Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 19:41, реферат

Описание работы

1. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Заңдарын, Министрлік туралы ережені өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы.doc

— 71.00 Кб (Скачать)

материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде  ұсыныстар  енгізеді;

Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына  және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

13. Департамент  директорының орынбасары:

Департамент директоры  болмаған жағдайда департаментке жалпы  басшылықты жүзеге асырады;

мыналарды:

әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және мемлекеттік функцияларды мемлекеттік органдар арасында бөлуді;

мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру  бойынша ұсыныстар әзірлеуді;

орталық мемлекеттік  органдар мен жергілікті атқарушы органдардың  штат саны мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді;

орталық мемлекеттік  және жергілікті атқарушы органдардың  функцияларын талдауды жүзеге асыруды;

Департаменттің  құзыретіне жататын мәселелер бойынша  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын  сараптауды қамтамасыз етеді;

Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына  және олардың өз функцияларын жүзеге асырылуына дербес жауап береді.

14. Басқарма  бастығы:

Басқарманың қызметіне  жалпы басшылықты жүзеге асырады  және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

Департамент директоры  мен оның орынбасары  тапсырмаларының  белгіленген мерзімде сапалы орындалуын ұйымдастырады,  сондай-ақ Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  қажетті құжаттар мен материалдар дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді;

белгіленген тәртіппен  Департамент директорына кадрларды  іріктеу мен орналастыру мәселелері бойынша, Басқарма қызметкерлерін лауазымға  тағайындау және лауазымнан босату туралы, Басқарма қызметкерлерін көтермелеу туралы, сондай-ақ еңбек тәртібінің бұзылуына жол берген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындайды және береді;

Департамент басшылығына  материалдық-техникалық қамтамасыз етуді  жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

басшылықтың тапсырмалары мен нұсқауларының орындалу мерзімдері мен сапасының сақталуын, өзі басқаратын басқармада орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

кадрлардың  кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған  іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады.

15. Департаменттің  жұмысын ұйымдастыру, бақылау  және  қамтамасыз ету әрбір  қызметкердің өзіне жүктелген  тапсырмаларды мерзімінде және  сапалы орындауға дербес жауапкершілігі  қағидаттарына құрылады.

16. Департамент қызметкерлері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

Департамент жұмысын  нақты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оны жетілдіруге;

олардың орындап отырған  тапсырмаларының уақтылығы мен                                сапалылығына дербес жауап беруге, қызметтік міндеттерді адал орындауға;

еңбек және атқарушылық  тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік  құпияларды қатаң сақтауға;

өз біліктілігін арттырумен жүйелі түрде шұғылдануға;

қызмет этикасы ережелерін қатаң сақтауға міндетті.

 

4. Департамент  қызметкерлерінің өзара алмасымдылық схемасы

 

Өзара алмасымдылық

лауазымның №

лауазымның №

С-2-20-0-1

С-3-20-0-2

С-3-20-0-2

С-4-20-1-1

С-4-20-1-1

С-5-20-1-2

С-5-20-1-2

С-5-20-1-3

С-6-20-1-4

С-6-20-1-5

С-6-20-1-6

С-6-20-2-6

С-4-20-2-1

С-5-20-2-2

С-5-20-2-2

С-5-20-2-3

С-6-20-2-4

С-6-20-2-5

С-6-20-2-7

С-6-20-2-8


 

 


Информация о работе Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы