Тауарлы материалдық құндылықтарды ревизиялау тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 10:33, реферат

Описание работы

Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы – материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Егер № 7 БЕС «Тауарлы – материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына келесі төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру, Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо әдісі.ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады.
Ал біздің есеп саясатында Фифо әдісі қолданылады. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында, қаржылық жағдайында да мәнді әсер етеді.
Тауарлы – материалдық қорлар сипаттауға алғашқы есеп құжаттары негізіне кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу техниксының көмегімен және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен олардың құжат айналымы данасының санын субъектінің өзі субъектінің сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық, техникалық жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітіледі.

Работа содержит 1 файл

Реферат.docx

— 46.37 Кб (Скачать)

            Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу - Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақтылы анықтауға саяды.

            АЭСА мекемесінде түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды. 
Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу кезінде тауарлы-материалдық қорлар түссе, онда оларда материалдарға жауапты адам түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде түскен тауарлық-материалдық қорлар» атты арнайы тізімдеме (опись) жасалады. Түгендеу негізінде, аса қажет болған жағдайда тек қана АЭСА мекемесінің басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен тауарлық-материалдық қорлар басталады, ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойған «Түгендеу кезінде босатылған тауарлық-материалдық қорлар» жеке тізілімдемесіне өткізіледі. АЭСА мекемесінде меншікті тауарлық-материалдық қорлармен бірге басқа ұйымдарға тиісті және жауапты сақтауға қабылдауды растайтын құжаттар сілтемесі бар жеке тізімдемелерге кіргізілетін қорлар да тексеріледі. Басқа ұйымдарда сақталып тұрған тауарлы-материалдық қорлар оларды жауапты сақтауға тапсыруды растайтын құжаттар негізінде түгендеу тізімдемелеріне жазылады. Басқа ұйымдарда қайта өңделу үшін тұрған тауарлық-материалдық қорлар бойынша негізіне сүйеніп, қайта өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме жасалып, жеке тізімдеме жасалады. Жолдағы, бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі бір шоттарда есептелетін соманың негізділігін тексеруге тиіс. Шоттарда тиісті рәсімделген құжаттармен: жолдағысы – жабдықтаушылардың есеп құжаттарымен; тиелгендері – сатып алушылардың ұсынған құжат көшірмелерімен; төлем мерзімі өткен құжаттар бойынша – банк мекемесінің міндетті түрде растауымен; басқа ұйымның қоймаларында тұрғандары бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу ай-күнмен қайта рәсімделген, сақталған қолхатпен расталған сомалар ғана қалады. АЭСА мекемесінде пайдаланылып жүрген тауарлы-материалдық қорлар – тұрған орны мен материалға жауапты адамдар бойынша; ұйым қызметкерлерінің жеке қолданылуына берілгендері – тізімдемеде қолхаттары бар, ашылған жеке карточкаларда жазылған жауапты адамдар бойынша түгенделеді. 
Аяқталмаған өндірісті түгендеудің мақсаты – оның нақты бағасы мен көлемін анықтау, босалқы дайындама (заттың, шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалуы) нақты (бөлшектердің, дәнекерлердің, агрегаттардың), өндірісте тұрған бұйымдарды дайындау мен құрастырып жинауы әлі бітпегендердін, сондай-ақ толық құрастырылмаған және қоймаға тапсырылмаған дайын бұйымдардың бар-жоғын, ескерілмеген ақауды анықтау; аяқталмаған өндірістің нақты құрастырылып жинақталуын, жинау жұмыстарының детальмен қамтамасыз етілуін, жойылған тапсырыстар, сондай-ақ орындауы тоқтатылған тапсырыстар бойынша бітпеген өндіріс қалдығын айқындау. 
Түгендеу нәтижелері түгендеу жүзеге асырылған айдың есебінде, ал жылдық түгендеу – бір жылдағы қаржылық есеп беруде көрініс табуы керек.
 

       Тауарлы –материалдық құндылықтар есебі және оны жетілдіру жолдары  

              Біріншіден ТМҚ есебін жетілдіру мен қарастыруым бойынша бухгалтериялық есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты жеңілдету, тездету және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын» бағдарламасында, жабдықтаушылар мен жұмыс жасау және тауарлы – материалдық қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып кетемін. Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі, «Алтын» бағдарламасында аналитика қандай да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады:

• өндірілген цех өнімдері, материалдар, тауарлар, дайын өнімдер қоймаға түскенде бірінші ретті құжаттар өңделеді, жабдықтаушылардан қабылданған  қызметтер құжаттамасы өңделеді,олар шығыс қа апарылады, ал ҚҚС олар бойынша есепке алынады;

•Тауарлы- материалдық қорларды ішкі қозғалысына накладной мөрмен рәсімделеді, мысалға өндіріске немесе сату нүктесіне;

•Материалдарды есептен шығару бойынша накладной мөрі және рәсімделуі;  
• Шығу құжаттарды құру: қалдық есеп кітабы, материал қозғалысы бойынша айналым ведомосі, шығыс және кіріс ведомостарі, инвентарлық ведомостер;

•Автоматты түрде ҚҚС-ң электронды салық есебі ақпараты құрылып, НК МФ програмасына аударылады. Сонда автоматты түрде бухгалтерлік корреспонденция құрылып, «Балансқа» аударылады. Карточка қалдықты жыл басына көрсетеді және тауарлы – иатериалдық қорлардың әрбір қозғалыс ерекшелігін көрсетеді.

•Жинақтаушы мінездегі карточка..

Меню  → Документы → «Материалдарды қабылдау» мұнда қоймадағы материалдар  кірісі өңделеді. Бұл үшін кіріс  құжатының келесі мәліметтері енгізіледі: нөмірі, күші, кіріс сомасының жиынтығын  және корреспонденттік баланс шотын. Бұл  кезде жабдықтаушы аты сұралады, бұған терезеде пайда болған жабдықтаушылар тізімінен керек атты таңдаймыз. Егер біз тауарды бірінші рет  алып тұрсақ, оған карточка ашылу тиіс. (Вставка → таза орынға атын жазу) және содан кейін оның аты жабдықтаушылар тізімінде болады. «Номенклатура» справочнигін қолданып, тауар атын таңдаймыз, тауар  көлемін көрсетеміз, бұл тауар  есептелетін және қойма нөмірі көрсетілетін баланстық шотты көрсетеміз.

            Бағдарламада тауарлы –материалды қорлар есебі мен есепті шығару тәсілдері: Фифо, Лифо, орташа өлшенген болып табылады. Бір накладной бойынша қабылданған тауарлар қоймада бөлек-бөлек қабылдануы мүмкін. Құжатты өңдегенде салық сомасы қосымша құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет фактура реестріне түседі.  
Керек мәліметті енгізе отырып, біз автокөлік кәсіпорны бойынша ақпарат аламыз.(журнал-ордерде 3310 шот), ал 8040 шотта 10000 теңге сомасына келесі шот шығыны көбейеді «көліктік шығын» және жаңа жол пайда болады 307.00  
Салық есебіне керекті счет-фактура реестрі электронды түрде құрылады, НК МФ программасында формат бойынша. Жабдықтаушы карточкасында оның РНН және ҚҚС есеп қойылым куәлігінің нөмірі болады. Олар 307.00 формасына түседі.  
Тәжірибелік жұмыс барыснда бағдарламаны пайдалану тиімділігіне, сервистік мүмкінділіктеріне көз жеткіземіз. Бұл бағдарлама бухгалтерге өз жұмысын әрә тез әрі сапалы түрде жүргізуге көмектеседі.

            Ендігі, бухгалтердің жұмысын жеңілдететін программаларға 1С: «Бухгалтерия и оклад» бағдарламасы жайлы жазып өтемін. «Сату және қойма» бағдарламасында біріктірілген тауарлар, ол туралы ақпараттар «Номенклатура» справочнигінде болады. Біріктірілгендердің тізімі, комплемент тұратын құрамы, қоластындағы справочникке «Комплемент құрамы» енгізіледі, онда «баға коэффициентіне» коэффициент енгізіледі.баға коэффициентін қолмен енгізуге болады немесе біріктірілгендердің бағасына сәйкесті қойылуы мүмкін. Біріктіру операциялары «Тауарлы – материалдық қорлардлың комплектациясы» құжатымен рәсімделеді,онда комплект атын таңдау және көлемін көрсетуден кейін кестелік бөлімін автоматты түрде толтыруға болады, соған байланысты комплемент құрамын оперативті құжат әзірлеу кезінде өзгертуге болады. Құжатты тіркегеннен кейін біріктірілгендер белгіленген қоймадан өзіндік құн бойынша шығарылып тасталады.

            Ақпарат анализі «Сату және қойма» көптеген әртүрлі есеп берулерден тұрады, олар икемді құрылымдарға және мәліметті топтауға мүмкіндік береді. Сату – шаруашылық іс-әрекет нәтижелеріне анализ жасау үшін, сонымен қатар келешектегі операцияларды жоспарлау мен бақылау үшін аналитикалық есеп берудің кең спектрі қолданылады. Меню → отчеты → аналитикалық. Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тауарлар бойынша жинақталған ақпарат алу үшін (клиенттер бойынша есеп беру) қолданылады. Ал сатып алушылардың проект жөніндегі өтініш бойынша ақпараттарды жабдықтаушыларға заказдар бойынша тауарлы материалдық қорлардың түсуі мен кетуін «Проект бойынша есеп беруде» топтастыруға болады. «Сату динамикасы» анализ жасауға белгілі бір мерзімдегі таңдалған түрлі тауарлардың сату динамикасын есеп беру көмегімен жасауға болады. «Айналым құралдардың динамикасы» есеп беруі компанияның активі мен пассивінің құрылымын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың өзгеру тенденцияларын көруге болады. Ал «Сату анализі» бойынша сату іс - әрекетінің пайдалылығын бағалауға болады. Егер тауарлар жақсы сатылған жабдықтаушыны анықтау керек болса, онда топтастыру тәртібін қою керек «Жабдықтаушы - «Номенклатура», ал егерде жабдықтаушының тауарын алудан түскен максималды табысты анықтау керек болса, онда «Номенклатура» - «Жабдықтаушы» топтастырылып қою керек. «Үлгі жоспар» справичнигі бухгалтерлік операцияларды шаруашылық іс - әрекет бойыншаь дұрыс қолдану үшін қолданылады. Бағдарлама, сонымен қатар, әрбір құжат құрылған бухгалтерлік проводкалар жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал байланыстары белгілі мерзімдегі шаруашылық операциялар бойынша файлға апаруға болады. Сонымен қатар кассалық құжаттар ақпаратын, сату және сатып алу кітаптарындағы жазуларды жинақтап файлға апаруға болады. Осылайша, топтастырылған файлдар «1С: Бухгалтерия» бағдарламасына апарылады.

            Сонымен, екі бағдарламаны қарастырып өттім. Екі бағдарламада да өз ерекшеліктері мен кемшіліктері болады. Әрбір ұйым өз қызметіне байланысты, өзінеқажет, тиімді деген бағдарламаны қолданады. Мысалға, «1С: бухгалтерия» бағдарламасы аз мөлшердегі қызметкерлер, қатысушылар саны аз болған кәсіпорындарда көбінесе қолданылады. Мысалға, Қарағанды Экономикалық университеті бағдарламасы Лука про бағдарламасы қолданылады. Себебі ол бағдарлама іс - әрекетті бухгалтерияда жасауға ыңғайлы. Әр кәсіпорын өзіне ұнайтын барлық жағынан жақсы бағдарламаны таңдап, соған сәйкес жұмыс атқарады. Қазақстандық стандарт бухгалтерлік есеп жүргізудің бірдей принциптері мен әдістеріне негізделген өтпелі кезең экономикасына бейімделген болып саналады. Жалпы ХҚЕС 2006 жылы жүзеге толығымен асырылады.  
Келесі қарастырылып өтетін мәселе ХҚЕС мен БЕС 7 «Тауарлы материалды қорлар есебі» арасындағы айырмашылықты анықтаймын. ХҚЕС «Қорлар» БЕС 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» методологиялық әдістеме. ХҚЕС бағалау тәртібін айқындайды және оларды актив түрінде қарастырады:

1.сатуға  арналған (тауарлар, дайын өнімдер)

2.өндіру  процесіне (аяқталмаған өндіріс)

3.өндіріс  прцесіне арналған шикізат пен  материалдар түрінде сақталады.  
ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде: өзіндік құн немесе мүмкін сату бағасы.  
Қордлың өзіндің құн орташа өлшенген құн бойынша, немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады. Бұл кезде Лифо әдісі альтернативті әдіс ретінде қарастырылады қордың құны шығынға сәйкесінше табыс деп танылған кезде апарылады.

Қор шығыны бухгалтерлік тәсілмен немесе инвентаризация нәтижесімен анықталады. Кәсіпорныда қаржылық есеп беру келесілерге алынуы тиіс:

1.қорларды бағалау бойынша есеп саясаты;

2.қорлардың  балансының құны;

3.өндіріс  процесінде қолдану үшін қорларды бағалау.

            ХҚЕС мен халықаралық стандарт өзгешілігі нақты шығын тізімін бермейді. ХҚЕС жалпы өзіндік құнды анықтау принциптерін береді, оның құрылуы кәсіпорынның саясатынна сәйкесті ХҚЕС-та шығын регламентациясы жоқ, бұл қазақстандық бухгалтерлерге үйреншіксіз, олар нормативті құрылымды құжаттарға үйреніп қалған.  
Бірақ ХҚЕС -да өзіндік құнды анықтауда көп еркіндік беріледі, ол прфессионалды ойларымен нақтыланады. Нақты шығын тізімі жоқ болса, ол өзіндік құн өз бетінше, қалай болса солай құрылмайды. Шығын деп танылу үшін ол өзіндік құн міндетті түрде принциптеріне сүйене отырып жазу керек. БЕС 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бір тәртібін анықтауды өзіне тауарлы – материалдық қорлар классификациясын және бағалауын, тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құнын өндіріске сәйкесті шығын есебін қосады. БЕС 7 тауарлы – материалдық қорлар ең төменгі баға өзіндік құнынан және реализациядан таза бағасын анықтайды. БЕС 7 және медологиялық әдістеме нақты шығын тізімін береді., тауарлы – материалдық қорлар өзінді құнын құрайтын өзіндік құн өзіне сатып алу шығындарын, тасымаладау – дайындау шығындарын, өнімді қайта өңдеуді қосады. Өзіндік құн бағалаудың тәсілдермен жүзеге асырылады. Фифо, Лифо орташа өлшенген және спецификалық идентификациялау. Реализациялаанытын тауарлы – материалдық қорлар өзіндік құны сол есеп берушілеріне шығыс түрінде келістіріледі, соған сәйкесті оларға табыс.

Қаржылық  есеп беруде келесілерді ашу керек:

1.есеп  саясатын, тауарлы – материалдық  қорлар бағалау үшін құру;  
2.тауарлы – материалдық қорлар классификацияны бойынша баланстық расшировка құны;  
3.тауарлы – материалдық қорлар реализация таза бағасы бойынша себеп көрсетуге байланысты есептен шығару.

4.Реализацияланған  тауарлы – материалдық қорлар  өзіндік құны және т.б. Методолгиялық  әдістеме дешығын тізімі беріледі, ол өнімнің өзіндік құнын құрайды  және мерзімде шығыс болады, бұл БЕС ХҚЕС-дан ерекшеленеді. БЕС 7 ХҚЕС секілді өзіндік құн мен мерзім шығындарын анықтау жалпы принциптерді ұсынады, бірақ метологиялық әдістеме. Олардың нақты тізімін көрсетеді. Берілген тізім шығын құрамын регламенттейді, олар өзіндік қосылады, ол белгілі бір дәрежеде кәсіпорынның бухгалтериясына ыңғайлы, бірақ ол өзіндік құнының еркіндікті шектейді. Сонымен қатар «Басқа шығындар» сөз тіркемесі бухгалтерияда методонологиялық әдістемені дұрыстығына сенім артпайды.  

              

           Тауарлы –материалдық құндылықтардың түсуін құжатпен рәсімдеу  

          Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.  
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.  
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.  
Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.  
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.  
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша №2) тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.  
Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.

Информация о работе Тауарлы материалдық құндылықтарды ревизиялау тәсілдері