Мекемедегі іс қағаздар жүргізу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:13, реферат

Описание работы

XV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің соңғы бұрыңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастап өткереді. Бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орда шығыс бөлігін құраған құдіретті көк Орданың өзі қаққа жарылып, қазіргі Қазақстан шегінде қазақ ордасы аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3-4

1ТАРАУ
М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.

1.1. М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны...........................5-12

2 ТАРАУ
М.МАҒАУИННІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІНЕ ШОЛУ

2.1. XV-XVІІІ ғасырдағы ақын- жыраулар шығармасын М.Мағауин зерттеуі бойынша қарастыру...................................................................13-23

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................24-25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

Работа содержит 1 файл

1.doc

— 133.00 Кб (Скачать)

«Қобыз сарыны» он үш томдық «Шығармалар жинағының» құрамында, («Қағанат» баспасы, 2002. VIII т.) төртінші мәрте басылған еді. Әлбетте, қазір заман өзгерген, дүние кеңіген, ой-пікірге тұсау жоқ. Алайда жазушы жаңа басылымға ешқандай өцдеу, үстеме жасамады. Әрине, кезінде айтылмай қалған сөз, қыстығып қалған пікір бірталай болса керек. Алайда, жазушы жаңа сөз — өткенге түзету ретінде емес, өз алдына жеке лепес түрінде айтылуы қажет деп есептейді (мұның бірден-бір мысал — 1993 жылы Бұқар жырау туралы жазылған «Ұлт ұраншысы» атты шағын мақала). Тек бір-ақ жерде, кезінде қазақша нұсқаға өтпей қалған, өтуі мүмкін емес, алайда орысша аудармасына қосылған бір сөйлем қалпына келтірілді. Қолыңыздағы жаңа, бесінші басылым осы он үш томдық бойынша беріліп отыр.

«Қобыз сарыны», ондағы әдеби мұраға қатысты қаншама жаңалық, сол заман үшін мүлде тосын тарихи көзқарас пен өзгеше ұлттық сана, еңбегің

 

            17

өз тұсындағы ой-танымға әсер-ықпалы, бүгінгі күнге жалғасқан үлгі-өнегесі өз кезегінде болашақта қаншама соны зерттеуге ұйтқы болары күмәнсіз.

      Әлбетте, қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол  тартқан алғашқы қадамдарының өзінен- ақ кемел өре көркем келісімге жетуі заңды болса керек. Қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің  алғашқы өкілдері- өз кезінде бүкіл Дәшті-Қыпшаққа даңқы кеткен Асан Қайғы, Қодан – тайшы, Қазтуған жырлар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің  жалғасы деп те қарауға тиіспіз.Бұлардың біздің заманымызға жеткен шығармаларынан  Көк Орда ұлысындағы бүліншілік, қазақтаркөтеріле көшіп, тәуелсіз ту көтерген қилы кезең көрінісі бедер  тапқан. Сонымен қатар, халықтың өз кезіндегі елеулі тарихи оқиғаларға берген бағасы да танылғандай. Елге ұйытқы, ер- азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт- бағдырын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін де айқындап кетті.

       Кейінгі ұрпақ әулие танып,  аңыз  кейіпкеріне айналдырған,  ал  Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған  Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді. Ол көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында хандық үкіметті нығайту елдің қорғаныс қабілетін  арттыру қажетін насихаттайды. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті, Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді.

     Сақара  эпосын тудырушылардың бірі- ірі  эпик, ерлік жырлаған шығарушы  жорық жырауы, әрі нәзік лирик  болған Қазтуған өз артына  өмір туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан

     18

мазмұнды  туындылардан құралған мол мұра қалдырады. Қазтуғанның  біздің  дәуірімізге жеткен жырларытабиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта  туралы түсінігін  бейнелейді.  Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін, өзіндік сипатын танытады.

       Жыраулар поэзиясының дамып, өркендеуіне  Доспамбет пен  Шалкиіз өнернамалары   айрықша әсер етті.          

      Жорық жыршысы болған Доспамбет  жырау (1523 ж., өлген) шығармаларынан  ортағасырлық жауынгер көшпендінің  өр тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді, оның асқақ  рухы, берік дәті, өмірлік мұраты танылады.

     Көне  дәуірдегі қазақ әдебиетінің  ең көрнекті өкілі- Шалкиіз жырау ( шамамен 1465-1560) Өзінің ұзақ өміріндегі Дәшті-Қыпшақтың  төрт бұрышын түгел даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізеді.Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермейді, турашылдығынан танбайды. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлігімен, көзегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп  мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы- түз тұрғынының  дүние танымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері,моралдық, этикалық қағидалары айқын аңғарылады. Жырау дүниеде мәңгі, тұрақты ештеңе жоқ деп біледі. Әлем бір қалыпта тұрмайды. Сол сияқты, адам да тіршілікте талай қилы кезеңдерді өткермек. Шалкиіз ислам дінінің қағидаларын жақсы білгенімен де, ата- баба  дінін жоғары тұтқан сияқты, алла атынан гөрі тәңірі атына көбірек ден қояды. Жыраудың пайымдауынша, адамның адамдық қасиеті оның ата тегінде, қоғамдағы орнында емес, жеке  басының жақсылығы, жаманды сипатайды. Досқа адал, дұшпанға айбар, ағайын жұртқа мейірлі, туған елге қайырлы

 

                                      19

 

тиер жігіт  қана азамат атануға тиіс. Адам үшін ең қымбат нәрсе- Отаны. Жырау өнернамасынан ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да өзекті орын алады.

Қазақ халқы  ерлік күреске толы күн кешкен XVІІ ғасырдың біздің заманымызға  Жиембет, Марғасқа жыраулардың аттары жетті. Екеуінің де өмір жолы XVІІ ғасырдың алғашқы  жартысында, Есім хан тұсында болған тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жоршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа ұйысқан күшті феодалдық мемлекет құру туралы идеяларының ұраншысы қызметін атқарса, ел билеуші ірі шонжарлар әулетінен шыққан Жиембет жырау хан үкіметіне оппозицияда болады. Бұлардың екеуі де сөз өнерін жете меңгерген   арқалы жыраулар еді.  Марғасқа мен Жиембеттің біздің заманымызға жеткен санаулы ғана толғаулары XVІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының сын-сипаты, даму бағдары ежелгі арна, байырғы дәстүр ауқымында болғандығын танытады.

     XVІІІ  ғасырда әдеби өмір жандана  түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде  топандай басқан жоңғар шапқыншылығы  және ақтабан-шұбырынды, алмағайып  кезең, қырғын соғыстар мен  жеңісті жорықтар, саяси және  қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының  идеялық бағыт- бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті.

   Жоңғар  басқыншыларына қарсы күрес сарыны  әсіресе Ақтамберді жырау шығармаларынан  айқын көрінеді. Ақтамберді өз  толғауларында жау қолында қалған  жерлерді азат етер күнді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонуды, ойраттарға күйретте  соққы  беруді армандайды,жұртшылықты ерлікке үндейді, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді. Ақтамберді өнернамасындағы отаншылдық, патриоттық сарындар XVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт- бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады.

   Осы кезеңде  өмір сүрген тағы бір талантты  жырау Үмбетей (1706-1778)

Мұрасындағы жетекші  тақырып- сырт жауларға қарсы күресте  көзге 

                   

                                       20

түскен ел қорғаны батырларды мадақтау. Әсіресе жыраудың Бөгембай

батыр атына  қатысты жырлары халық арасына  кең тарады. Бұл шығармаларында Үмбетей  Бөгембайдың жеке басының ерлігін, қолбасылық қызметін, адамгершілік қасиеттерін, әсіре патриотизмін негізге ала отырып, халық бақыты жолындағы күрескер, ел тұлғасы- азаматтың биік бейнесін жасайды. Сонымен қатар Үмбетей әр түрлі  тақырыптағы тұрмыстық өлеңдерге де көңіл бөлген. Жырау  қазақ  ауылындағы барымташылдық, зорлықшылдық, ру таласы сияқты жарамсыз мінездерді сынайды.

   Үмбетейдің  замандасы, жорық жыршысы  болған  Тәтіқара ақын өзінің  1756 жылы  Қазақстан шегіне басып кірген  Цин әскерлеріне қарсы күрес  күндерінде туған жырларымен  аты шығады.   Қазақ халқының  шүршіт басқыншыларына қарсы  ерлік күресіне қолына қару алып қатысқан  Тәтіқараның ұрыс- соғыстар үстінде, от жалында  туған патриоттық мазмұндағы жырлары өз кезінде жұртты  тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдыруда игілікті қызмет атқарады.

  XVІІІ ғасырдағы  қазақ әдебиетінің  ең соқталы  өкілі- Бұқар жырау. Арқалы жырау, қабырғалы би  Бұқар өз тұсындағы қазақ  хандығының бас идеологы болады. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды.

   Бұқар  өзінің таңдаулы шығармаларында  қазақ қауымы үшін мәні зор  әлеуметтік мәселелерді көтерді.  Бұлардың ең бастысы- ел бірлігін ту ету, ішкі, сыртқы жаулардың қандайымен болса да бітіспес күреске үндеу. Бұқар Абылайға арнаған және халық атына қарата айтылған толғауларында Цин  империясының түпкі саясаты- қазақ  даласын  жалмап жеу     екендігін ашып көрсетеді. Ел шетіне енген  шүршіт әскерлеріне қарсы аяусыз күрес қажетін насихаттайды, шүршіт басқыншыларының осының алдында ғана еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін тегіс  қырып,

 

                                                 21

Жоңғар мемлекетін жер бетінен қалай жойғанын мысалға келтіреді. 

        Бұқар шығармаларынан жыраудың  өзі өмір сүрген қилы заман  келбеті айқын танылады. Хан –  сұлтандардың, ірі феодалдарының   әр жүзде, тіпті кейде жекелеген  руларда өз билігін жүргізбек  болған, ұлттық  мүддеге қайшы, баққұмар саясаты, ру аралық тартыстың күшеюі, заманның өзгеруіне байланысты адамдардың санасындағы құбылыстар- міне, осының бәрі де белгілі мөлшерде жырау өнернамасынан көрініс тапты. Бұқар қазақ қауымының ежелгі тұйықтықтан арылуға бет алғанын, көне патриархалдық қатынастар бұзыла бастағанын көреді, осының бәрі  болашақта жүзеге асар түбегейлі өзгерістердің басы ғана екенін түсінеді.

    Енді  бір топ өлеңдерінде  Бұқар  өмір мен болмыс, заман және  адам туралы толғанады. Табиғат  бір қалыпта тұрмайды дейді жырау. Ол өзгеріп, жаңарып отырады.  Айдын көлдер суалып, шөлге айналуы мүмкін, қу медиен дала  көкорай шалғынға бөленуі мүмкін: дүниеде мәңгілік, тұрақты ештеңе жоқ. Адам табиғаты да сондай. Адамның өзгеруіне, оның мінез- құлқының, моральдық қағидаларының өзгеруіне орай, қоғам да өзгеріп отырмақ дегенде мегзейді жырау. Дәстүрлік жыраулық поэзияның көркемдеу тәсілдерін жете меңгерген  Бұқар  жырауды көне  қазақ поэзиясының қорытынды түйіні іспеттес болды.

   XVІІІ  ғасырдағы ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері- Көтеш және Шал ақындар. Жарлы ортадан шыққан, өмір  бойы   жоқшылық тартып өткен Көтеш өлеңдеріндегі негізгі сарын- кедейлік тақсыретті, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен  мұрасы тақырыптық жағынан алғанда біршама бай. Бұлар: дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайы сөз етілетін философиялық- дидактикалық үлгідегі туындылар, көшпенділердің күнделікті өміріне, шаруашылығына қатысты тұрмыстық өлеңдер, жеке адамдарға арналған эпиграммалар, арнау жырлар мен әр түрлі жағдайда туған экспромттар. Жан- жақтылығы, өмірге жақындығы,

      22

елегезектігі, жыраулар поэзиясында қамтылмаған  жаңа тақырыптарға баруы Шал шығармаларының қазақ қауымының барлық саласына кеңінен тарауына ғана  себеп  болған жоқ, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтті, қазақ топырағында реалистік дәстүрдің өркен жаюына септесер алғы шарттар жасады. [4; 170-175 б]

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          23

                                 ҚОРЫТЫНДЫ.

   Әлденеше  ғасырлық   тарихы   бар  көне  қазақ   әдебиетінің   толыққанды   шежіресін    жасап  шығу- болашақтың  ісі.    Қазақ  әдебиетінің  алғашқы   өкілдері-  Асан  Қайғы, Қазтуған, Доспамбет,Шалкиіздер. Бұқар  жырау және  соңғы    дәуірдегі  қаламгерлер  творчествосы  осылардың  ақындық  өнерінің  тарихы, дәстүрлі  жалғасы  болып  есептеледі.

    Зерттеліп   отырған  ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлар  әдебиетіндегі  негізгі  жүкті    көтерген-  жыраулар  болды.  Жыраулардың  ең  сүйікті жанры толғау  еді.

Толғауларда  жырау  өзінің  өмір,  болмыс  жайлы  ойларын,  замана  жайлы  түйгендерін   айтады, белгілі  оқиғаларға  көзқарасын  білдіреді.    Қазтуған, Доспамбет т.б.   творчествасынан  көрінетіндей,  жыраулар  көне

дәуірде   жорық  жыршысы  болды. Әскери   жорықтарға  қатысу  жыраулар шығармашылығына  өз  сәулесін  түсірді:  жырау  поэзиясы   әдетте   өр  рух  романтикаға   жауынгерлік  пафосқа  толы  келеді.  Сонымен  бірге, жыраулар   қаһармандық  эпосты  жасау    және  оны тарату  ісінде   елеулі рөл атқарады.

    Айтылмыш  дәуірде қазақ   әдебиеті  өзіндік   даму  кезеңдерін  бастан  өткіргендігін   байқаймыз. Мәселен,  Қазтуған    шығармашылық  шырышы

бұзылмаған   табиғат  аясындағы  бала  мінез  көшпендінің   ой- өрісін көрсетеді,  оның  өзін  қоршаған  орта  жайлы түсінігін білдіреді.  Көшпендінің қиялының  байлығы, сонымен қатар,  балаңдығы   бізді таң  

қылдырады.  Қазтуған   жырларының   қасиеті  де  осында. Ал  Шалкиіз  поэзиясы    Қазтуған  шығармашылығымен  салыстырғанда  заманның  озуының,  әдебиеттің  дамуының  жемісі  іспеттес. Жырау  дүниеге  байқампаз  суреткердің   салқын    көзімен     қарайды.    Шалкиіз  жырларындағы  жоғары  көркемдік,  ықшамдылық,  ойнақылық,  сонымен қатар,  тереңдік-ХҮІ ғасырдағы  қазақ  поэзиясының  биік  өрені  жайлы 

 елес  береді.

                      24

 ХVІІІ ғасыр   әдебиетінің  көрнекті  өкілі   Бұқар жырау  өзіне  дейінгі   қазақ әдебиетінің  жақсы   дәстүрлерін  одан  ары  байытады.  Ескі  жыраулық  традицияны  ұстанған  Бұқар  кей  реттерде  көне  сүрлеуден  шығып   кетіп отырады.  Жекелеген   шығармаларында  ол  кейін  Абай  қазақтық  еткен еуропалық  поэзия  үлгілеріне   жақын  барады.  Бұл   жай  Шал  ақын  шығармашылығынан  тіпті  айқын  аңғарылады.  Шал  өлеңдері  арқылы  қазақ    поэзиясы  алға,  реалистік  әдебиетке  қарай  тағы  бір  қадам  жасады.

    Сөйтіп,  ескіде  өткен  ақын- жыраулар   шығармасының  бірімен- бірі сабақтас  екендігі, алдыңғы  ұрпақтан  соңғы   ұрпақ  үлгі  алып, олардың   жақсы  жақтарын  өрге  бастырып  отырғандығын  аңғарамыз. [3;182бет]

Информация о работе Мекемедегі іс қағаздар жүргізу тәртібі