Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 13:14, курсовая работа
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез - келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ ұрады.
I. Кіріспе 3-6
II. Негізгі бөлім
1. Нарық жағдайында эклологияның экономикалық
құқықтық мазмұны және әртүрлі нысандары 7-12
2. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі 13-15
3. Қазақстан Республикасында экологиялық
проблемалардың даму жағдайы
және одан сақтану шаралары. 16-26
III. Қорытынды 27-28
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Ендеше мал шарушылығымен айналысқан ата - бабалармен жайылымдарға маусымдық өзгеруіне қарай пайдаланған. Қандай әрекет етсе де табиғат ерекшеліктерін ұмытпаған. Табиғатқа деген мұндай көзқарас экологиялық жағдайды сақтауға деген негіздеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасып дамуында ірі өзгерістер болмаған. Бір кездері игерілместей болып көрінген Қазақстанның кең - байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш күштердің өсуінің, ғылыми техникалық өрлеудің әсерінен және қоршаған орта жағдайларын ескермеу салдарында аз уақыт аралығында экологиялық дағдарыстағы аймаққа айналып отыр. Бұрыңғы Кеңестер одағы жүргізген солақай саясаттың кесірінен Қазақстанда экологиялық проблемалар тіпті көбейіп кеткен. Одақ тұсында республиканың индустриалды қуатын көрсететін үлкен жетістіктер жөнінде ақпарат көп беріледі. Осының кесірінен аз мерзімнің ішінде табиғат байлығы ысырап болды. Оның тағы бір себебі қоғамда табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттіліктерді жалғыз объективті фактор, ал техникалық экономикалық есепті жалғыз дұрыс негіздеме деп тауып, табиғат дамуының заңдары мен экологиялық фактор ұмыт қалған жағдайда қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды. Жедел дамып отырған ғылыми - техникалық өрлеу де адамзаттың тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар қоршаған ортаны ластап, қоғам мен табиғат арасында сәйкессіздік туғызады. Табиғат компелексі құрылымдағы компоненттердің өзара тепе-теңдігін, байланысын бұзды.
Қазақстандағы 182 мың га жайылымның 110 млн га жалпы жайылымның 60 пайызы әр түрлі деңгейде зиян шекті. Егер ақшаға шақсақ, оның зияны 10 млрд. теңгеге тең. Басқаша айтқанда, 5 млн қойды жоғалттық деген сөз. Бұл жайылымдарды қалпына келтіру үшін 110 млрд доллар қажет. Қайта құру жылдарында 7 млн гектар орманның көзін жойып алдық. Бұл шығын отыз млрд теңгеге тең. Оған жануарлар мен өсімдіктердің аса бағалы түрлерінің жойылғанын айтсақ, шеккен зиянымыздың орын толмайды. Адамзаттың іс - әрекеті табиғатта зат алмасу мен табиғи компоненттердің байланысына да әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, орман ағаштарының кесілуі кесірінен топырақтағы ылғал мөлшері азаяды. Қорыта келгенде қазіргі экологиялық дағдарыстардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым дамуы, зат және энергия алмасу заңдарын олардың теориялық негіздерін білмеуде жатыр. Елбасының « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру мәселесіне аса көңіл бөлуі бұл проблеманың маңыздылығын айғақтай түседі.
Қорытынды
Қорыта келсек нәтижеде ажамзаттың үлесінен күрт нашарлаған биологиялық жүйелер тиіп, жекелеген жануарлар мен өсімдіктердің популяцияларының кемуі мен жойылуы, адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадғы қайтымсыз өзгерістердің қауіпі туып отыр.
Ғылымда табиғат ресурстарын қалай болса солай, стихиалы пайдаланудың уақыты өткенін ескертуде. Табиғатты пайдаланудың уақыты өткенін ескертуде. Табиғатты пайдалану адамның қатысуымен және қатысуынсыз қоршаған ортада жүретін күрделі процестердің барлығын ескере отырып, тек ғылыми негізді жүргізуі тиіс. Басқаша болуы мүмкін де емес, себебі адамның және оның қызметінің табиғатқа әсері күшейіп отыр. Қазір « экология » адам мен оның қызметінің табиғатқа әсерін күшейтіп отыр. Қазір соған бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі « экология және табиғи ресурстар » ұзақ негізді стратегиясының басты мақсаты – тіршілік етудің, экологияның аса қолайлы ортасын жасау, ал оның төрт басым бағдарының бірі болып экологиялық білім беру болып табылады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді падаланылатынтехнологияларды жасап, іске қосу керек. 5-ші маусымды бүкіл дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні ретінде атап өтеді.
Шынында бүгінде адамзат баласы экологиялық құрылымның басында тұр. Осы апаттың алдын қазірден бастап алмасақ ертең кеш болады. Еліміздің экологиясын сауықтырмай экономикасын түзей алмаймыз. Сондықтан барлық күш жігерімізді экологияны түзетуге жұмсауымыз керек және бұл тек біздің, экологтардың ғана емес барша халықтың ісі дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Биғалиева а.и. др. Қазақстан топырағы және оның экологиясы/ Биғалиева А., Жамалбеков Е., Тілеубаева Р.
2. Шілдебаева Ж. Қызықты экология – Алматы: Қаз. білім академиясы. Республика баспа кабинеті, 2000 ж 171 бет.
3. Экология ел тағдыры. Егемен Қазақстан 2003 жыл 12 наурыз.
4. Жақсыбеков Ә.
Эклогиялық мәдениет пен өркениет. Атамекен – 2000 жыл, 26 шілде.
5. Экология қауіпсіздікті қамтамассыз ету қоғамның тұрақты дамуының кепілі 15 қаңтар Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық өсуімен қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Атамекен – 2003 жыл, 22 қаңтар.
6. Қоршаған ортаны қорғау перзенттік парыз. Атамекен – 1998 жыл, 12 қараша.
7. Экология. В.И. Коробкин, Л.В. Передельский.
8. Сыдықбаев Ғ.И. Аймақтық атқарымдар және оны дамытудағы әлеуметтік-экономикалық және экономикалық жүйелер. Алматы: Экономика – 2000 жыл.
9. Экология: Г.С. Оспанов, Г.Т. Бозшагаева.
10. Табиғатты қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 жыл.
- 3 -