Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 04:54, доклад
Хакім Абайдың: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын,- деп, адамдық пен надандықтың аражігін ажыратып айтқан өнегелі сөзін Сіз бен біз бүгін қалай түсініп жүрміз? Оқыған, көкірек көзі ашық әрбір ел азаматы өз заманының ағымына, сол қоғамдағы орнына зер салып қарар болса, көп нәрсенің сыры мен ақиқатын аңғарар еді-ау. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деп, ел ішінде тобырлық ойлау жүйесіне тізгін беріп, экстремистік пиғылды тамырлатып, дін аралық қайшылықты қалыңдатқысы келетіндердің мақсаты не? Мақсаты- ел тыныштығын бұзып, бәтуәсіз бүлікті билікке бағыттап, дау-жанжалға ұластырып, бүтін мемлекеттің мақсат-мұратына жегі құрттай жік салып, елді мазасыз күйге түсіру.
Адамдық болмыс туралы қорыта айтар болсақ,күллі әлем жаһандануға иек артқан заманда, зерек пайымды қазақ баласы үшін өз халқының дәстүрлі салты мен дінінде, өнер алды- қызыл тілінде таусылмас мол қазына бар, ол – ІЛІМ қазынасы.Әйтсе де қасиетті ілімді өгей балаға айналдырып, кешегі рухсыз тәрбиенің құлдық психологиясынан толық айыға алмағандықтан, бүгінгі күні ғылым мен білімге бүтіндестіре, үшкілдестіре, табыстыра, жақындастыра, байланыстыра алмай отырмыз.Нұрлы ілім арқылы ғана ғылым мен білімге қанат бітеді, өрістей түседі, дамиды, дәстүрлі дініміз туралы қоғамдық көзқарасымыз түбегейлі өзгеріп, еліміздің сыртқы және ішкі саясатында ұлттық құндылығымыздың үйлесімді қорғанысы күшейетіндігі ақиқат.
Ұлттық болмыс үйлесімділігі.
Заманауи ғалымдардың пікірінше, адамдардың тарихи-әлеуметтік ортақ тіл, дін, мәдениет, ата мекеніне негізделген қауымдастығына ұлт, ұлыс деп атайтындығын білеміз.Осыны біле тұра, өз ұлтының құндылықтарынан тартыншақтайтын қандастарымыз қазақтың ұлт ретіндегі генетикалық тазалығын айқындайтын жеті ата, жүзге, руға бөлінуінен қорқатындығы ақылға қонымсыз.Әйтсе де, қазақ халқының ұлт ретіндегі, ұлттық болмысының үшкілі үш жүзге бөлінуден басталатындығын «қазақстандық ұлт» идеясының тасасына тықпалап, жасырынбақ ойнағанмен күнделікті қазақы қарым-қатынастың аясынан алып тастамай алмаймыз.Кейде ел ағаларымыздың Бәйтерек басында тұрып, халқымыздың сан ғасырлық менталитетімен санаспай, бүтін мемлекеттің басын құрайтын, жер иесі халыққа байыпсыз сөз айтатындығы түсініксіз.Бұл көзқарас- өз халқының мәдениетінен, тілінен, дінінен, ділінен хабары жоқ, ұлттық тағылым- тәрбие алмағандардың «толерантты» деген сөзді желеу етіп, өздерін саяси мәдениетіміз жоғары деп санайтындардың екі ұшты пікірі.
Дегенмен, қарға тамырлы қазақ халқының үш жүзге бөлінуінің сыры неде?Үш жүзге бөлінуінің өлшемі екі ағайынның арасындағы бахастан шығар берекесіздіктен арылу, тек үшінші ағайынның ақыл-кеңесі, бәтуәлі сөзі арқылы, нәтижесі бірлік пен ынтымақтастыққа ұласатын үйлесімді қарым-қатынас.Абайдың «Біріңді қазақ бірің-дос, көрмесең істің бәрі-бос» деп айтуының мәні де осында жатыр.Бабалар көрсетіп берген үйлесімділік жолы-өзге ұлттардың пешенесіне жазылмаған заңдылық.Тіпті, халқымыздың ет пісіріп, құрт қайнататын қазанының астына қояр үш аяқты темір ошағы -ұлт болып ұйысар, ортақ мәмілеге келер, ұлтттық бірлік пен татулықтың символы.Қазан- бас қосу, ортақ қазынаны пайдаланудың белгісі.Әрбір керегесі уықпен, уығы шаңырақпен ұштасқан қазақ отбасында бар өнердің асылы-сөз өнерін қасиет тұтуы ұлттық дүниетанымыздың жоғары саналы көрсеткіші.Халқымыздың сөз өнерінің иесі де, киесі де етіп, үш биді (Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би)сайлауы - ұлттық болмысымздың үшкілі, ақиқаттың өлшемі дала даналарының сөзінде, іс-әрекетінде тұрғанының дәлелі.Сол билеріміз сөзді қолдануда өлшемнен аспаудың даналық қағидасы етіп, «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» мақалын берік ұстанды.Билер «туралық» пен «туғаны жоқтық» арқылы әділдікті қалап- өз «мені», өз үшкілі, «хақ жолы деп әділеттілікке» бастар, Алланың сүйікті құлы әрі тура жолдың иесі атану-басты парызымыз деп білді. Ал,«туғанды» , «иманы жоқ» би атанған билер- өз «менікісіне» құл болып, өз үшкілінің үйлесімін тани алмай, «өзі үшін оттаған хайуанның» бірі атанды, имансыз өліп, ел есінен тез ұмытылды.Пайғамбарымыз Мұхаммед салли аллаһу алейһиссаламның : «Кімде ұят болмаса, онда иман болмайды» деген хадисі-біз талдаған халық мақалының мәйегі, ұлттық болмысымыздың өзегі.Қазақ халқының ұлттық қағида ережелерімен құрылған мұсылмандық сотта іс жүргізуде дәлелдің үш түрлі есепке алынған: 1.Өзі мойындау; 2.Куәлік беру;3.Ант ішу;Сонымен қатар, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, айыпкердің өз кінәсін мойнына алуы-дәлелдің ең бұлтартпас, шешуші түрі ретінде қаралған.Қасиетті Құран Кәрімнің «Ән-Ниса» сүресінің 65-аятында мұсылмандардың даулы мәселелерді өз туысы және жақын досына қатысты екеніне қарамай істі әділ де тура шешу бұйырылған: «Алланы ауызға ала отырып айтайық: өз іштеріңдегі жанжалға сені үкім етуге талап етпегенше, сенің үкіміңе көңілдеріндегі кәдіктен ештеңе қалдырмай сенбегенше және сені мүлде мойындамағанша, олар иманға келеді екен деп ойлама»Өздерінің әдеттік заң-қағидаларына сүйенген билер азаматтық құқықтың барлық тармақтарына араласып, ежелден-ақ сөзге тұрып, бас кессе де шындықты айтуды әдетке айналдырды.Билер халқына адал, әділ болды.Қасым ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолын үлгі тұтқан билер әрбір істі мәмілемен, екі жақты татуластыру жағын көздей отырып шешті.Билікті бабаларымыз Ислам дінінің шариғатына негізделген әдеттік заң қағидаларымен жүргізді.Тіпті, күнделікті қолданып жүрген «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген бір мақалы-ел ішінде ішкі үйлесімділік болған жерде, Хаһтың назары түсетіндігін, ішкі ісімізде алауыздық болған жерде, мемлекеттің ішкі тұтастығы бұзылып, сыртқы дұшпанның ықпалы күшейе түсетіндігін айтқан, дала даналығын меңгерген қазақтың саяси мәдениетінің жоғары екендігін дәлелдейтін асыл сөз орамы.
Нұрлы пайғамбарымыз айтқан хадистер,
сүннет амалдар-халқымыздың сан ғасырлық,
бай мәдени мұрасы ертегілерінде, дастандарында,
жырларында, мақал-мәтелдерінде, қонақжай
пейілімізде, тіпті тыйым сөздерімізде,
тал бесік пен жер бесік аралығындағы
салт-дәстүрімізде, елге ағарту жұмыстарын
жүргізген ғұлама-ғалымдарымыздың, ишан-мақсұмдардың,әулие-
Бүгінгі мемлекетті құрушы ел мен жер иесі қазақ ұлты болғандықтан, қанымыз бен жадымызда сақталған ұлттық құндылықтар, салт-дәстүріміз, тіліміз дініміз, діліміз,әсіресе, дәстүрлі Ислам дінінің нұрынан нәр алған адамдық және ұлттық болмысымыздағы рухани үйлесім - мемлекеттік үйлесімнің мызғымас тірегі болып қала береді.
Әбенов Ғалымжан Әбдірахманұлы
№101 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары