ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 13:38, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын кәсіпкерлік Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын кәсіпкерлікті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамыту мүмкіндіктері» тақырыбын таңдадым.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
‌I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі..................................5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы.......................6
1.3. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері............................................8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ..................................................14
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы...................14
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты......................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................23
‌‌‌‌ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................24

Работа содержит 1 файл

Шағын бизнес-Курстық жұмыс.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

Төртінші қабылданған «2001-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасыда» өзінің өзгерістерін алып келді.

2002  жылдың мамырында мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау шараларының жоспары енгізілді және кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік әрекеттерді лицензиялау жүзеге асты. 2002 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының өкіметінің №716 жарлығына сәйкес Қордың жарғылық капиталын өсіруге 22 716100 АҚШ долларына бағаланған сомма бөлінді. Шағын кәсіпкерліктің республикалық ақпараттық-жәрмеңкелік орталығында web-сайт ашу және шағын кәсіпкерліктің сұрақтары бойынша ақпараттық мәліметтер базасын құру жұмыстары атқарылуда. Бұл жылдары шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайыз және 2002 жылы 113 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).

«2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» қабылдаудың механизмі және негізгі бағыттары шағын және орта кәсіпкерлік үшін салық салу жүйесін жетілдіру, инвестициялық қолдаудың және қаржылық-несиелік жүйелерді дамыту, инфраструктураны дамытуды одан ары қарай жалғастыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын жүйелеу және жүйелендіру болып табылады.

2005 жылдың 12 мамырында өкіметтің №450 жарлығына сәйкес 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамытуына бағдарлама бекітілді, оның негізгі мақсаттары және міндеттері институционалдық шарттарды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін көтеруге бағытталынған, шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің іс-әрекеттерінің аясын максималды кеңейтуге және олардың әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады. Бұл 2005 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 138 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).

Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек[9].

 

2.2  Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламалары

 

Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына   жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды.

Шағын кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсетуге келсек, Қазақстан Республикасының үлттық банктің оперативтік мемлекетері бойынша ағымдағы берілген несие портфелі 24298,8 млн. теңгені құрады. Қысқа мерзімді несиелердің үлесі 74 пайыз, ал орта және ұзақ мерзімді несиелердікі 26 пайыз. Шағын кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсету мақсатында Республикада «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ құрылды.

2000 жылдың басынан бері жұмыс істейтін өңдірістерді дамыту бойынша   1722 жобаны  қаржыландыру үшін жоспарланып отырған 5189,5 млн. теңгеден 5372 6 млн теңге сомасында несие қаражаты бөлінді, ол 103,5% құрайды, нәтижеде қосымша 19743 жұмыс орындары ашылды.

Жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін ақша қаражаттарының ең белсенді түрде берілуі Алматы мен Қостанай облыстарында болды. Бұл жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткіштердің тиісінше 44%-ы немесе 2393,5 млн. теңге және 30,2%-ы немесе 1624,7 млн. теңге сомасында несие қаражаты берілді. Оның үстіне бұл аймақтарда ашылып жатқан жұмыс орындары санының жоғары екендігін атап кету қажет. Алматы облысында жоспарланған 478 жұмыс орнының саны 9868-ге, ал Қарағанды облысында жоспарланған 742 жұмыс орнының жеріне 2640-қа жетті.

Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікгі деңгейде дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға - нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден,                   бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.

Шағын кәсіпкерлікті басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде  шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.

 

 

 

 

Республикалық мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының құрылымы

 

Қазақстан Республикасындағы мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы

 

 

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық қосалқы бағдарламасы

 

Қамтамасыз етуші қосалқы бағдарламалар

 

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Солтүстік Қазақстандық бағдарламасы

 

Нормативті құқықты қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Батыс Қазақстандық қосалқы бағдарламасы

 

Қаржымен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламасы

    

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Шығыс Қазақстандық қосалқы бағдарламалары

 

Материялдық –техникалық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Оңтүстік Қазақстандық қосалқы бағдарламалары

 

Кадрмен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Ақпаратпен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1.Бағдарламаның концепциясын қалыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу.

2.Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы вариантты таңдау.

3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын кәсіпкерлік жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.

Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын кәсіпкерлікті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.

Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын кұру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту,  елді экономикалық   дағдарыстан   шығаратын   маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі — мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтылайтындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты - аймақта шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудын орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру;  аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

Тереңірек негіздеу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне қажеттіліктерді белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік  қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес каражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің., шағын кәсіпкерлікке тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып табылады:

1.Кәсіпкерлердің әртүрлі мақсаттарын және мотивацияларын, шарттарын ескере отырып шағын және орта кәсіпкерлікті сегменттеу арқылы мемлекеттік қолдаудың деңгейін бөлу, ол үшін алдымен кәсіпорындарды микро, шағын және орта топтарға заңды түрде бөліп алу.

2. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына және оның мәртебесінің заңды  тұлғаға өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын болады.

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті шаруашылық-кооперациялық жүйеден жоғарғы психологиялық деңгейдегі ірі кәсіпкерліктің лидерлігіне өткізу мақсатында копоративтік басқару қағидаларын тәжірибеде қолдануды кеңейту болып табылады.

Информация о работе ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы