Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:34, дипломная работа
Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе – ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің дипломдық жұмысым осы капитал жайында болмақ.
Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69
Қорытынды......................................................................................................-76
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................-78
Қосымша беттер
3.Жылдамдатып есептен шығару әдістері:
А)қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;
Ә)сандардың
жиынтығы бойынша құнын
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның негізгі құралдары баланстың 51,6%-ын құ- райды яғни – 341 828 000. Оның ішінде:
Бұл негізгі құралдар жыл сайын бірте-бірте тоза бастайды, мысалға жылу беру ғимаратының тозуын есептеп көрейік. Кәсіпорын өзінің шаруа- шылық қызметін бастағанда жылу беру ғимаратының құны – 1 163 318теңге болған, қазіргі күні – 723 509теңге. Тозу әр ай сайын есептеліп отырады, ал Қазақстан Республикасының салық кодексіне сай үйлер мен ғимараттар жылына 8%-ға тозады. Әр ай сайынғы тозуды табу үшін = үйлер ғимарат- тардың қалдық құнының 8%-ын тауып, оны 12-ге бөлеміз. Мысалы, 2003-2004 жылға есептелінген тозуды қарастырып көрейік:
Кесте 8. Жылу беру ғимаратының 2003-2004ж тозуы.
№ |
Мерзімі |
Бастапқы қалдық |
Кіріс |
Шығыс |
Қалдық құны |
Тозу |
Соңғы қалдық |
1 |
01,01,03 |
1 163 318 |
1 163 318 |
7 755 |
1 155563 | ||
2 |
01,02,03 |
1 155 563 |
1 155 563 |
7 704 |
1 147859 | ||
3 |
01,03,03 |
1 147 859 |
1 147 859 |
7 652 |
1 140206 | ||
4 |
01,04,03 |
1 140 206 |
1 140 206 |
7 601 |
1 132605 | ||
5 |
01,05,03 |
1 132 605 |
1 132 605 |
7 551 |
1 125054 | ||
6 |
01,06,03 |
1 125 054 |
1 125 054 |
7 500 |
1 117554 | ||
7 |
01,07,03 |
1 117 554 |
1 117 554 |
7 450 |
1 110104 | ||
8 |
01,08,03 |
1 110 104 |
1 110 104 |
7 401 |
1 102703 | ||
9 |
01,09,03 |
1 102 703 |
1 102 703 |
7 351 |
1 095352 | ||
10 |
01,10,03 |
1 095 352 |
1 095 352 |
7 302 |
1 088049 | ||
11 |
01,11,03 |
1 088 049 |
1 088 049 |
7 254 |
1 080796 | ||
12 |
01,12,03 |
1 080 796 |
1 080 796 |
7 205 |
1 073590 | ||
13 |
01,01,04 |
1 073 590 |
1 073 590 |
1 073590 |
Барлығы: 14 532
752
Тауарлы-материалдық қорлар есебі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әлі ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бары- сында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қорлары түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын мін- деттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдас- тырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды көпті еңбек сіңірілген заттарды айтады. Бұлардың құрамына көп өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекеме- лерінің өндірген өнімдері – мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш, және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүрте- тін және жөндеуге қажетті басқа да материалдар жатады. Көмекші материал- дардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдар- дың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағала- нады:
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл тастардың,асыл металлдардың және т.б.) нақтылы бір металлдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған маиериалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі. ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
ЛИФО әдісі. ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның тауарлы материалдық қорлары ең бірінші орталық складқа келіп түседі, сол орталық складтан складтарға бөлінеді. Материалдық складта - бөлшектер, яғни цехтарға керекті бөлшектер, транспорттық көліктерге керекті бөлшектер, жанар жағар май сақталады. Шикізаттар складында – бидай, арпа, жүгері және тағы да басқа шикізаттар сақталады. Дайын өнімдер складында – ұн, жарма өнімдері, кеспе өнімдері, аралас жем өнімдері сақталады.
«Байсерке АГРО» ЖШС-де материалдық қорлар баланстың 24,4%-ын құрайды, яғни 155 015теңге. Оның ішінде:
Материалдық қорларды бағалау орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бой- ынша жүргізіледі. Мысалы, қаңтар айында 32теңгеден бидай сатып алынып, одан 500кг қалдық қалды. Ал ақпан айында 34теңгеден 1000кг бидай сатып алынды. Орташа өзіндік құнды есептеу үшін мынадай есептеу жүргізіледі: 32тг•500кг=16000тг; 34тг•1000кг=34000тг; 34000тг+16000тг=50000тг; 1000кг+500кг=1500кг; 50000тг/1500кг=33.3тг, Сонда өнім өндіруге жіберілген бидайдың өзіндік құны 34теңге емес, 33,3 теңгемен жіберілді деп есепке алы- нады. Шикізат, материал, жартылай фабрикаттар, жанар май және тағы да бас- қа материалдар сатып алынғанда мынадай жазба беріледі: Дт-1310; Кт-3310; Дт-1420; Кт-3310; Дайын өнімдер сатылатын болса: Дт-1210; Кт-6010; Дт-7010; Кт-1320; Дт-1210, Кт-3130; 2007жылы дайын өнімдерді сатқаннан – 448 364 000теңге пайда көрген.
Қорытынды есеп. Халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп үдерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.
Бірінші сатыда - әр түрлі шаруашылық фактілері (іскерлік мәліметтер) құжатталады.
Екінші сатыда – есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.
Үшінші сатыда – мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
Төртінші – бухгалтерлік есеп үдерісінің қорытындылама сатысында ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіп- орын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.
Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдалану- шыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қоз- ғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпарат- қа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі.
Бірінші топқа – осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмыс- шылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономика- лық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Соны- мен қатар олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақы- тымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алуы үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының екі негізгі міндетті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылы- ғы (рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалық- ты үздік шешуіне байланысты.
Екінші топты – осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.
Үшінші топқа – кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделі- лерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы орган- дар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.
Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты (периодичности), мәліметтің көлемі (по объему) және тағайындалуы (по назначению) бойынша жіктеледі.
Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы (про- межуточная) және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Ұйымның ағым- дағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, ұйымның қаржылық және мүліктік жағдай туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты-мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті