Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 13:14, курсовая работа
Бүгінде Жер атты халқы планетаны мекендеген адамзат баласының алдында оның болашағын айқындап, шешуші екі проблема тұр. Оның бірі – ядролық соғыс қауіпі болса, екіншісі күннен – күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық қатер дейміз. Бұл екеуі де әлде бір құдірет күшінің әсерінен емес, адам баласының өз санасының әсерінен емес, адам баласының өз санасының әмірімен дүниеге келгенін материалистік тұрғыда ойлайтындардың кез - келгені түсінеді. Түсінеді де, өз қолымен жасағанын өз мойнымен көтеру түн ұйқысын төрт бөліп дөңбекшиді, төніп келген төтенше қатерден шығудың жолдарын іздеп шарқ ұрады.
I. Кіріспе 3-6
II. Негізгі бөлім
1. Нарық жағдайында эклологияның экономикалық
құқықтық мазмұны және әртүрлі нысандары 7-12
2. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық аспектісі 13-15
3. Қазақстан Республикасында экологиялық
проблемалардың даму жағдайы
және одан сақтану шаралары. 16-26
III. Қорытынды 27-28
Пайдаланылған әдебиеттер 29
Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механизмнің негізгі ерекшелігі – қоршаған ортаны қорғауды өндірістік комерциялық дамудың негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы мен өндіруші өзінің өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аударуы керек.
Қоршаған ортаны қорғаудың
экономиалық механизмі
3. Қазақстан Республикасында проблеммалардың
даму жағдайы және одан сақтану шаралары.
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан териториясы кең - байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай 2,925 км. Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуна әкеліп соқты.
Топырақтың құнарлығының бұзылуы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және жүйке жүйелеріне әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, био - көптүрліліктің жойылуына әкелді. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2 – 4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 баланы құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Семей ядролық полигонда 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га територияда радиоактивті жауын - шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен территориясы елдің ормандарының 10%-дан астамы өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуан түрліліктің кемуіне әкеліп соқты.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиіссіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990 – 1996 жылдар аралығында 10 млн. га – дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік жерлер өндірістен шығарылды.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметі бойынша 50 - 70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз суының сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты, Балхаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтрондайтын биологиялық ыдырату әдістері де басқа да механизмдер де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып өсімдіктерден жануарларға радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан териториясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, уланған жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтік, радиоактивті қалдықтар.
1992 жылы қабылданған климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенсиясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың өзгеруі туралы конвенсия адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қауіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар – жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа райының кең ауқымды аймақтарда өзгеруі, тағы басқа эфектілер болуы мүмкін. Үкімет – аралық климаттың өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму бастағанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,5 С-ға көтерілген.
Болашақта температураның көтерілуінің адамзатқа және қоршаған ортаға әсері туралы болжамдар жасау қиын, себебі ғаламдық климат жүйесі өте күрделі. Оның құбылыстары атмосфера өзгерісімен байланысты ғана емес, мұхиттағы процестермен, биосферамен, гидросферамен қатынаста болады. Жер бетінде климаттың әр түрлі бөліктері өзара күрделі қарым – қатынасындағы өзгерістер нәтижесінде климат табиғи өзгерстерге ұшырайды. Бұл мәселе қазіргі уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттерлмеген.
Қазақстанның географиялық орналасуы оның климатының қатаң континенталды және құрғақ болуының басты себебі болып табылады. Республика териториясының 50%-дан астам бөлігін шөл және шөлейт ландшафт зоналары алып жатыр. Сондықтан сумен қамтамассыз ету мәселесі республикамыздың экономикасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Табиғат ресурстарының, тың және тыңайған жерлердің кең алқабының игерілуі, өзен суларының егістікті суғаруға, электр жнергиясын өндіруге жұмсау нәтижесіндегі зор антропогенді қысым Арал мәселесі мен Қазақстанның жалпы су ресурстарының кебуіне әкеліп соқты. Егістік жерлердің өңдеудің төмен технологиясы және жамылғыларының көптеген жерлерде азуына әкеліп соқтырды.
Температураның артуы тау мұздықтарының кемуіне әкелді. Іле Алатауында соңғы 35 жыл ішінде мұздану процесі 30%-ға немесе әр жылға шаққанда 1%-ға кеміген. Мұздықтардың көлемінің кемуі мұздық жүйесіндегі су қорының да азаюына әкеледі. Мұздықтардың еруі үлкен мұздық көлдерінің пайда болуына әкеледі. Ал бұл көлдердің толуы сел жүру қаупін тудырады. Таулардың мұз қорының кемуі таулар мен тау бөктерінің микроклиматының құрғақшылық бағытында өзгеруіне, ал ол өсімдік жамылғысы мен жануарлар тіршілігінің қалыптасқан жағдайларының өзгеруіне әкеледі.
Экология өзінің танымы жағынан өте кең ұғым. Экология заңдылықтарына қарама - қайшылықтардың барлығы, табиғатқа әсер ететін және орныққан экологиялық қызмет нормаларына нұқсан келтірген құбылыстардың бәрі оны бұзғандық болып есептелінеді. Бір жағынан осыншама нәзік жүйені бүлдіру барлық тіршілік атаулыға өзінің зиянды ықпалын тигізуі мүмкін.
Экологтарға Атырау облысында жұмыс жетіп артылады. Біздің табиғи - климаттық жағдайымыздың өзі неге тұрады? Климатымыз тым континетальды, құмды дауылдар, масалар маза бермейді. Өлкеміз өсімдіктерге өте жұтаң.
Жасыл желектің жойылуы мен жолдардың бұзылуы өз алдына бір төбе көкейкесті мәселелер. Зиянкес насекомдарға, жердің тұздануы мен тақырлануына құрғақшылыққа байланысты барлық проблемаларды біз үшін біреу шешіп бермейді және біз үшін біреу жасамайды. Осы біз жерді дұрыс пайдаланып отырмыз ба? Жер жыртқанда кейде сауаттылығымыздың жетіспей жататындығы рас қой. Біздің байлығымызды игеру үшін облысымызға шетелдік мамандар келіп жатыр. Олар экология жағынан таза азық - түлікті талап етеді. Сонда біз оларға не ұсына аламыз? Меніңше, жергілікті ғалымдармен қатар акционерлік қоғамдарда, фирмаларда қоршаған ортаны қорғау жөнінде әрқайсысының өз бағдарламалары болу керек. Сөз жоқ, осындай жағдайда күш біріктіре отырып, табысқа жетуге болады. Әрине, әлемдік деңгейдегі жақсы приборларсыз экологиялық талаптардың бұзылуын жан - жақты бағалай алмайсыз. Сондықтан осы тұрғыда шешімді қадамдар жасалуы қажет.
Қазіргі таңда экологияға, қоршаған ортаны қорғауға оң қадам жасалып жатыр. Бұл заңды да. Себебі, адамдар табиғатты әбден бүлдіріп бітті. Ал табиғат пен адам егіз десек, оған тас бауырлық, қатыгездік емес, мейірімділік қажет. Біз келер ұрпаққа Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жолдауында айтылғандай, жасыл орман, құнарлы алқап, мөлдір де таза өзен - көл қалдыруымыз керек.
Ал алға қарай экологиялық сараптама мен аудитті жақсарту үшін төменгі мәселеге көңіл бөлу дұрыс болар еді. Оның ең бастылары сметалық құжаттардың сапасын одан әрі жақсартуға қол жеткізу, жаңа экологиялық таза технологияны өнеркәсіптерге енгізу, жоғары тиімді тәсілді пайдалану арқылы құнарлы жерлерді жаңадан өңдеу, оны қуаңшылықтан сақтау, су басудан, мұнай өнімдерінен сақтау. Минералды шикізат ресурстарын кешеді, пайдалану проблемасын шешіп, кіші және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу, шаруашылық айналымға өнеркәсіп қалдықтарын кең қолдану керек. Қоршаған ортаны қорғау туралы түрлі семинарларды жиі өткізіп, сарапшыларды материалдық қолдау және оларға ақы төлеу ісін жетілдіруіміз керек. Сонда осы және басқа ба шаралар экологиялық сараптаманы жетілдіріп, экожүйені қорғауға көмектесетін болады.
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін « Таза ауа – жанға дауа » бағдарламасын жасап, оны бірқатар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде « Қала ауа бассейінің ластануы » атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір миллион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тыйым салынды.
Ақтөбе облысы Азия және Европа екі континеттің қиылысында 300,6 мың шаршы километр аумақты алып, Қазақстанның алты облысымен, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен және Оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиялық облысымен шектесіп жатыр. Халқы 676,6 мың адамды құрайтын облыс 12 әкімшілік – аумақтық ауданға бөлінген облыс орталығының 245,8 мың тұрғыны бар, өнеркәсібі мен инфрақұрылымы дамыған Ақтөбе қаласы болып табылады.
Климатының қуаңшылығына қарамастан, облыс аграрлық аумаққа жатады. Мемлекеттік шаруашылық жүргізу кезеңдерінде барлығы 156 шаруашылық, оның ішінде 112 совхоз және 44 колхоз ауыл шаруашылығы өндірісінде 26 млн га жерлер, оның ішінде егістік жерлер – 2,3 млн га (8,6%), жыртылған жерлер – 6,7 мың га (0,02%), көпжылдық шөптер – 0,9 мың га (0,01%), шабындықтар – 469,7 мың га (1,8%), жайылымдықтар – 24,0 млн га (89,7%) құрайтын. Дәнді дақылдардың орташа түсімі аумақ бойынша гектарынан 1,5-нан 12 центнерге дейін ауытқиды. Ең жоғарғы егін түсімдері 1981 жылы – 1,7 млн тонна, ал 1992 жылы – 2,0 млн тонна құрады.
Облыстың жер қорының жағдайын жақсартуға, топырақтың құнарлылығын көтеруді, әсер құрылымының ауыл шаруашылығының даму бағытына сәйкес өзгерістер енгізілетін шараларды қабылдауды қажет етеді.
Жердің жағдайының өзгерістерін дер кезінде анықтау, оларды бағалау, қолайсыз процестерді болдырмаудың алдын алу және өзгеріске ұшыраған жерлерді қалпына келтірудегі мониторинг жүйесін қалыптастыру жалғастырылуда.
Облыстың батыс шекарасында ұзындығы 70 км кіріп жатқан Жайық өзені алып кетеді. Аймақтың өсімдіктер әлемі өте алуан түрлілігімен көзге түседі, мұнда жоғары дамыған сабақты өсімдіктердің 447 тегі мен 92 тұқымдастарына жататын 1057-ге тартатын түрлері өседі.
Үстіміздегі жылы облыста жақсы егін өсірілді, 663,4 мың га егістік жерден 555,4 мың тонна астық бастырылды. Әр гектардан жиналған егін өнімі орташа есеппен алғанда 8,5 центнерді құрады , 55,1 мың тона картоп және 28,8 мың тонна көкеніс өндірілді. Келесі жылға егіске 64,4 мың тонна тұқым құйылды.
Ауыл шарушылығы барлық өнімдерінің көлемі 1633,0 млн теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда 114,6%. Ет, сүт өндірісі өсіп, барлық мал түрінің өскендігі байқалады.
Облыста кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасында қарастырылған тұрғындарды әлеуметтік пен жұмыссыздыққа қорғау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2000 – 2005 жылдар аралығында жалақы алатын нақты еңбек етушілер саны 2,5 есе өсті. 2005 жылдың басында экономикада нақты жұмыспен қамтамассыз етілген.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан – байтақ болса, оның қойнауындағы табиғи байлық та соншалық мол әрі алуан. Ұланғайыр осынау өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қаратпаса, жазы Орта Азияның аптап ыстығында ми қайнатады, бірде жер бедері тайгага ұқсаса, енді бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат - бұйрат құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан-ақ көзге түседі. Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз жазық дала Ортылық Қазақстанның жеріне ойысқан сайын Сарыарқаның ауыр қыраттарын ұласып, Одан әрі оңтүстік пен оңтүстік - шығысқа қарай Алтай, Сауыр - Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар Алатауы мен Тянь - Шаньға дейін барады. Республика териториясын емін еркін төрт географиялық зонаға – орманды дала, шөлейт және шөл зоналарына бөлуге болады.