Мекемедегі іс қағаздар жүргізу тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:13, реферат

Описание работы

XV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің соңғы бұрыңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастап өткереді. Бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орда шығыс бөлігін құраған құдіретті көк Орданың өзі қаққа жарылып, қазіргі Қазақстан шегінде қазақ ордасы аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................3-4

1ТАРАУ
М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.

1.1. М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны...........................5-12

2 ТАРАУ
М.МАҒАУИННІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІНЕ ШОЛУ

2.1. XV-XVІІІ ғасырдағы ақын- жыраулар шығармасын М.Мағауин зерттеуі бойынша қарастыру...................................................................13-23

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................24-25

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................26

Работа содержит 1 файл

1.doc

— 133.00 Кб (Скачать)

қаламгерді   әдебиетке   мол  дайындықпен   келген   деп   жатамыз.  Өз  басым  бүгінгі   қазақ    қаламгерлері   арасында   жастайынан   батыс   пен   

шығыс   әдебиетін   көп   оқып,  мол    қаныққан,  сол   арқылы    шығарма  

жазудағы   балаңдық,   шәкірттік   кезеңді   барынша    қысқартқан,  ілім- білімге   жетік   жазушы  деп Мұхтарды  бөліп айтар едім.

Мағауин -  ең   алдымен   прозашы,  үлкен  романист.  Әдебиетке   араласқан қырық  жылға   жуық   уақыт  ішінде   жазушы   қаламынан, ғылыми   еңбектерін    есепке   алмағанда,  ондаған  әңгіме  « Тазының   өлімі», «Қара  қыз», «Бір  атаның  балалары»  сияқты   повестер,  «Көк  мұнар»,  «Көк  балақ»,  « Аласапыран», « Сары  қазақ»,  «Шахан  сері»  романдары  және  «Мен»  атты   мемуар  туды.  Бұл  аз  ба,  көп  пе? Кейбір    жазғыштармен   салыстырғанда,  жұпыны   көрінуі  де  ықтимал. Бірақ,  жазушы  еңбегі  ешқашан   санмен   өлшенбейді.        

       Мүшелтой   үстінде  жазушы  қаламынан   туған   шығармаларды   бас- 

басына   талдау   міндет  емес.   Кезінде  соның   қай- қайсысы да жұртшылық жүрегіне  жол тапқан,  әдеби сыннан   әділ  бағасын   алған  

дүниелер.   Мұхтарды  кең   құлашты  романист  ретінде  танытқан, бүгінде 

                                                   9

дейінгі   көркемдік  ізденістерінің   биік  шыңы    саналатын  бас  кітабы-                                                 

«Аласапыран»  диологиясы.  Көтерген  тақырыбының  бұрын  із  түспеген  сонылығы  жағынан   болсын, жазушы   шеберлігінің  биікке  жол  тартқан  кемелдігі  жағынан  болсын, бұл  роман- әдебиетімізге    үлкен  олжа   салған   шығарма. 

 Әрине, «жалғыз   шапқан  ат  жүйрік»  дейтін  емес,  бізде  әр  жылдар.        жарық  көрген  тарихи  шығармалар  жеткілікті.  Ашығын  айтсақ,  солардың  көпшілігі- қатып   қалған  схема   бойынша, Қазақ   КСР тарихының  көне   оқулығына  иллюстрация  түрінде  жазылған  дүниелер.

Тәуелсіздіктен  кейін  тағы  бір  ұшқарыққа  тап  болдық.  Тарихи  фактілерді  белінен   басып,  әркім   өз  ұлысын,  өз  ата-бабасын  дәріптейтін  татымсыз  кітаптар  көбейді.  Мен  бір  мақаламда  «Аласапыранды»  қазақ  прозасындағы  ұлы   романдардың  бірі  деп  атағам. Қазір  де сол  пікірдемін.

       Сонау  Алтын   Орда,  Ноғайлы   дәуірінен  бергі  қазақ   хандығының  тарихын  терең   зерттеген  Мұхтардың  мол білімі  мен суреткерлік шеберлігі «Аласапыранда» жақсы үйлесім тапқан.   Көз алдыңыздан  XVI  ғасырдағы   қазақтың  азат  даласы,  Ібір- Сібірдегі Көшім хандығы, мұнаралы  Мәскеудегі  орыс  патшалығы ретімен   тізіліп өтіп  жатады.  Хан ордасы деген   не? Хан кім,  қалға кім?  Алаш  бегі,  ұлыс  бегі  деген  

кімдер?  Батыр ,  би,  сұлтан,  оғлан  дегендер   не  міндет  атқарады? Олардың  ішер   асы,  киген  киімі,  асынған  қару-жаруға   қандай?   Разы  болатынымыз: жазушы  осы  сұрақтардың  ешқайсысын  айналып   өтпей, белінен баспай,  білгірлікпен  дәл суреттейді.

      Сондай-ақ,  сол  дәуірдегі   Ресей  патшалығының   ішкі-  сыртқы  саясаты,  таяу  болашақта   Шығыс  Еуропа  мен  жарты   Азияның  қожасына айналғалы   тұрған  елдің  жан-жаққа  өлермендене  созған  ашқарақ  қолы,  Мәскеудегі   тақ  үшін  тартыс,  бәрі-бәрі  де  романда  өз  бейнесін  тапқан. Сүйсінерлігі,  осыншама  мол  материалды  қамтыған  қос 

                                                   10

томды  кесек  - шығарманы  оқығанда,  шұбалаңқылық,  не  оқиға                                 

селкеулігі   сезілмейді.

Себебі,  соның  бәрі  де   бас  қаһарман  Ораз-Мұхамет  тағдырына  қатысты  түрде,  негізгі  желіге  көгенделіп   берілген.

            Жалпы  Ораз – Мұхамет  бейнесі-  өзінің   қайталанбас трагедиялық      

болмысымен   оқушы  айнасында  өшпес  із  қалдыратын,  қазақ  прозасында  бұрын- соңды  ұшыраспаған, классикалық деңгейдегі,   аса  айшықты  тұлға.  Тағдырдың  айдауымен  жат  ортада  жүрген  осы  бір  асыл  текті  азаматты  жан    тартып,  жақсы  көріп  кететініз  сонша,  роман  соңында  оның  қазасы  суреттелетін  беттерді  көзге   бас  алмай, тебіренбей  оқу  мүмкін   емес.   

        Жаңылмасам,  жетпісінші  жылдардың   соңын  ала,  Мұхтар  Мағауин   бір  топ  әдебиетшілермен  бірге « дөңгелек   үстел»  басында  отырып: Қазақ романы  XX  ғасыр  соңында  дүние  жүзін  жаулап  алады  деген  болжам  айтып  еді.   Жазушының  сол  болжамы  орындалды   дейміз  бе,  әлде  сәуегейлік  күйінде  қалды  ма?

      Біздің  ойымызша,  Мұхтардың  бұл  сөзі  де  шындықтан  тым  алшақ  кетпеген    секілді.  Бұл  күнде  қазақ  романы  озық  елдер  әдебиетін  қуып 

жеткені  рас.  Ал  кітабымыз   дүние  жүзін  «жаулап»  алмаса, оған  қазақ  романы  жазықты  емес,  асылымызды  таныта  алмаған  кінә  өзімізде.   Қазір  дүниеде  шекесі  шылқып  тұрған  әдебиет  бар  ма?        

 Сонымен,  алдымызда  жаңа  ХХІ ғасыр   тұр.  Ол бізге  жаңалық   болғанымен,  арыдан  келе  жатқан  қазақ  халқы  мен   қазақ   әдебиеті үшін 

көп  бекеттің  біріндей  ғана.  Көш  керуені  әлі  тоқтаған   жоқ.  Соның  алдыңғы  легінде  көш  бұйдасын  соза  тартып  Мұхтар   Мағауин  кетіп  барады.[2;   24-25 бет]

    М.Мағауин  XV-XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген.     Содан кейін   Қазақ ССР ғылым академиясының М.Әуезов  атындағы   әдебиет   және  өнер  институтында  аға ғылыми  қызметкер болған.  ХҮ-

              11

ХҮІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  қазақ  ақын- жырауларының  бір томдық  жинағы  «Алдаспанды»  шығарды. Ең  алғашқы  1958 жылы  жарық көрген « Қобыз сарыны» деген   әдеби зерттеу кітабы  әдебиетіміздің  тарихын   үш  ғасыр ары жылжытқан,  қажырлы да  қайратты  еңбек болды.  Шалкиіз,  Қазтуған,  Асан  Қайғы, Бұқар жырау,  Ақтамберді   сияқты  баба  жырауларымыздың бүгінгі ұрпағымен қайта табысуына   үлесі мол.

    Халқымызға   кеңінен  танымал  суреткер  лайықты  бағасын  алған   талант. Әу  бастағы   ғылыми  зерттеулерінен  «Әйел махаббаты», «Тазының  өлімі», «Көк  мұнар»  тәрізді  алғашқы  жылдардағы  көркем  әдеби  туындыларынан  бастап  түп- түгел  оқырман  назарында   жұртшылық  аузында.  Көбінесе,ақындар   пешенесіне  ғана  жазылған  бұл  танылмайдылық   қара  сөз  шеберлерінің  үркердей  ғана  тобының  еншісі  екені  де  шындық.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            12

 

                                  2 ТАРАУ 

                   М.МАҒАУИННІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІНЕ  ШОЛУ

   2.1. XV-XVІІІ  ғасырдағы ақын жыраулар шығармаларын М.Мағауин зерттеуі бойынша қарастыру.

   Жазушы  М. Мағауин дегенде,  тіл  ұшына  соның  бәрінен  бұрын  «Қобыз  сарыны»  орала   береді.  Ол  да  заңдылық  оқырман  үшін     бұл   қаламгер    Иә, иә...   қазақ  әдебиетінің  тарихын  үш  ғасыр  әріден  зерделеген  «Қобыз  сарыны»  монографиясы  мен  атышулы репрессия  психологияның  белгілі  дәрежедегі  үлгісін  түсірген  «Болезнь  Боткина»  әңгімесіне  дейінгі  күрделі  күрес  жол.  Қазір  де библиографиялық  сирек  басылым  қатардағы  «Қобыз  сарыны» монографиясы қаламгердің  тасы  басылған   тұңғыш   дара кітабы.

      «Қобыз  сарыны»  1968 жылы жарық  көрген,  ХV-ХVІІІ ғасырларда 

қазақ  жырауларының  творчестволық- тарихи  тұлғаларын  нанымды  нақты  сипатталған  бұл  зерттеу  жазушының    ғана   тырнақалдысы  емес, 

қазақ  әдебиеті   тарихындағы  профессор   Бейсенбай Кенжебаев мектебінің  бір белесті кезеңінің басы,  басты құбылысы  болатын.  Бұған қоса  сол тұста шыққан  әрі зерттеу, әрі хрестоматиялық  оқулық  «Ертедегі әдебиет нұсқалары»  да  оқырман есінде.  Сөйтіп,  қазақ әдебиетінің тарихын   үш  ғасыр  тереңдей  түсті, үш  ғасыр  әрі  жылжыды...

  Қазақ   әдебиетіне  қаншама  соны  сарын,  тың  беттер, тұлғалы   ақын- жыраулар  қосылды.  Ақындық   өнердің  жеті қат  көктің  төріндей  қаншама  шырқау  қабатары  ашылды...   Ендігі  биіктен  көз салғанда қазақ поэзиясы,  зерттеуі  тарихындағы бір қайта өрлеу   кезеңі  сол екен.  Сол тұста сол ізденістің     бұл   ортасында зерттеуші,  жазушы  М.Мағауин таланты,  қызметі ерекше  оқшауланып   көрінді.  Халық   әдебиетіне  деген соншама  жанкешті  махаббат,  халық  жырларының  сиқырлы 

 

              13

сырларына   құштарлық,  жалпы   мәдениетінің   халықтың  рухына іңкәрлік  қаламгер,  талантының бұдан  кейінгі  өмірлік  кредосына  айналғандай. «Қобыз   сарынынан»  басталады.

          М.Мағауин  творчествосы  турасында  ғана  емес,  басқа  да  бірқатар  

қаламгерлеріміз  тарих- тағдырдың  қайбір  күңгірт  парақтары  тұмшалаған  сайын,  асылдарымызды  әркез   еске  түсіріп,  ауызға  алып,  ақы  мен  де,  көзсіз  тәуекел мен  де  ел  құлағына салып  отырмағанда, әдеби  процестегі  бүгінгі  жанару,  ағарту  болар  ма   еді,  болмас  па  еді,  кім  білсін.

         Тарихи  тақырыптағы  шығармалары   ғана  емес,  жазушының   бүкіл  

туындыларында  ұлтымыздың  кешегі- бүгінгі  психологиялық, материалдық дара  белгілері саурап  жатыр. «Қара қыз»,  «Бір  атаның  балалары» повестері сияқты   күні  бүгінгі тақырыпқа арналған  туындыларын еске  түсіреміз.[5; 16-17 бет]

«Қобыз сарыны» - Мұхтар Мағауиннің жиырма бес жасында  тәмам болған екен. Алғашқы елеулі шығармасы және қалай, қанша жазса да, бірегей әрі мәнді еңбегі болып қала бермек.

XV-XVIII ғасырларда, яғни Қазақ Ордасы заманында жасаған ақын, жыраулардың мүлде дерлік ұмытылған, көбіне көмескі тартқан, қазақ-совет әдебиеттану ғылымынан мүлде аласталған һәм тыйым салынған мұрасын жинақтау, қайта тірілту бар байыбын айғақтап, жан-жақты зерттеуге түсіру тарихы, бұдан соңғы зобалаңдар жайы жазушының «Қия жолдар» роман-естелігінде көрініс тапқан. Бір сөзбен ғана қайырсақ – көне мұра, ұлт мәдениеті, болашақ бағдар үшін күрес…

Ежелгі түрік  дәуірінен бастау алатын қазақ әдебиетінің  мың жарым жылдық дәйекті тарихын  қалпына келтіру мәселесін алғаш  көтерген – профессор Бейсенбай  Кенжебаев еді. Ақыры көкезу дауға  айналды. Әлбетте, түрік текті халықтардың бәрінің де әдебиеті Түрік қағанаты, тіпті, одан да бұрынғы дәуірлерден бастау алатыны – Одақтық, ел алдымен орыс

                   14

түркологиясында шешімін тапқан мәселе, ерте ме, кеш  пе, қазақта да мойындалуға тиіс; мұндағы дүмшелердің ең басты  қарсы дәлелі – Алтын Орта дәуірінің әдебиеті үзілген XV ғасыр мен біздегі, XVIII ғасырда жасаған Бұқар жыраудың арасында ештеңе жоқ, яғни тарихи және дәстүрлі жалғастық туралы да сөз болуға тиіс емес деген долбар еді.

Профессор Бейсенбай  Кенжебаев өзінің университеттің алғашқы курсынан бастап қамқорлыққа алған жас шәкіртін аспирантураға түсіреді де, осы XV-XVIII ғасырлар аралығын зерттеуге міндеттейді.

«Қия жолдарда»  айтылғандай, бірінші жыл қармаланумен өтеді. Екінші жылдың ортасында әлденендей сәуле көрінеді, бұдан соңғы жарты жылда бар дерек жиналып бітеді. Жазу – аспирантураның соңғы, үшінші жылданда басталыпты – 18 қазаң, 1964, Шал ақын. Бес күнде тәмам болады. Бұдан соң, деректерді жинаұтаған, ой қорытқан үлкенді-кішілі үзілістермен жұмыс бірқалыпты жылжи береді. 5 маусым, 1965 – диссертация, яғни болашақ «Қобыз сарыны» монографиясы тәмам. Ғылыми жұмыстарға тән жалпақ кіріспе тарау, жан-жақты дәйек, сілтемелерімен қосылғанда, мәшіңкеге басылған 285 бетке тартыпты, мұның сыртында қазақ тарихы мен мәдениетінің арғы-бергісін, тақырыпқа қатысты қатысты теориялық еңбектерді түгел қамтыған, тура 33 беттік әдебиет тізімі бар… Жұмыс ғылыми жетекшінің мақұл, ризашылығынан соң,  II  қазан күні кафедрада талқыға түседі. Бес жыл университет, үш жыл аспирантура – көз алдарында өскен жас балаға, қазақ  әдебиетінің  бұған дейін белгісіз болып келген, тұтас бір дәуірін айғақтаған зерделі еңбек ұсынып отырған жас ғалымға ақсақал, қарасақал ағалары – бүкіл қазақ әдебиеті кафедрасы тарпа бас салыпты. Иә… бұл туралы да «Қия жолдарда» жазылған.

Кітап жайына көшсек, арада үш апта толмай, талайын алыстан  таныған Ғабит Мүсіреповтың жебелеуімен  «Қазақ әдебиеті» газетіне сын бөлімнің меңгерушісі дәрежесінде қызметке орналасқан жас жігіт диссертацияның

      15

ғылыми аппаратын жеңілдетіп, «Жазушы» баспасына «Қобыз сарыны» деген атпен алғашқы кітабын ұсынады. Қолжазба алдағы 1966 жылдың тақырыптық жоспарына ілінбейді. Келесі — 1967 жылдың жоспарына да сыймай қалады. Ендігі үміт — 1968 жылда...

Бұл екі ортада қаншама бейнеттен соң диссертация да корғалады — наурыз, 1967. Ол кезде диссертацияның қорғалуы — қажетті ғылыми атақ қана емес, айтылмыш тақырып та ресми түрде, саяси тұрғыда бекіді, шатағы, кілтипаны жоқ, рұқсат деген сөз. Басқа рұқсаттар да ретімен келіп жатқан. Еңбек түгелге жуық, түгел болмаса да, негізгі бөлігі, басты тұрғыларымен жарияға шыққан — он бес мақала. Әйтсе, де, кітаптың жолы жабық еді- ескілікті тақырып, әдебиет тарихы... Ақыры, оның да сәті түседі. 1967 жылы, көкек айының соңғы күндерінде «Жазушы» баспасына Ілияс Есенберлин директор болып келеді. Арада апта өтпей, Мұхтар Мағауин де баспаның орынбасар бас редакторы қызметіне шақырылады.

Бұдан соңғысы оңай болыпты. Дайын тұрған қолжазба арынды жаңа директордың алқауымен алдағы жылдың тақырыптық жоспарына енгізіледі, көп ұзамай, өндіріске әзірленіп, қыркүйекте терімге түседі; жаңа жылдың екінші айында басылып шығады.

       «Қобыз сарынының» жарыққа шығуы қазақ руханиятындағы көмескіні айқындаған, тың серпіліске, жаңа өрістерге жол ашқан ерекше оқиға болды. Кітап қазақ зиялылары тарапынан (Б. Кенжебаев, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, Қ.Бекхожин, Р.Сланов, М. Ғабдуллин, Р. Бердібаев, Б. Ысқақов, т. б.) мейлінше қолдау тапты, ағымдағы баспасөзде жоғары бағаланды.

«Қобыз сарыны» 1970 жылы орыс тіліне аударылды (П. Косенко, «Жазушы» баспасы). Алғашқы басылымнан соң, арада ширек ғасырға тақау уақыт өткенде «ғасырлар бедері» біртомдығының құрамында екінші қайыра жарияланды. 1992 жылы «Қазак хандығы дәуіріндегі әдебиет» атауымен, жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық ретінде

                                 16

үшінші мәрте басылды.

«Қобыз сарынының» ізін ала, ондағы ежелгі ақын-жыраулар мұрасы жинақталған «Алдаспан» антологиясы баспаға дайындалған еді. 1970 жылы жарыққа шықты. Кітап жұрт алдыма жетіп, жаңа тарай бастаған кезде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің (С. Имашев, М. Есенәлиев) шұғыл нұсқауы бойынша тұқынға алынып, көп ұзамай бар тиражы жиналып, пышаққа жіберіледі. «Алдаспанның» күзелген, қысқарған жаңа нұскасы келесі, 1971 жылы қайыра басылады. Арада бірталай заман озғанда бұл кітап «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) жинақтарына ұласты. 1993 жылы «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, хрестоматия» атауын жамылып, толығымен қайыра басылды. 1978 жылы Ленинградта орыс тілінде шыққан «Поэты Казахстана» атты алты ғасырлық антологияның бастапқы, ең сүбелі бөлігі де сол «Алдаспанды» қайталайды.

Информация о работе Мекемедегі іс қағаздар жүргізу тәртібі