Акшанын мани

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 07:42, курсовая работа

Описание работы

“Ақша жүйесі және ақша айналымы” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Таур айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3-4
1. Ақша жүйесі және ақша айналымы
1.1 Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі..................................................5-10
Ақша түрлері........................................................................................10-16
Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы...........................................................................................................16-23
2. Ақша айналысы
2.1 Ақша айналысы мен заңы.......................................................................24-27
2.2 Ақшаның метеалдық теориясы және металл ақша айналысы.............27-30
2.3 Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы......................................................................................................30-33
2.4 Ақшаның базасы мен ақша массасы ...................................................33-36
Қорытынды ...................................................................................................37-39
Қолданылған әдебиеттер .................................................................................40

Работа содержит 1 файл

Жаке курсовой.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті  ұстаушыға белгілі бір ақшалай  соманы төлеу туралы немесе басқа  ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.  Чектің  мынадай түрлері бар:   ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;   ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ  индоссамент  бойынша басқа  бір тұлғаға беруге құқық береді;   мәлімдеуші  чек – чекті  мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;  есеп  айырылысу чегі – заңды  тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;   жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;  кепілдендірілген  чек – банктің чекте көрсетілген  соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.  

Чектің  экономикалық жаратылысы мынадай:    біріншіден, ол банктен нақты  ақшаны алуға қызмет етеді;  екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;  үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу  құралы.  

Электрондық ақшалар –  компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.  

Электронды  аұшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:  

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық  қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.  

Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка  иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен  қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.  

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.  

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.  

Несиелік  карточкалар бөлшек сауда айналымында  және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып  алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.                   

 

    1.  Ақшаның қызметі және экономикадағы  рөлі мен қазіргі  даму жағдайы

     

Ақша  экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негіщгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердіңформасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.   

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мынаоар жатады:

-  Құн өлшемі және баға масштабы;

-  Айналыс (айырбас) құралы;

-  төлем құралы;

-  Қорлану және қор жинау құралы;

-  Дүниежүзілік  ақша.

-  Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға  бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар өлшей алады.  

Құнның  өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның  барлық тааурлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.   

Ақша  құн өлшемі қызметін идеалды, оймен  ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның  тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.  

Тауарлар  құнының ақшамен бейнеленуі оның  бағасы деп аталады. Толық құнды  ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады.   

Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген  қатынасын  көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретіндегі қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.  

Бағалардың  негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында һзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты  анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады. Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасынкөрсету үшін қызмет етеді  

Арнайы  баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік  тұрақты  бағасының  арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.   

Ямайка  валюта реформасының (1976–1978 жж.) нәтижесінде  арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады  

Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады. Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны болмайтындықтан да, олардың толық бағалы емес ақшалар деп аталады.  

Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды  емес және қағаз ақшалардың пайда  болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келеді.  

Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс  құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы мынадай процестерді  қамтиды: туар сату, яғни оның ақшаға айналуы  және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т ( тауар ) – А ( ақша ) – Т (тауар ).  

Ақша  айналысының  таур айналысынан айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі  қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіедегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.   Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мынала:   Тауар мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы;   Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;  

Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте  тез  орындалатын  болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.    Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар  ақшалы тауармен байланысты емес деген  сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс  болуымен түсіндіріледі.  

Сонымен ақша, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі – несие таур мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша азболады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.                     

Ақша  қор жинау құралы қызметі. Әр түрлі  жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың  тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше қозғалыс формасына ие: Т (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның төлем құралы қызметін мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар бар. Ақша айналыс құралы ретіндегі делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз аоушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.  

Ақша  тәлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.  

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай  түрде топтастыруға болады:   

тауарлар  және көрсетілген қызметтер бойынша  төлем міндеттемелері;   

 мемлекетке қатысты қаржылық  міндеттемелер,  

банктік несиелер, мемлекеттік  және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;  сақтандыру  міндеттемелері;   әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.      

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар  атқарады.   Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алудың қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.  

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.   Ал  ақшаның қорлану қызметін толық  бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асады: 

Көсіпорындар  мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (дипозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай  қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;   Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.   

Дүниежүзілік  ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық  заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың материалдануқұралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.  

Егер  де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен  заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формаыснда қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі алтынның қызмет етуі сипатталады.  

Алтын монеат стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға  ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.   

Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ –  доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі  валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық  валюталық қордың  СДР-і (арнайы қарыз  алу құқығы) атқарады.   1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық  қауымдастық  елдерінде  жаңа  валюта  «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың  1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылы 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2 АҚША АЙНАЛЫСЫ

2.1 Ақша  айналысының сипаттамасы   

Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы”  мен “ақша айналысы”үғымдары  арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының   бөлінуін  қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс  қаражаттарының бөлінуін қарастырады.  

Информация о работе Акшанын мани