Меншiк құқығының формалары мен түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 09:16, контрольная работа

Описание работы

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi.

Работа содержит 1 файл

Меншiк құқығының формалары мен түрлерi.docx

— 47.05 Кб (Скачать)

Меншiк құқығының формалары мен түрлерi

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Конститутцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде “форма” терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi “форма” жене “түр” ұғымдары өз мәндерi жағынан көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым.

Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты.

Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардығы сияқты мемлекет өкiлдерi қатысатын қатынастарда абстрактілі субъектiлердiң - Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөлiністердiң бар екендiгі ескерiледi. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берiлген тұлғалар - заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесi берiлген мемлекеттiк органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттiк мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiс атынан мүдде қорғайтыннын бiлген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық белiнiстiң мемлекеттiк заңды тұлға балансында бекітiлмеген мемлекеттiк мүлiкке тiкелей билiк жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттiк меншiкке құқықтың мемлекеттiк заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өздерiнің шаруашылық жүргiзуiндегi немесе оралымды басқаруындағы мүлiкке қатысты жүзеге асырады.

АК-ның 191-бабында  жеке меншiктiң екi түрi белгiленген, олар - азаматтар меншiгi және мемлекеттiк  емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында муниципалдық (коммунналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi.

Мынадай сұрақ  туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен  заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы осы мүлiк турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы туралы заңнама қолданылады.     

Меншік  құқығы     

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары  арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.     

Жылжымайтын мүлікке  меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады    

Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер  жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.      

Азамат өлген  жағдайда оған тиесілі жылжымайтын  мүлік меншігіне құқық, мұрагерге  немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді.    

Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.     

Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен  бастап жүзеге асады.    

Мүлік иегерінің  қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа  тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК)     

Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.       

Жеке тұлғаның:     

айырбастау келісім-шарты     

сыйға тарту келісім-шарты     

өмірінің  соңына дейін бағу шартымен мүлікті  меншіктен шығару келісім-шарты    

тегін беру келісім-шарты     

неке  келісім-шарты     

(заң  бойынша) мұра бойынша өсиеттікке  құқық туралы куәлік    

жекешелендіру келісім-шарты    

заңды күші бар сот актілері     

мүшенің пай жарнасы соммасын толық салғаны  туралы үй-құрылысты кооперативінің анықтамасы    

тегін беру туралы келісім-шарты    

реквизиция  немесе бұзу барысында өтемақы түрінде  мүлікті беру келісім-шарты    

соғылған  обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті     

тіркеу  куәлігі     

жарғылық  капиталынан үлесті бөлі есебіне  мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі    

атқарушы  органдардың құқықтық актілері    

Заңды тұлғаның:     

сатып алу – сату келісім-шарты;    

айырбастау  келісім-шарты;     

тегін беру келісім-шарты;     

келісім – шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын  мүлікті беру;     

реквизиция  немесе бұзу барысында өтемақы түрінде  мүлікті беру келісім-шарты    

бөлінетін баланс немесе беру актісі;    

өз  күшіне енген сот актілері;     

соғылған  обьектіні пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының  акті;     

жарғылық  капиталына жылжымайтын мүлікті  салу туралы шешім (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу хаттамасы);     

мүлікті заңды тұлға балансына беру туралы шешім;    

атқарушы  органдарының құқықтық актілері    

Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың  түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған  көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.    

Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа  жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс.

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңы  

1-Тарау.  Жалпы ережелер     

  1-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындар      

1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:      

1) шаруашылық  жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;      

2) жедел басқару  құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.     

2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:     

1) республика  меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;     

2) коммуналдық  меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.      

3. Басқа мемлекеттiк  кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.  
      4. (алып тасталды)      

5. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкi құратын  кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк  кәсiпорындар болып табылады.  
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.  
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 2004.06.11 N 561 Заңдарымен.     

  2-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты      

1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:     

1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;     

2) экономиканың  жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);     

3) мемлекеттiк  монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.     

2. Республикалық  мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.  
      Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.  
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.23 N 2722 заң күшi бар жарлығымен, 2001.05.04 N 185, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.     

  3-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк  
              басқару және мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге  
              асыру      

1. Республикалық  мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты  республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң  функцияларын республикалық мемлекеттiк  меншiкке билiк етуге Қазақстан  Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды.  
      Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органдары) болып табылады.     

2. Коммуналдық  меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық  мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.  
      Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.  
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.23 N 2722 заң күшi бар жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.     

Информация о работе Меншiк құқығының формалары мен түрлерi