Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:51, курсовая работа
Агробизнес нарық экономикасының белді бөлігі. Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу және ұйымдастыру мемлекеттік деңгейде маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы бизнесті ұйымдастырушы және әр түрлі аймақтарда соңғы он жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы артқан жұмыстардың барысына бақылау көрсетіп келеді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру...................................4
1.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.................................7
1.2 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі бағыттары.................................12
1.3 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері.............................................................................15
2 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.......18
2.1 Тоқырау кезеңінде Қазақстан ауыл шаруашылығының
дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар......................................21
2.2 Қазіргі кездегі республика ауыл шаруашылығының
жағдайы...........................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................28
-табиғи аймақтардың потенциальдық биоклиматтық мүмкіндіктері;
-аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;
-ауыл шаруашылық
өнім өндірісінің тиімділігі.
Бағдарламада жергілікті
жағдайда азық-түлік және
өнеркәсіп үшін шикізат өндірудің тиімділігі,
сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін
сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері
ғылыми түрғыдан объективті және қатаң
түрде талданды.
Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Бұл Бағдарламаның орындалуы Республика агроөнеркәсіптік өидірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:
-материалдық-техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы;
-меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы;
-шаруа еңбегінің
мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске
қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа
тауар өндірушілер қалыптасу
кезеңін бастан өткізуде,
ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар
түбірімен реформаланбаған рынок
жағдайында кеңшарлар мен
ұжымшарлар бейімсіздік танытуда;
-нарықтык, қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымдарындағы консерватизм.
Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
1) меншік
қатынастарын қайта құру, жекешелендіру
тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты
дамытуды қамтамасыз
ететін көпукладты
экономиканы қалыптастыру
және агроөнеркәсіптік
өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі
экономикалық реформалар
бағытына түзетулер енгізу;
2) агроөнеркәсіп
кешенінің еркін баға
белгілеуге көшуін қамтамасыз
ететін тиісті қаржылық-несиелік
және баға жүйесін,
ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілер мен
өнім ұсынушыларды
мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері
мен әдістерін, монополист кәсіпорындар
өнімінің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны
тарту және
біріккен бизнесті
дамыту
мәселелерін жасау және жүзеге асыру;
3) тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы, баға конъюнктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру;
4) агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру:
- республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымының әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестендірілуі;
-ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану;
-агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру;
-қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру;
-экономиканың көпукладтылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
5) агроөнеркәсіптік
кешен араласатын
2.2 Тоқырау кезеңінде Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар
Тоқырау кезеңін камтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлык салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылык өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жылдары ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жүмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90 пайызға техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашыльшы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру бірқалыпты жүрмеді.
Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардын есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1 355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2 140-ка өсіп, республикада 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің коолеративтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді, бірақ осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан әрі жетілуін көруге болады- 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті.
Мал шаруашылығынын жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылык негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6 678,4 мың гектардың орнына IX бесжылдықта 8 824,6 мын гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. қойдың орнына тек кана 35 млн. қой болдьг. Оған шопанның ауыр еңбегіне немқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалыл кетуі үлкен әсерін тигізді.
Бір айтып кететін жай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал семіртетін алаңдар салынды, малды өсіріп, семіртетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаты 23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, семіртетін төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған «Жетіген», Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген «Ждановский», Орал облысында 5 мың басқа арналған «Правда» газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған «Шалқар» кешендері жұмыс істеді, Шошқа өсіріп бордақылайтын «Волынский» Қарағанды облысы кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.
Бірақ осы жылдарда мал шаруашылығын дамытуда келеңсіз жағдай қалыптаса бастады. Олай дейтініміз, туберкулез жөне бруцеллезбен ауырған мал кейбір облыстарда 95 пайызға жеткен. 1965-1985 жылдары 4,2 млн. сиыр, 55 млн. бас қой мен ешкі, 5,1 млн. шошқа өлген, ал әрбір 100 саулықтан небары 10 бұзау, 30-дан аса қозы, 69 торай алынған. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардын біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алып отырды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі бетімен жіберілді. Көліктің, элеваторлардың, қоймалар меы ыдыстың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20 пайыздан 40 пайызға дейінгісі ысырапқа түсті. Ауыл тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, баска жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Қаңырап калған кішігірім ауылдар қатары жүзден саналды.
Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады, қайта зиянмен жұмыс істейтіи шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 жылы ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26 пайызын, колхоздардың 4 пайызын қамтыса, 1985 жылы совхоздардың 53 пайызы, колхоздардың 49 пайызы зиянмен жұмыс істеді. Ауыл еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды.
Республиканың
жергілікті жерлеріндеғі ауыл шаруашылығы
өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін
арттыру бағытындағы кейбір ізденістер
басшы органдар тарапынан колдау таппады.
80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз
көп қайта құрулар, эксперименттердің,
бағаның, интеграция мен мамандандырудың
жана түрлерін және т. б. енгізу ауыл шаруашылғының
берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл
шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауға
алынып, аяғында келіп дағдарысқа көшті.
Істің жағдайын жаңа шешімдер қабылдау
жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтиже
бермеді.
2.3 Қазіргі кездегі республика ауыл шаруашылығының жағдайы
Қазақстан экономикасында, әсіресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екені белгілі. Бірақ осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулі дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі - ауыл шаруашылығы мен өнеркөсіп салалары өнімдері бағасының арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Мәселен, 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда К-700 маркалы трактордың бағасы - 1 287 есе, МТЗ-82 маркалы трактордың багасы-1 667 есе, астық жинайтын «Нива» комбайнының бағасы 2 050 есе, Дон-1500 комбайнының бағасы -1236 есе кымбаттады. Ал осыған қарама-қарсы астықтың сатылып алу барасы бар болғаны 148 есе, мүйізді қараның бағасы - 65 есе, қой - 62, сүт - 87, жүн - 66, құс - 127, жұмыртқа - 219, ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің бағасы - 116 есе өсті. Бұл деректерден өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы арасындағы алшақтықты айқын көруге болады. Ауыл шаруашылығына қажетті өнімдерге бағаның бейберекеттігінен техниканы, тыңайтқыш, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдар қолдану кауырт төмендеді.
Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының үлкен зардабы тиді. Бұрын 600-ден астам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шұғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей құс фабрикасы бар еді. Шошқа өсіретін, бордақылайтын өндірістік негізде дамыған бірнеше ірі-ірі кешендер жұмыс істеді. Халық жұмыртқамен, құс етімен толық қамтамасыз етілген еді. Шошқа етімен қамтамасыз етуге жететін мезгіл да алыс еместі. Тек қолбайлау болып отырған нәрсе - ол құрама жем өндіру болатын. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалу жағдайын бастан кешірді. Бағадағы былық бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудары берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру және тағы басқа жағдайлар, тұтас алғанда, ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Көптеген кеңшарлардың адамдары 1994 жылдың қаңтарына дейін теңгенің жүзінде көрмеді.
Құрама жемнің сапасының төмендігі мен бағасының қымбаттыры қүс пен шошқа шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқксататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жұмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркәсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған және баска да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуына күмөн келтірді.
Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік. Алайда, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты алғашкы үш жыл ішінде көп-көрім қалыптасқан саланың берекесі қалмады. 1992-1994 жж. қатарынан егістік дала жаңбыр болғанына қарамастан астық аз алынды, егіншіліктің байырғы мәдени дәрежесі төмендеп кетті. Гербицид пен минерал тыңайтқыштарды сатып алуға ақша болмай, уақытында жер жыртуға жанар-жағар май жетіспей қалған кездері жиі-жиі орын алды, дөннің сапасы (протеиннің, клейковинаның деңгейі төмендеп) нашарлады. Ал дән сапасы төмендесе, бағасы да төмендейтіні белгілі. Егін егетін жер көлемі екі еседен аса қысқарды. Осының нәтижесінде жиналған астық жөне одан алынған өнім азайды. Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Оны төмендегі деректерден байқауға болады:
Жылдар | Жиналған астық (млн. т) | Әр гект. алынган өнім (цент.) | Шитті
мақта (мың. т) |
Қант қызылшасыы (мың. т) | Картоп (мың. т) | Бау-бақша өнімдері (мың. т) |
1992 | 29,7 | 13,2 | 252 | 1160 | 2570 | 985 |
1993 | 21,6 | 9,7 | 200 | 843 | 2300 | 808 |
1994 | 16,4 | 7,9 | 208 | 433 | 2040 | 781 |
1995 | 9,5 | 5,0 | 223 | 371 | 1720 | 780 |
1996 | 11,2 | 6,5 | 183 | 341 | 1657 | 778 |
1997 | 12,3 | 8,7 | 198 | 128 | 1472 | 880 |
1998 | 6,3 | 5,6 | 161,6 | 225 | 1263 | 1079 |
1999 | 14,2 | 13,0 | 249,4 | 294 | 1695 | 1287 |
2000 | 11,5 | 9,4 | 287,1 | 272 | 1692 | 1543 |
2001 | 15,9 | 12,7 | 417,4 | 282 | 2184 | 1782 |
2003 | 16,0 | 12,7 | 360,7 | 372 | 2268 | 1857 |
2005 | 14,8 | 11,5 | 402,7 | 423 | 2308 | 1938 |
2006 | 12,4 | 9,9 | 467,1 | 397 | 2260 | 2059 |
2007 | 13,8 | 11,3 | 465,0 | 310 | 2520 | 2168 |