Айналым капиталы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 14:44, курсовая работа

Описание работы

Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4


КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ


Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.......................................................................................6


Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері.....................................10


Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары........................................................................17


ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ


ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі, мақсаты, мүлігі және капиталы......................................................19


Кәсіпорынның капиталын және мүлкін пайдалану тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.........................22


ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

kursovoi.docx

— 76.25 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ......................................................................................................................4 

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ  АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ  ТИІМДІЛІГІ
 
    1. Кәсіпорынның  айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.......................................................................................6
 
    1. Кәсіпорынның  айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің  көрсеткіштері.....................................10
 
    1. Кәсіпорынның  айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары........................................................................17
 
  1. ААҚ «ТҰК КАЗХРОМ» ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
 
    1. ААҚ «ТҰК Казхром» құрылуы және органдары, қызметі,      мақсаты, мүлігі және капиталы......................................................19
 
    1. Кәсіпорынның  капиталын және мүлкін пайдалану  тиімділігі, техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.........................22
 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................28  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          
 

 

кіріспе 

      Нарықтық  экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы  негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан  да, бұл деңгейде қоғамға қажетті  өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды  қолдану мәселелері кең түрде  шешіледі.

      Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі  оның қажетті айналым капиталымен  қамтамасыз етілуімен байланысты.

      Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне  тікелей қатысып, өндірілген өнімнің  өзіндік құнын анықтайтын маңызды  элемент болып табылады. Қаржы  менеджерлері үшін айналым капиталының  құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі  талдау және жоспарлау объектісі  болып табылады. Айналым капиталын  тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып  табылады, түптеп келгенде айналым  капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру  деңгейі олардың тиімді қолданылуының  маңызды факторы болып табылады.

      Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі  міндетті шарт - қолда бар айналым  капиталының болуы. Айналым капиталының  мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын  тиімді пайдалану көпшілігінде олардың  қажеттілігін анықтау болып табылады.

      Түрлі салаларда айналым капиталының  үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс  қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл  өндіріс кәсіпорындарына қарағанда  ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын  ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым  капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым  капиталын басқару және т.б.

      Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі  материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа  да еңбек заттары кіретін айналым  капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.

      Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады. Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.

      Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші  тарауда айналым капиталының  мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану  тиімділігі көрсеткіштері теориялық  тұрғыда қамтылған.

      Екінші  тарауда теориялық тұрғыны пратика  жүзінде, кәсіпорын мысалында талдау жұмыстары жүргізілді. Яғни ААҚ «ТҰК Казхромның» қызметі, мақсаты және оның айналым капиталының тиімділігін  көрсететін көрсеткіштері талданады.

      Үшінші  тарауда кәсіпорынның айналым капиталын  пайдалану тиімділігін жетілдіру  жолдары көрсетіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының  мәні, құрамы, құрылымы. 

      Үздіксіз  өндірістік  үдерісті  қамтамасыз  ету  үшін  негізгі  өндірістік қорлармен  қатар  оған  заттармен  материалдық  ресурстар  қажет. Еңбек заттары  еңбек  құралдарымен  бірге   үдерісіне  қатысып, олардың  құны өндірілетін  өнімнің материялдық  негізін  жасап,  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды.

     Өндірістік  айналым  капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен,  еңбек  үдерісімен   және  негізгі  өндірістік  қорлармен  тығыз  байланыста  болады. Кәсіпорынның  айналым   қоры мен  айналым  капиталы  түсінігін, оның  мәнін, қызметімен  құрамын   қарастырайық. Бұл түсініктер  барабар  ұғымдар  емес  екенін  естен  шығармау  керек. Айналым қоры  бұл  өндірістік  мүндетті, ал  өндірістің  өзіндік  құнының   негізгі бөлігі. Оның  негізгі  өндірістік  қорлардан  ерекшелігі  айналым  қоры  әрбір  өндірістік   толығымен  тұтынылып, өзінің  құнын  өндірілген өнімге толығымен  өткізеді.

      Айналым  қоры  өндірісте  пайдалануға  немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған  жартылай  өңделген  өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа  арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және  басқа да  материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры  мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.

      Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.

     Кәсіпорынның  іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі  міндетті шарт - қолда бар айналым  қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен  анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын  негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде  қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей  дайын өнімге апарады.  

     Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

     Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек  элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының  құрылымына талдау жасау және оны  жетік білу маңызды мәселелерінің  бірі болып саналады. Себебі, белгілі  бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын  қызметінің не ол, не бұл мезетін  сипаттайды.

     Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты  кәсіпорында айналым қаражатының  шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.    

     Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:

    • өндірістік айналым қорлары;
    • айналыс қорлары;

Кесте-1. Айналым капиталы

Айналым қорлары Айналыс қорлары
өндірістік  запастар Аяқталмаған өнадіріс Болашақ кезең  шығындары Қоймадағы дайын  өнімдер Жөнелтілген, бірақ  ақысы төленбеген тауарлар Есептеулердегі  ақша құралдары Ақша және т.б. қаражат айналымы
Нормаланған Нормаланбаған
 

     Өндірістік  айналым қорлары - өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

     Өндірістік  айналым қорларына шикізат, негізгі  және қосымша материалдар, комплекттік  бұйымдар, өндірісте аяқталмаған  өнім, отын, тара және басқа еңбек  құралдары.

     Өндірістік  айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

    • Өндірістік запастар. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
    • Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
    • Болашақ кезеңдердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.

      Айналыс қорлары - запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары. 

     Сонымен, айналым қорлары - бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.        

     Айналым капиталының қаржыландыру көздері

     Тузілу  көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге  бөлінеді.

     Меншікті айналым капиталы - бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т.б.) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады.Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.

     Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.

     Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.

Информация о работе Айналым капиталы