Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
2.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
3 “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
3.1 “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
3.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc обменяла.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

 Өндірісті дамыту, өнім сапасын жақсарту – бүгінгі күннің басты мақсаты. Осыны басшылыққа алған зауыт ұжымы 2009 жылы өндірістік алаңдарды кеңейтіп, қосымша жабдықтар орнатып, толық қуатымен жұмыс істеуге, сапалы қолжетімді аккумуляторлық батареялардың тұтыну рыногында орын алуын көздеуде. Сол кезде зауыттың екінші кезеңін салуды бастап, 2011 жылы оны пайдалануға бергенде ұжым жылына 3 млн. дана аккумуляторлық батареялар шығаратын болады.

 

 

3.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау

 

Өндірістік  әлеуеттің жағдайы кәсіпорынның негізгі қызметінің тиімділігін  арттырудың негізгі факторы. Негізгі  құралдарды тиімді пайдаланғанда оларға деген қажеттілік төмендейтіндігін дәлелдеу қажет емес. Сондықтан өндіріс  үрдісіне қорлардың қатысу деңгейін бағалау қажет. Осы мақсатта әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың кейбіреуі кәсіпорынның жалпы қызметін сипаттайды, оларды жалпылама көрсеткіштер деп атайды. Басқалары жекелей жұмыс орындарындағы, кәсіпорын бөлімшесі шегіндегі қорлардың пайдаланылу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Оларды жеке көрсеткіштер деп атайды. Жалпылама көрсеткіштерге қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және рентабельділік жатады.

Кәсіпорында негізгі  құралдарды пайдаланудың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау үшін есепті кезең басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны, есепті кезең соңындағы негізгі құралдардың бастапқы құны, негізгі құралдардың қалдық құны, жинақталған тозу сомасы немесе амортизация сомасы туралы мәліметтер қажет болады. Осы мәліметтер негізінде негізгі құралдардың жағдайына толыққанды талдау жасауға қол жеткізе аламыз.

Кәсіпорын қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен қажетті  деңгейде қамтамасыз етіп қана қоймай оларды жыл сайын жаңартып отыруға  және өндірістік үрдісте пайдаланылмайтын, өнімділігі мен тиімділігі төмен бөлігін басқа мақсатта пайдалануға немесе мүлдем есептен шығаруға да мән берілу қажет. Бұл жағдай кез-келген кәсіпорынның меншік иесі мен басқарушысы үшін де маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

 

2 – кесте.  Негізгі құралдарды пайдаланудың  салыстырмалы көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2006жыл

2007жыл

Ауытқуы

+ -                        

%

1

Негізгі қорлардың  бастапқы құны, мың теңге

425900

436530

10630

102,5

2

Негізгі қорлардың  қалдық құны, мың теңге

198570

191922

-6648

96,6

3

Жинақталған тозу сомасы , мың теңге

227330

244608

17278

107,6

4

Жаңадан келіп  түскен негізгі қорлар құны, мың  теңге

19727,2

21735,4

2008,2

110,2

5

Есептен шыққан негізгі қорлар құны, мың теңге 

2413

137

-2276

5,7

6

Негізгі қорлардың  жаңару коэффициенті

0,09

0,11

0,02

122,2

7

Негізгі қорлардың шығу коэффициенті

0,006

0,0003

-0,0057

5

8

Негізгі қорлардың тозу коэффициенті

0,5

0,6

0,1

120

9

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициент

0,5

0,4

-0,1

80


 

           2 – кестеде берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2007 жылы «СП ЕРКА» ЖШС– де негiзгi құралдарды жаңарту мүмкiндiгi жақсарғанын байқауға болады. Бұл 2007 жылы келiп түскен негiзгi құралдардың құны өткен жылмен салыстырғанда шамалы жоғары болуынан, яғни, 10630000 теңгені құрап 2,5%-ға артуымен байланысты     болып отыр. Оған машиналар мен құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарлар сатып алуы және жаңа ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуға берілуі себеп болған. Ал негізгі құралдардың шығу коэффициенті айтарлықтай төмендеген. Бұл 2007 жылы кәсіпорындағы негізгі құралдардың істен шығуы немесе жойылуы 2276000 теңгеге дейін азайған. Яғни 2006 жылы 2413000 теңгенің негізгі құралдары істен шығарылса, 2007 жылы істен шыққан негізгі құралдар құны 137000 теңгені ғана құрады. Осыған байланысты негізгі құралдардың шығу коэффициенті айтарлықтай төмендегенін көріп отырмыз. Мұндағы бір ескеретін жағдай бұл көрсеткішті есептеу кезінде есепті кезеңнің басындағы негізгі құралдардың бастапқы құны алынуы тиіс. Бұл дегеніміз есепті кезеңде істен шыққан негізгі құралдар құнын кезең басындағы негізгі құралдардың бастапқы құнына бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш есепті кезеңде істен шығарылған негізгі құралдарды сипаттайды.

Кәсіпорындағы негізгі құралдардың техникалық жағдайын негізгі құралдардың тозу және жарамдылық коэффициенттері арқылы сипаттауға болады. «СП ЕРКА» ЖШС– де бұл көрсеткіштердің мәні 2007 жылы 0,6 және 0,4 құраған. Яғни, негізгі құралдардың тозу шамасы 60% болса, жарамдылығы 40%-ды көрсетіп отыр, бұл қолайсыз жағдай. Бұл көрсеткіштердің мәні кәсіпорындағы негізгі құралдардың  тозу дәрежесіне және қалыптасқан амортизациялық саясатқа байланысты өзгеріп отырады. Кейбір экономистердің бағалауы бойынша тозу коэффициентінің мәні 50 % -дан жоғары болған жағдайда кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты басшылық тарапынан  кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға баса назар аударылуы тиіс. Ал, жаңа техникалар мен технологияларды өндiрiске енгiзу кәсiпорын қызметiнiң соңғы нәтижесiне, өнiм сапасына, өзiндiк құнға және басқа да көрсеткiштерге оң әсер ететiндiгi белгiлi.

Кәсіпорындағы негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін  едәуір айқын көрсететін көрсеткіштердің  қатарына қор қайтарымдылығы, қор  сыйымдылығы, қормен қарулану, негізгі құралдардың табыстылығы және т.б. жатқызуға болады, сондай-ақ, өндірістік үрдіске тікелей әсер ететін негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесін анықтаудың да маңыздылығы жоғары. «СП ЕРКА» ЖШС–гі бұл көрсеткіштердің мәндерін есептеп, келесі кесте  (3-кесте) түрінде көрсетуге  болады.

 

3– кесте.  Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін  сипаттайтын көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер

2006 жыл

2007 жыл

Ауытқуы,

+ -

%

1

Негізгі қорлардың  орташа жылдық құны, мың теңге 

 

312234,6

 

314226

 

1991,4

 

100,64

2

Сатудан түскен табыс, мың теңге 

 

924515

 

932336

 

7871

 

100,85

3

Негізгі қорлардың  активті бөлігінің құны, мың теңге 

 

142704

 

145900

 

3196

 

102,3

4

Таза пайда, мың теңге 

88347,91

52922,24

-35425,67

59,9

5

Жұмыскерлер саны, адам

392

405

13

103,3

6

Негізгі қорлардың  активті бөлігінің үлесі, %

 

45,7

 

46,4

 

0,7

 

-

7

Қор қайтарымдылығы, теңге 

2,96

2,96

0

100

8

Қор сыйымдылығы, теңге 

0,34

0,34

0

100

9

Қормен жарақтану, мың теңге 

796,5

776

-20,5

97,4

10

Негізгі қорлардың рентабельділігі, теңге

 

0,3

 

0,2

 

-0,1

 

66,7

Ескертпе –  Кәсіпорын мәліметтері негізінде  есептелді.


 

Негізгі қорлардың  қор қайтарымдылығы өндірілген өнім көлемінің негізгі құралдардың  орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Ол негізгі өндірістік құралдарына шығындалған әрбір теңгенің қайтарымдылығын көрсетеді, яғни негізгі өндірістік құралдарына салынған қаражат тиімділігін көрсетеді. Қор қайтарымдылығы 2007 жылы 2006 жылдағыдай 2,96 теңгеге тең, яғни негізгі құралдарға кеткен 1 теңгеге 2,96 теңгенің өнімі өндіріледі. Бұл көрсеткіштің өзгермеу себебі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда негізгі құралдардың орташа жылдық құны 1991400 теңгеге немесе 0,64%-ға өссе, сатудан түскен табыс та 7871 теңгеге немесе 0,85%-ға өсті.

Кәсіпорынның негізгі құралдарының қор сыйымдылығын негізгі құралдардың орташа жылдық құнының өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықтайды. 2007 жылы қор сыйымдылығы 2006 жылдағыдай 0,34 теңгеге тең болды, яғни өндірілген өнімнен түскен табыстың бір теңгесіне негізгі құралдардың 34 тиыны келеді. Бұл көрсеткіштің өзгермеу себебі жоғарыдағыдай. Қор сыйымдылығы көрсеткіші төмен болған сайын негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі жоғары болады, ал бұл капитал салымдарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қор қайтарымдылығын барынша өсіруге, ал қор сыйымдылығын азайтуға тырысу қажеттігі түсінікті. Ол үшін құралдар жұмысының ауыстырылу көрсеткіштерін өсіру, құралдардың тұрып қалу уақытын азайту, тағы сол сияқты шаралар арқылы құралдарды экстенсивті және интенсивті пайдаланудың көрсеткіштерін өсіру қажет.

Негізгі қорлардың  рентабельділігі-бұл негізгі қорларды пайдалану  интенсивтілігінің қатысты  көрсеткіші. Ол таза табыс сомасының негізгі өндірістік құралдардың   орташа жылдық құнына қатынасымен есептеледі. Негізгі қорладың рентабельділігі көрсеткіші 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 10 тиынға немесе 33,3%-ға азайған. Мұның себебі таза табыстың азаюы. Ал таза табыстың азаю себебі кезең шығындарының көбеюі.

Жеке көрсеткіштер-әдетте, натуралды, негізгі өндірістік құралдарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштеріне бөлінеді.

Негізгі құралдарды пайдалну экстенсивті көрсеткіштері  негізгі құралдарды уақытта пайдалануды  көрсетеді. Негізгі көрсеткіштеріне  мынадар жатады: құралдың жұмысының  ауысу коэффициенті, ауысымішілік тұрып қалулар көрсеткіші.

Құрал жұмысының  ауысуы коэффициенті тәулік ішіндегі машина-ауысымдары санының машиналардың жалпы санына қатынасымен анықталады:

 

                                   КҚЖА= МА/ЖМС

 

 Яғни КҚЖА-құрал жұмысының ауысу саны;

МА-тәулік бойы нақты жұмыс істеген машина ауысымдар  саны;

ЖМС-жалпы машиналар  саны.

Станоктар паркінің анықталған құрамында ауысымдық  коэффициентінің өсуі өнім өндірісі көлемін ұлғайтуға мүмкіндік  береді. Құрал жұмысы ауысымының коэффициентін  өсіру-бұл өнім өндірісі көлемін ұлғайтудың және негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың маңызды көзі.

Құралдардың ауысымішілік тұрып қалу көрсеткіші құралдың ауысымдылығы көрсеткішін толықтырады. Ауысымішілік тұрып қалудың негізгі себептері-өндіріс ұйымдастырылуының төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал саймандармен, материалдармен, бөлшектермен қамтамасыз етілмеуі, құралдың ақаулығы және жоспардан тыс жөндеулер, жұмысшылардың жеткіліксіздігі. Ауысымішілік тұрып қалуларды азайту үшін құралдардың жұмыс істеуін бақылауды күшейту оны жөндеу қызметін жетілдіру, еңбек тәртібін жақсарту, тағы басқаларды жүзеге асыру қажет.

Негізгі құралдарды интенсивті пайдалану көрсеткіштері  олардың қуаттылығы (өнімділігі) бойынша  қолданылу деңгейін көрсетеді. Негізгі көрсеткіштер қатарына келесілер жатады: өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті, өндірістік ауданның 1 шаршы метріне келетін өнім көрсеткіші. Негізгі құралдарды интенсивті жүктеу өнімнің өзіндік құнының азаюына, еңбек өнімділігінің көбеюіне алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастарды қалыптастырудың  қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын  қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті  болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорын  қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі экономист жұмысының мағынасы болуы тиіс. Экономикалық кадрларды даярлау барысында, әсіресе, студенттерге негізгі және айналым капиталын, пайдалануды сапалық және сандық талдау әдісін, кәсіпорынның экономикалық тиімділігін және оның инвестициялық қызметін бағалау әдістерін мен өнім өндірісіне жұмсалатын шығынды есептеу және калькуляциялау әдістерін оқыту қажет.

      Негізгі капиталсыз кәсіпорынның іс - әрекеттерінің жүзеге асырылуы мүмкін емес. Шикізаттық бағыттан арылу бүгінгі экономиканың басты мақсаты. Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал – жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды. Қазіргі кезде кәсіпорын өндірісіне қолданылатын техниканың ішінде моральдық және табиғи тозығы жеткен құрал – жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған құрал – жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр. Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым. Өндірістегі құрал – жабдықтардың орташа жасының жоғарылығы байқалады. Бұндай капиталды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғары қарқынмен ішкі дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе туседі және ол жыл өткен сайын жинақталған ғылыми – техникалық әлеуеттің толық жойылуына әкеледі.

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі