Қаржалық тәуекелді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 15:48, курсовая работа

Описание работы

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы көптүрлi тәуекелдермен байланысты, оның әсер ету деңгейi нарықтық экономикаға өтуiмен күшейдi. Бұл iс-әрекетпен бiрге жүретiн тәукелдердi жеке арнайы қаржылық тәуекел тобына бөледi, олар кәсiпорынның жалпы “тәуекел портфелiнде” үлкен роль ойнайды. Кәсiпорынның қаржылық қорытындыларына қаржылық тәуекелдер әсерiнiң өсуi - мемлекеттегi қаржылық жағдай мен нарық конъюнктурасының тез өзгеруiмен, қаржылық қатынастардың кеңеюiмен, жаңа қаржылық технология мен құралдардың пайда болуымен және басқа да көптеген факторлармен байланысты.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

І. Қаржы тәуекелін басқаруДЫҢ теориялық аспектілері

1.1 Тәуекел мәні және экономикалық мазмұны .......................................................5
1.3. Кәсіпорының тәуекел деңгейін бағалау әдістері ............................................11
1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ........................................................15
ІІ Кәсіпорында тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістерін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)

2.1 Кәсіпорында қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері және тәуекелдерді бағалау әдістері .........................................................................................................22
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тәуекелін басқаруды талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында) ..........................................................................25


ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ қаржыЛЫқ тәуекелІН басқаруДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ жолдары ....................................................31

3.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану ......................................................31
3.2 Кәсіпорынның қаржы тәуекелін басқару тиімділігі мен жетілдіру
барысы ......................................................................................................................37


ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..........................................................

Работа содержит 1 файл

Қаржылық тәуекелді басқару .doc

— 379.00 Кб (Скачать)

Қаржылық тәуекелдің қарастырылған категориялары оның түсінігін былай қыйсындауға  мүмкіндік береді.   Кәсіпорының қаржылық тәуекелі деп, белгісіздік жағадайда өз қаржылық іс-әрекетін асырғандағы кері қаржылық салдардың, табыс пен капиталды жоғалту формасында көрінетін, пайда болу ықтималдығы айтылады. /7, 209 б/

     Кәсіпорынның  қаржылық тәуекелдері көп түрлілігімен сипатталып, оны тиімді басқару үшін келісі сипатамалар бойынша сыныпталады:

1.Түрі бойынша. Қаржылық тәуекелдің бұл сыныптық белгісі басқару процесінде оны анықтайтын негізгі параметр. Нақты тәуекелдің сипаттамасы оның басты факторын белгілеп береді, ол бұл тәуекелге байланысты шығын деңгейі мүмкіндігін бағалауға рұқсат береді. Жаңа қаржылық құралдар мен басқа инновациялық факторлардың пайда болуы, қаржылық тәуекелдің жаңа түрін тудырады.

Қазіргі этапта қаржылық тәуекелдің негізгі түрлеріне келесі жатады:

Қаржылық тұрақтылықтың  төмендеуі тәуекелі. Бұл тәуекел капитал құрылымының жетілгенсіздігінен пайда болып,  кәсіпорынның кері және оң ақша ағымы көлемінің тұрақсыздығын тудырады. Қаржылық тәуекел құрылымындағы қауіптілік деңгейі  бойынша негізгі орын алады.

Кәсіпорынның төлемқабілетсіздік тәуекелі. Бұл тәуекел айналым активтерінің өтімділік деңгейінің төмендеуінен пайда болып, кәсіпорынның кері және оң ақша ағымы уақытынның тұрақсыздығын тудырады. Өзінің қаржылық салдары бойынша бұл тәуекел де қауіпті түрге жатады.

Инвестициялық тәуекел. Кәсіпорын өз инвестициялық іс-әрекетін асырғандағы мүмкін болатын қаржылық шығындарды сипаттайды. Бұл іс-әрекеттің түріне байланысты, қаржылық тәуекелдің түрлері де бөлінеді -  нақты инвестициялық тәуекел мен қаржылық инвестиция тәуекелі. Қарастырылған инвестициялық іс-әрекетпен байланысты қаржылық тәуекел түрлері, «күрделі тәуекел» түрлеріне жатқызылып, жеке түр тармағына бөлінеді.  Мысалы, нақты инвестициялық тәуекел құрылымында жобалық-конструкторлық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін, құрылыс монтаждық жұмыстарды уақытында аяқтаму тәуекелі, инвестициялық жоба бойынша қаржыландыруды уақытында бастамау тәуекелдерін т.б. көрсетуге болады. Инвестициялық тәуекел түрлері капиталды жоғалтумен байланысты болғандықтан, олар қаржылық тәуекелдің ең қауіпті тобына жатады.

Инфляциялық тәуекел. Нарықтық экономикада ол дербес қаржылық  тәуекел түр ретінде шығады. Бұл тәуекел капиталдың нақты құнының және қаржылық операциялардан күтілетін табыстың төмендеу мүмкіндігімен байланысты. Қазіргі жағдайда осы тәуекел түрі тұрақты жәйтболғандықтан, қаржы менеджментінде оған күнделікті көңіл бөлінеді. /8, 147 б/

Пайыздық тәуекел. Ол қаржылық нарықта пайыздық ставканың болжамсыз өзгеруінде көрінеді.  Бұл тәуекелдің пайда болу себебіне мемлекеттік реттеу, ақша ресурстардын төмендеуі, не өсуі және басқа фактор әсерлерінен қаржылық нарық конъюктурасының өзгеруі. Пайыздық тәуекелдің кері қаржылық салдары кәсіпорынның эмиссиялық іс-әрекетінде (акция эмиссиясымен қоса, облигация эмиссиясы), дивидендтік саясатында, қысқа  мерзімді қаржылық салымдар мен кейбір қаржылық операцияларда көрінеді.

Валюталық тәуекел. Бұл тәуекел сыртқыэкономикалық іс-әрекетті асыратын (шикізатты импорттайтын, дайын өнімді, жартылай фабрикаттарды, материалдарды экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорының сыртқы экономикалық операцияларда қолданатын шетел валюта бағамының өзгеруі, күтілетін табыстың көлемін төмендетеді. Шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты өсуінен, кәсіпорын шикізат пен материалдарды импорттағанда шығынға ұшырайды. Ал бұл бағамның төмендеуі дайын өнімді экспорттағанда шығынға әкеледі.

Депозиттік тәуекел. Ол депозиттік салымдарды қайтармауында көрінеді. Депозиттік тәуекел сирек кездесіп, коммерциялық банкті дұрыс таңдамауыннан болады.

Несиелік тәуекел. Ол кәсіпорын өз қаржылық іс-әрекетін асырғанда, сатып  алушыларға тауарлық және тұтынушылық несие бергенде пайда болады. Көріну формасы болып, шығарған дайын өнімге берілген несие үшін уақытында төлемеу табылады.

Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің бұл түрінде бірнеше көрінісі бар: жаңа салық түрінің енгізілу мүмкіндігі; бар салық ставкасын көтеру ықтималдығы; салық төлемдері бойынша уақыт мерзімінің өзгеру ықтималдығы; салық жеңілдіктерінің алынып тасталынуы. Кәсіпорын үшін болжамсыз болғандықтан (оған қазіргі фискалдық саясат куә), қаржылық іс-әрекетке үлкен әсер етеді.

Құрылымдық тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның ағымдағы шығындарды тиімсіз қаржыландыруымен түсіндіріледі.

Криминогендік тәуекел. Қаржылық іс-әрекетте партнерлардың өзін жалған банкрот болып көрсетуі,  ақша мен басқа активтерді заңсыз өзіне алу үшін документерді жалған қою, персоналдың кейбір активтерді ұрлау т.б. формада көрінеді. Криминогендік тәуекелден болатын бірталай шығындар, оны дербес қаржылық тәуекелге шығарды. /9, 187 б/

2.Сипатталатын объект бойынша қаржылық тәуекелдің келесі түрлері шығарылады:

    • Жеке қаржылық операцияның тәуекелі. Ол белгілі бір қаржылық операцияға тән, қаржылық тәуекел түрлерінің бүкіл кешенің сипаттайды(мысалы, белгілі бір акцияны сатып алуға тән тәуекел);
    • Әртүрлі қаржылық іс-әрекеттің түрлеріне тән тәуекел (мысалы, кәсіпорынның инвестициялық және несиелік іс-әрекетінің тәуекелі);
    • Кәсіпорынының бүкіл қаржылық іс-әрекетінің тәуекелі. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетіне тән әртүрлі тәуекелдер

3.Зерттелетін құралдардың жиынтығы:

    • Дербес қаржылық тәуекел. Жеке қаржылық құралдарға тән жиынтық тәуекелді сипаттайды.
    • Портфелдік қаржылық тәуекел. Портфельге жинақталған кешенді, біртекті қаржылық инструменттерге тән (несиелік портфель, инвестициялық портфель) жиынтық тәуекелді сипаттайды.

4.Зерттелу кешені бойынша:

    • Жай қаржылық тәуекел. Жеке топшаларға бөлінбейтін қаржылық тәуекелдің түрін сипаттайды. Мысалға, инфляциялық тәуекелді алуға болады.
    • Күрделі қаржылық тәуекел. Қарастырылатын топшалар кешенінен тұратын қаржылық тәуекел. Мысалы болып, инвестициялық тәуекел табылады.

5.Пайда болу көзіне байланысты қаржылық тәуекелдің келесі түрлері бар:

    • Сыртқы, жүйелік немесе нарықтық тәуекел (барлық терминдер оны кәсіпорынның іс-әрекетіне байланыссыз тәуекел ретінде көрсетеді). Бұл тәуекел түрі қаржылық іс-әрекеттің барлық қатысушыларына және барлық қаржылық операция түрлеріне тән. Ол кәсіпорын өз іс-әрекеті арқылы әсер ете алмайтын, жеке экономикалық цикл сатылары, қаржылық нарықтың конюктурасы өзгерген кездегі жағдайларға тән. Тәуекелдің бұл группасына инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, салықтық тәуекел және жартылай инвестициялық тәуекелді жатқызуға болады.
    • Ішкі, жүйессіз немесе арнайы тәуекел (барлық терминдер оны жеке кәсіпорын іс-әрекетіне байланысты екендігін көрсетіп тұр). Ол сапасыз қаржылық менеджментпен, капиталдың актив пен пассивінің тиімсіз құрылымымен, тәуекелдік қаржылық операциялармен аса көп айналысуымен байланысты, бұл факторлардың салдарын қаржылық тәуекелді тиімді басқарумен болдырмауға болады.

Қаржылық тәуекелдерді жүйелік және жүйесіз деп бөлу тәуекелді басқару теориясының  алдын- ала жағдайы.

6.Қаржылық салдар бойынша тәуекелдер мынандай топтарға бөлінеді:

    • Тек экономикалық шығындар әкелетін, тәуекел. Бұл тәуекел түрінде қаржылық салдар тек кері ғана болуы мүмкін;
    • Пайдадан айырылып қалу қаупін тудыратын, тәуекел. Ол кәсіпорын белгілі бір қалыптасқан субъективті және объективті жағадайлардан, жоспарлаған қаржылық операцияны іске асыра алмау жағдайы;
    • Экономикалық шығындармен қоса, қосымша табыс әкелетін тәуекел. Әдебиетте оны жиі «спекулятивті тәуекел» деп атайды, себебі ол агрессивті, спекулятивті операцияларды жасаумен байланысты. Бірақ бұл термин онша дұрыс емес, бұл тәуекел инвестициялық жобаны іске асырғанда есептелген табысы төмен, не жоғары болуы мүмкін. /7, 115 б/

7.Мерзім бойынша  көріну сипатына қарай қаржылық тәуекелдің екі тобы бар:

    • Тұрақты қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияларды асырғандағы бүкіл мерзімге тән болып, тұрақты факторлар қозғалысымен байланысты. Мысалы болып, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекет табылады;
    • Уақытша қаржылық тәуекел. Ол уақытша, қаржылық операцияларды іске асырғандағы жеке этаптарында пайда тәуекел. Мысалы болып, тиімді жұмыс жасап жатқан кәсіпорынның төлемқабілетсіздік тәуекелін алуға болады.

8.Қаржылық шығындар деңгейі бойынша тәуекелдер келесі топтарға бөлінеді:

    • Рұқсат етілетін қаржылық тәуекел. Ол қаржылық шығындар, қаржылық операция бойынша есептелген шығындар бойынша аспайтын тәуекелді сипаттайды;
    • Өте қиын жағдайдағы тәуекел. Ол қаржылық шығындар, асырылатын қаржылық операция бойынша шығындар, есептелген жиынтық табыстан аспайтын тәуекелді сипаттайды;
    • Апатты жағдайдағы қаржылық тәуекел.  Ол қаржылық шығындар өзіндік капиталды толық, не жартылай жоғалту қаупімен сипатталады (бұл тәуекел тартылған капиталды жоғалтумен де бірге жүреді).

9.Болжау деңгейі бойынша қаржылық тәуекелдер екі топқа бөлінеді:

    • Болжанатын қаржылық тәуекел. Ол экономиканың циклды дамуымен байланысты тәуекелдерді сипаттайды, қаржылық нарық коньюктура деңгейлерінің ауысуы, бәсекелестіктің болжамды дамуы т.б. Қаржылық тәуекелдердің болжамдылығы салыстырмалы сипатқа ие, себебі 100%-қ болжам қарастырылатын жағдайды тәуекел категориясынан алып тастайды. Болжанатын қаржылық тәуекелге инфляциялық тәуекелді, пайыздық т.б. қысқамерзімді тәуекелдерді жатқызуға болады;
    • Болжанбайтын қаржылық тәуекел. Ол көріну бойынша түсіндірілмейтін тәукелдерді сипаттайды. Мысалы болып, форс-мажорлық топтың тәуекелдері, салықтық тәуекел және т.б. табылады;

Осыған сәйкес қаржылық тәуекелдер реттелетін және реттелмейтін тәуекелдер деп бөлінеді.

10.Сақтандыру мүмкіндігі бойынша қаржылық тәуекелдер де екі топқа бөлінеді:

    • Сақтандырылатын қаржылық тәуекел. Оларға сыртқы сақтандыру тәртібі бойынша сақтандыру ұйымдарына берілетін тәуекелдер жатқызылады.
    • Сақтандырылмайтын қаржылық тәуекелдер.  Оларға сақтандыру нарығында ұсыныс жоқ тәуекелдер жатқызылады.

1.3.Тәуекелді  талдаудың блок – схемасы және  тәуекелден келетін зияндар.

 

Тәуекелді талдаудың блок – схемасы.

1.Нақты тәуекел түрлерінің  ішкі және сыртқы факторларының  ықпалдарын айқындау.

2.Айқындалған факторларды  талдау.

3.Нақты тәуекел түрін  финанс жағынан екі тәсілмен бағалау

   а.финанстық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

   б.жұмсалатын қаражаттың  экономикалық тиімділігін анықтау.

4.Тәуекелдің жорамал  деңгейін анықтау.

5.Бөлек операциялардың  тәуекелдерінің жорамал деңгейін  талдау.

6.Тәуекелді бәсеңдету үшін шаралар жасақтау.

 

 

 

1.2. Кәсіпорының тәуекел деңгейін бағалау

 

      Әрбip тәуекелдің фирмаға әсерін өлшеу керек. Бұл процесс өзіне келесі бағалауды кіргізеді: 1) шығындардың ықтималдығы мен 2) шығындардың әcерлігі (әрбір шығынның ақша өлшемі). Жалпы жағдайда әрбip тәуекелдің деңгейі ықтималдығына қарағанда, әсерлігі үлкен мәнде. Ықтималдығы төмен, катастрофалық шығынды тәуекел, жиі, бipaқ аз шығын әкелетін тәуекелге қарағанда үлкен зиян әкеледі.

  Шығындар  жиілігін өлшегенде ықтималдықты  қолдану, тәуекел комбинацияларының ықтималдығын табу оңай.

  Тәуекелдің деңгейі  - шығын жағдайының болу ықтималдығы,  сонымен  қатар одан болатын зиян. Тәуекел:

   –     мүмкін - icкe асырылатын жобаның  табысын түгелімен жоғалту қayпi;

   –  сыни - тек табыстың ғана емес, сонымен қатар түсімнің                келмеуінен, кәсіпкердің шығынды өз қалтасынан жабуы;

    – катастрофалық - капиталдың, мүліктің жоғалуы мүмкін және банкроттықтың да қаупі тұр.

   Шығындар ауырлығын  есептеудің бірнеше әдісі бар. Ең таралғаны: максималды шығындар мен орташа шығындар.

Максималды  шығын - ең кepi оқиғаның болуымен байланысты шығыстардың ақшалай көpiніci, ал орташа шығындар - нақты қауіппен байланысты, мысалы от қаупінен, болатын шығыстардың ақшалай көpiнici.

  Сандық  бағалау - қаржылық тәуекел түрлерінен және барлық кешенінен болатын шығын мөлшерінің өлшемін нақты ақша түрінде көрсету, барлық талдауларға қарағанда ең нақты шешімдер береді. Бipaқ сандық бағалауды жүргізу үшін басты ақпарат қажет, ал Қазақстанда ақпараттық қызметтер нарығы аз дамыған, мәліметтерді алу қиын. Ақпарат жетіспеушілігінен болатын киындықтарға байланысты, фирма иесіне ең оңай және қолайлы бағалау - қаржылық жағдай негізінде талдау болып табылады.

  Егер белгілі  бip әдіспен, операция бойынша  мүмкін шығындар есептелген болса, онда кәсіпкер баратын тәуекелдің сапалық бағалауы жүргізілді. Mүмкін шығындардың абсолютті мәнінің, шығындар мен табыстардың eceптi көрсеткішіне қатынасы арқылы, пайыз түрінде, тәуекелдің сандық бағалауын аламыз. /10, 234 б/

Информация о работе Қаржалық тәуекелді басқару