Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 19:41, реферат

Описание работы

1. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Заңдарын, Министрлік туралы ережені өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы.doc

— 71.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрімен келісілген_____________

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрінің 2008 жылғы «20» маусым

№ 112 бұйрығымен бекітілген


 

 

Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы  ережелер

 

1. Мемлекеттік  басқару жүйесін дамыту департаменті  (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан  Республикасы Экономика және  бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)  құрылымдық  бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент  өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының  Президенті мен Үкіметінің актілерін,  Заңдарын, Министрлік туралы ережені  өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені  басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері:

1) Функционалдық  талдау басқармасы (бұдан әрі  – ФТБ);

2) Мемлекеттік  басқаруды дамыту саясаты басқармасы (бұдан әрі – МБДСБ).

 

2. Департаменттің  негізгі міндеттері,  функциялары  мен құқықтары

 

4. Департаменттің  негізгі міндеттері:

мемлекеттік басқару  жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар  әзірлеу;

мемлекеттік функцияларды мемлекеттік басқару органдары  арасында тігінен және көлденеңінен оңтайлы бөлу жөнінде ұсыныстар  әзірлеу;

мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

5. Қойылған міндеттерді  шешу үшін Департамент заңнамада  белгіленген тәртіпте мынадай  функцияларды орындайды:

оның ішінде ФТБ:

келесі салалар бойынша  орталық мемлекеттік органдар мен  жергілікті атқарушы органдарға функционалдық талдау жүргізу:

мемлекеттік қаржы бақылау, салықтық әкімшілендіру, кедендік реттеу, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, банкроттық, бюджеттік атқарылуы, сот  жүйесі, туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру  және спорт, мәдениет және тарихи-мәдени мұраны қорғау, тіл, бұқаралық ақпарат құралдары, мұрағаттар, қорғаныс, аумақтық қорғаныс, денсаулық сақтау, фармация, санитарлық-эпидемиялық қадағалау, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді реттеу, азық-түлік өнеркәсібі, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, су ресурстарын реттеу, жер қатынастарды реттеу;

жетекшілік ететін салалар  бойынша мемлекеттік функцияларды ұтымды бөлу тұрғысынан заңнамаларды талдау;

жетекшілік ететін салалар  бойынша мемлекеттік функцияларды басқару деңгейлері арасында оңтайлы бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

жетекшілік ететін салалар  бойынша әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік функцияларды мемлекеттік органдар арасында  бөлу;

жетекшілік ететін салалар  бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың штат саны мен құрылымын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

мемлекеттік органдардың  Стратегиялық даму жоспарларында белгіленген  мақсаттардың, міндеттердің, индикаторлардың, көрсеткіштердің  мемлекеттік органдардың негізгі қызмет түрлеріне сәйкестігі тұрғысынан олардың жобаларын келісу;

орталық мемлекеттік  және жергілікті атқарушы органдармен, Департамент пен Министрліктің  құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  консультативтік жұмыс жүргізу;

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және әзірлеуге қатысады;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Департамент басшылығының  тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдары мен арыздарын қарайды, сондай-ақ қажетті шаралар қабылдайды;

кіріс және шығыс ақпараттары бойынша материалдар мен қорытындыларды уақытында дайындауды жүзеге асырады, өзіне жоғарғы басшылық жүктеген өзге де тапсырмаларды орындауды жүзеге асырады;

Департамент Жұмыс  органы болып табылатын жұмыс  топтарының, комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырады;

қажетіне қарай Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша  ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға, өткізуге қатысады;

қажетіне қарай Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша  ақпараттық жүйелерді жетілдіруге  қатысады;

Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялайды;

материалдарды есепке алу  мен сақтауды, олардың Министрліктің  мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі  жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Соның ішінде МБДСБ:

келесі салалар бойынша орталық  мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға функционалдық талдау жүргізу:

әділет, нотариат, тіркеу қызметтері, қылмыстық-атқару жүйесі, зияткерлік меншік, дін, күзет, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, білім беру, ғылым, инновациялар, ғарыш қызметін реттеу, көлік және коммуникациялар, байланыс және почта қызметі, ақпараттандыру, мемлекеттік статистика, еңбек, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау, энергетика, жер қойнауын пайдалану, атом энергиясы, радиациялық қауіпсіздік, мұнай, қоршаған ортаны қорғау, индустрия, өнеркәсіп, сауда, кәсіпкерлік, инвестициялар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, табиғи монополиялардың қызметін реттеу, мемлекеттік монополия, бәсекелестікті қорғау, төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, авариялық-құтқару қызметтері, азаматтық қорғаныс;

жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік функцияларды ұтымды бөлу тұрғысынан заңнамаларды талдау;

жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік функцияларды басқару деңгейлері арасында оңтайлы бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

жетекшілік ететін салалар бойынша  орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың штат саны мен құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

мемлекеттік органдардың Стратегиялық даму жоспарларында белгіленген мақсаттардың, міндеттердің, индикаторлардың, көрсеткіштердің  мемлекеттік органдардың негізгі қызмет түрлеріне сәйкестігі тұрғысынан олардың жобаларын келісу;

әкімшілік реформаның негізгі  бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру  жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымын жетілдіру;

орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, Департамент  пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік жұмыс жүргізу;

Басқарма құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және әзірлеуге  қатысады;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Департамент басшылығының  тапсырмалары бойынша материалдар  мен қорытындылар дайындайды, Басқарманың  құзыретіне жататын мәселелер бойынша  азаматтардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдар мен арыздарын қарайды, сондай-ақ қажетті шаралар қабылдайды;

кіріс және шығыс ақпараттары  бойынша материалдар мен қорытындыларды уақытында дайындауды жүзеге асырады, өзіне жоғарғы басшылық жүктеген өзге де тапсырмаларды орындайды;

қажетіне қарай Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша  ғылыми-зерттеу жұмыстар өткізуді ұйымдастыруға  қатысады;

қажетіне қарай Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша  ақпараттық жүйелерді жетілдіруге  қатысады;

Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялайды;

материалдарды есепке алу  мен сақтауды, олардың Министрліктің  мұрағатына сақтауға бергенге дейінгі  жай-күйі мен сақталуын бақылауды  жүзеге асырады.

6. Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін  заңнамада белгіленген тәртіппен:

Департаменттің  міндеттерін, оның қызметін орындауды  ұйымдастыру  жөнінде Министрлік басшылығына ұсыныстармен шығуға және осы ұсыныстарды қарау туралы ақпарат алуға;

басшылықтың  тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттік  органдармен,  ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен, өзге де заңды  және жеке тұлғалармен  қарым-қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етуге;

Министрліктің басқа бөлімшелерінен Департаментке  жүктелген функцияларды жүзеге асыруға  қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес  материалдар дайындау үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің келісімімен мамандарды тартуға;

Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  кеңестер шақыруға және қызметкерлермен  бірге өткізуге;

Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Министрліктерден және ведомстволардан белгіленген тәртіппен қажетті материалдарды, болжамдық және есептік деректерді алуға;

Департамент дайындаған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын  Министрліктің бөлімшелеріне және тиісті Министрліктер мен ведомстволарға  қорытынды жасауға жіберуге;

техникалық  көмекті және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты  қоса алғанда, қолданыстағы жүйелер  мен нысандар арқылы Департамент  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін өзге де іс - шараларды жүзеге асыруға құқылы.

 

3. Департаменттің  қызметін ұйымдастыру

 

7. Департаментті   Министрдің келісіммен Жауапты  хатшы лауазымға тағайындайтын  және лауазымынан босататын Директор басқарады.

8. Департамент  директорының лауазымға Жауапты  хатшы Министрдің келісіммен  тағайындайтын және лауазымнан  босататын бір орынбасары болады.

9. Басқарманы  лауазымға Жауапты хатшы Министрдің  келісіммен тағайындайтын және  лауазымынан босататын Басқарма бастығы басқарады.

10. Министрліктің  құрылымдық бөлімшелеріне Департамент  құзыретіне кіретін мәселелер  бойынша жіберілетін құжаттарға  Директордың, директор жоқ болған  жағдайда оны аустыратын тұлғаның  қолы қойылады.

11. Департамент  қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері олардың белгіленген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарымен және лауазымдық нұсқаулықтарымен  айқындалады.

12. Департамент  директоры:

Департаменттің  қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара  қарым-қатынаста Департаменттің мүддесін білдіреді;

Департамент қызметкерлерін қызметін жедел үйлестіруді, ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асырады;

Басшылық тапсырмаларының  уақтылы және сапалы орындалуын қадағалауды, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді;

Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі  жұмысты ұйымдастырады;

Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды;

қызметкерлердің белгіленген саны мен еңбекақы төлеу  қоры шегінде  Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі туралы ұсыныстар  береді;

Департамент директорының орынбасары мен басқарма бастықтарының  лауазымдық міндеттерінің көлемін белгілейді;

Департаменттің  жедел кеңестерін өткізуді ұйымдастырады;

басшыға қол  қоюға берілетін бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер және басқа да құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерді қызметке тағайындау және қызметтен  босату, көтермелеу туралы және оларға тәртіптік жазалар қолдану мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылыққа ұсынады;

белгіленген тәртіпте Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министр, Вице-министрлер, Жауапты хатшы өткізетін Министрлік алқасының отырыстарына , соңдай-ақ кеңестерге қатысады;

жұмыс уақытын  пайдалануды есепке алу табелін  қаржы қызметіне белгіленген мерзімде беруді қамтамасыз етеді;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министрлік хатшылығының қызметін бағалауға қатысады;

Информация о работе Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті туралы