ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 13:38, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын кәсіпкерлік Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын кәсіпкерлікті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамыту мүмкіндіктері» тақырыбын таңдадым.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
‌I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...................................................................................5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі..................................5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы.......................6
1.3. Шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері............................................8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ..................................................14
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы...................14
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты......................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................23
‌‌‌‌ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................24

Работа содержит 1 файл

Шағын бизнес-Курстық жұмыс.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

Шағын кәсіпкерліктің дамуы республиканың барлық азаматтарына қатысы бар күрделi әрi көпқырлы iс. Пәрмендi де оңтайлы қаржы институттарын құрмайынша шағын кәсіпкерлік пен орта кәсiпкерлiктi қолдау, оған демесiн болу мүмкiн емес. Өмiр көрсетiп отырғанындай, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi бұрынғы мемлекеттiк қор қызметiнiң басты қателiгi оның қаржысының чиновниктiк құрылым арқылы бөлiнуiнде едi.

Республика Президентiнiң “Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдауды және оның дамуын жеделдету шаралары туралы” Жарлығы материалдың өнiм өндiру мен айналысатын кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық және кеден салымына байланысты жеңiлдiктер беруді көздейдi. Экологиялық тұрғыда қолайсыз және бару қиын шалғай аудандарда өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпорындарға аумақтық жеңiлдiктер жасау, олардан салық жинамау, ауылдық жерлерде өнiм өндiрумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететiн шағын кәсiпорындарды салықтан мүлде босату қарастырылған. Олай болса, заңдық база, оған қоса жеке және шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мемлекет тарапынан көмектесу әсiресе өндiрiс саласындағы шағын кәсiпкерлiктiң iлгерiлеп өрге басуына жол ашады.

Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған кооперативтер орнына шағын, сонан кейiн жеке кәсiпорындар келдi. Дегенмен жүргiзiлген талдау көрсеткендей, экономиканың жеке секторының, әсiресе шағын  кәсiпкерлiктiң 1990 жылдың басымен салыстырғандағы қазiргi жай-күйi күрделiрек. Iс жүзiнде кооперативтердiң 1994 жылы өндiрген тауар көлемi 1993 жылмен салыстырғанда 19,3 процент кемiдi, ал жаңа мерзiмде сауда – саттық және делдалдық қызметпен айналысатын жеке кәсiпорындар саны 3,2 есеге өстi[3].

Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден, заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал. Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен, чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.

Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.

Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы зор.

 

1.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктері

 

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдарының кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар.

Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын кәсіпкерлік бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан да көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен кәсіпкерлік саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын кәсіпкерлік саласынан келуде. Басқа қайнар көздегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.

Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлық дерлік шағын және орта кәсіпкерлік болуы кездейсоқтық емес. Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн. Адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:

   өндірісте, құрылыста және шаруашылықта – 50 адамға дейін;

   саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адамға дейін;

   көлік және байланыста – 25 адамға дейін;

   ғылымда және жаңартпашылдық қызметте – 20 адамға дейін;

жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.

Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта кәсіпкерлікке жатады[4].

Қазақстан жағдайында қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын кәсіпкерлікке келесідей сипаттама беруге болады. Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындар деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізінен салушылар жүзеге асырады., олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай- ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

Шағын және орта кәсіпкерлік, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ- тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болады.

Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын кәсіпкерлік барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50- ші жылдардан бері, келісім – шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындысында) 53,5-тен 65,5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес  1981 ж. 85,7%- ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес салмағы 90-шы жылдардың басында 80%-ке жетті.

Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Шағын кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл ірі кәсіпкерлік саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.

Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын кәсіпкерліктің динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Шағын кәсіпкерліктің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар (негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам[5].

Шағын кәсіпкерлік шағын және орта қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен «Көкшетаустрой-1», «Көкшетау-2» трестері сияқты құрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және орта кәсіпкерлікті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты ірі кәсіпкерліктен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын кәсіпкерліктің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын кәсіпкерлік тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын жандандыруы, ірі кәсіпкерліктің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.

Біздің Республикамыз үшін шағын кәсіпкерліктің негізін қалау формаларының ішінде, франчайзинг пен жанұялық кәсіпкерлік формалары ең өзекті деуге болады. Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи-мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа кәсіпорындар ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Франчайзинг келісімі жаңа кәсіпкерлікке, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақтаған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдегі келісім түрінде болуы мүмкін.

Франчайзингтік қатынастың тағы бір артықшылығы – бұл франчайзер тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түрде қаржылық қолдау Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін ұзарта алады. Сөйтіп франчайздің айналым капиталының көлемінің көбеюіне әкеледі немесе франчайз банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола алады.

Соңында, егер тәуелсіз кәсіпкерлікті бастау айтарлықтай бастапқы салымды қажат етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл шығындар анағұрлым аз болуы себепті қаржылық артықшылыққа ие.   

Шағын кәсіпкерліктің негізін қалаудың тағы бір жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық кәсіпкерлік. Сонымен бірге бұл кәсіпкерлікте отбасы мүшелері қаласа толық, қаласа жарты күн жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық кәсіпкерлік бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады[6].

 

Отбасылық кәсіпкерлік пен кәсіпкерліктің басқа да түрлері арасындағы айырмашылықтар. ҚР шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері

 

Отбасылық кәсіпкерлік

 

Кәсіпкерліктің басқа түрлері

1

Фирманы шексіз беріліп басқару, себебі отбасы мүшелерінің өмірі және жақсы тұрмысы кәсіпкерліктің табысты не табыссыздығына байланысты.

1

Фирма менеджерінің мүдделері арадағы шарт шеңберінде.

2

Отбасы мүшелері өздерінің барлық мансаптарын тек бір жеке отбасылық кәсіпкерлікпен ғана баланыстырады.

2

Менеджерлердің өздерінің барлық мансаптарын бір ғана фирмада жүріп жасаулары сирек кездеседі.

3

Стратегияны дайындау кезінде отбасы мүшелері шексіз уақыт кеңістігіне ие.

3

Менеджерлер фирманың стратегиясын дайындау кезінде өте қысқа уақыт кеңістігіне ие.

4

Кәсіпкерліктегі сәтсіздіктер отбасы мүшелеріне, әсіресе оның менеджерлеріне драмалық зардап әкеледі.

4

Кәсіпкерліктегі сәтсіздіктер менеджерлерге салыстырмалы түрде аз әсер етеді.

5

Отбасы мүшесінің менеджер ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте төмен.

5

Фирмада менеджер мансабының тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары.

6

Отбасы мүшелері фирманың өсуіне және табысты болуына мүдделі, себебі ол жалғыз жұмыс орны және отбасы тұрмысын жақсарту көзі.

6

Менеджер жалақысын арттыруға, мансабын жоғарылатуға және өсіруге мүдделі.

7

Отбасы мүшелерінің кірістері фирма қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тікелей пропорционалды.

7

Менеджер жалақысының фирма қызметінің түпкілікті нәтижелеріне тәуелділігі анағұрлым аз.

8

Шешім қабылдау орталықтандырылған сипатқа ие, дегенмен уақыт өте бұл беталыс төмендейді.

8

Шешім қабылдау алқалы сипатқа ие, көбіне менеджерлер командасының қатысуына негізделген.

9

Фирма қызметіне деген ішкі бақылау аз, жалаң сипатқа ие.

9

Фирма қызметіне бақылау тым атүсті.

10

Отбасы мүшелерінің арасындағы бақталастық отағасы мен мұрагерлер арасында жанжал туғызуы және отбасылық кәсіпкерліктің сабақтастығын проблемалы етуі мүмкін.

10

Сабақтастық бақталастыққа және жанжалға алып келуі мүмкін, бірақ акционерлердің мүдделеріне сәйкес акционерлердің бақылау жасау жанжалды уақытында тыйып, тоқтатуға мүмкіндік береді.

11

Менеджер - өзіне және отбасына есеп беретін отбасы мүшесі.

11

Менеджер акционерлерге есеп береді.

 

 

 

 

Информация о работе ҚР шағын кәсіпкерліктің дамуы