Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 18:02, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты.

Содержание

Кіріспе

Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны
Ағымдағы міндеттемелердің аудиті.
Аудиторлық тексеруді жоспарлау және тәуекелділік..
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудиті.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курсовая УПП.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

Маңызды белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұнын білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы маңызды бұрмалауларды анықтау мақсатында маңыздылықтың қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезінде  аудитор қаржылық есептемелерде  елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есеп шоттардың сальдосымен және операциялардың кластарымен байланысты маңыздылықтың аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдалнған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне әсерін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелді кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Маңыздылық  пен аудиторлық тәуекелдіктің арасында кері байланыс болады, яғни маңыздылықтың деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 "Аудиттегі маңыздылық").

Қаржылық есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелдік аспектілері  тікелей байланысты. Тәуекелдіктің  негізгі екі түрі болады: аудиторлық тәуекелдік және бизнес (аудитордың немесе оның фирмасының) тәуекелдігі.

Аудиторлық  тәуекелдіктің мағынасын былай  түсіндіруге болады: аудитор қаржылық қорытынды есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қорытындыға  пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде - қаржылық есептіліктің маңызды (елеулі) ақауы болады.

Бизнес тәуекелдігінің мағынасы мынаған саяды: клиентке ұсынылған  аудиторлық қорытынды әділ жасалса  да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен өзара қарым-қатынасында сәтсіздікке ұрынады. Бизнес тәуекелділігін бақылаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелдіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады. Аудиторлық тәуекелдікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі:

а) бағалаушылық (интуициялық)

ә) сандық.

Арнайы әдебиеттерде сипатталған аудиторлық тәуекелдіктің  моделі (үлгісі) SAS 47 ( SAS 39 (аудиттің іріктеу  әдісі туралы) ережесіне және тәуекелдіктің  елеулілігіне негізделеді). Аудиторлық тәуекелдіктің алдын-ала үлгісі мынадай формада болуы ықтималы:

                          DAR = IR*CR*DR,

 мұнда DAR - қолайлы аудиторлық тәуекелдік;

        IR - шаруашылық ішіндегі тәуекелдік;

        CR - бақылау тәуекелдігі;

        DR - табылмау тәуекелдігі;

Осы келтірілген  үлгіге кіретін аудиторлық тәуекелдік түрлерінің ерекшеліктерін қарастырайық.

1. Қолайлы аудиторлық  тәуекелдік (DAR) - аудит аяқталғаннан  кейін қаржылық есептемеде маңызды  қателіктердің барын және стандартты  аудиторлық пікір-ескертпесіз (пікірдің  шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілген аудитор мойындауға әзірлік шарасы.

2. Шаруашылық  ішіндегі тәуекелдік ( IR) - сегментте  қателіктің барын және бұл  қателіктің шаруашылық ішіндегі  бақылау жүйесінің тексеруінде  рұқсат етілген деңгейдегі шамадан  тыс (артық) екенін аудитордың болжау шарасы.

3. Бақылау тәуекелдігі  (CR) - сегменттегі шамадан тыс қателік  клиенттің шаруашылық ішіндегі  бақылау жүйесінде табылмайтынын  және жойылмайтынын болжау шарасы.

4. Табылмау тәуекелдігі  (DR) - қандай да бір сегмент бойынша  аудиторлық мәліметтер арқылы шамадан тыс қателікті табу мүмкін еместігін аудитордың мойындауға дайындық шарасы.

Аудиторлық  тәуекелдіктің жоғарыда келтірілген  үлгілерін қолданып, олардың деңгейін үш тәсілдің біреуімен анықтауға  болады немесе осыларды бір мезгілде пайдалану керек.

Аудиторлық  тәуекелдіктің үлгілерін пайдаланудың бірінші тәсілі. Айталық, аудитор  болашақта болатын аудиттің жоспарын жасау барысында шаруашылық ішіндегі тәуекелдіктің - 80%, бақылау тәуекелдігі - 50% және табылмау қатері - 10% деп жорамалдайды. Аудитте тәуекелдіктің осы стандарты бойынша есептеп, аудитор нәтижесінде 4%  (0,8*0,5*0,1) алады. Егер аудитор бұл жағдайда тәуекелдіктің осы жолғы қолайлы деңгейі 4% жоғары болмауы керек деп шешетін болса, онда ол әлеуетті жоспарды қолайлы деп санауы керек.

Мұндай жоспар аудиторлық тәуекелдіктің қолайлы  деңгейін аудитордың алуына көмектеседі, бірақ ол тиімсіз. Әлдеқайда тиімді жоспар жасауы үшін аудиторлар тәуекелдікті есептеудің екінші тәсілін жиі пайдаланады, яғни табылмау қатері мен алуға жататын мәліметтердің тиісті санын анықтайды.

Осы мақсаттағы аудиторлық тәуекелдік үлгілерінің  формуласы былайша өрнектеледі:

                 DR = DAR / IR*CR.

Алдындағы үлгілерге  орала отырып, былайша айтып көрелік: аудитор өзіне қолайлы аудиторлық тәуекелдіктің деңгейін 5% белгіледі, сол себепті де аудит жоспары 10% табылмау қатерінің деңгейіндегі іріктеліп алынған айғақтардың санымен келісудің қажеттілігіне орай өзгеруі ықтимал, өйткені 0,05/0,8*0,5=0,125.

Тәуекелдіктің үлгілерінің осы формасында табылмау қатері шешуші факторға айналады, өйткені ол қажетті айғақтардың санын алдын-ала анықтап береді. Талап етілген айғақтар саны табылмау қатерінің деңгейіне кері пропорционал болады. Табылмау қатерінің деңгейі неғұрлым төмен болса, айғақтар соғұрлым көп талап етіледі.

Бірқатар аудиторлар іс-тәжірибеде қолданатын аудиторлық тәуекелдік үлгілерін пайдаланудың үшінші, әлдеқайда жалпы тәсілі айғақтардың  тәуекелдікпен байланысы туралы және әр түрлі тәуекелдіктердің арасындағы өзара байланыс туралы аудиторлың есіне  салып отыруға бағытталған. Бұл өзара байланыстардың маңызын түсіну айғақтардың тиісті санын алуды ұйымдастыруда көп көмегін тигізеді.

Әдетте ТМД  елдерінде аудиторлық тәуекелдікті есептеу үшін мына формула жиі  қолданылады:

                       Ат = Тт*Бт*Пт,

мұнда Ат - аудиторлық тәуекелдік;

           Тт - ұйымның өзіндік ерекшелігіне  байланысты таза тәуекелдік, яғни  рұқсат етілген шамадан асатын  қателіктің есеп беруде болу  ықтималы;

           Бт - бақылау тәуекелдігі, яғни  рұқсат етілген шамадан асатын, клиенттің ішкі бақылау жүйесі байқамай қалған қателіктің болу ықтималы;

           Пт - нақты шамалардың қателіктерін  тестілеу процесінде анықталмауы  ықтимал, аудитор үшін қолайлы  тәуекелдік.

Осылайша, тәуекелдігі  көп салалардағы аудиторлық жұмысты  шоғырландыру арқылы тәуекелі төмен салалардағы тексеруге кететін уақытты үнемдеуге болады.

 Бұл жағдайда  жұмысты жүргізу үшін қабылданған  аудиторлық бағдарлама келесідей:

- экономикалық  субъект туралы қажетті ақпарат  жинау;

- маңыздылық  пен тәуекелдікті бағалау және алдын-ала жоспарлау;

- аудиторлық  топтың мүшелерін олардың міндеттері  туралы хабардар ету, оларды  ұйымның қаржы- шаруашылық жағдайымен, сонымен қатар жүргізілетін аудиттің  жалпы жоспарымен таныстыру;

- активтер мен  есеп- айырысуды инвентаризациялау  операцияларын жүргізуіне бақылау жасау;

- ішкі бақылау  жүйесінің аудиті;

- ұйымның құрушы  және тіркелген құжаттарының  аудиті; 

- қаржылық есептіліктің  жеке баптарының аудиті;

- ұйымның қаржылық  жағдайын талдау;

- аудиторлар  мен көмекшілерінің жасаған жұмыстарының сапасы мен жоспардың орындалуын, сонымен қатар олар енгізген жұмыс құжаттары мен аудиттің қорытындысын тиісінше рәсімдеуін топтың жетекшісінің бақылауы;

- аудиторлық  есеп пен қорытынды жасау, аудиторлық  тексерудің нәтижесін ұсыну.

Осылайша, аудиторлық тексерісті дұрыс ұйымдастыру үшін, сонымен қатар аудиторлық тәуекелдікті азайту мақсатында келесідей жағдайлардың ерекше мәні бар:

- ұйыммен байланысты  тәуекелді сипаттау;

- маңыздылықтың  шегін анықтау;

- алғашқы талдамалы  көрінісі;

- есептің аудиторлық  тексеріс үшін маңызды жерлерін  анықтау;

- таңдау көлемін анықтау;

- түрлері мен  көлеміне қарай тексеру процедураларын  таңдап, растау.

Барлық зерттелетін  тәуекелдерді өзара байланысты деп  қарастыру қажет.

 

4. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудиті.

 

Аудитордан  несиелік борыштардың жағдайын тексерудің сәйкес құжаттары бойынша шоттарындағы қалдықтарын және көрсетілген сомаларының негізділігін анықтап, мұқият тексеруді талап ететін несие және міндеттеме бойынша есеп айырысуды жабдықтаушылармен, мердігерлермен, жұмысшы қызметкерлермен, бюджетпен және тағы басқаларын түгендеу материалдарынан бастап, қажет болған жағдайда түгендеу жүргізуді талап етеді. Түгендеу жүргізген жағдайда аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері несиелік борыштың пайда болу мерзімін, оның нақтылығын анықтайды.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды  тексеруден бастап аудитор, жоғарыда аталғандай, несие берушілермен өзара салыстыру (түгендеу) жүргізу қажет. Өзара салыстыру, есеп айырысудың жағдайы туралы қатынас сауалнама арқылы, оған тексерудегі үйымға тиісті борыштарға көшірме- түсініктеме тіркеліп жүргізіледі.

Қатынас сауалнамалар, егер шоттарда қомақты сомалар көрсетілсе немесе жабдықтаушылардың сатып алушылардан талап еткен шоттары дуалы болған жағдайда растау үшін қолданылады. Қатынасқа шоттардағы қалдықтары туралы немесе егер де олардағы қалдықтары едәуір болса, шот -фактуралардағы мәліметтері енгізілуі мүмкін. Қатынас-растау шаруашылықтың бланкісінде толтырылуы мүмкін. Қатынасты алған шаруашылық растаған сомасын ғана көрсетеді. Бұндай қатынас растау жабдықтаушыларға екі дана етіп беріледі, бір данасы аудиторға қайтарылады.

Несиелеушілермен есеп айырысуды түгендеудің нәтижесіне акт толтырылады. Актіге келісілмеген несиелік борыштар және талап ету мерзімі біткен несиелік борыштар сомасы көрсетілген. Бұл қарыздардың түрлері бойынша түгендеу актісіне несиелеушілердің мекен-жайы, атауы, борыштар сомасы, не үшін борышкер екені, қай уақыттан бері және қандай құжаттардың негізінде екені көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті.

Несие берушілермен есеп айырысуды түгендеу жүргізу  ауытқулар, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер анықталған есеп айырысуларға өте мұқият тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.

Несиелік борыштың жылдың басындағы және аяғындағы  баланстағы қалдықтары мына баптар бойынша  сипатталады:

1. Төленуге  тиісті шоттар мен вексельдер;

2. Алынған аванстар;

3. Салық бойынша  борыштар;

 4. Төленуге тиісті дивиденттер;

5. Негізгі және  еншілес серіктестіктердің арасындағы  ішкі топтардың операциялары  бойынша борыштар;

6. Акционерлік  қоғамның лауазымды тұлғаларына  борыштар;

7. Басқа да  несиелік борыштар.

Несиелік борыштардың  нақтылығын тексеру аудитордың маңызды іс-әрекеттерінің бірі болып табылады, өйткені несиелік борыштар мен операцияларды нақты ақшамен сөндіру (қайтару) залымдыққа, талан-таражға салуға және қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін бұрмалауға мүмкіндік береді.

Аудитордың  осыған ұқсас іс-әрекеттерінің кездесетіндігін жоққа шығармай, есінде сақтағаны абзал.Жалған құжаттар жасап, мерзімі өтіп кеткен несиелік борыштарды сөндіреміз деген сылтаумен кассадан ақша алып, басқа мақсатқа жұмсалуы да мүмкін. Сондықтан  аудитор берілген есеп айырысулардың арасында жалған құжаттардың болуын болдырмауы керек.

Аудиторлық  тексеріс нәтижесі үш міндетті құжаттармен  рәсімделеді:

1. аудиторлық  қорытынды;

2. аудиторлық  есеп;

3. ұйымның қаржылық  тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі  туралы анықтама.

Аудиторлық  қорытынды - бухгалтерлік есепті жүргізу  тәртібіне сәйкес және барлық маңызды  жағдайларда бухгалтерлік есептің  сенімді болуы туралы жазбаша  түрде құрылған пікірден тұратын, аудит  жүргізген тұлғалардың ресми  құжаты.

Аудиторлық  қорытындының төрт түрі болуы мүмкін: шартсыз оң, шартты оң, теріс, бас тарту.

Шартсыз оң пікір - аудитор бухгалтерлік есептіліктің бухгалтерлік есепті жүргізу мен  бухгалтерлік есептілікті жасаудың негізгі принциптері мен әдістемесіне сәйкес жасалған деген шешімге келген кезде беріледі.

Аудитор, оның жұмысына шектеу қойылған жағдайда, шартсыз  оң пікір білдіре алмауы мүмкін.

Ал теріс  пікір, басшылықтың қандай да бір  қайшылық білдіруі  бухгалтерлік есептілік  үшін әсері бар болған жағдайда қалыптасады. Сонымен қатар басшылықтың аудиторлық дәләлдеулер алуына шектеу қоюы, бухгалтерлік есептіліктің сенімді болуы туралы пікір білдіру үшін маңызды болған жағдайда, аудитор пікір білдіруден бас тартуы мүмкін.

Информация о работе Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті