Батыс Қазақстан облысының индустриалды-инновациялық бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:06, доклад

Описание работы

Батыс Қазақстан облысы — Еуропаның шығыс бөлігіндегі елдің солтүстік батысында орналасқан Қазақстан Республикасының аймағы. Аумағы — 151 339 км², Қазақстан көлемінің 5,6 % ын құрайды. Осы көрсеткіш бойынша бұл облыс ел ішінде 8-інші орынды алып отыр. Облыс 12 ауданға және Орал қаласына бөлінеді. Облыс орталығы 1613 жылы негізі қаланған Орал қаласында орналасқан. Кейбір деректерде Яицкий атауымен, негізі қаланған уақыты 1584жыл, 1775 жылдан бастап атауы Орал. Оралдан Астанаға дейінгі арақашықтық – 1747 км. Батыс Қазақстан облысының тұрғындар саны 2010 жылдың басында 624 280 адамды құраған, соның ішінде, қала тұрғындары 282 911 және ауыл тұрғындары – 341 369 адам.