Рухани үйлесімділіктің өлшемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 04:54, доклад

Описание работы

Хакім Абайдың: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын,- деп, адамдық пен надандықтың аражігін ажыратып айтқан өнегелі сөзін Сіз бен біз бүгін қалай түсініп жүрміз? Оқыған, көкірек көзі ашық әрбір ел азаматы өз заманының ағымына, сол қоғамдағы орнына зер салып қарар болса, көп нәрсенің сыры мен ақиқатын аңғарар еді-ау. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деп, ел ішінде тобырлық ойлау жүйесіне тізгін беріп, экстремистік пиғылды тамырлатып, дін аралық қайшылықты қалыңдатқысы келетіндердің мақсаты не? Мақсаты- ел тыныштығын бұзып, бәтуәсіз бүлікті билікке бағыттап, дау-жанжалға ұластырып, бүтін мемлекеттің мақсат-мұратына жегі құрттай жік салып, елді мазасыз күйге түсіру.

Работа содержит 1 файл

РУХАНИ ҮЙЛЕСІМ.doc

— 83.50 Кб (Скачать)

Рухани үйлесімділіктің өлшемі

                                                                                                

Хакім Абайдың: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын,- деп, адамдық пен надандықтың аражігін ажыратып айтқан өнегелі сөзін Сіз бен біз бүгін қалай түсініп жүрміз? Оқыған, көкірек көзі ашық әрбір ел азаматы өз заманының ағымына, сол қоғамдағы орнына зер салып қарар болса, көп нәрсенің сыры мен ақиқатын аңғарар еді-ау. «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деп, ел ішінде тобырлық ойлау жүйесіне тізгін беріп, экстремистік пиғылды тамырлатып, дін аралық қайшылықты қалыңдатқысы келетіндердің мақсаты не? Мақсаты- ел тыныштығын бұзып, бәтуәсіз бүлікті билікке бағыттап, дау-жанжалға ұластырып, бүтін мемлекеттің мақсат-мұратына жегі құрттай жік салып, елді мазасыз күйге түсіру.Қазақ халқының бүтін болмысының өзі, бар асыл сөзі мен салт-дәстүрі осындай экстермистік көзқарасқа қарсы тұрар ішкі және сыртқы үйлесіммен құрылған.Осы рухани үйлесімділікті сақтау-өз ұлтын жан-тәнімен сүйер азаматтың басты парызы.Дегенмен, сол азаматтың адамдық болмыс пен ұлттық болмысты танып, ақыл-парасатқа салып,түйсініп алмай, ел туралы, тіл туралы, дін туралы, діл туралы сөз айтуы-ардың ісі емес екендігін жадынан шығармағандығы абзал.

Әркімнің мақсаты өз керегінде,

                                    Біле алмадым пысығын, зерегінде.

                                    Саяз жүзер сайқалдар ғапыл  қалар,

                                    Хақиқат та дін-дағы тереңінде.

 Хақиқат пен діннің сыры адамзат цивилизациясы жаратылмастан ілгері «кун фая кун» құдыреттілігінде жатқандығын аңғармаған, кешегі кеңестік материалистік философия «құдай жоқ», «ақирет жоқ», «дүние өздігінен жаратылған», «адамның арғы тегі-хайуан, маймыл» деп, адамның періштеден де ұлық бір жаратылыс иесі екендігін жоққа шығарар тұрпайы теорияны тықпалап, адамның психологиясына, жан-дүниесіне бір-біріне жау, күмәнмен қарайтын, өмірде өз қара басының қамын ғана ойлайтын, жалған дүниенің нәпсілік рахатына бөлейтін хайуаннан да бетер мақлұқатқа лайық тіршілікті күйттеп, адам бойына жоғары адамгершіліктің иммунитетін қалыптастыратын дінді қоғамнан ажыратып, ақиқаттың сырын тапқандарды абақтыға жауып, жер аударып, жазықсыз жандарды жер жастандырғанын қалай ұмытуға болады?Бірақ ғылыми-атеистік үкіметтің саясатшылары «коммунизмнің елесі» туралы том-том кітап жазып, адамдарды құдайға сенуден, ақиретке сенуден, жәннатқа сенуден қайтарса да, шынайы мүміндердің хикмет кеудесіндегі нұрлы діннің сәулесін сөндіре алған жоқ..Олар «құдай жоқ» деген қасаң көзқарастың астарында құдайдың барлығын білдіретін күштің жатқандығын сезді.

Әрбір саналы адам өз болмысы мен жаратылысы туралы ойланбай тұра алмайды.Бірақ сол ойымызға иелік етер бойымыздағы рухымыз бен нәпсіміздің салмағын өлшер имани таразымыз болмаса, дін туралы догмалық даңғаза жолға түсіп, шынайы рухани жол- ар ілімі мен адамгершіліктен адасып, нәпсінің некесіз ниетіне, үмітсіз ібілістің індетіне ілігіп, саяз жүзер саясаткерлердің сандырағына айналатындығымыз ақиқат.

Адамдық болмыс үйлесімділігі.

Абай Құнанбаев өзінің 38-қара сөзінде: «Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз - өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайды» деп осы дүниедегі  қандай да бір затты бөлшектей-бөлшектей келе соңғы өлшемі атом болатындығына сөзбен сілтеме жасаған.Сондай-ақ, ақын ғылымның ақыл мен қайратты жүрекке бағындыруы-әр нәрсенің өлшеуін білмектің мәні ,  өлшеусіздікке ұмтылса «..ішпек, жемек, күлмек, сүймек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жинамақ, мансап іздеп айлалы болмақ, алданбастық-бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар.Өлшеуінен асса боғы шығады» деп қазіргі қоғамда орын алып отырған келеңсіз жағдайлардың, арандатушы, дін араздық тудырушы әрекеттердің бет-пердесін ашып көрсетіп отыр.Ал шынайы ғылымның мақсаты – адамға өз болмысының өлшемін ақиқат мақсатпен тануға үйрету.Ғалым Ақжан Машанов «Әл-Фараби және Абай» атты ғылыми еңбегінде: «..Үшкіл өлшеу заттардың бет-бейнесін өлшеудің әліппесі деуге болады. Сол әдісті ғылымда Триангуляция деп атайды.Оның мағынасы үшкілдік өлшеу болып шығады.Заттардың жазық бетін бөлшектеу де кішкене бөлшек үшкіл түрінде болады.Өйткені үш ноқат арқылы бір жазық бет өткізуге болады.Сол себептен ерте заманда үшкіл деген сөз заттардың ең кішкене бөлшегі – атомы болып есептеледі» деп әлемнің жаратылыс сырын материалдық көзқарас тұрғысында түсіндірді.Физикалық заңдылық бойынша,  атомның өзі нейтрон мен протоннан тұратындығын мектеп қабырғасында оқып танысқанбыз.Дүниедегі барлық зат атаулы плюс пен минустың жұптасуы арқылы өрістеп, өршіп жаратылады.Бірақ адам баласы сол екі затты біріктіруші ҚАСИЕТТІ НҰРДЫҢ бар екендігін білмегендіктен, ТОЛЫҚ АДАМ атана алмай адасып жүр.Біз айтқан атом- бүтін материалдық әлемнің өлшемі.Бірақ адамда ілім болмағандықтан атомға қуат беріп тұрған нұрдың қасиеті мен сырын танымай, атомдық өлшемді өз нәпсінің құралына айналдырып, өзін әлемді билеуші, әділеттілік орнатушы атандырып, жер-әлемдегі барша адамзат атаулыға қоқан-лоққы көрсетіп, атом бомбасымен адамдардың өмір сүру бостандығы мен құқығына қысым жасап, өзіне бас шұлғытып, құлдық ұрғызамын деген даңғаза дағуалық пиғылы, лағынет қамытын көріп, бос қамытқа мың лағынет жаудырған, кейін сол қамытты өз мойнына ілген Ібілістің ізін қуғандардың өлшеусіз әрекеті десек қателеспейміз.Бұл ғаламға иелік тек-Аллаһ тағалаға ғана тән. Ғылымды осы саяси пиғылда дамытқысы келетіндер-«боғы шығудың» алдында тұрғандар.

Пайғамбарымыз Мұхаммед салли аллаһу алейһиссаламның хадисі бар: «Әуелі Аллаһ тағала менің нұрымды жаратты, менің нұрымнан бүкіл әлем жаратылды». Біз бұл хадисті мойындауымыз керек.Біздің ата-бабамыз осы хадисті мойындаған, кең далада қой бағып жүріп-ақ әлемнің әлімсақтан бергі жаратылысының сырын таныған, өлшеусіз әлемге, өлшеулі әлем иесі адамның ықпалын біліп, Құрани Кәрімдегі «әлемді жұп етіп жараттым», «рухпен әлемді басқарамыз», «шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық» деген аяттардың мәнін ұғынған.Бүгінгі батыс ойшылдары әлем төрт элементтен-от, су, ауа, топырақ- тұратынын тауып, бесінші элементті іздеуді белсенді жүргізіп жатқанда, біздің ата-бабаларымыз бірнеше ғасыр бұрын-ақ жайнамаздарына әлем он элементтен тұратындығы туралы схеманы сызып қалдырғанын санамыз енді аңғарып отыр.Алғашқы жансыз төрт материалдық элементке, жан берер рухани қуатты алты элементтің құпиясын білген бабаларымыз ел шетіне келген дұшпанға «Я, әруақ!» деп аттанып, өз халқының тәуелсіздігін қорғады.Яғни бұл әлем, қос қуатты күшті тартылысқа түсіріп тұратын, мүбәрәк пайғамбарымыздың нұры арқылы басқарылып отыратындығын түсінді.Пайғамбарымыздың нұры жер бетінде тіршілік ететін барлық адам баласының, тіпті барлық заттың бойында бар-нұр. Кейде біз сол нұрдың қадір-қасиетін білмей, тіршілігімізде нұрдың сәулесі түсер көңіліміздің айнасына пенделік пиғылмыздың ластығын жағып, адамшылық іс-әрекетімізден алыстап жатамыз.Әйтседе, бойдағы нұр азаймайды да, көбеймейді де.Сондықтан, әрбір саналы адамның фәни дүниеге келіп, дінді танудағы ұлық амалының бірі-қасиетті нұрды көкірек көзімен сезіп, өз затының атын АДАМ қоюдың ақиқат сырын ұғыну.Ал, біздің жаратылысымызға бас имеген, Аллаһ тағаланың әміріне қарсы шыққан Ібіліс, бойымыздағы мағнауи шайтан (ойымзға бөгде пікір, мағына қалыптастырушы деген мағынада), әр күні бізді тура жолдан адастырып, қасиетті нұрдан құр қалдырып, өлшеусіздікке өкшелеп салып, санамызға саңлаусыз өрмек тоқып жатқандығын біз кейде өз әрекетімізден болып жатқан амал деп қабылдаймыз.Бұл-қате түсінік.Бұдан адамның өзін-өзі танымауы келіп шығады.

Іздедім, таптым анығын,

Тастадым ескі, танығын.

Ақиқат нұрдың жарығын,

Жарылды жүрек көргенде,- деп, Шәкәрім  Құдайбердіұлы жырлағандай, адамдық болмысымыздағы нұрдың сырын танығандардың екі дүниеде мәртебесі жоғарылай береді.

Жер бетіндегі адамдарға қатысты ортақ үйлесімділік туралы Құран Кәрімнің «Фуссилат» сүресінінің 34–аятындағы: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды.Жаман қылықтыға жақсы ниетпен қара.Сонда саған өшпенділігі бар адамдар өзі бейне сырлас досыңдай болып кетеді» және «Рағыд» сүресінің 25-аятындағы: «Жер бетінде бұзықтық жасағандар қарғысқа қалады.Олардың соңғы орны-сұмдық жаман болады» деген мәңгілік ақиқаттың сырын, хикмет кеудесімен түсінген бүгінгі Ел Президентінің ғылыми-атеистік бағытқа негізделген, рухсыз кеңес үкіметі құлағаннан кейін, қаншама еліміздің жаны мен тәніне айықпас дерт әкелген атом қаруынан әлем алдында бас тартып, жаңа ғасырдың арнасында  рухани-адамгершіліктің қайнар бұлағы қасиетті  нұрдың сырын іздеген дәстүрлі дін өкілдерінің әр үш жыл сайын съезін Астандағы үшкіл Пирамиданың ішінде өткізуі - адамдық болмыстың өлшемі шектеулі, өлшеусіз Аллаһ тағаланы танудың, діннің адамзат баласына тигізер ықпалы шексіз екендігін танытудың айқын көрінісі.Биылғы съезде де Елбасы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларына арнап: «Достық жоқ жерде араздыққа жол ашылады.Ізгілік, рахым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдары санаға дарыту арқылы адамзатты тазарту қажет»,-деп қадап айтқан қағидалы сөзінен Құран Кәрімдегі барлық сүре,аяттарының басты ұстанымы-«сиротал-мустақимнің» яғни, тура жолдың сырын аңғаруға болады.Яғни «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайтындығының» өлшемі.Ал, діни экстремистер қазіргі әлемді, бір ұлтты, бір халықты, мемлекетті билеу - атом қаруын жасап байбалам салып, «бәйгеге» түсуді емес, адамзат баласының болмысын айқындайтын мәңгілік құндылық-дінді саясиландырып, адамзаттың ақыл-ойына бұғау салуды басты мақсат тұтты.Әсіресе, кеңестік бодандықтан босап шыққан, жетпіс жыл бойы дәстүрлі дініміз бен рухани тәрбиеден қол үзген халықты өз алдауына түсіріп, қаймағы бұзылмаған елге іріткі салып, ел тыныштығын бұзу- сыртқы дұшпандармен ымыраласып, ішкі ұлттық құндылықтарымыздың үйлесімділігін ыдыратқысы келетіндердің ымырасыз әрекеті деп қабылдауымыз керек.Іштен шыққан жау жаман.Мұсылман баласына мұсылманды қарсы қою да- үй ішіне үй тігуге бара-бар жат пиғыл.Мөлдір діннің тұнығын лайлап, саясатқа араластырғысы келетіндер Абайдың «Ескендір» поэмасындағы бойында ақылы мен қайраты бар, бірақ жүрек сезімі, аяушылық, кішіпейілділік, өзін-өзі танымаған, өзінің ішкі дүниесіне ой жібермеген, қанағат пен шүкіршілікті әдет етпеген Ескендірдің әрекетіне ұқсайды.Ақынның Ескендірді  «Алтын қақпаға», яғни шексіз әлемге кіргізбей, өлшемге негізделген қу сүйек оралған түйіншекпен тосқауыл қоюы – естілердің сөзін ескеріп жүрген жанға діннің ақиқаты тереңде, барша адамзат баласын жаратқан Аллаһ тағаланы шексіз жүрек махаббаты арқылы тануда жатқандығын ұғындырады.

Жүрек махаббаты тек асыл дініміз- дәстүрлі ислам дінінде тұрғандығын көкірек көзімізмен таныған барша зиялы қауымға, «Дәстүрлі ислам діні-қазақ халқының негізгі діні» дейтін қағиданы, басшылыққа алар уақыт туған тәрізді.Жүрек тазалығы, рух тазалығы-адамдық болмысымыздың темірқазығы.Адам өз ғұмырында нәпсіні тыю мен жүректі тазартудың асуларынан өтеді. Өйткені адам баласының жақсы қасиеттерімен жаман қасиеттері де оның бойында жаратылысынан бар құбылыс.Бұл фәни дүниедегі сынақ осыны қажет етеді.Олай болса, осы дүниедегі сынақтардан сүрінбей өту үшін бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерді жандандыру, өз бойымызға үстем қылу-адамдық парызымыз. «Нәпсісін жамандықтардан пәк тұтқан (заттық рухани кірлерден тазарған) сөзсіз құтылды.Ал оны жамандықтарға көмген әлбетте зиянға ұшырады» Құран кәрімнің, Шәмс сүресінің 7-10 аяттарында айтылғандай, өз жаратылысының нәпсісін тани алмаған Ібілістің алдауына, ащы зәһарына уланып, адамдықтан кетсе, ал қасиетті нұр арқылы адамдық болмысын танығандар, аяттағы «Өз жаратылысын танып білген адам Раббысын да танитындарға» айналатындығы сөзсіз.Сондықтан болар, сан ғасырлар бұрын-ақ, Ақсақ Темір Көреген бабамыз Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің маңдайына осы аятты сыны кетпес бояумен әрлеп жазып, өзіміз дүниеден өтсек те рухымыз сезер деп, келер ұрпақ жадында мәңгілік сақталар, даналық пен даралыққа толы қағиданы қалдыруды мақсат тұтқан тәрізді.Алайда, көп оқып,оқығанын көңілге тоқымаған, санасын тұрмыс билеген заманның адамдарында діннің гауһарын түсінерлік жүрек махаббаты болмағандықтан, асыл дінімізді материалдық пиғылдың құралына, күнделікті тірліктің талғамына, сағымды саясаттың шылауына айналдыруы өзегімізді өртейді.Дала мәдениетінің байыбына бара алмағандар туралы Елбасымыз өзінің «Дінде экстремизм жоқ» мақаласында: «...Кейбір жеке адамдар батыл да қалыпқа сыймас ой-өресі бірте-бірте тобырлық деп аталатын ойлау жүйесіне тізгін беруде, ондай ойлау жүйесі бойынша тұтас адамдар қауымы өздерінің өмір салттары мен әрекет-тірліктерін шектеулі ғана штамптар мен ұранға бағындыруда...Бүгінгі адам әрине, біздің ата-бабамыздан қарағанда анағұрлым білімді, алайда сонымен қатар, анағұрлым салғырт, әсершіл және штамптар мен ұрандар аясында ойлауға бейім»,-деп айтқан сөзінен бүгінгі «білімді» ұрпақтың тіршілік тамырының соғысы мен аяқ алысын дөп басып айтуы- көз жетпейтін жерге, көңіл көзі жетер көрегенділіктің белгісі деп білемін. Діни өшпенділік мен алауыздықты қоздыратын, сондай-ақ, адамдардың қауіпсіздігіне, өміріне, имандылығына,  құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез-келген әрекет – діни экстремистік әрекет.Мұндай діни экстермистік Қазақстан Республикасы мен заңдарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы мемлекет азаматтарына, әсіресе, жастарға өте сауатты түрде жеткізе білуіміз керек.

Елбасы айтқан тобырлық ойлау жүйесі-нәпсілік «МЕНІКІлік»ойлаудың шыңы, жемісі.Бұл ойлау-ел болашағы үшін қауіпті.Кейде адамның ойлануына өлшеусіз нәпсілік пен риялыққа негізделген еркіндік берілсе,ол ойлау еркіндігі- тобырлық ойлау жүйесіне айналады.Ал, рухани еркіндік- ақылы мен қайратына сүйенген саналы еркіндік.Бақилыққа кеткен ата-бабамыздан «анағұрлым» білімді болсақ та, көңілімізге бекіткен іліміміз болмағандықтан, бүтіндіктен гөрі  жарты кеш тірлікке күнде бой алдыратындығымызды байқай да бермейміз.Ілім дегеніміз-таным, түйін, көңілге бекемдік, байлаулық, ой ұшқырлығы, жоғары саналылық.Адамдық болмысымызды тану үшін тек ғылым мен білімді ғана алу- толық ақыл-ойды дамыта алмайды.Адам баласы ілім арқылы нұрланады, толығады.Бүгінгі жас ұрпақ ғылымға, білімге ғана мұқтаж емес, ілімге де мұқтаж.Ауыз әдебиеті арқылы бүгінгі күнге жеткен, 5-сыныпта «Әдебиет» кітабынан оқыған «Аяз би» ертегісі өз кейіпкері Жаманның оқыған ғылымы мен білімі болмаса да, ілімі болғандығын растайтын қызықты оқиғалар аясында, дала даналығынан сыр шертеді. Ертегіде Жаман ілімнің арқасында сан түрлі сынақтардан өтіп, Жақсы Адам, Қасиетті Адам атанады.Сол сияқты,адамдық болмысымызды тануда ілім болмаған соң, ғылымды түсінуге жасаған әрекет, саналы әрекет емес, құр «бахасшыл» бақталастықты қоздыратын, адамдықтан кетудің әрекеті болып шығады.Бақталастық - «өзі үшін оттаған хайуан» атанудың нәпсілік әрекеті.Сондықтан дінді бақталастық пен бахас арқылы тобырлардың әсершіл ұран мен штамтарға құрылған  ойлау жүйесіне салу -саяз жүзер саясаткерлердің, ібілістің індетіне шалдыққандардың жолына салумен бара-бар.Адамшылықтың қарызы үшін алған ғылым мен білімнің ілімге барып тоғысуы,өзін-өзі танудың, ақыл-ойды дамытудың саналы әрекеті.Осы орайда, дүбірілі дүниені таң қалдырған, исламдық мәдениеттің өкілі Елбасымыздың биылғы «Дағдарыстан шығудың кілті» мақаласы - материалдық дүниенің бахасшыл пиғылына былғанған әлемді, топан судан құтқарар Нұх кемесі тәрізді  ғылым мен білімді рухани ілімге тоғыстыратын, дағдарыстан шығып, адамшылыққа бастайтын тура жол іспетті. Бұл- «Адамдардың жақсысы-адамзатқа пайда келтіргені» деп, барша адамзат баласын бауырым деп сүюді насихаттайтын- дәстүрлі исламдық философияның басты ұстанымы. Осынау дара даналық пен даралықты ұғынбағандар пенділік «піскен жеміске тас өш» пиғылын ұстанып, ағысы терең дарияға тас атқан ақымақтардың соқыр әрекеті демеске лажың жоқ.Сондықтан да болар,ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед салли аллаһу алейһис салам ілім алғандардың ниеті үш нәрседе болса, тозаққа түсетіндігін қатаң ескерткен болатын:әуелі, алған ілімімен ғалымдарға мақтанбақ болса; екінші, ақымақтармен пікір-талас етпек болса; үшінші, елді өзіне қаратып алмақ болса;

Информация о работе Рухани үйлесімділіктің өлшемі