Агробизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:51, курсовая работа

Описание работы

Агробизнес нарық экономикасының белді бөлігі. Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу және ұйымдастыру мемлекеттік деңгейде маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы бизнесті ұйымдастырушы және әр түрлі аймақтарда соңғы он жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы артқан жұмыстардың барысына бақылау көрсетіп келеді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру...................................4

1.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.................................7

1.2 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі бағыттары.................................12

1.3 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері.............................................................................15

2 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.......18

2.1 Тоқырау кезеңінде Қазақстан ауыл шаруашылығының

дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар......................................21

2.2 Қазіргі кездегі республика ауыл шаруашылығының

жағдайы...........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................28

Работа содержит 1 файл

=агробизнес.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

  Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.

  Агроөнеркәсіптік  өндіріс пен агробизнесті жекелеген  сфераларға бөлу процесініц экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жыддары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та III сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жумыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Дәл осындай  жағдай нарықтық экономикасы дамыған  басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының  75  проценттен астамы ауылшаруа шылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия ел-дерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

  Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар ара-лығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің II сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

  Бұрыңғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

  Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру  мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл эко-номика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

  Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.

  Нарықтық  экономикаға барар жолдағы Қазақстан  Республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.

1.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары

  Қазақстан - 16,5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шар-шы километр) алады.

  Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциа-лы да бар.

  Ауыл  шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 3 6 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген еддердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1,5 миллион тоннаға жететін ет, 3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді.

  Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы (I - қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және «Манкентживмаш", „Актюбсельмаш" пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.

  Химиялық  өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі „Фосфор" өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басым Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск „өркениет" сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.

  Республика  агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (II- ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.

  Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (III - дайындау, сақтау және т.б.) тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады. 
 

    1.4 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері

  Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды  ерекшелігі алабөтен-топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100°С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының -барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

 Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді. Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді

  - республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр то- 
пырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таульі сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы  15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға 
жуық   гектар   топырақтың   эрозияға   ұшырауына   бейім жер,  50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіпті жер, оның ішінде  17,7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74   миллион гектардан астам сортаң  және кебір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер бар.

Республика  агроөнеркәсіп кешеншің тағы бір ерекшелігі- өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шарауашылығы    кәсіпорындары     егістік    жер     көлемі    жағынан кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда   алты   есеге   жуық   артық   болды.   Жалпы   өнім 
өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды   реформалауды   және   оларды   шаруа   (фермерлік.) қожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық үлгідегі        аграрлық        кәсіпорындарға      айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.

  Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері - мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90- жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды.   Осының   салдарынан   өндіріс   өнімі   көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрыңғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.

  Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс  шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда  129 метр, Украинада - 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.

  Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттык, аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 

    2 БӨЛІМ

    2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

  Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті   ұйымдық   құрылым   қаланып,   бірте-бірте   өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өидіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

  Республика  Президенті Н. Ә. Назарбаев „Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: „...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл ре-формалау келеді...". „Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы" Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

  Мемлекет  басшысының идеяларын, қабылданған  заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары „Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2006 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын" жасады.

 Оны жасау  барысы кезінде мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынды: 

  - егемен мемлекетті құру;

  -материалдық    өндіріс    сферасындағы    нарықтық қатынас заңдары;

-адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;

-жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажетсілігі;

Информация о работе Агробизнес