15
ІІ Кәсіпорында тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорында қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері және тәуекелдерді бағалау әдістері .........................................................................................................22
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тәуекелін басқаруды талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында) ..........................................................................25


ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ қаржыЛЫқ тәуекелІН басқаруДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ жолдары ....................................................31

3.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану ......................................................31
3.2 Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру
барысы ......................................................................................................................37


ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................

Работа содержит 1 файл

Қаржылық тәуекелді басқару .doc

— 379.00 Кб (Скачать)

Ақпарат бағалы тауар  болып табылады, ол үшін инвестор үлкен  ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа  капитал салымы кәсіпкерліктің бір  сферасы болып табылады. Толық  ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.

Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың  шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел  деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер  қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын  анықтау кезінде қолданады /7,181б./.

Сақтандыру мәні –  тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.

Сақтандыру үшін құрылып  жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық сипаты тән, оның ресурстарын тек  алдын ала келісілген жағдайлардағы  жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.

Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар  арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы  жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына  бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі  бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.

Бұл тәсілдер тәуекел дәрежесін төмендету  тәсілдерінен және тәуекелдерді шешу әдістерінен тұрады. Тәуекелдерді шешу әдістері болып табылады: тәуекелден қашу, ұстау, яғни тәуекелді инвесторға қалдыру және тапсыру, мысалы, сақтандыру компаниясына.

Тәуекелді төмендету  үшін келесідей тәсілдер қолданылуы мүмкін:

  • диверсификация
  • нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпарат алу
  • лимиттеу
  • өзін-өзі сақтандыру
  • сақтандыру
  • валюталық тәуекелдерден сақтандыру
  • хеджирлеу
  • байланысқан облыстардың қызметіне басқаруды алу

спецификалық қорлардың  қолдануын бағалау және есепке алу 
Хеджерлеу

Қаржылық менеджментте бұл термин кең және санаулы қолданбалы мағынада қолданады. Кең мағынада хеджерлеу  термині қаржылық шығындар тәуекелін төмендететін кез келген механизмдерді – ішкімен қоса, сыртқы механизмдерді  қолдануды сипаттайды.  Санаулы қолданбалы мағынада хеджрлеу термині, тиісті қаржылық құралдарды қолдануға негізделген, қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыратын ішкі механизмді сипаттайды (бағалы қағаздар). Ары қарай хеджерлеу термині қолданбалы мағынада қолданылады.

Қаржылық тәуекелдерді туынды бағалы қағаздармен операция жүргізу арқылы хеджерлеу, тәуекел  оқиғасы пайда болған кездегі  мүмкін болатын қаржылық шығындарды төмендету үшін жоғары тиімді механизм. Бірақ ол белгілі бір шығындарды қажет етеді, брокерлерге комиссия төлеу, опциондар бойынша жарна сияқты т.б. Бірақ бұл шығындардың деңгейі, қаржылық тәуекелдерді сыртқы сақтандыруға қарағанда төмен. Хеджерлеудің көптеген нысандары отандық тәуекел-менеджментінде өз орныны тапты. /16, 203 б/

Қолданатын туынды бағалы қағаздар түріне қарай хеджерлеудің келесі механизмдері қолданады:

  • Фьючерстік шарттарды қолдану арқылы хеджерлеу. Тауарлық немесе қор биржа операцияларының қаржылық тәуекелдерін бейтараптандыру үшін, әртүрлі қарама-қарсы биржалық шарттарды жасау механизімін көрсетеді. Фьючерстік шарттарды қолдану арқылы хеджерлеу үш түрлі биржалық келісімді жасауды талап етеді: 1) болашақ кезеңде жеткізілетін нақты актив немесе бағалы қағазды сату/сатып алу; 2) актив немесе бағалы қағаздар мөлшеріне тең фьючерстік контрактілерді сату/сатып алу (фьючерстік шарт бойынша орын ашу); 3) нақты актив немесе бағалы бағазды  жеткізген кезде фьючерстік шарт бойынша орынды жою. Бірінші екі биржалық келісімдер  қаржылық тәуекелді бейтараптандырудың алдыңғы кезеңінде жасалады, үшінші түрі – аяқталу кезеңінде. Фьючерстік шарттарды қолдану арқылы хеджерлеу принципі, кәсіпорын  нақты актив немесе бағалы қағазды сатушы ретінде жеткізу уақытында бағаның өзгеруінен шығынға ұшырап жатса, фьючерстік контрактілерді сатып алушы ретінде сондай мөлшерде табыс табады немесе керісінше. Осыған байланысты бейтараптандырудың фьючерстік шарттарды қолдану арқылы хеджерлеу механизімінде екі түрлі операция қолданылады: контрактілерді сату арқылы хеджерле мен осы контрактілерді сатып алу арқылы хеджерлеу.
  • Опционды қолдану арқылы хеджрлеу. Ол бағалы қағаздар, валюта, нақты актив т.б.  операциялары бойынша қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыру механизімін сипаттайды. Хеджереудің бұл нысанында опционмен келісім жатыр, ол опциондық шартта көрсетілген уақыт ішінде келісілгген баға мен мөлшерде бағалы қағазды, валютаны, нақты активті сату немесе сатып алу құқығы(бірақ міндеттеме емес). Бұл хеджерлеу түрінде тәуекелді бейтараптандыру - сатып алу негізіндегі опцион арқылы хеджерлеу (келісілген баға бойынша сатып алу құқығы); сатунегізіндегі опцион арқылы хеджерлеу (келісілген баға бойынша сату құқығы); қос опцион немесе «стеллаж» (келісілген баға бойынша бірден сатып алу ғана емес, сонымен қатар сату құқығы). Кәсіпорынның опционға берген баға, негізінен сақтандыру жарнасы болып табылады.
  • «Своп» операцияларын қолдану арқылы хеджерлеу. Ол бағалы қағаздар, валюта, қарыз міндеттемелер операциялары бойынша қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыру механизімін сипаттайды. «Своп» операциялардың негізінде қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелердің құрамын жақсарту мен шығындарды төмендету мақсатымен, оларды ауыстыру (сату-сатып алу). Бұл хеджерлеу түрінде тәуекелді бейтараптандыру - валюталық своп операциясы (болашақтағы міндеттемелерді валютаның басқа түрінде ауыстыру); қор свопы  (бағалы қағаздың бір түрін басқа түрге ауыстыру міндеттемесі, мысалы облигацияны акцияға ауыстыру); пайыздық своп  (тұрақты пайздық ставкасы бар қарыз міндеттемелерді бос пайыз ставкасына ауыстыру немесе керісінше).

Хеджерлеу негізінде қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыру нысандары отандық тәуекел –менеджмент тәжірибесінде, өзінің жоғары табыстылығына қарай үлкен дамуға ұшырайды.

Диверсификация

Диверсификация механизмі  негізінен жүйесіз (тән емес) тәуекел  түрлерін бейтараптандыру үшін қолданылады. Сонымен бірге ол жүйелі тәуекел түрлерін  белгілі деңгейде төмендетуге мүмкіндік береді – валюталық, пайыздық және  басқаларын. Диверсификация механизмінің жұмыс істеу принципі шоғырлануға мүмкіндік бермейтін, тәуекелдерді бөлуде көрінеді.

Қаржылық тәуекелдерді диверсификациялаудың негізгі мынандай бағыттары қолданылады:

  • Қаржылық іс-әрекет түрлерін диверсификациялау. Әртүрлі қаржылық операциялардан табыс алу үшін өзге мүмкіндіктерді қолдануды қарастырады – қысқамерзімді қаржылық салымдарды, несиелік портфельді құрастыру, нақты инвестициялауды іске асыру, ұзақмерзімді қаржылық салымдарды портфельді құру т.б.
  • Кәсіпорынның валюталық портфелін диверсификациялау. Ол бірнеше валюталар үшін сыртқыэкономикалық операциялар түрін таңдауды білдіреді. Бұл бағыттың процессінде валюталық тәуекел бойынша қаржылық шығындар төмендейді.
  • Депозиттік портфельдің диверсификциясы. Бірнеше банктерге уақытша бос ірі ақша-қаражаттарын орналастыру. Ақша активтерінін орналастыру шарттары онша өзгермейтіндіктен, бұл бағыт депозиттік тәуекелді төмендетіп, оның табыс деңгейіне әсер етпейді.
  • Несиелік порфельдің диверсифифкациясы. Ол несиелік тәуекелді төмендетуге бағытталған және кәсіпорын өнімінің сатып алушыларының  сан-алуандығын қарастырады. Әдетте несиелік тәуекелді бейтараптандыру кезіндегі несиелік портфельдің диверсификациясы несиелік операциялардың концентрациясын лимимттеумен бірге жүріп, сатып алушылар тобы бойынша несиелік лимит орнату арқылы іске асырылады.
  • Бағалы қағаздар портфелінің диверсификациясы. Диверсификацияның бұл бағыты табыс деңгейін төмендетпей, портфельдің жүйесіз тәуекел деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
  • Нақты инвестициялау бағдарламасының диверсификациясы. Ол инвестициялау бағдарламасына әртүрлі альтернативті салалық және аумақтық бағыты бар инвестициялық жобаларды енгізуді қарастырады, бұл бағдарлама бойынша  жалпы инвестициялық тәуекелді төмендетеді.

Жалпы диверсификация механизімін  сипаттағанда, ол жеке қаржылық тәуекелдердің  кері әсерін төмендетуге таңдаулы түрде  әсер ететіндігін көрсетіп кетпеуге болмайды. Кешенді, жүйесіз портфельдік қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыруда өз тиімділігін көрсетіп, жүйелік тәуекелдерді – инфляциялық, салықтық т.б. бейтараптандырғанда өз әсерін тигізе алмайды. Сондықтан кәсіпорында бұл механизмді қолдану шектеулі сипатта.

Тәуекелдерді  үлестіріп беру

Қаржылық тәуекелдердің, бұл бейтараптандыру бағытының  механизімі жеке қаржылық операциялар  бойынша серіктестерге трансферт  ретінде жартылай беру ретінде қарастырады. Бұл жерде шаруашылық серіктестерге  олар бейтараптандыруды тиімдірек жүргізе алатын кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері беріледі. /17, 164 б/

Қазіргі тәуекел-менеджментте тәуекелді үлестірудің келесі негізгі  бағыттары бар:

  • Инвестициялық жоба қатысушылары арасында тәуекелді үлестіру. Кәсіпорын осындай үлестіру кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытша орындамаған, жұмыстың сапасыздығымен, құрылыс материалдарды ұрлаумен байланысты пайда болатын қаржылық тәуекелдер жалдаушыларына трансферт ретінде беруі мүмкін. Осындай тәуекелдердің трансфертін іске асырған кәсіпорын, бейтараптандыруды жалдаушы арқылы жүргізеді.
  • Кәсіпорын мен шикізат және материалдар жабдықтаушылар арасында тәуекелдерді үлестіру.  Бұл үлестірумен транспорттау және шығару-кіргізу жұмыстары кезінде мүлікті бұзу арқылы пайда болатын қаржылық тәуекелдермен байланысты. Үлестірудің осындай нысандары сәйкес халықаралық ережелермен реттеледі.
  • Лизинг операциясына қатысушылары арасында тәуекелді үлестіру. Оперативті лизинг кезінде кәсіпорын жал берушіге қоданып жүрген активтің моральді тозу тәуекелін, техникалық өнімділігін жоғалту тәуекелін және т.б. тәуекелдерді береді.
  • Факторингтік (форфейтингтік) операциясына қатысушылары арасында тәуекелді үлестіру. Үлестіру заты кәсіпорынның несиелік тәуекелі, ол қатысты қаржылық институтқа – коммерциялық банк немесе факторингтік компанияға беріледі. Үлестірудің бұл нысаны ақылы, бірақ несиелік тәуекелді жақсы деңгейде бейтараптандырады.

Тәуекелді бейтараптандыру  деңгейі, кәсіпорынның серіктестерімен  келісімде көрсетілетін, келісім  жасауға қатыстыратын зат.

ІІ Кәсіпорында тәуекел  деңгейін бағалау және төмендету  әдістерін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1  Кәсіпорында қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері  және тәуекелдерді бағалау әдістері

 

     Батыс Қазақстандық  облыстық телекоммуникациялық басқарма «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.

     «Қазақтелеком» АҚ  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан,  ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком»  ұлттық акйционерлік қоғамын  құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым  №666 Қаулысына сәйкес құрылып  қызмет етеді. /22/

      Қоғам  ҚР барлық территориясы бойынша  өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

     Жалпы төлемқабілетсіздік  жағдайы және барлық кәсіпорындардың  банкроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.

     Шаруашылық жүргізуші субъектілер өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Шаруашылық жүргізуші субъектілернің өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.

     Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:

ТЛ = (  А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ),     (1.1)

мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

     Перспективалық  өтімділік – бұл болашақтағы  түсімдер мен төлемдер негізінде  болжау. Ол келесі формуламен  есептелінеді:

ПЛ = А3 – П3,     (1.2)

мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары /10,134б./.

 

 

 

1 кесте. 

«Қазақтелеком» АҚ филиалының өтімділігін талдау

 

 

 

Активтер

 

 

2009ж.

 

 

2010ж

 

 

Міндеттемелер

 

 

2009ж.

 

 

2010ж.

Төлемдік артықшылық(+). Жеткіліксіздік(-)

2009ж.

2010ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ең өтімді активтер, А1

9841

1861

Жедел міндеттемелер,

П1

918120

906030

-908279

-905169

Тез өтімді активтер,

A2

151381

142034

Қысқа мерзімді міндеттемелер,

П2

0

0

+151381

+142034

Баяу өтімді активтер,

A3

119729

82793

Ұзақ мерзімді міндеттемелер,

П3

0

0

+119729

+82793

Қиын өтімді активтер,

A4

2099281

2277005

Тұрақты міндеттемелер,

П4

1462112

1599660

+637169

+677342

БАЛАНС

2380532

2503690

БАЛАНС

2380532

2503690

-

-

Көзі: http://www.telecom.kz/

Информация о работе Қаржалық тәуекелді басқару